Бастың хирургиялық аурулары past paper (2024)

Document Details

Uploaded by Deleted User

Түркістан жоғары медицина колледжі

2024

Tags

surgical diseases head anatomy medical education healthcare

Summary

This document is a past paper from Түркістан жоғары медицина колледжі for the 2024 academic year, covering surgical diseases of the head. It provides topics, learning objectives, and evaluation methods. These keywords are relevant to the topic.

Full Transcript

# ШЖҚ «Түркістан жоғары медицина колледжі» МКК ## Оқу сабағының жоспары **ОСЖ -05.1.9.-07.06** **8 беттің 1-ші беті** **Тақырып:** «Бастың хирургиялық аурулары.» **Модуль/пән атауы:** АП-08 «Хирургиялық аурулар офтальмология, оториноларингология курсымен» **Педагог-модератор:** **2024 жылғы «...

# ШЖҚ «Түркістан жоғары медицина колледжі» МКК ## Оқу сабағының жоспары **ОСЖ -05.1.9.-07.06** **8 беттің 1-ші беті** **Тақырып:** «Бастың хирургиялық аурулары.» **Модуль/пән атауы:** АП-08 «Хирургиялық аурулар офтальмология, оториноларингология курсымен» **Педагог-модератор:** **2024 жылғы «02» 09** **дайындады.** ## 1. Жалпы мәліметтер * **Курс, топ:** 4 курс: * **Сабақтың түрі:** Симуляциялық сабақ ## 2. Мақсаты, міндеттері ### Білімділік: * Студенттерге бастың хирургиялық аурулары түралы түсінік беріп, олардың клиникасын, диагностикасын ерекшеліктері туралы білім беру; * Бастың хирургиялық аурулары кезінде алғашқы көмек көрсетуді үйрету; * Бастың хирургиялық аурулары асқынуларын көрсетіп, олардың алдын алу және емдеу шараларын көрсету. ### Дамытушылық: * Студенттердің клиникалық және логикалық ойлау қабілетін жетілдіру, теорияны тәжірибемен ұштастыру және студенттердің оқуға деген қабілеттерін дамыту, білім деңгейін жоғарылату. ### Тәрбиелік: * Студенттердің болашақ маман ретінде тәрбиелеу, жауапгершілік, мамандыққа сүйіспеншілік сезімдерін қалыптастыру; * Студенттердің болашақ маман ретінде тәрбиелеу. Болашақ мамандығына деген жауапкершілігін, сүйіспеншілігін, ұстамдылығын, төзімділігін қалыптастыру, адамгершілікке, мейірімділікке үйрету. Науқастар мен медицина қызметкерлері арасында медициналық этика (деонтология) тұрғысында тәрбиелеу. ## 3. Күтілетін нәтижелер * **Студент білуі тиіс:** * Бастың туа біткен ауруларын анықтамасын, олардың себептерін, жіктелуін; * Бастың қабыну ауруларын, ми абсцессын, бет фурункулын, жарақаттан кейін түындайын менингитті; * **Студент игеруі тиіс:** 1. Чепец таңғышын салу ережесін; 2. Бас-сүйек ми жарақаттарында шұғыл көмек көрсетуді; 3. Гиппократ қалпағы таңғышын салуды; 4. Мойын мен шүйдеге «крест» тәрізді таңғыш салуды; ## 4. Қажетті ресурстар * **Көрнекі құралдар:** Презентация, видеороликтер. * **Үлестірмелі материалдар:** нұсқаулықтар, ситуациялық есептер, тапсырмалар * **Техникалық оқу құралдары:** проектор, электронды оқулық. ## 5. Сабақтың барысы: ### Сабақ барысында қолданылатын педагогикалық технологиялар: * Team-based learning (TBL) - командада жұмыс істеуге негізделген оқыту әдісі * CLIL технологиясы * Деңгейлеп, дамыта оқыту технологиясы ## 6. Білімгерлердің білімін және дағдыларын бағалау әдістері: * **Short Answer Questions (SAQ) – қысқа жауаптар** * **Тәжірибелік дағдыларды демонстрациялау** * **Ынталандыру** * **Іздену** * **Бақылау арқылы бағалау және мадақтау әдістері** * **Көрнекілік құралдарды қолдану арқылы түсіндіру** * **Сабақта жалпы топпен жұмыс істеу** * **Фантоммен жұмыс** ## Сабақтың хронокартасы | No | Сабақ бөлімдерінің атауы | Уақыты | |---|---|---| | 1 | Ұйымдастыру кезеңі (аудитория тазалығын, сабақтың жабдықталуын, топ түгелдігін тексеріп, журнал толтыру) | 5 минут | | 2 | Сабақтың мақсаты мен жоспарын хабарлау. | 5 минут | | 3 | Студенттердің тақырып бойынша теориялық білімін ауызша сұрау арқылы диагностикалау | 35 минут | | 4 | Тақырып бойынша тәжірибелік дағдыларды демонстрациялау, оларды стандарттар бойынша үйрету. | 15 минут | | 5 | Студенттердің өз беттерінше машықтану жұмысын ұйымдастыру және қадағалау | 30 минут | | 6 | Студенттердің игерген дағдыларын аспаптар көмегімен тапсырмаларды орындау арқылы бағалау, жіберген қателерін талдап, саралау | 80 минут | | 7 | Сабақты қорытындылау | 5 минут | | 8 | Үйге тапсырма беру | 5 минут | ## 1. Ұйымдастыру кезеңі (5 минут): * Аудиторияның сабаққа дайындығын, студенттердің сыртқы көрінісін, сабаққа қатысуларын түгелдеу, журнал толтыру. ## 2. Сабақтың мақсаты мен жоспарын хабарлау (5 мин): * Сау адамның миындағы абсцесс әдетте бактериялық инфекциядан туындайды. * Саңырауқұлақ миының абсцессі иммунитеті әлсіреген адамдарда жиі кездеседі. Инфекция сіздің миыңызда пайда болатын ірің мен өлі жасушалардың жиналуынан ісінуіне әкеледі. * Мидың абсцессі саңырауқұлақтар, вирустар немесе бактериялар сіздің басыңыздағы жара немесе денеңіздің басқа жеріндегі инфекция арқылы миыңызға жеткенде пайда болады. * Висконсин балалар ауруханасының мәліметтері бойынша, дененің басқа бөліктерінен келетін инфекциялар ми абсцессінің барлық жағдайларының 20-50 пайызын құрайды. Жүрек және өкпе инфекциялары ми абсцессінің ең көп таралған себептерінің бірі болып табылады. * Дегенмен, мидың абсцессі құлақ немесе синус инфекциясынан немесе тіпті абсцесс тісінен басталуы мүмкін. ## 3. Студенттердің тақырып бойынша теориялық білімін ауызша сұрау арқылы диагностикалау (35 мин): * **Glossary** * **Acute meningitis** - Жедел менингит * **For spinal puncture** - Жұлын пункциясына * **Purulent meningitis** - Іріңді менинги **ОСЖ -05.1.9.-07.06** **8 беттің 2-ші беті** # ШЖҚ «Түркістан жоғары медицина колледжі» МКК ## Оқу сабағының жоспары * **Body temperature** - Дене қызуы * **Vomiting** - Құсу * **Delusion** - Сандырақтау * **Brain abscess** - Ми абсцесі * **Headache** - Бас ауыруы * **Congenital defects of the face** - Беттің туа біткен ақаулары * **A wolf's palate** - Қасқыр таңдай **1-сұрақ. Жедел менингит дегініміз:** * Ми қабатының жедел серозды немесе іріңді қабынуы олардың іріңдетуші микробтармен инфекциялануы нәтижесінде пайда болады. Іріңді менингит мұрын қуысынан, құлақтан инфекцияның өтуін тудыруы мүмкін. Ми қабатының инфекциялардың гемотогенді немесе лимфогенді жолдармен ену нәтижесінде қабынуы жағдайлары да кездеседі. **2-сұрақ. Клиникалық көрінісі.** * Науқаста бірден тез күшейетін жайылмалы бас ауыруы пайда болады, оған қоса көңіл айнуы, тоқтаусыз құсу болады. Шүйде бұлшықеттерінің, кейін аяқ-қол бұлшықеттерінің керілуі дамиды. Науқас осы ауруға тән қалыпта болады: науқастың басы артқа иілген, аяқтары тізе буынынан бүгілген, іші тартылған. Тексеру кезінде Керинг белгісінің (жамбас-сан және тізе буындарында бүгілген аяқты тізе буынында жаза алмауы) және Брудзинский белгілерінің (шалқалай жатқан науқастың басын алға қарай иген кезде аяқтарының бүгілуі) оң мәңділігі анықталады. Науқаста жарықтан қорқу, тітіркенгіштік, құрысулар, парездер, параличтер, көз қозғалтушы, бет нервтері қызметінің бұзылуы, тері семізталдығының жоғарылауы пайда болады. Дене қызуы 40°С жетеді, тахикардия, аритмия, артериялық қысымның төмендеуі дамиды. Қорытынды сатысында науқас есін жоғалтады, сандырақтайды, тыныс алу тоқтағанға дейін бұзылады. * Енгізілген жарақаттар, бас сүйегі негізінің сынықтары кезінде инфекция қабат-тардан ми затына таралады-менингоэнцефалит пайда болады. Мұндай науқастардың жағдайы өте ауыр, ошақты және жалпы ми белгілері, ауыр іріңді интоксикация белгілері байқалады. Қатты басы ауыруы, құсу, қозу, сандырақтау, тахикардия пайда болады. **3-сұрақ. Диагноз:** * Менингит клиникалық тексерулерг, жұлын пункциясына және цереброспинальды сұйықтықтың зерттеуіне негізделіп диагностика жасайды. **4-сұрақ. Емі:** * Іріңді менингитке күдігі бар науқастар ауруханаға жатқызылады. Инфек-циялық менингитте ем антибиотиктердің үлкен дозаларынан басталады. Антибиотик-тер вена ішіне, ал ауыр жағдайларда ұйқы артериясына немесе жұлын каналына енгізіледі. Бір уақытта венаішіне егу үшін сульфаниламидті препараттар тағайындайды. Жұлын пункциясын жасайды. * Дегидратация 40% глюкоза ерітіндісін вена ішіне құю арқылы жүргізіледі, несеп айдайтын дәрілер енгізіледі. Құрысулар кезінде хлоралгидратпен немесе аминозинмен клизма тағайындалады. Оттегі терапиясы, жүрек гликозидтері, сусызданған кезінде 5% глюкоза ерітіндісін, натрий хлоридінің изотониялық ерітіндісін венаішіне құю көрсетілген. * Менингитпен ауыратын науқас жақсы күтімді қажет етеді. Күнделікті арқа, сегізкөз терісін бақылау қажет, ойық жараларын алдын-алу үшін теріне камфор спиртімен сүрту қажет. Құсқаннан кейін ауызды тазалайды. Тамақтану аминқышқыл-дарды, белоктарды парентеральды жолдар арқылы беру жүргізіледі. Тыныс алу бұзылған кезде трахеостомиялық түтікше арқылы науқасты өкпенің ұзақ жасанды вентиляциясына өткізеді. **5-сұрақ. Ми абсцесі дегініміз:** * Ми абсцессі ми қабатына бөгде заттармен бірге микробтардың енуі кезінде (жарақаттық абсцесстер) немесе микробтардың гемотогенді және лимфогенді жолдармен түсуі кезінде пайда болады (метастаздық абсцесстер). Бейбітшілік уақытында жиі атогенді және риногенді абсцесстер байқалады. Абсцесстер көп түрде және жалғыз болуы мүмкін. Абсцесс соғылу кезінде ми затының зақымданған жерінде түзілуі мүмкін. Абсцесс қабырғасы бастапқыда грануляциялық тіннен тұрады, уақыт өте келе ол қатаяды, қалыңдығы 4 мм дейін капсула түзіледі. Жарақаттық абсцесстердің арасында бөгде денелер, сүйек жарықшақтары болуы мүмкін. **6-сұрақ. Клиникасы:** * Метастаздық атогенді және риногенді абсцесстерде ауру дене қызуының жоғарылауымен, қатты бас ауыруымен, құсуымен, ұйқышылдықпен, тәбеті-нің төмендеуімен басталады. Іріңдік айналасында капсуланың түзілуіне байланысты жедел белгілер уақыт өте басылады. Жасырын, латентті кезең басталады, ол бірнеше аптадан бірнеше айларға дейін созылады. Өршіген кезде қайтадан қатты бас ауыруы пайда болады, дене қызуы көтеріледі. Бас сүйек ішілік қысым күшейеді, тұрақты бас ауыру, көңіл айну, құсу, брадикардия пайда болады, қозғалыс және сезімталдық бұзылыстары, көру галлюцинациялары, сандырақтау анықталады. Бірденнен қозғыштық тежелуге, апатияға ауысады. Симптомдардың айқындық дәрежесі абсцесс көлеміне және оның орналасуына байланысты. Сопақша мидағы абсцесс гипотензия, атаксия, бас айналу, нистагм тудырады. Абсцесстің мидың бетіне жарылуы жайылмалы менингитке алып келеді. Абсцесстің қарыншалар қуысына жарылуы кезінде тез өлім болуы мүмкін. **7-сұрақ. Емі.** * Тек-оперативті ем. Іріңдікті ашады, оның барлық зақымданған аймағын капсуласымен бірге алып тастайды немесе пункция жасап, іріңдікті сорып алып, антибиотиктер егеді. Операция кезінде іріңдік орнында бас сүйегін трепанация жасайды. Операция қуысты резиналы жолақтармен дренаждауымен аяқталады. * Ми абсцессі бойынша операция жасалған науқастар ұқыпты күтім және бақылауды талап етеді. Кереуеттің бас жағын көтеріп қояды. Қозу кезінде аминазин, хлоралгидрат егеді немесе азоттың шала тотығымен наркоз береді. Антибиотикоте-рапия, ми ісінуінде дегидратациялық терапия жүргізіледі. Бастағы таңғыш жараны зақымданудан қорғап тұруы тиіс. Арқа терісіне күнделікті күтім жасау қажет, ойық жаралар болмау үшін науқастың жату қалпын ауыстыру қажет. **8-сұрақ. Беттің туа біткен ақаулары дегініміз:** * Бұл ақаулар эмбриональді кезеңде беттің қалыпты дамуының кідіруі нәтиже-сінде пайда болады. Оларға макростомия, қоян ерін, қатты таңдайдың бітпеуі жатады. * **Макростомия**: ауыз бұрыштарының жырығы тұрақты сілекей бөлінумен және косметикалық дефектпен сипатталады. * **Еріннің туа біткен жырығы (қоян ерін):** туа біткен еріннің бір және екі жақты вертикальды жырығы, жиі таңайдың жырығымен бірлеседі. Қоян ерін беттің қалпын бұзады, бірақ тамақтану бұзылмайды. Хирургиялық ем туылғаннан кейін 6 айдан 12 айға дейін көрсетілген. Пластикалық операциялар дефектті жоюға көмектеседі. * **Таңдайдың туа біткен жырығы (қасқыр таңдай):** — таңдай мен жоғарғы жақтың туа біткен жырығы, бұл кезде тамақтану бұзылады. Сүт мұрын қуысына кіріп, сыртқа ағады. Нәресте өсе келе фонация бұзылады, сөйлеуі анық болмайды. Таңдайдың пластикалық жабу операциясы 10 жасында жасалады. **ОСЖ -05.1.9.-07.06** **8 беттің 3-ші беті** # ШЖҚ «Түркістан жоғары медицина колледжі» МКК ## Оқу сабағының жоспары **9-сұрақ. Фурункулдар және карбункулдар дегініміз:** * Бетте олар әдетте жоғарғы ерін аймағында, мұрын ұшында орналасады және бет веналарының тромбофлебитімен асқынуы мүмкін. Қабыну орнында ауырсыну, тері жамылғыларының гиперемиясы, ісіну, жұмсақ ұлпа-лардың инфильтрациясы байқалады, ол жерде кейін іріңдік түзіледі. Қабыну бет және бас сүйегі веналарына таралғанда дене қызуы 39-40° С дейін көтеріледі, қатты бас ауыру, сандырақ, құсу пайда болады. Веналардың тромбофлебиті кезінде көз айнала-сында ісіну пайда болады, қабақтары ісінеді, экзофтальм пайда болады. **Емі.** * Асқынбаған фурункулдар амбулаториялы емделеді. Қабыну ошағына новокаин антибиотиктермен салынады, физиотерапиялық ем (УВЧ, ультракүлгін сәуле) тағайындалады, фурункул ұшына (немесе карбункул) некрозды тіндер және ірің тез алыну үшін салицил қышқылын қояды. Іріңдік түзілгеннен кейін кішкентай косметикалық тілік жасалады. Бет веналарының тромбофлебиті кезінде науқас іріңді бөлімшеге жатқызады. Антибиотиктер тағайындайды: пенициллин (12-18 млн ЕД тәулігіне), ампициллин (8-12 млн ЕД тәулігіне), вена ішіне егуге сульфаниламидті препараттар (этазол-натрий), қан ұю уақыты жоғарылаған кезде-тікелей әсер ететін антикоагулянттар (гепарин). Жедел сатыларында төсек режимін тағайындайды. **10-сұрақ. Беттің абсцессі және флегмонасы дегініміз:** * Беттің абсцессі және флегмонасы. Жиі тістердің және жақтың ауруларында болады. Олар және де терінің іріңдікті ауруларынан, инфекцияланған жарақаттардан, төменгі жақ остеомиелитінен кейін дамуы мүмкін. * **Флегмоналар:** самай, самай асты және самай-таңдай шұқыршаларында, шайнау бұлшықетінің астында және жақтардың айналасында орналасады. Бет флегмонасының жергілікті белгілері инфильтрат, тіндердің ісінуі, тері жамылғыларының қызаруы, беткей орналасқанда флюктуация анықталады. Шайнау және жұту қызметі бұзылады. Жалпы белгілері: дене қызуы 40°С дейін көтерілуі, бас ауыруы, лейкоцитоз, тахикардия. * **Флегмонамен науқастар:** іріңді немесе стоматология бөлімшесіне жатқызылады. Одонтогенді флегмоналар кезінде бірінші кезекте инфекция көзін жояды-кариозды тістер. Егер іріңдік түзілсе, бет нервінің тармақтары жолымен оны ашады. Жалпы терапия жүргізіледі: антибиотиктер, сульфаниламидті препараттар, физиотерапиялық ем, дезинтоксикациялық және жалпы қуаттандырғыш дәрілер. **11-сұрақ. Тілме. дегініміз:** * Тілме. Инфекциялардың ену қақпалары болып терінің жырылған және сырылған жаралары табылады. Ауру ағымы ауыр жағдайларда тері жамылғылардың некрозымен, көз шарасының флегмонасымен, менингиттің, дауыс саңылауының ісінуімен асқынады. * Ауру мұрын аймағында терінің қызаруымен және ісінуімен басталады. Қызару, ісіну бастың шашты бөлігіне дейін таралуы мүмкін. әдетте қызару көбелек түрде болады. Бір уақытта дене қызуының 39°С дейін көретілуі, қалтырау, бас ауыру байқалады. Асқынбаған жағдайларда ауру 4-6 күнге созылады. Бет тілмесі жиі қайталанады. * **Емі**: тілме қабынуының терапиясының жалпы ережесі бойынша жүргізіледі. Антибиотиктер (пенициллин, стрептомицин немесе жартылай синтетикалық пеницил-лин), сульфаниламидті препараттар, жергілікті ультракүлгін сәуле, сульфаниламидті препараты бар мазьдар тағайындалады. Бет тілмесі бар науқастар инфекциялық немесе хирургиялық бөлімшелерге стационарлық ем алуға жатқызылуы тиіс. ## **ОСЖ -05.1.9.-07.06** **8 беттің 4-ші беті** # ШЖҚ «Түркістан жоғары медицина колледжі» МКК ## Оқу сабағының жоспары ## 5. Тақырып бойынша тәжірибелік дағдыларды демонстрациялау, оларды стандарттар бойынша үйрету - 15 минут 1. Чепец таңғышын салу ережесі 2. Бас-сүйек ми жарақаттарында шұғыл көмек көрсету 3. Гиппократ қалпағы таңғышын салу 4. Мойын мен шүйдеге «крест» тәрізді таңғыш салу ## Чепец таңғышын салу ережесі 1. Науқасты өзіне қаратып отырғызды, тыныштандырып, жасалатын манипуляцияның барысын түсіндірді; 2. 80 см бинтті өлшеп алып, қырқып дайындады; 3. Қырқылып дайындалған бинттің ортасынан екіге бастың төбе бөлігі арқылы төменге түсіріп, бинттің екі ұшын науқастың өзіне немесе көмекшіге ұстатты; а және б байламдары; 4. Бинттің ұшын сол қолға, ал ораманы оң қолға ұстады; 5. Маңдай мен шүйде тұсын айналдыра отырып екі рет орам жасады; 6. Екі байламның байланысқан жеріне келгенде,а байламын айналдыра шүйде арқылы б байламына жүргізді; 7. Б байламын айналдыра отырып, маңдай бөлігі арқылы (алдыңғы турдың үстінен) а байламына келді; 8. Осылайша бастың шашты бөлігі толық жабылғанша бірнеше рет қайталады; 9. Бинттеудің соңын екі реттік айналма тур жасау арқылы аяқтап, бинттің соңын а немес б байламдарының біреуіне фиксация жасады; 10. Науқастың немесе көмекшінің ұстап отырған а және б байламдарын төменгі жақ астына бір- біріне байлады; 11. Науқасты зембілмен тасымалдады ## Бас-сүйек ми жарақаттарында шұғыл көмек көрсету 1. Науқастың жағдайын бағалаңыз 2. Науқасты зембілге жатқызып, бас жағын көтеріңкі етіп, жұмсақ «ойық тоқаш» жақтаумен бекітіңіз. 3. Қолды спиртпен өңдеңіз,залалсыздандырылған қолғап киіңіз. Жараны қараңыз. 4. Жараны антисептик ертіндісімен өңдеңіз 5. Өкпенің жасанды гипервентиляциясы 6. Премедикация ретінде психомоторлы қозу, тырысу кезінде: 0,5-1,0 мл 0,1 % атропин ертіндісін т/а; к/т пропофол 1-2 мг/кг, немесе тиопентал натрий 3-5 мг/кг, немесе 2-4 мл 0,5% седуксен, немесе 15-20 мл 20% натрий оксибутират, немесе дормикум 0,1-0,2 мг/кг; -2-4 мл 1% фуросемид (лазикс) к/т (қосарланған жарақатта декомпенсацияланған қан кетуде лазикс салуға болмайды !); 7. Ауырсыну синдромында: б/е (немесе к/т баяу) 30мг-1,0 кеторолак және 2 мл 1-2 % димедрол және (немесе) 2-4 мл (200-400 мг) 0,5% трамал 8. Басқа мұз қою 9. К/т 40% глюкоза ертіндісі 20 мл немесе 25% сульфат магний 10 мл б/е (төмен А/Қ, сульфат магний салуға болмайды!). 10. Естен танған кезде тілдің ішке кетуін алдын-алу керек.Құсық қалдықтарының аспирациясы кезінде, басты солға бұрып, салфеткамен ауыз қуысына жиналған сұйықтықты тазартып, тілін тарту. 11. Тасымалдауда тынысын бақылау. А/Қ өлшеу, пульсты санау. Хирургия бөлімшесіне

Use Quizgecko on...
Browser
Browser