1. Б.з.б. ІІІ-ІІ мыңжылдықтың аралығы: Энеолит (мыс-тас дәуірі). 2. Б.з.б. ІІ мыңжылдықтың басы: Қола (мыс пен қалайының қосындысы) қорытуды меңгеру. 3. Б.з.б. І мыңжылдықтың басы:... 1. Б.з.б. ІІІ-ІІ мыңжылдықтың аралығы: Энеолит (мыс-тас дәуірі). 2. Б.з.б. ІІ мыңжылдықтың басы: Қола (мыс пен қалайының қосындысы) қорытуды меңгеру. 3. Б.з.б. І мыңжылдықтың басы: Темірді игеру басталды. 4. Б.з.б. І мыңжылдық: Сақ тайпалық одақтарының өмір сүрген мерзімі. 5. Б.з.б. І мыңжылдық: Көшпелі мал шаруашылығының қалыптасуы. 6. Б.з.б. VIII ғ.: Қазақстан аумағындағы ең ежелгі сақ қорғандары. 7. Б.з.б. ІІІ ғ. соңы: Көшпелі ғұн (хунну) тайпаларының билігіне Мөденің келуі. 8. Б.з.б. 530 ж.: Сақ-массагеттердің парсы патшасы Кирді талқандауы. 9. 552-603 жж.: Түрік қағанатының өмір сүрген мерзімі. 10. 603-704 жж.: Батыс Түрік қағанатының өмір сүрген мерзімі. 11. 704-756 жж.: Түргеш қағанатының өмір сүрген мерзімі. 12. 751 ж.: Атлах (Талас) шайқасы. 13. 756-940 жж.: Қарлұқтар мемлекетінің өмір сүрген мерзімі. 14. 870 ж.: Әбу Насыр әл-Фарабидің өмірге келген жылы. 15. 942-1212 жж.: Қарахан мемлекетінің өмір сүрген мерзімі. 16. ІХ ғ. соңы-ХІ ғ. басы: Қимақ мемлекетінің өмір сүрген мерзімі. 17. ХІ ғасыр.: Жүсіп Баласағұнидің «Құтты білік» поэмасының жазылған мерзімі. 18. ХІІ ғасыр.: Қожа Ахмет Йассауидің «Диуани Хикмет» еңбегінің жазылған мерзімі. 19. 960 ж.: Қарахан мемлекетінде ислам дінін мемлекеттік дін деп жариялануы. 20. ХІ ғ. басы-ХІІ ғ. басы: Қыпшақ хандығының өмір сүрген мерзімі. 21. 1342-1357 жж.: Алтын Ордада Жәнібектің билік құрған жылдары. 22. 1382 ж.: Тоқтамыс хан Мәскеуді өрттеп, орыс князьдарының салық төлеуін қалпына келтірген уақыт. 23. 1428-1468 жж.: Әбілқайыр хандығының өмір сүрген мерзімі. 24. 1465 ж.: Қазақ хандығының құрылуы. 25. XVI ғ. басы: Қасым ханның билік еткен уақыты. 26. XIV ғ. ортасы - ХVІ ғ. басы: Моғолстан мемлекетінің өмір сүрген жылдары. 27. 1538-1580 жж.: Хақназар ханның билік еткен уақыты. 28. 1582/1583-1598 жж.: Тәуекел ханның билік еткен уақыты. 29. ХVІ ғ. соңы-ХVІІ ғ. басы: «Есім ханның ескі жолы» заңдары шықты. 30. 1628/1629-1652 жж.: Жәңгір ханның ел билеуі. 31. 1643 ж.: Орбұлақ шайқасы. 32. 1680-1715/1718 жж.: Тәуке ханның билік еткен уақыты. 33. XVII ғ. соңы.: Тәуке ханның «Жеті жарғы» заңдар жинағы. 34. 1723 ж.: «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұламаның» («Ұлы апат жылдары») басталуы. 35. 1726/1728 ж.: Бұланты шайқасы. 36. 1729/1730 ж.: Аңырақай шайқасы. 37. 1748-1786 ж.: Нұралының билік құрған жылдары. 38. 1771-1781 жж.: Абылайдың Қазақ хандығын басқарған жылдары. 39. 1783-1797 жж.: Сырым Датұлы бастаған ұлт- азаттық көтеріліс. 40. 1802-1847 жж.: Кенесары Қасымұлының өмір сүрген жылдары. 41. 1835-1865 жж.: Шоқан Уалихановтың өмір сүрген жылдары. 42. 1837-1847 жж.: Кенесары Қасымұлы бастаған көтеріліс. 43. 1841-1889 жж.: Ыбырай Алтынсариннің өмір сүрген жылдары. 44. 1845-1904 жж.: Қазақтың ұлы ақыны, ойшылы әрі ағартушысы Абай Құнанбаевтың өмір сүрген жылдары. 45. ХІХ ғ. 50 жж.: Патшалы Ресейге қарсы Жанқожа Нұрмұханбетұлының көтерілісі. 46. 1858-1931 жж.: Ш.Құдайбердіұлының өмір сүрген жылдары. 47. 1866-1937 жж.: Әлихан Бөкейхановтың өмір сүрген уақыты. 48. 1893 ж.: В.Томсен ежелгі түркі жазбаларының құпиясын ашты. 49. 1913-1918 жж.: «Қазақ» жалпыұлттық газетінің шығуы. 50. 1916 ж.: Қазақстан және Орта Азиядағы ұлт- азаттық қозғалыс. 51. 1917 ж., шілде: «Алаш» партиясының құрылуы 52. 1917 ж., желтоқсан: Орынборда II жалпықазақ съезі. Алаш-Орда үкіметінің құрылуы. 53. 1919 ж. 10 шілде: Қазақ өлкесін басқару жөніндегі революциялық комитет құрылған мерзім. 54. 1920 ж.: Қырғыз (Қазақ) АКСР-нің құрылуы. 55. 1925 ж., сәуір: Қазақ Кеңестерінің V съезі өтіп, қазақ халқының тарихи атауы қалпына келтірілді. 56. 1925 ж.: Қазақ АКСР-і астанасын Орынбордан Қызылордаға көшірілуі. 57. 1925 ж.: әнші Ә.Қашаубаев Парижде өткен Дүниежүзілік көрмедегі этнографиялық концертте ән шырқаған жыл. 58. 1928 ж.: Алғашқы жоғары оқу орны – Қазақ мемлекеттік педагогикалық институтының ашылуы. 59. 1929 ж.: Қазақ АКСР-і астанасын Қызылордадан Алматы қаласына көшірілуі. 60. 1931-1932/1933 жж.: Күштеп ұжымдастыру жылдарындағы жаппай ашаршылық. 61. 1936 ж.: Қазақ АКСР-інің одақтық республика болып қайта құрылуы (ҚазКСР). 62. 1937-1938 жж.: Жаппай қуғын-сүргін орын алды 63. 1937 ж.: Қазақ КСР Конституциясының қабылдануы. 64. 1939 ж.: Екінші дүниежүзілік соғыстың басталған жылы. 65. 1946 ж.: Қазақ КСР Ғылым академиясының құрылуы. 66. 1949 ж.: Семей ядролық полигонындағы алғашқы атомдық жарылыс. 67. 1949 ж.: М.Әуезовке «Абай» романы үшін КСРО Мемлекеттік сыйлығының берілуі. 68. 1954 ж.: Тың және тыңайған жерлерді игерудің басталуы. 69. 1946-1954 жж.: Ж.Шаяхметовтың ҚазКСР КП ОК- нің бірінші хатшысы болған жылдары. 70. 1959 ж.: Теміртаудағы жұмысшылар толқуы. 71. 1961 ж.: «Байқоңыр» космодромынан тұңғыш ғарышкердің ұшырылуы. 72. 1960-1962, 1964-1986 жж.: Д. А. Қонаевтың Қазақ КСР Компартиясы ОК бірінші хатшысы қызметін атқарған жылдары. 73. 1963 ж.: Ядролық қаруларды атмосферада, ғарышта және су астында сынауға тыйым салу туралы келісімшарт. 74. 1969 ж.: Есік қорғанынан «Алтын адам» табылуы. 75. 1978 ж.: Қазақ КСР Конституциясының қабылдануы. 76. 1979 ж.: Целиноград қаласындағы Қазақстанда неміс автономиясын құруға қарсы наразылық шерулері. 77. 1986 ж.: Желтоқсан оқиғасы. 78. 1988 ж.: Ш. Құдайбердиев, А. Байтұрсынов, М. Жұмабаев, Ж. Аймауытов, М. Дулатовтардың ақталуы. 79. 1989 ж.: Қарағанды шахтерлерінің ереуілі. 80. 1989 ж.: О. Сүлейменов бастаған «Невада- Семей» экологиялық қозғалысының құрылуы. 81. 1989 ж.: «Тілдер туралы Қазақ КСР Заңының» қабылдануы, қазақ тілінің мемлекеттік тіл болып жариялануы. 82. 1990 ж., 25 қазан: Қазақ КСР-нің Егемендігі туралы Декларацияның қабылдануы. 83. 1991 ж., 29 тамыз: Н.Ә. Назарбаевтың Семей ядролық полигонын жабу туралы Жарлыққа қол қоюы. 84. 1991 ж., 1 желтоқсан: Н.Ә. Назарбаевтың бүкілхалықтық сайлауда Қазақстан Президенті болып сайлануы. 85. 1991 ж.: Қазақ КСР-інің алтын қоры мен алмаз қорының құрылуы. 86. 1991 ж., 16 желтоқсан: Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік Тәуелсіздігі туралы» Конституциялық Заңының қабылдануы. 87. 1992 ж.: Қазақтардың дүниежүзілік алғашқы құрылтайының өтуі (Алматы қ.). 88. 1992 ж., маусым: Қазақстан Республикасының мемлекеттік Туы мен Елтаңбасы бекітілуі. 89. 1992 ж.: Қазақстан Республикасының БҰҰ-ға толыққанды мүше болып қабылдануы. 90. 1993 ж., қараша: Қазақстан Республикасының ұлттық валютасы – теңгенің енгізілуі. 91. 1995 ж.: Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылуы. 92. 1995 ж., 30 тамыз: Бүкілхалықтық референдумда Қазақстан Республикасының қолданыстағы Конституциясының қабылдануы (Конституция күні). 93. 1997 ж.: Жалпыұлттық татулық пен қуғын-сүргін құрбандарын еске алу жылы. 94. 1997 ж.: Қазақстан Республикасының астанасы Алматы қаласынан Ақмола қаласына көшірілуі. 95. 1999 ж.: ЮНЕСКО шешімімен Астана қаласына «Бейбітшілік қаласы» мәртебесінің берілуі. 96. 2003 ж.: Астанада әлемдік және дәстүрлі діндер өкілдерінің І съезі. 97. 2010 ж.: Қазақстан ЕҚЫҰ-ға төрағалық етуі. 98. 2011 ж.: Қазақстанда Азиаданың өткізілуі. 99. 2017 ж.: Қазақстанда дүниежүзілік ЭКСПО көрмесінің өткізілуі. 100. 2019 ж.: Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан Республикасының Президенті болып сайлануы.
Understand the Problem
Сұрақ Қазақстан тарихындағы маңызды оқиғалар мен мерзімдер тізімін беріп отыр. Олардың арасынан әртүрлі кезеңдердегі тарихи оқиғаларды немесе мемлекеттік құрылымдардың өмір сүру уақытын анықтау қажет. Тарихи мерзімдер мен оқиғалардың ретін түсіну үшін берілген деректерді зерттеу керек.
Answer
Жүзік алып шығу жолдары енді айқын сипатталған жоқ.
Жүзік алып шығу жолдары енді айқын сипатталған жоқ.
Answer for screen readers
Жүзік алып шығу жолдары енді айқын сипатталған жоқ.
More Information
Бұл сұраққа веб іздеу нәтижелері негізінде айрықша жауап табылмады.
AI-generated content may contain errors. Please verify critical information