Видео контент құру (PDF)
Document Details
Uploaded by Deleted User
Tags
Summary
Бұл құжат видео контент жасау және бейнемен жұмыс істеу бағдарламалары туралы ақпаратты қамтиды. Ол бейне түсіру және өңдеу бойынша нұсқаулар мен кеңестерді ұсынады, сонымен қатар әртүрлі видео монтаж бағдарламаларының мүмкіндіктерін, артықшылықтары мен кемшіліктерін талдайды.
Full Transcript
**Тақырыбы:** Видео контент құру. Бейнемен жұмыс істеу бағдарламалары. Видео түсірілімнің негізгі қағидалары және бейнелерді өңдеу **Видео контент құру. Қазіргі тіаңда әлем онлайн кеңістікке айналып кеткендей. Себебі әр басқан қадамымыз ғаламтормен, онлайн қызметтермен, әлеуметтік желілермен және т...
**Тақырыбы:** Видео контент құру. Бейнемен жұмыс істеу бағдарламалары. Видео түсірілімнің негізгі қағидалары және бейнелерді өңдеу **Видео контент құру. Қазіргі тіаңда әлем онлайн кеңістікке айналып кеткендей. Себебі әр басқан қадамымыз ғаламтормен, онлайн қызметтермен, әлеуметтік желілермен және т.б. байланысты. Қауіпсіздік үшін қашықтықты сақтауға, ал ең дұрысы барынша үйден шықпай өзіңізді қорғауға тиіссіз. Дегенмен бұл білім алудан немесе өзіңіздің сүйікті ісіңізбен айналысудан бас тарту деген сөз емес. Осы орайда бізге бейне оқыту сабақтары көмекке келеді.** Бүгінгі материалда **видеоконтект** қалай жасауға болатыны туралы бірнеше қажетті кеңестермен бөлісеміз. **Енді осы видеоларды жасаудың қадамдарымен танысайық:** ***1. Видеоконтекттің немесе скринкастты жазудағы ойыңыз бен мақсатты аудиторияңызды анықтап алу.*** Бұл сізге тақырыбыңызды жалпыламай өз бағытыңызды кеңінен қамтуға көмек береді. Сондықтан әрбір істе бірінші өз мақсатыңыз бен оның кімге арналғанын айқындап алғаныңыз дұрыс. 2\. ***Түсірілім кезінде уақыт үнемдеуге***, қателіктер жасамауға, қажетсіз тоқтауларды болдырмауға көмек береді. Әрине, сіз өзіңіздің не айтаныңызды жоспарлап алсаңыз видеоны жазу кезінде өзіңізге сенімді боласыз. ***3. Сапалы дүние жасау үшін сапалы камера мен микрофон қажет.*** Адам ең бірінші көзбен қабылдайтын болғандықтан камераңыз соңғы үлгідегі болмаса да аудиторияға сапалы дүние ұсына алатындай болуы керек. ***4. Түсірілім алаңын таңдау жарықтандыру.*** Видеоңыздың танымалдығы көбінесе суретке байланысты. Мұнда фонның орны өте маңызды. Ең дұрысы, түсіру орны **видеоконтект** тақырыбына 100% сәйкес келуі керек. Ал жарықтандыру үшін міндетті түрде арнайы жабдықтың болуы шарт емес: үйдегі шамдарды, күннің жарығын тиімді пайдалануға болады. ***5. Жүргізушінің образын реттеу.*** Жүргізушінің болуын қажет ететін видеоларда оның образы талапқа сай болуы керек. Стиль және түс таңдауда абай болыңыз. ***6. Видеоны бөлшектеп түсіру.*** Бұл қадам сізді шаршап қалудан, видео сабақтың мононтонды болуынан сақтайды. Және бөлшектеп түсірілген материал монтаж жасағанға да қолайлы. ***7. Видеоконтект* *роликтерін жасау үшін бағдарламаны таңдап, видеоны монтаждау.*** Маңызды сәттердің бірі, көптеген арнайы бағдарламалар болғанымен әрқайсысының өзінің ерекшеліктері, қосымша функциялары бар. *Бейнемен жұмыс істеу бағдарламалары.* Бейнемен жұмыс істеуге арналған программалар күрделі программалар қатарына жатады. Бұл программаларды орнату мен жұмыс істеу, қызмет түрлерін ажырату, бейне файлдарды дұрыс және сапалы монтаждау оңай емес. Ал ең күрделісі көп теген бейнемен жұмыс істеуге арналған программалар ішінен олардың қызметтік сапасын ескере отырып, ең тиімдісін таңдап алу. Ол үшін программалардың қасиеттері мен сипаттамаларын білу қажет. Бейне мен жұмыс істеуге программаларды таңдау кезінде ең басты еске ретін жағдай дербес компьютердің жүйелік талаптарына сәйкес келетінін таңдау, сондықтан бұл жағдай жеке дара қарастырылады. Бейне мен жұмыс істеуге арналған программа түрлері мен олардың мүмкіндіктерін талдайық.**Windows Movie Maker программасы** (*1-сурет*)**.** Windows операциялық жүйесінің 7 нұсқасына дейін қол жетімді және қолдануда өте қарапайым утилита және ол Microsoft-тың стандартты пакеттер құрамына кіреді. Қазіргі кезде бұл программа Windows Live кино студиясы деп аталады және бөлек жүктеліп, орнатылады. Қолданудың қарапайымдылығы мен түсініктілігі киностудияның басты артықшылығы. Программада бейне файлдардың үзінділерін қиып, бір-біріне қосу, қосымша дыбыс, тақырып, мәтін, анимациялық элементтер қосу мүмкіндігі бар. Программаның кемшіліктеріне арнайы әсер лердің (өлшемін өзгерту мен мәтін қосудан басқа) жоқтығы мен форматтау құралдары ның аздығы жатады. ***1-сурет.* Windows Movie Maker** **Видео МОНТАЖ программасы** (*2-сурет*). Қолданушыларға осы программаның жұ мыс істеу қарапайымдылығы мен ыңғайлылығы, көп қызмет тілігі ұнайды. Программа интер фейсі белгілі бір батырмаға меңзерді жақындатқанда, сол батырманың қызметі туралы түсініктемелер беріп отырады. ***2-сурет.** Видео МОНТАЖ* Видео МОНТАЖ программасында жеке бейне файлдарды қосудан басқа, бейне сапасын жақсартуға, дыбыс жолын қосуға немесе өзгертуге, ұсынылған 30 форматтың бірінде сақтауға болады. Бұл редактор көмегімен ауысулары бар, субтитрлер қосылған бейнелерді жасауға болады. **Pinnacle Video Spin программасы** (*3-су рет*). Windows 7, 8 ОЖ қолданушылары үшін өте жақсы нұсқа. Бұл программада қолдануда қарапай ым және қол жетімді, ұсынатын қызмет түрлеріде көп. Pinnacle VideoSpin программасында көптеген анимациялық, дыбыстық жә не ви зу ал ды ар найы әсер лер бар. Оның кө ме гі мен түр лі файл дар ды им по рт тап, түр лі сан дық құ рыл- ғылардан үзінділер қосуға, бейнежазбаны құру барысында қарауға, редактордан бірден дайын бейнені серверге жүктеуге болады. Программаның басты кемшілігі дыбысты редакциялаудың мүмкіндігі шектеулі екендігінде.