Сыртқы түр-бейне PDF

Summary

Бұл құжат сыртқы түр-бейне туралы мақала, онда имидж, сыртқы, ішкі аспектілер, сыртқы бейне және оның элементтері туралы айтылады. Имиджді құру процесстері және оның маңызы қарастырылады. Бұл мақалада сыртқы бейненің элементтері, сияқты бет-әлпет, киім, жүріс-тұрыс және олардың маңызы туралы айтылады

Full Transcript

**№ 10 Сыртқы түр -- бейне** **Жоспар:** **1.** Сыртқы түр дегеніміз не? **2.** Сыртқы бейненің маңызы 3\. Сыртқы бейненің элементтері **Имидж** -- aғылшынның image дeгeн cөзiнeн шыққaн, бeлгiлi бiр тұлғaның oның бaр бoлмыcын көрceтeтiн бeйнeci, яғни жұрттың ciз турaлы жинaқтaлғaн oйы. Бұғaн oр...

**№ 10 Сыртқы түр -- бейне** **Жоспар:** **1.** Сыртқы түр дегеніміз не? **2.** Сыртқы бейненің маңызы 3\. Сыртқы бейненің элементтері **Имидж** -- aғылшынның image дeгeн cөзiнeн шыққaн, бeлгiлi бiр тұлғaның oның бaр бoлмыcын көрceтeтiн бeйнeci, яғни жұрттың ciз турaлы жинaқтaлғaн oйы. Бұғaн oрыcтың «киiмiңe қaрaп, қaрcы aлып, aқылыңa қaрaп, шығaрып caлaды» дeгeн мaқaлы дa, мiнeз-құлқыңыз дa, ic-әрeкeт, қимылыңыз, дүниe-мүлкiңiз дe -- бәрi-бәрi кiрeдi. Имидж - тұлғаның өзін - өзі әрекеттеуімен ерекшеленеді. Ол, оқытушыға өткен кезеңдегі жоғары статусты қайтып алуына көмектеседі. Имидж адамды танымдылық пен бағалық қатынастар ретінде қызметтеледі. Адамның бүтін келбетін сипаттайтын сыртқы және ішкі аспектілерді атап кету қажет. Сыртқы аспект көптеген элементтерден құралады, аяқ киіммен бастап бас киімге дейін. Ол, адамның бет - әлпеті, киімі, жүріс - тұрысы, мінез -- құлқы, дауысы. Осы тұста стилистің, визажистің көмектері қажет. Имидждің ішкі аспектісі - ерекше маңызға ие, оның менталитеті, зерделілігі, қызығушылықтары, талаптары, мән -мазмұны шеберлігі. Ежелгі Қытай ойшылы Конфуцийдің айтуынша, адам аяғынан басына дейін өлшенбейді, басынан көкке дейін. Осы ерекшеліктерді тартымды образды құру процесінде есепке алу қажет. Сонымен қатар, адамның энерго ақпараттық өрісі бар, оның құрылымы мен әрекеттесуі зерттеледі. Приборлардың көмегімен зерттеу жұмыстарының нәтижелері сыртқы шарттардың, жағдайлардың түрлі өзгерулеріне байланысты адамның энергетикалық өрісінің өзгеруі көрсетілген, жеке тұлғалық ерекшеліктердің адамдар арасындағы әсер ету күштері мен шамалары өлшенеді. Имиджге жұмыс барысында қоршаған ортамен сөзсіз позитивті бағаланатын құндылық ерекшеліктері таңдап алынды. В.М.Шепельдің айтуынша адамның имиджі оның бойындағы өткен тәжірибелерден жинақтала отырып, күрделі жүйелі білімі болып табылады. Ол бүтін сипаттамаға иеленіп барлық қырлары келісілген. Имиджді құрудың қазіргі заманғы ғылымы жекелей имидждің мына төмендегідей түрлерін бөліп қарастырады: [Жеке, даралық имидж деп] - имиджелогияда осы ұғымның практикалық қолданылуына байланысты жеке, дербес субьектіні айтқанда, жеке, дара имидж -- ол дербес тұлғаның имиджді, қарапайым адамның имиджді яғни топтың, ұйымның, заттың имиджіне салыстырмалы қарама -- қарсылықта. Жеке, дара имидждің өзіндік аталуында оның маңызды қасиеттері тұжырымдалған. Егер жеке, дара имиджді символикалық құрылым ретінде қарастырсақ, ондағы орталық орынды жеке дербестікке жауап бере алатын символдар алады. Яғни субьектінің жеке сапалық көрсеткіштерін, образдық имиджін, тек сол тұлғаға ғана тиемелді, басқа адамдардан ерекше қасиеттерін ерекшелендіріп сипаттайтын сапалы көрсеткіштер. «Жеке, даралық» (индивидуальность) термині (латынша indivibuum бөлінбейтін, ерекше) деген мағына береді. Психологиялық сөздікте теңдессіз қасиеттерін білдіреді. Психологияда жеке, дербес ұғымы жеке ерекшеліктерді зерттеу контексінде (сөйлемінде) немесе адамның психологиялық қасиеттерінде иерархиялық құрылымдарды құруда -- тұлғалық ұғыммен бірегей ұғым ретінде қолданылады. [Габитарлық (латын тілінен аударғанда habitus -- сыртқы пішін, көрініс) имидж]. Оның құрылу принциптері: адамның сыртқы ерекшеліктерін есепке алу, дене пішімі, сыртқы түрі, киімі, шашы, жүріс - тұрысы. [Іскер имидж] - адамның өз қолымен жасаған заттары мен дүниелері арқылы тұжырымдама жасауға болады. Кәсіпорындардың менеджерлері үшін ол іскер қағаздар формасы мен мазмұнын есепке алу қажетті. Тарих бетіне үлес қосқан іскер адамдардың көпшілігі нақтылай шынайы өмірде өте қатаң, ұйымшыл болғаны белгілі. Мысал ретінде С.Т.Морозов ашық, тәуелсіз тұлға. Іскерлі, кәсіби имиджде қоғамның талаптарына сәйкес тиісті имидж көрінісі жүйеленеді: өте іскер педагог, менеджер және тағы сол сияқты.   [Вербальды имидж] (ауызша) - қарым-қатынастылыққа қалыптасатын ой - пікір (ауызша немесе жазбаша). В.О.Ключевский: «анық, түсінікті жаза білу - ізеттіліктің алғашқы ережесі». Теоретиктер вербальды имидждің қалыптасу тәсілдерін ұсынады: «ортаның қалауы бойынша сөз ету», «күлімдеп сөйлеу». Позитивті вербальды имидждің қалыптасуына ауызша сөйлеудің нақтылай естілуі мен ырғақты әуені әсер етеді. Теледидардағы жүргізілген, тікелей эфирдің сауалнамалық көрсетулері бойынша, егер жас қыздың, келіншектің вербальды (ауызша) қарым - қатынастылығы өте нашар дамыған болса, ешқандай оның әсем сыртқы көрінісі, тіпті байлығы имиджін тартымды етіп көрсете алмайды. [Вербальды емес іс - әрекеті имиджі]  - ымдау, мимикалап көрсету технологиясы, дененің кеңістіктегі орынын есепке ала отырып зерттеу негізінде құрылады. Оңтайлы имиджді құруда мінез - құлықтың теріс, келеңсіз  жақтарынан сақтану қажет. Тұлғамен жекелей қарым - қатынастылықта бет - әлпет күлімсіреп, дене пішіні тартымды, жұмсақ түсініктер орын алуы тиісті. Вербальды емес имидждің қалыптасуына жаттығулар, салауатты өмір салты, зиянды әдеттерден арылуға көмектеседі. Менеджер міндетті түрде, өзі үшін бірнеше элементтерден құралатын күнтізбегін бекітеді: дене шынықтыру, жеке гигиена, еңбек және әлеуметтік іс - әрекеттер, демалыс. Позитивті имидж, рухани байлықпен, құндылықтармен ерекшеленеді. Кеңестер одағының соңғы коммунистік әндері қайта өрлеудің (перестройка) белсенді тұлғасы М.С.Горбачевтың жұбайы Р.М.Горбачева крейл келіншектерінің стереотипін күйретті. Бірінші леди Р.М.Горбачева өте білімді, беделді, салауатты, әсем, ой - санасы өте жоғары тұлға болатын өзін жеке тұлға ретінде саяси өмірге ұсынбаған. [Көп қырлы күрделі имидж] - позитивті және теріс бағыттарымен мазмұндалады. Имиджді құрайтын элементтерді таңдап ала отырып, психологиялық тұрғыда адам баласы өзінің оңтайлы сапалық ерекшеліктерімен көрсеткіштерін (сыртқы және ішкі) алға қояды. Саясаткер мен менеджердің имиджі, артист пен топ - жұлдыздың имиджінен ерекшеленеді.  [Мекемелелер мен ұйымның имиджі] --ұжымдағы әрбір маманның және ұжымның қандай бағытта ұмтылысын сипаттап көрсетеді. Осындай ұмтылыс пен беталыс жаңадан құрылып жатқан кәсіпорындар мен мекемелер үшін маңызды. Атап айтатын болсақ, сыртқы формадағы іс - әрекеттіліктер дизайн, жарнама, өндірістік процесті модернизациялау. Эстетикалық талаптарға формасы, сыртқы көрінісімен сана - сезімі ұжымның жұмыла жұмыс істеуіне, беделділіктің пайда болуына мүмкіншілік жасайды. Позитивті имиджге мекеменің тұтынушылары, құрылтайшылары алдындағы абыройы мен беделі, оның жетістіктері, ұжымның тұрақтылық дәрежесі оның дәстүрі мен жекелей символикасы, теңдессіз киім үлгілері және оның элементтері (галстук, бас киім және тағы басқа) көмектеседі. [Заттық имидж] -- бір заттың немесе басқа жанданбаған обьектінің субъект - субъектіні өзара әрекеттесу процесінде пайда болған символды образын түсінеміз, айтамыз. Яғни сол затты немесе обьектіні субъект ретінде қабылдауды араңдатып көрсетеді. Заттық имиджді құрудың негізгі механизмі - персонификация болып табылады. [Корпоративті имидж (ұйым имиджі) деп] - біз -- субьекті -- субьекті мен өзара байланысты процестердің арқасында пайда болған ұйымдардың, қауымдастықтардың символдық образын айтамыз. Корпоративті имидждің табиғатын түсіну үшін біз - ұйымның, қауымдастықтың табиғатын талдауымыз қажет. **Сыртқы түр дегеніміз не?** **Сыртқы түр** -- адамның сыртқы бейнесі, оның дене құрылысы, киімі, бет-әлпеті, жүріс-тұрысы және өзін-өзі ұстауы. Ол адамға деген алғашқы әсерді қалыптастырады және әлеуметтік қарым-қатынастарда маңызды рөл атқарады. **Сыртқы бейненің маңызы** - **Алғашқы әсер:** Адамның сыртқы бейнесі адамның туралы алғашқы пікір қалыптастырады. - **Қоғамдағы орны:** Сыртқы түр адамның қоғамдағы статусын, кәсіптік мамандығын көрсетуі мүмкін. - **Жеке имидж:** Әр адамның өз жеке стилі мен имиджін қалыптастыруы өзіндік ерекшелігін білдіреді. **Сыртқы бейненің элементтері** 1. **Бет-әлпет:** Бет пішіні, көздер, мұрын, еріндер және жалпы әсер. 2. **Киім және стиль:** Киімнің сапасы, түстері мен жалпы стилі. 3. **Жүріс-тұрыс:** Адамның қозғалысы, дене тілі, қол қимылдары. 4. **Шаш үлгісі мен күтімі:** Шаштың ұзындығы, түрі, күтімі. **Сыртқы бейне мен ішкі дүниенің байланысы** - Сыртқы түр ішкі дүниемізді көрсетеді, бірақ ол толық бейнемізді білдірмейді. - Сыртқы түр қоғамның талғамдары мен стереотиптеріне сәйкес өзгеруі мүмкін. - Алайда, адамның ішкі дүниесі мен рухани жағдайы да сыртқы түріне әсер етеді. **Сыртқы түрдің әлеуметтік әсері** - **Стереотиптер:** Адамдар көбінесе сыртқы түріне қарап шешім қабылдайды. - **Қоғамдық пікір:** Қоғамның сыртқы түрге деген көзқарасы мен талаптары өзгеріп отырады. - **Мамандық талаптары:** Көптеген мамандықтарда сыртқы түрге қойылатын белгілі бір талаптар бар (мысалы, қонақ үй қызметкерлері, сатушылар). **Қорытынды** - Сыртқы бейне адамның жеке қасиеттерін көрсету үшін маңызды құрал болып табылады. - Алайда, ол тек сыртқы әсер ғана, адамның ішкі дүниесі мен мінез-құлқы әлдеқайда маңызды. Әрбір адам

Use Quizgecko on...
Browser
Browser