Сыпыра жырау: Қазақ поэзиясының бастауы PDF

Summary

Мақала Сыпыра жыраудың өмірі мен шығармашылығы туралы. Ол қазақ поэзиясының бастауы ретінде саналады. Әдебиеттану зерттеулеріне сүйене отырып, жырау өмірі мен туындылары қарастырылады.

Full Transcript

Сыпыра жыраудың туған және өлген жылдары белгісіз. Шоқан деректеріне сүйеніп, Ә. Марғұлан оны қыпшақ руынан шыққан, ұзақ өмір сүрген, тарихта ноғайлы жырларын туғызған эпик жыршы деп мәлімдейді. Баспа бетінде мәлім болған кейбір туындалары жыраудың ХІІІ-ХІУ ғасырларда өмір сүргеніне меңзеу жасайды....

Сыпыра жыраудың туған және өлген жылдары белгісіз. Шоқан деректеріне сүйеніп, Ә. Марғұлан оны қыпшақ руынан шыққан, ұзақ өмір сүрген, тарихта ноғайлы жырларын туғызған эпик жыршы деп мәлімдейді. Баспа бетінде мәлім болған кейбір туындалары жыраудың ХІІІ-ХІУ ғасырларда өмір сүргеніне меңзеу жасайды. Онда сүйенетін негізгі дерек: Сыпыра Сұрғалтай өмірінің соғңғы шавғында Алтын Орданың ақырғы ханы Тоқтамыс ханмен істес болалы. Әдебиеттегі жазбаларда Сыпыораның Тоқтамыс туралы айтқан «Мен-қартыңмын, қартыңмын» деп басталатын толғауында 180 жасқа келгенше тоғыз хан көргенін айтады. Солардың ішінде: «Он екі тұтам оқ атқан Одан соңғы ер Шыңғыс Оны да көрген кәріңмін»,- дейді. Осы жолдағы Шыңғыс хан 1227 жылы өлсе, Тоқтамыс Алтын Ордаға 1376-1395 жылдары хан болады. Осыған қарағанда Сыпыра ХІІІ ғасырдың оныншы жылдарында туып, ХІУ ғасырда дүниеден өткен екен. Сыпыра өмірінің ақиқаты осылай бола тұрса да, Сыпыраны қазақ әдебиеті тарихының жыраулар поэзиясы кезеңіне алынып отырғаны Сыпыраның қазақ поэзиясының бастауы, қазақ жырауларының атасы іспетті қасиетті қадірі болғандығы. Сыпыраның «Тоқтамыс жыры» деп аталатын толғауы бар. Оны ең алғаш орыс филологы профессор Мелиоранский Платон Михайлович (1868-1905) баспадан шығарып, Сыпыра жырау қыпшақ даласының көп жерін көрген, көп ханға ақылшы болған, ақяыл иесі адм екенін айтқан. 1927 жылы акад. Қаныш Сәтбаев жырды бастырғанда «Сыпыра топ бастаған дана, үздік дара шешен, қажымас еңбек, қайтпас жігер, мұқалмас қайрат иесі, халық қиялының төрешісі болған қария жырау сипатында бағалаған. С.Сейфуллин жырдың мазмұнын сақтап, 46 жол мөлшеріне келтіріп, өзінің қазақтың ескі әдебиет нұсқалары» деген еңбегңнде 1931 жылы «Тоқтамыстың қоштасу сөзі» деген тақырыппен жариялады. Сәкен жырды Тоқтамыстың жыры дегенмен оның авторы хан емес Сыпыра деген жорамалын айтады. С.Мұқанов өз зерттеулерінде (сыпыра жырау, Асанқайғы, Бұқар жыраулар --ХІХ ғасырға дейінгі қазақ ақындарының символы, олар хан қасында отырып, батырды жырлаумен қоса, сол кездегі мемлекет мәселесін шешуге қатысады.»,-деп баға берген. Есім Байболов Сыпыра жыраудың шығармаларын іздеп ьауып, Сыпыраның өмірде болған адам екендігін айқындайды. Мысалы, Сыпыра Ақшахан тұсында Қырым мен Солтүстік Кавказда, Ноғай хан тұссында Еділ өңірінде, Тоқтамыс хан кезінде Жайық бойы мен одан Шығысқа қарай кең аймақт а еркін өмір сүрген жырау екендігі танылады. Сыпыра өзі жайлы Тоқтамысқа айтқан бір толғауында : Өрлеуге қандай алыбың, Шыңға шықсын талабың. Алпыс екі хан көрдім, Несіне оны сұрадың. Атқа мінер халі жоқ, Мінсе түсер әлі жоқ, Жүз сексен жасаған Қалі осы да Сыпыраның,-дейді. Осы толғауын мысал етіп, Сыпыраның көр жасағаны шындық болса керек деген ой айтады зертеушілеріміз. Шоқан зертеулерінде Сыпыра жыраудың кейбір сөз үлгілерінен үзінділер береді. Жырау сөздерінің кейбір үлгілерін В.Радлов пен Ильминскийлер жинақтарында кездеседі. Радлов белгілі бір хинағында жырау толғауларынан үзінді жариялап Қырым ноғайлары арасында сақталған аңызды мысалға келтірген. Проф.Б.Кенжебаев «Сөз жоқ Сыпыра жырау тарихта болған адам\... қыпшақ хандығының соңғы кезінде \... хан ордасында тұрған\...»-деп жазады. Сыпыраның аты халық аңызына айналып кеткен. Сыпыраның бізге жеткен шығармалары аз. Кейбірі эпостық жырлардың ішінде, белгілі бір адамға ақыл ретінде, толғау ретінде беріліп, ел-жұртының мұңы қозғалады. Мен қартыңмын, қартыңмын, Не көрмеген қартыңмын. Бастыққа бастық Бастық хан Оны көрген кәріңмін. Одан соңғы Кедей хан Оны көрген кәрәңмін Онан соңғы Ала хан, Оны көрген кәріңмін. Онан соңғы Қара хан, Оны көрген кәріңмін Құлағы шұнақ Хазар хан, Оны көрген кәріңмін. Он екі тұтам оқ атқан Онан соңғы ер Шыңғыс, Оны да көрген кәріңмін. Мұнарасы қырық құлаш Өзден сұлтан Жәнібек Оны да көрген кәріңмін. Ұлы бабам Домбауыл, Соны көрген кәріңмін. Жүз сексенге келгенде Сонша хандар өткенде, Жас та болсаң Тоқым хан Сені көрген кәріңмін,-деген екен Тоқтамыс ханға. «Ер Тарғын», «Едіге», «Қырымның қырық батыры» жырларында да жырау есімі кездеседі. Сыпыра Тоқтамыс ханның жоғын жоқтаушы болғаны байқалады. Мелиоранский бастырған «Тоқтамыс жырын» баспаға ұсынушы Шоқан Уалмханов жырды Аманқарағайдағы Жұмағұл дегеннен жазып алған. Кейін Қаныш сәтбаев Баянауылдың қаржас елініің ақыны Қопабайдан жазып алып, 1927 жылы Орынборда бастырады. Өзі кіріспесін жазған. Кейбір әдебиетшілердің пікірінше (С.Мұқанов, Е.Ысмайлов, Ә.Марғұлан) «Ер Сайын», «Ер Қосай», «ЕР Тарғын» сияқты ноғайлы циклындағы жырларды шығаруға Сыпыраның эпик жырау ретінде қатысы болуы мүмкін деген пікірлері кездеседі. Мұрын жырау, Жамбыл, Нүрпейіс, Ғылман т.б, ақындар Сыпыра жырауды тарихта болған кісі көп жырлаарды шығарушы деп бағалайды. Сыпыраның аты қазақта басқа да түркі елдердің кейбіріне жете таныс. Ьұрын ноғайлыға қараған, кейін жеке ұлт болып кеткен кейбір халықтар арсанда ол құрметті жырау болып саналады. М.Мағауин Телағыс, Құбығұл аттарына байланысты туыстас халықтар арсаында барлық жырларда «Сыпыра -- Сувра, Супра чырау, Сефар -- дау»-деген аттармен көрңнетінін айта келе, «сыпыра қарақалрпақ әдебиетіндегі ең үлкен эпосшы, жыралар мектебігнің геізін салушы болып саналады. Сыпыра -- хан мен батыр арасында бітім айтқан дана, ақылгөй, сәуегей адам. Тақырыбы: Қазтуған жырау Мақсаты: Қазтуған Сүйінішұлының өмірі жайлы деректер, зерттелуі, оның жорықшы жырау болғандығын тарихи деректермен түсіндіру; толғауларының тақырыптық-идеялық, көркемдік ерекшеліктеріне талдау жасау.

Use Quizgecko on...
Browser
Browser