Kіші Отанымы сайысы 9 сынып сұрақтар PDF

Document Details

TriumphantIntellect4501

Uploaded by TriumphantIntellect4501

Tags

Қазақстан Тарих Тың игеру Экономика

Summary

Документта, 9-сынып үшін Кіші Отанымы сайысы үшін сұрақтар жинағы келтірілген. Мақала Қазақстанның тарихына, экономикалық жағына арналған, тың игеру және осы кезеңдегі әлеуметтік-экономикалық қиындықтар туралы баяндайды.

Full Transcript

Тың игерудің барысы. Мәскеу басшы- лығы Қазақстанда астықтың және басқа ауылшаруашылық өнімі өндірісін шұғыл арттыра алатын мүмкіндіктер бар деп есеп- теді. Сондықтан да өкімет билігінің жоғар- ғы деңгейінде дәнді дақылдар егетін ал- қаптардың аумағын кеңейту үшін тың және тыңайған жерлерді игеру ид...

Тың игерудің барысы. Мәскеу басшы- лығы Қазақстанда астықтың және басқа ауылшаруашылық өнімі өндірісін шұғыл арттыра алатын мүмкіндіктер бар деп есеп- теді. Сондықтан да өкімет билігінің жоғар- ғы деңгейінде дәнді дақылдар егетін ал- қаптардың аумағын кеңейту үшін тың және тыңайған жерлерді игеру идеясы пайда бол ды. Міндеттерді табысты жүзеге асыру үшін КСРО басшысы Н.С. Хрущев республикалық басшылықты «нығайту керек деп шешті. 1954 жылы ақпанда Қазақстан Компартия- сы ОК-нің бірінші хатшылығына Қазақстанда ешкімге белгісіз П.К. Пономаренко таға йындалды. Ж. Шаяхметовті қызметінен алу мәселесін Кремльде шағын топ қана шешті. Шын мәнінде, Н. Хрущев бұл кезеңде өзінің кадрларын түрлі орындарға қоя бастаған болатын, ал Ж. Шаяхметов болса тың жерлерді тез арада игеру идеясын қолдамады. Кеңестік билік қабылдаған «Елімізде астық өндіруді одан әрі арт тыру, тың және тыңайған жерлерді игеру туралы» қаулы бойынша Қазақстанның солтүстік аудандарында, Сібірде, Оралда және Солтүстік Кавказда дөнді дақылдар егуді шұғыл арада арттыру туралы шешім шығарылды. Жаңа жерлерді игеру есебінен 1954-1955 жылдарда 13 млн гектар жер жыртылып, 1955 жылы одан 1100-1200 млн пұт астық алу жоспарланды. КСРО-да тың көтеруге байланысты белгіленген тапсырма 1954 жылғы тамыздың басына қарай орындалды: жоспарланған 13 млн гектардың орнына 19 млн гектар жер жыртылды, оның ішінде Қазақстанда 8,5 млн гектардан аса тың жер жыртылды. Тамызда «Астық өндіруді мо лайту үшін тың және тыңайған жерлерді одан әрі игеру туралы» жаңа қаулы қабылданды. Онда 1956 жылы тың жерлердегі дәнді дақылдар егуге арналған аудан көлемін 28-30 млн гектарға дейін жеткізу міндеті қойылды. Ғалымдардың тың жерлерді осыншама кең көлемде игеру өзін-өзі ақтамайтындығы туралы пікірлерін ешкім есепке алмады. 1955 жылы тың жерлерде жоспарланған 7,5 млн гектардың орнына 9,4 млн гектар жер жыртылды. Партия комитеттерінің қысымымен жалпы жиындар- да жоғарылатылған міндеттемелер қабылданды. Тың және тыңайған жерлерді игеру туралы екі жылға есептелген мемлекеттік жоспар елеулі карқынмен бір жыл ішінде жүзеге асты. Республикада жаппай жол- дар салынып, жаңа елді мекендер тұрғызылды. Тың жерлерді игерудің басым копшілігі негізінен Қазақстанның солтүстігіндегі бес облыста Костанай, Ақмола, Солтустік Қазақстан, Көкшетау жоне Павлодар облыстарында жүзеге асырылды. Республика еңбекшілерінің алдында тың және тыңайған жерді одан өрі игеру арқылы дәнді дақылдар өнімін арттыру міндеті тұрды. Қазақстанда 1954-1960 жылдары 25,5 млн гектар тың жоне тыңайған жерлер игерілді. 1956 жылы Қазақстанда 1 млрд пұт астық өндірілді. Тың игерудің кейбір жағымды тұстары да болды. Тың игеру Қазақстан халқы өлеуметтік-экономикалық жағдайының жақсаруына елеулі әсер етті. Жаңадан қалалар салынып, аудандар ашылды. Автомобиль жоне теміржолдардың ұзындығы өсті. 2. Қазақстан аумағына тың игерушілерді қоныстандыру. Тың игеру кезінде бұрын-соңды болмаған көлемде жаппай қоныстандыру ісі жүзеrе асырылды. 1954 жылы Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің Жер халык комиссариатына миграциялық үдерістерді реттеу міндеті жүктелді. 1954 жылдан 1963 жылға дейін Қазакстанга Одақтың ортүрлі республикалары- нан Украина, РКФСР, Белоруссия. Молдавия жане Литвадан мыңдағan отбасылар қоныстандырылды. 1954 жылдың бірінші жартысында тек Акмола облысына гана 20 мыңнан астам адам тың көтеруге келді. Бұған қоса, өнеркәсіп орындарының ұжымдары ауылшаруашылығына, тың және тыңайған жерлерді игеруге 1 386 маман мен механизатор жіберді. 1953-1958 жылдары ауылшаруашылығына 266,6 мың механизатор мамандар келді. Ең танымал тың игерушілердің бірі Михаил Довжик болды. Ол Қазақстанға 1954 жылы наурызда алғашқы тың игерушілер қатарында келді. Ынтымақты бригада құрған М. Довжик Ақмола облысындағы ауылшаруашылық техникасын пайдалануда жаңашыл бол ды. Ерен еңбегі үшін М. Довжик Социалистік Еңбек Ері атағына ие бо лып, жогаргы заң шығарушы орган Қазақстанның Жогаргы Кеңесіне депутат болып сайланды. Еңбекшілерге, келіп жаткан тың игерушілерге елеулі жеңілдіктер жа сау, сондай-ақ өндірістік жоспарды орындаған совхоз жұмысшыларына қомақты сыйақылар беру арқылы тың игеруге кеңінен қолдау көрсетілді. Тың игерушілер қоныстану орнына жеке мүлкімен тегін көшіп келді, отағасына біржолғы берілетін ақшалай жәрдем көлемі 500-1000, ал отбасының әр мүшесіне берілетін жәрдем көлемі 150-200 сом болды. Үй салуға 10 жылға 10 мың сом несие берілді (оның 35%-ын мемлекет өз мойнына алды), мал алуға 1500-2000 сом көлемінде несие берілді, 1,5 центнер астық немесе ұн түріндегі азық-түлік карызы беріліп, тың игерушілер ауылшаруашылығы салығынан 2-5 жылға босатылды. 1954- 1959 жылдары Қазақстанның тың жерлерін игеруге 20 млрд-тай сом каражат жұмсалды. Тың жерлерді игеруге байланысты кеңестік кезеңдегі еңбектер мен ба сылымдарда көптеген қателесушілік, бұрмалаушылық жоне бұра тарту шылық айтылмады. Тың игеру тек мамандарды гана емес, копақша табуды ойлаған кездейсоқ адамдарды да өзіне тартты. Мысалы, зерттеушілердің пікірі бойынша алғашқы 2 жылда Солтүстік Қазақстанға келген 650 мың адамның тек 130 мыңы ғана тың игеру үшін қажет болды. Тың игерілген облыстардың бірқатарында осының салдарынан құқық тәртібі бұзылып, мемлекет қаржысын талан-таражға салу, ұрлау орын алды. 3. Тың игерудің жағымсыз салдарлары. Тың жоне тыңайған жер дерді жаппай игеру кезінде дамудың үдемелі жолына түсу туралы жиі айтылды. Тыңдағы колхоздар мен совхоздардың материалдық техни калық базасын нығайтуға байланысты қыруар жұмыстар аткарыл ганымен, ауылшаруашылығы сол бұрынғы қалпында қала берді. Тыңда ұйымдасқан совхоздарға бөлінген тракторлар мен баска да машиналар ауылшаруашылығын күшейту жолындағы ірі қадам ретінде кең дөріп- телінді. Алайда сол кезеңдегі ірілендірілген колхоздарга тозығы жет кен комбайндар, тракторлар мен автомашиналар берілгендігі туралы еm порсе айтылмады. Көрсеткішті «жоғарылатып көрсету үшін орасан зор аумақ жыр- тылды. Экологиялық тепе-теңдіктің бұзылуы ауыр салдарларға кеп соқты: топырақ эрозиясы күшейді, топырақтың құнарлы қабатын жел ұшырып кетті. Жалпы жаппай тың игеру үшін егіншілікті жүргізудің тиімді әдістері ені онжылдық өткеннен кейін гана ұйымдастырыла бас тады. Егін үшін жыртылган миллиондаған гектар жер шабындық пен жайылымдық алқаптардың көлемін тарылтты. Мыңдаған гектар жер лер елді мекендер салуға тартып алынып, олардың инфрақұрылымын жүргізу үшін құнарлы жерлердің елеулі көлемі бөлінді. Нәтижесінде ауылшаруашылығының дәстүрлі саласы малшаруашылығы орны тод мас шығынға ұшырады. Малшаруашылығының даму деңгейінің төмен деуі өз кезегінде республикадағы ет-сүт өнімдерінің тапшылығын ту ғызды. Мамандар сырттан республикаға ағылып келді. Мұндай жағдай тың игерілген облыстардың бөріне дерлік тон болды. Тың игеру барысында республикамызда баска республикалардан көшіп келген халықтың саны артты, ұлттық салт-дәстүрлердің рөлі төмендеді, қазақ мектептері күрт азайып, ұлттық әдебиет пен мерзімдік баспасөз басылымы кеміді. Қазақ халқының одет-ғұрпына, салт-достүріне, оның мәдени құндылықтарына «жоғарыдан менсінбей қараушылық орын алды. Тың игеруді желеу етіп орыстардың, украиндардың т.б. ұлт өкілдерінің көшіп келуі Қазақстанның солтүстік облыстарында тілдік жоне демографиялық проблемаларды ушықтырды. 50-жылдары Қазақстан копұлтты республикаға айналды. Мұнда қа зақтар, орыстар, украиндар, немістер, өзбектер, ұйғырлар, татарлар т.б. өмір сүріп, еңбек етті. Көптеген еңбек ұжымдары құрамы жағынан кеп ұлтты ұжымдарға айналды.

Use Quizgecko on...
Browser
Browser