Кенғали 1 орын Зерде – Ғылыми Жоба PDF

Summary

Осы файлда қазақ тіліне латын әліпбиін енгізудің тарихи және мәдени алғышарттарына арналған ғылыми жобаның конспектісі қамтылған. Жобада әліпбидің өзгеруінің тиімділігі, тарихи контексті және әлемдік өркениетпен үйлесуі баяндалған. Зерттеу барысындағы әдістер мен практикалық бөлімдерге де тоқталған.

Full Transcript

Ғылыми жоба “Латын әліпбиіне көшудің тарихи және мәдени алғышарттары” Авторы:Кенғали Нұрислам Жетекшісі: Абдуллина Динара Ысқаққызы Кеңесшісі:Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінің тарих ғылымдарының магистрі, Қалыбаева Айнур Жакуповна МАҚСАТЫ: З...

Ғылыми жоба “Латын әліпбиіне көшудің тарихи және мәдени алғышарттары” Авторы:Кенғали Нұрислам Жетекшісі: Абдуллина Динара Ысқаққызы Кеңесшісі:Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінің тарих ғылымдарының магистрі, Қалыбаева Айнур Жакуповна МАҚСАТЫ: Зерттеу мақсаты: Ғылыми жобаның негізгі мақсаты-қазіргі латын әліпбиін қазақ тілінің дыбыстық жүйесіне қалай бейімдеу керек деген сұраққа жауап іздеу. Әрі қарай жобада осы мәселе бойынша ғылыми көзқарастарға талдау жасалады. Зерттеудің өзектілігі:Қазақ жазуының тарихында тағы бір маңызды бетбұрыс кезеңі күтілуде. Бұл латын графикасына көшу. Бұған халқымыздың қазақ жазуының тарихына көз жеткізу арқылы білуге болады. Зерттеу барысында келесі әдістер қолданылды Сұрақты зерттеу үшін келесідей әдістерді пайдаландым: Сауалнама Сұхбат(интервью) Байтұрсынов мектебіне бару Кітапханаға бару Жетекшімен жұмыс Әлеуметтік желі ПРАКТИКАЛЫҚ БӨЛІМ «Қазақ тілі әліпбиінің латын графикасына көшу себептері, маңыздылығы Жалпы, әліпбиді ауыстыру мәселесі, бір жағынан, орыс тілінің Күшін болдырмау мақсатында көтерілді, өйткені жазу тілге үлкен әсер етеді. Мұндай жағдайда әліпби құрамында қазақ тілінің дыбыстық құрамына тән емес, бөтен тілге тиесілі фонемаларды басқа тілден алынған терминдерді белгілеу үшін, яғни емле ережелерін белгілеу үшін қолдану дұрыс емес екені айқын болады. Латын графикасына көшуді қолдайтын бағыт, олардың негізгі дәлелдері Алдымен бүгінгі компьютер заманында интернет жүйесінде үстемдік ететін латын әліпбиі екендігін мойындауымыз керек. Бәріміздің электрондық поштамыз бар. Ол поштамыз латынмен жазылған. Астымыздағы көлігіміздің нөміріндегі әріптер латынмен берілген. Куәлігіміз бен паспортымызда латын әліпбиі тұр. Осындай мысалдарды көптеп келтіре беруге болады. Яғни латын әліпбиі бізге таңсық емес. Ол біздің қоғамға еніп кеткен. Оны еліміздегі кез келген сауатты адам белгілі дәрежеде біледі. Ал латынның бізге берері дегенде толып жатқан тиімді тұстарын көрсетуге болады. - латын графикасын қабылдау-компьютерлендіру ағынын сақтау; -халықаралық аренаға шығу; - интернет-ресурстарды толық қуатында пайдалану; - электрондық поштаны, телеграфты кеңінен пайдалану; - ортақ түркі жазбасын қалыптастыру; -қазақ тілінің тілдік табиғатын қайтару немесе сақтау; - фонетикалық, морфологиялық, синтаксистік, лексикалық деңгейлерде орыс тілінің әсерінен арылу ҚОРЫТЫНДЫ Менің ойымша латын әліпбиіне 26 әріп бойынша көшсек, қазақтың болашақ таза қазақтық ұлтын қалыптастыруымызға септігі тиер деген ниет анық. Латын әліпбиіне осылай көшсек, мынадай жақсылықтарға жетеміз: -Латын әліпбиі әлемдік өркениетке аяқ басуымызға септігін тигізеді, кириллица жазуын 12 мемлекет қана пайдаланады екен, ал дүниежүзі халықтарының 80 пайызы осы әліпбиге көшкен. -Басқа тілдерді үйренуге мүмкіндігіміз артады, жаңа тіл-жаңа әлем, латын алфавиті-ғаламтор тілі, жаңа технология тілі. -1929-1940 жж. латын әліпбиінде жаздық. Сол замандағы ұлы тұлғаларымыздың шығармаларын келер ұрпақ қиындықсыз оқу керек. -Бүгінде әлемнің әр түпкірінде 5 миллионға жуық қазақ тұрады. Оның 80 %-ы латын әліпбиін қолданады.Солармен жақындасу үшін өте маңызды. -Латын әліпбиі – медицина саласының тілі. -Әліпби өзгерту қазақ сөздерінің дұрыс айтылуына ықпал етеді.

Use Quizgecko on...
Browser
Browser