Psychology Paper - Personality Development
Document Details
Uploaded by LeanVampire
Казахский Национальный педагогический университет имени Абая
Аяужан Каримова
Tags
Summary
This document is a student's academic paper on the topic of personality development in psychology, specifically focused on the stages of development and views of different scholars.
Full Transcript
Казахский Национальный педагогический университет имени Абая ***Абай атындағы қазақ ұлттық педагогикалық университеті*** **Реферат** **Пәні**: Тұлға психологиясы **Тақырыбы**: Психологиядағы тұлғаның қалыптасуы мен дамуы Орындаған: Каримова Аяужан Тексерген: Исаева Ж. **Жоспар**: 1.Тұлға жай...
Казахский Национальный педагогический университет имени Абая ***Абай атындағы қазақ ұлттық педагогикалық университеті*** **Реферат** **Пәні**: Тұлға психологиясы **Тақырыбы**: Психологиядағы тұлғаның қалыптасуы мен дамуы Орындаған: Каримова Аяужан Тексерген: Исаева Ж. **Жоспар**: 1.Тұлға жайлы жалпы түсінік 2.Тұлға туралы ғалымдардың тұжырымдамасы 3.Тұлғаның дамуы мен қалыптасуы **Тұлға деген кім?** **Жеке тұлға** --адамның бойындағы [[әлеуметтік]](https://kk.m.wikipedia.org/wiki/%D3%98%D0%BB%D0%B5%D1%83%D0%BC%D0%B5%D1%82) сапалар, белгілі бір әлеуметтік қоғамнын өкілі болатын, (ұлты, топ, ұжым т.б.) белгілі бір іс-әрекет түрімен айналысатын, қоршаған ортаға деген өзінің қатынасын мойындайтын және өзінің дара ерекшеліктері бар нақты адам. [[Ұлттық психика]](https://kk.m.wikipedia.org/w/index.php?title=%D2%B0%D0%BB%D1%82%D1%82%D1%8B%D2%9B_%D0%BF%D1%81%D0%B8%D1%85%D0%B8%D0%BA%D0%B0&action=edit&redlink=1) мен жеке адамның [[психикасының]](https://kk.m.wikipedia.org/wiki/%D0%9F%D1%81%D0%B8%D1%85%D0%B8%D0%BA%D0%B0) арақатысы диалектикалық ұқсастықпен жекеліктің айырмашылығымен сәйкес келеді. Жалпылық (ұлттық) және жекешелік (өзіндік) жеке адамның психологиялық кейпінде бірлікте болады. Бірақ олардың ара қатысы әр адамда әртүрлі. Жеке адамның қатынас кеңістігі неғұрлым кең болса, өмірдің барлық жағымен оның байланысы және қарым-қатынасы да әртүрлі болады ішкі дүниетанымы да бай және жеке адамның өз ұлтына тән әлеуметтік сапасы да жоғары болады. ***Тұлға жайлы ғалымдар тұжырымдамасы:*** **З.Фрейдтің** «психоанализ» терминін алғаш енгізуін, оның ғылымға қосқан үлкен үлесі деп тануға болады. «Психоанализ» терминінің 3 мағынасы бар: 1)Тұлға және психопаталогия теориясы; 2)Тұлға көңілінің бұзылуының терапиялық әдісі; 3)Индивидиумның саналы түрде сезілмейтін ойлары мен сезілмейтін әдісі. Ұзақ мерзім психоанализдің дамуында З.Фрейд тұлғалық ұйымдастырылудың топографиялық моделін қолданды. Осы модель бойынша психикалық өмірдің 3 деңгейін бөлуге болады: сана, парықсыздық(подсознательность) және бейсаналық. Оның ғылымға қосқан ең үлкен үлесі -- бейсаналық ұғымын енгізіп, ұғымсыз түрткілермен жұмыс істеу әдісін қолдануды үйретуі. Сана деңгейі тура осы уақытта сезінетін түйсіктер мен әсерлерден тұрады. Ал парықсыздық деңгейі (кейде «қол жететін ес» деп аталады) тура осы сәтте сезілмейтін тәжірибелерді көрсетеді. З.Фрейдтің ойынша, бұл психиканың сезілетін және сезілмейтін аумағының арасындағы көпір болып табылады. Бейсаналықта тұлғаның негізгі детерминанттары болады, олар : психикалық қуат, ояту және инстингтер. Инстингтердің екі түрі бар: либидо немесе сексуалдық қанағаттануға ұмтылу және агрессиялы инстинг, өлімге ұмтылу. 20 -- жылдардың басында З.Фрейд өзінің консентуалды моделін қайта қарастырып, тұлға құрылымын негізгі 3 компонентке бөлді: ид, эго,жоғарғы эго. «Ид» латынның «Ол» сөзінен шығады. З.Фрейд бойынша «Ол» тұлғаның қарапайым, инстинктивті және тума аспектілерін білдіреді. Ид бейсаналықта өмір сүреді және инстиктивті биологиялық оянулармен (тамақ, ұйқы, т.б.), яғни біздің жүріс-тұрысымызды қуатпен қамтамасыз ететін оянулармен тығыз байланысты. Фрейд бойынша, ид -- ешқандай заң мен ережеге бағынбайтын нәрсе. Фрейд идті ағзаның соматикалық және психикалық процестері арасындағы нәрсе деп қарастырады. Ол ид адамды шаршаудан арылтатын екі механизмді көрсетеді, рефлекторлық әрекет және алғашық процестер. «Эго»(латын. «Эго» - «мен») шешім қабылдауға жауапты психикалық ақпараттың компоненті. Эго идтің тілектерін сыртқы әлемге байланысты шектеу қоя отырып, қанағаттандыруға иырысты. Эгоның қызметі -- ағзаның тұтастығы мен тепе-теңдігін сақтау. «Жоғарғы Эго» (латын. «super» - «жоғарғы» және «ego» - «мен»). Адам қоғамда өмір сүру үшін қоршаған ортаға сәйкес құндылықтар, нормалар және әдептер жүйесіне ие болуы керек. Мұның барлығы «әлеуметтену» процесі, яғни құрылымдық модельдің тілі бойынша «жоғарғы эгоның» қалыптасуы барысында жүзеге асады. Фрейд «жоғарғы эгоны» екі жүйеге бөледі: ар-ұят және «эго-идеал». Ар-ұят ата-ананың жазалауының арқасында пайда болады, ал суперэгоның мадақтаушы аспектісі -- бұл эго-идеал. Инстингтер. Фрейд инстингтің екі негізгі тобын мойындады: өмір және өлім инстингтері. Бірінші топ (Эрос) өмірге маңызды процестерді қолдау мақсатындағы күштерді қамтиды. З.Фрейд өмір инстингтерінің индивидиумның физикалық құрылымына үлкен маңыздылығын мойындай отырып, тұлғаның дамуындағы сексуалды инстингтердің орнын айқындайды. Сексуалды инстингтердің қуаттарын либидо (лат. «қалау», «тілеу») деп атайды. Екінші топ -- өлім инстингтері, яғни танатос-қатігездік, агрессия, суицид және біреуді өлтірудің барлық көріністері. З.Фрейд «өлім-инстингтері -- өмір инстингтері секілді адам мінез-құлқын реттеуші биологиялық түрде шартталған» деп есептейді. Тұлғаның дамуы үшін З Фрейд психосексуалды деңгейлерді анықтаған,дамудың психоаналитикалық теориясы екі алғышартқа сүйенеді.Бірінші немесе генетикалық алғышарт бойынша,ерте балалық шақта болған уайымдар ересек тұлғаның қалыптасуында үлкен рөл атқарады.З Фрейдтің ойынша,индивидиум тұлғасының негізі өте ерте жаста,яғни бес жасқа дейін қалыптасады.Екінші алғышарт бойынша,адам сексуалды қуатпен (либидо) дүниеге келеді.Бұл қуаттар өзінің дамуында бірнеше психосексуалды деңгейден өтеді. З Фрейд сексуалды тұлға дамуының төрт деңгейін көрсетеді: оралды, аналды, фалистік және гениталды.Баланың 6-7 жас аралығын жыныстық дамудың бастамасы деп қарастырған, ол бұл кезеңді латенттік кезең деп атайды.Бірінші үщ деңгей туғаннан бес жасқа дейінгі аралықты қамтиды. З.Фрейд оны прегениталды деңгей деп атайды.Өйткені жыныс мүшелерінің аймағы тұлға қалыптасуында әлә басты рөлге ие болмайды. Төртінші деңгей пубертанттық кезеңнің басталуымен дәл келеді. Фрейд бойынша психосексуалды даму деңгейлері Деңгейлер Жас кезеңі Либедоның шоғырлану аймағы Осы даму деңгейіне сәйкс міндеттер мен тәжірибелер Оралды 0-18 ай Ауыз(ему,тістеу, шайнау) Арылу.Өзін анасының денесінен болу Аналды 1,5-3 жас Анус Дәрет алуға үрету (өзін өзі байқау) Фалистік 3-6 жас Жыныс мүшелері Өзі еліктейтін сол жыныстағы ересек адаммен теңесу Латентті 6-12 жас Қажеттілігі жоқ (сексуалды әрекетсіздік) Құрдастарымен әлеуметтік байланыстың кеңеюі Гениталды Пубертант (жыныстық жетілу) Жыныс мүшлері (гетеро сексуалды қарым-қатынасқа икемділік) Интимді қарым-қатынастар құру немесе ғашық болу;қоғамға өзінің еңбегімен кірістер келтіру Қобалжудың түрлері: Реалистік қобалжу. Қорқытуға эмоционалды жауап немесе сыртқы әлемнің реалды қауіптерін түсіну (мысалы, қауіпті жануаорлар немесе мемлекеттік емтихан тапсыру) реалистік қобалжу деп аталады. Невротикалық қобалжу Ид жағынан келетін бағынбайтын импульсмтарды саналы түрде сезіну қаупіне эмоционалды жауапты болу невротикалық қобалжу деп аталады. Моральды қобалжу Эго суперэгодан жазалау қаупін сезінгендегі эмоционалды жауап моральді қобалжу деп аталады. Эгоның қорғаныс механизмдері Ығыстыру. З.Фрейд ығыстыруды эгоның алғашқы қорғанысы деп қарастырады. Ығыстыру қобалжудан кетудің тура жолын қамтамасыз етеді деп есептейді. Оны кейде «мотивтендірілген ұмыту» деп те атайды. Адам өзіне қайғы әкелетін ойлар мен сезімдерді санасынан ығыстырады.Бірақ З.Фрейдтің ойынша,ығыстырылған ойлар мен импульстар өздерінің белсенділігін беисаналылықта жоғалтып алмайды.Ол ығыстырылған ойлар күндердің күнінде қайта жаңғырып шығады дейді. **Проекция**: Проекция -- ығыстыруға ілесетін қорғаныс механизмі. Проекция механизмінде адам өзінің негативті ойларын, сезімдерін және мінез-құлықтарын басқа адамдардан немесе қоршаған ортадан көреді. Сөйтіп, өзінің кемшіліктерін, кінәсін басқа біреулерге тағады. Орын басу: Бұл қорғаныс механизмі -- адамның ұмтылыстары мен сезімдерінің басқа обьектіге ауысуы. Мысалы, агрессивті импульстар, өзге қауіпсіз обьектіге ауысады. **Рационализация**: Когнитивті бұрмалау көмегімен адам өзінің дұрыс емес әрекеттерін, жағдайларын ақтау үшін әр түрлі өтірікті, бірақ кешірімді себептерді тауып алады. Рационализация әр түрлі формада кездеседі. Кейде адам әр түрлі тығырыққа тіреліп, дұрыс емес іс-әрекетін ақтау үшін сылтаулар іздейді. Реактивті құрылым: Әдетте, қобалжуды тудыратын күшті импульстарды ығыстыру қарам-қарсы тенденциялармен жүреді. Ол қрғаныс механизмдерінің құрылымы. Қорғаныс реактивтілігінің құрылуы -- бар ұмтылыстарды басып тастап, оған қарама-қайшы мінез-құлықтарды әсірелейтін қорғаныс механизмі. **Регрессия** -- адамның жасына келмейтін мінез-құлығы. Сонымен, бұл қорғаныс механизмі -- адамның балалық мінез-құлықтық модельдеріне қайта оралуы арқылы қобалжуды жұмсарту. Сублимация: З.Фрейд бойынша, сублимация адамның жасырын импульстарын әлеуметтік ортаға байланысты басқа нәрсеге ауыстыруы, яғни, адам өзінің сексуалды қобалжуларын әлеуметтік орта дұрыс қабылдайтын іс-әрекеттерге ауыстырады. Теріске шығару. Адам жағымсыз жағдайлар туындаған кезде оны мойындамай, бас тартса, теріске шығару деп аталатын қорғаныс механизмі жұмыс істейді. З.Фрейдтің ойынша, қобалжу инстинктивті импульстардан шығады, Эгоны болатын қауіп-қатерден сақтайтын сигналдардың рөлін атқарады. Оған жауап ретінде эго жоғарыда көрсетілген қорғаныс механизмдерінің тізбегін қолданады. Қорғаныс механизмдері саналы түрде сезілмей, әрекет етеді, және индивидиумның шындықты қабылдауын бұрмалайды. **К.Юнг** бойынша тұлға тұжырымдамасы К. Г.Юнг (1875-1961) -- Швецар психологы, психиатры, мәдениет танушысы,«терең» психологияның практигі, психологияның «аналитикалық психология» деп аталатын бағытының негізін қалаушы. Бұл пәндермен қатар К.Юнг философия, теология сұрақтарымен айналысқан. К.Юнг бастапқыда З.Фрейдпен бірге ұзақ жылдар бойы қызмет жасап, 1913 жылы Мюнхендегі психоаналитикалық конгрестен кейін екеуі мүлдем айрылыста. Ұзақ мерзімді зерттеулер нәтижесінде К.Юнг аналитикалық психологияның теориясы мен сол теорияға сүйенген психотерапиялық практиканы қалыптастырады. К.Юнгтың кәсіби әрекетінің басын психикалық санадан тыс өнімдер және оның субъект үшін мәні туралы сұрақтар қамтыды. З.Фреид көз қарастарымен сәйкессіздік мына сұрақтар бойынша туындайды. Біріншіден,З.Фрейд бойынша,либидо термині индивидтің бүкіл психикалық энергиясы ретінде қарастырылады,ол психологиялық бұзылулар сексуалдық құмарлықты басу және эротикалық қызығуды сыртқы орта объектілерінен ішкі әлемге аудару салдарынан болады деп есептесе,К.Юнг либидо ретінде сексуалды формаға тәуелсіз жалпы психикалық ауытқу сексуалдықты ығыстырудан басқа да,сыртқы ортамен байланысты жоғалтуға әкелетін жәйттармен анықталады деп көрсетеді. Екіншіден З.Фреид бойынша,невроз ерте балалық шақта пайда болады,оның негізгі факторы эдинкомплекстер,фантазиялар мен қалаулар болатын болса,К.Юнг бойынша невроз себебі бүгінгі күн жағдайларында,ал балалық фантазиялар-екінші жоспарда. Үшіншіден,З.Фреид бойынша,түс көру-жанаматүрде көрініс беретін шынайы жағдайларда орындалмаған қалаулар мен қызығулар,К.Юнг бойынша,түс көру-психикалықтың санадан тыс жағымен байланыстырушы канал,ол түсінуге өте қиын символдық тіл арқылы беріледі және оның орындалмаған қалаулармен байланысты болуы міндетті емес.Түс көру саналы күндізгі өмірдің толықтырмасы болуы да мүмкін. **К.Юнг бойыша тұлға психологиясы үш бөліктен тұрады**: 1)саналы: 2)индивидуальды бейсаналылық: 3)ұжымдық бейсаналылық. Тұлға құрылымында,оның дамуында негізгі рөл атқаратын-ұжымдық бейсаналылық бөлім.Бұл-бүкіл адамзаттың психологиялық мұрасының ізі.Бұған тарихи қалдықтар мен естеліктер енеді. Санадан тыс сфераға эндопсихологиялық қызметтер арқылы жақындай аламыз.Бұл беисаналы процестерді тікелей бақылау мүмкін емес.Бірақ оның санада көрінетін өнімдерін екі класқа бөліп қарастырамыз.: 1)Жеке адамға тән: 2)Бүкіл адамзатқа тән: Persona Саналы бөлім ***Тұлғаның дамуы,қалыптасуы*** Психологиялық ғылымда "тұлға" категориясы іргелі ұғымдардың қатарына жатады. Бірақ "тұлға" ұғымы тек психологияға тән емес, ол барлық қоғамдық ғылымдармен зерттеледі, оның ішінде философиямен, әлеуметтанумен, педогогикамен, т.б. Сонда психологиялық ғылым шеңберінде тұлғаны зерттеу спецификасы неде және психологиялық тұрғыдан тұлға дегеніміз не? Алдымен сұрақтың екінші бөлігіне жауап беруге тырысайық. Мұны жасау оңай емес, себебі тұлға деген не деген сұраққа барлық психологтар түрліше жауап береді. Олардың жауаптары мен ойларының әр қилы болуы тұлға феноменінің күрделі екендігін білдіреді. Осы орайда И.С.Кон былай деп жазады: "Бір жағынан, ол нақты индивидті әрекет субьектісі ретінде, оның барлық жеке бас қасиеттерімен, әлеуметтік рольдерімен бірге белгілейд. Екінші жағынан, тұлға индивидтің әлеуметтік қасиеттері ретінде, осы адамның басқа адамждармен тура немесе жанама өзара әрекеттесуі нәтижесінде түзілген бойындағы әлеуметтік маңызы бар қасиеттердің жиынтығы ретінде түсіндіріледі. Тұлғамен қарым-қатынасқа түсетін адамдар оны еңбек, таным және қарым-қатынас субьектісінде көреді". Ғылыми әдебиеттегі тұлға анықтамаларының әрқайсысы тәжірибелік зерттеулермен және теориялық негіздеулермен бекітілген, сондықтан "тұлға" ұғымын қарастырғанда оларды ескеру қажет. Тұлға деп жиі әлеуметтік даму барысында бойына әлеуметтік және өмір үшін маңызды қасиеттерді жинаған адамды атаймыз. Демек, тұлға сипаттамалары қатарына адамның генотиптік және физиологиялық ұйымдасуымен байланысты ерекшеліктер жатқызылмайды. Адамның танымдық психикалық процестерінің немесе әрекеттерінің жеке дара стилі даму ерекшеліктерін сипаттайтын қасиеттер тұлға қасиеттеріқатарына жатқызылмайды, ал адамдар мен қоғамға қатысты көрініс беретін қасиеттер тұлғаның қасиеттері болып саналады. "Тұлға" ұғымының мазмұнына, көбінесе басқа адамдарға қатысты маңызды іс-әрекеттерді анықтайтын қасиеттерді де қосады. Сонымен, **тұлға дегеніміз** -- ол тұрақты психологиялық сипаттамалар жүйксінде алынған нақты адам. Ондай сипаттамаларқоғамдық байланыс пен қатынастарда көрініс беріп, адамның өзі мен оны қоршағандар үшін маңызды орын алады, оның адамгершілік қылықтарын айқындайды және оның өзіне, ортасы үшін маңызды мәнге ие. Ғылыми әдебиетте "тұлға" ұғымының мазмұнына кейде адам ұйымдасуының генетикалық және физиологиялық деңгейлері қосылатынын айта кету керек. Адамды жүйелі зерттеу сұрақтарын қарастырғанда психолгиялық өзіндік түсініктері қалыптасады. **Б.Г.Анантев** бойынша адам ұйымдасуының төрт деңгейі ғылыми зерттеулер үшін қызығушылық тудырады. Олардың қатарына индивид, іс-әрекет субьектісі, тұлға, жеке даралық жатқызылған. Адам -- бұл бір жағынан биологиялық құбылыс, санасы бар жануар, қоршаған дүниені тануға және оны белсенді өзгертуге қабілетті. Жоғары ұйымдасқан жануар ретінде адамға денемсімен тік жүру, дүниені тану және өзгерту құралы ретінде қолдың дамуы, ерекше дамыған ми сияқты дене ерекшеліктері тән. Екінші жағынан, адам қоғамдық құбылыс. Бұл оның негізгі сипаты, себебі қоғамдық өмір және қоғамдық қатынастар, ұжымдық еңбек адамның биологиялық , дене құрлымын өзгертіп және өзіне бағындырды. Адам туралы айтқанда, психология және философия ғылымдары "жеке тұлға" ұғымымен түсіндіреді. Жеке тұлға адамға қарағанда тар мағынада қолданылады. Жеке тұлға -- бұл сол адам, бірақ тек қоғамдық, әлеуметтік құбылыс ретінде қарастырылады.Бұл жағдайда зерттеушілер оның биологиялық, табиғи жағын ескермей, адамды қоғамдық қатынстардың нәтижесі, қоғамдық дамудың белсенді қайраткері ретінде қарастырады. Биологиялық түр болғандықтан әр адамның туа біткен ерекшеліктері бар, мысалы, дене құрылысы тік жүруге мүмкіндік береді, ми құрылымы интеллектің дамуын қамтамасыз етеді, қол құрылысы еңбек құралдарын пайдалануға мүмкнідік береді, т.с.с. осы белгілер адам баласын хайуаннан ажыратады. "Индивид" ұғымы адамды белгілі биологиялық қасиеттерді иеленушіретінде сипаттайды. Индивид ретінде туылған адам қоғамдық өзара қатынастар мен процестер жүйесінде қосылады, нәтижесінде ерекше әлеуметтік сапа иеленеді, тұлға болып қалыптасады. Бұндай болу себебі, қоғамдық байланыстар жүйесінде қосылған адам -- субьект, іс-әрекет процесінде қалыптасатын және дамитын сананы иеленуші. Психологияда "адам" және "жеке тұлға" ұғымдарымен қатар "даралық" ұғымы да қолданылады. әрбір адамның мәні, оның өмірі мен қызметі жағдайларының өзіндік қайталанбайтын рекшелігі бар, сондықтан да тіптен екі бірдей жеке тұлға болмайды және болуы да мүмкін емес. Өз кезегінде, осы үш деңгейдің даму ерекшеліктері нақты адамның қайталанбастығын сипттап, оның жеке даралығын анықтайды. Даралық дегеніміз жеке тұлғаның психологиялық ерекшеліктерінің қайталанбас қиысуы түрінде байқалатын нақты өзгешілігі айтылады. Сонымен, "тұлға" ұғымы адамды әлеуметтік тіршілік иесі ретінде сипаттау үшін керек. мәскеулік және Санкт-Петербургтықпсихологилық мектеп өкілдерінің әдебиеттерінде адам ұйымдасуының иерархиясына әр түрлі көзқарас берілген. Мысалы, Мәскеулік мектеп өкілдері "субьект" деңгейін бөлмей, адамның биологиялық және психикалық қасиеттерін "индивид" ұғымына біріктіреді. Бірақ бұған қарамастан, "тұлға" ұғымы адамның әлеуметтік ұйымдасуымен ұштасқан. **Жеке тұлғаның 3 ерекшеліктерін атап өткен жөн:** Біріншіден, жеке тұлғаның қасиеттерінің тұрақтылығы. Жеке тұлғаның психикалық көріністерінің өзгермелілігіне қарамастан, оның психикалық келбетінің салыстырмалы тұрақтылығы анық байқалады. Екіншіден, бұл -- жеке тұлғаның бірлігі, жеке тұлғаның психикалықүрдістерінің, психикалық қалыптың және психикалық қасиеттердің тығыз байланысы мен өзара тәуелділігі. Жеке тұлға біртұтас бірлікті білдіреді, әрбір қасиет басқалармен тығыз байланысты. Мәселен, табандылық мақсатқа жету ептілігі ретінде қиындықтар мен кдергілерді жеңе отырып, жо,ары моральдық сезімдерімен, дамыған ұжымдық сезімдермен бірлікте ғана жағымды мәнге ие болады. Сондықтан да жеке тұлға "жеке бөліктерге" бөлініп қалыптаспайды, тәрбиеленбейді, әруақытта да жеке тұлға тұтас, бірлікте қалыптасады, тәрбиеленеді. Үшіншіден, бұл -- жеке тұлғаның белсенділігі, қоршаған дүниені өзгертуге,түрлендіруге бағытталғагн көптеген және жан-жақты іс-әрекетте бейнелейді. Психологияның басқа ғылымдардан ерекшелігі (философия, этика, заң және т.б) жеке тұлғаның рухани бейнесін, оның қылықтары мен мінез-құлқын зерттейді. Психология ең алдымен жеке тұлғаның себептерін, сезімін, қажеттілігн, қызығуын зерттейді. Психология іс-әрекетті ойдағыдай орныдаудыңпсихологиялық алғы шарттарын және темпераменті мен мінез-құлқының психолгиялық еркешеліктерін қарастырады. Сонымен қатар психология жеке тұлғаның қалыптасу және даму үрдісін зерттейді. Кез-келген құбылыс сияқты жеке тұлғаның психикалық өмірі белгілі құрылымнан тұрады. Адамның дара психологиялық ерекшеліктеріне байланысты және жеке тұлғаның өзіне тән құрылымын белгілеуге болады. Тұлга кұрылымын карастырғанда оған кабілеттерді, темпераментті, мінезді, мотивацияны және әлеуметтік нұскауларды енгізеді. Жеке тұлғаның құрылымының бірінші бөлігі оның бағыттылығын сипаттайды немесе адамның шындық дүниеге таңдамалы қатынасы. Бағыттылық әртүрлі қасиеттердің өзара байланысты қажетттіліктер мен қызығулардың, идеялар мен тәжірибелік ұстанымдардың жүйесін қамтиды. Ондай жағдайда бағыттылық бөліктерінің бірі үстемдік етеді және басты мәнге ие болады, сол уақытта басқалары тірек қызметін тақарады. Үстемдік ететін бағыттылық жеке тұлғаның бүкіл психикалық қызметін анықтайды. Мәселен, танымдық қажеттіліктің үстемдік етуісоған сәйкес еріктік өз кезегімен интеллектуалдық іс-әректтің белсенділігін арттырады. Бір уақытта табиғи қажеттіліктер біршама тежеліп, күнделікті тіршілік күйді кейінге, екінші кезекке ығыстырады. Жеке тұлға өзінің айналысқан қызығуының мақсаттылығын негіздей бастайды, оған ерекше қоғамдық және жеке мән береді. Жеке тұлғаның психологоиялық құрылымының екінші бөлігі жеке тұлғаның мүмкіншілігін айқындайды және белгілі бір іс-әрекетті нәтижелі қамтамасыз ету үшін қабілеттіліктерді қамтиды. Қабілеттер дегеніміз --- бұл тұрлі әрекеттердегі табыстарын анықтаушы адамның жеке басының тұрақты касиеттері. Қабілеттіліктер өзар байланысты және бір -- бірімен өзара әректе етеді. Тәртіп бойынша қабілеттіліктердің бірі үстемдік етеді, басқалары оған бағынады. Мәселен, А.С.Пушкинде ақындық өнер үстемдік етеді, бірақ ол өзін тарихшы және талантты суретші ретінде де таныта білді. Сол сияқты М.Ю.Лермонтов туралы да айтуға. Қабілеттіліктердің арақатынасының сипатына бағыттылықтың құрылымы әсер етеді. Өз кезегімен қабілеттіліктерді даралау жеке тұлғаның шындыққа қатынасының таңдамалылығына әсер етеді. Жеке тұлғаның дамуы мен қалыптасуы. Тәрбиенің негізгі мақсаты- қалыптасып келе жатқан жеке тұлғаның әлеуметтіктәжірибені меңгеруі, оның жан- жақты үйлесімді дамуы. Жеке тұлғаның даму мен қалыптасу мәселесінің көп ғасырлық тарихы бар. Ол көп аспектілі және әртүрлі ғылымдардың тоғысында қарастырылады. Ертедегі грек ғалымдаы жеке тұлғаның дамуына биологиялық факторлармен қоса әлеуметтік фактрлар да әсер етеді деп есептеген. Жеке тұлғаның қалыптасуының факторлары туралы идеялар келесі дәуірлердің прогрессивті философиялық және психологиялық- педагогикалық пікірлерінде өз жалғасын тапқан (Э. Роттердамский, Я. А. Коменский, К. А. Гельвеций, Д. Дидро, А. Дистерверг, К. Д. Ушинский, В. Г. Белинский, Н. Г. Чернышевский, К. Маркс, Ф. Энгельс, З. Фрейд, Д. Дьюи, Э. Торндайк, Н. К. Крупская, П. П. Блонский, А. С. Макаренко, Л. С. Выготский, Э. И. Моносзон, Л. И. Божович, С. Л. Рубинштейн, В. В. Давыдов т.б.). Жеке тұлға бұл интегративті жүйе, әлдебір ыдырамайтын тұтастық. Алайда, жеке тұлғаның зерттеумен айналысатын ғалымдар бұл тұтастықтың "өзегі" бар деп мойындайды, олар оны "Мен- жүйе" немесе жай ғана "Мен" деп белгілейді. Жоғарыда келтірілген жеке тұлға туралы түсінік жалпылама ұғым болып табылады. Жеке тұлғаның. ең маңызды белгілері --- оныңсаналылығы, жауапкершілігі, бостандығы қадір -- қасиеті, даралығы. Жеке тұлғаның маңыздылығы оның қасиеттері мен іс --- әрекеттерінде қоғамдық процестің тенденцияларының, әлеуметтік белгілер менқасиеттердің айқын және спетцификалық көрініс табуы арқылы, оның іс --- әрекетіндегі шығармашылық қасиетінің деңгейі арқылы анықталады. Бұл орайда "адам", "жеке тұлға" деген ұғымдардың қатары "даралық" деген ұғыммен толықтырылуы қажет. **Даралық** бір адамның басқа бір адамнан, бір тұлғаның басқа бір тұлғадан айырмашылығын, оның ешкімге ұқсамайтынын, өзіне тән ерекшелігі бар екенін сипаттайды. Даралық, әдетте, адамның мінезі мен темпераментінің ерекше белгілері ерекше белгілері (мысалы, салмақты- жігерлі және мақсатты адам), шығармашылық қызмет- әрекеті мен қабілеттілігінің өзгешелігі ақылы ерекшеленеді. Осылйша, мұғалімнің даралығы оның терең білімдарлығы, педагогикалық көзқарастарының ауқымдылығы, балаларға деген ерекше қатынасы, жұмыстағы шығармашылық ниеті, т.б. арқылы көрінеді. "Даралық" ұғымы бір адамды басқа бір адамнан, бір тұлғаны басқа бір тұлғадан ажыратып, оған өзіне тән сұлулық пен қайталанбас қасиет беретін жалпа мен жекеден тұрады. Адам қасиетін түсіндіретін тағы бір ұғым "**индивид**". Бұл сөз латын тілінен алынған және оның қазақша баламасы "жекелік". Ұғым ретінде бұл сөз адамзат тұқымының еш қасиеттері ескерілмеген бір өкілін білдіреді. Бұл орайда әрбір адам индивид болып табылады. "Жеке тұлға" ұғымы мен онымен байланысты біртектес ғылыми категориялардың мәні осында. Адамның жеке қасиеттері өмір жолында дамып, қалыптасатын болғандықан жеке тұлғаның "дамуы" мен "қалыптасуы" ұғымдарының мәнін ашу педаггика үшін маңызды мәселе болып табылады. Даму табиғатқа, қоғамға және әрбір жеке тұлғаға тән жалпы қасиет болып табылады. Даму дегеніміз- төменнен жоғарыға, қарапайымнан күрделіге қарвай қозғалыс. Сатылай эволюциялық ауысу немесе революциялық секіріс түрінде жүзеге асатын жоғары сапалы күйге қарай спралды өрлеу процесі. Даму кезінде барлық философиялық заңдар жүзеге асады: өзгеру, санның сапаға ауысуы, бір сапаның басқа бір сапаға ауысуы (бұл орайда бір нәрсе алынып тасталады, "теріске шығарылады"). Бұл қозғалыс, өзгеріс жеке тұлғаның дамуының қозғалыс күші болып келетін қарама- қайшылықтар күресі арқылы жүзеге асады. Жеке тұлғаның дамуы дегеніміз, ең алдымен, оның қасиеттері мен сапасындағы сандық өзгерістер процесі. Адам дүниеге келгеннен соң, дене жағынан үлкейеді, яғи оның кейбір дене мүшелері мен нерв жүйесі өседі. Оның тілі шығып, сөздік қоры молайады. Бала көптеген әлеуметтік- тұрмыстық және моралдық біліктерге, еңбек дағдылары мен әдеттерге ие болады. Алайда, адамның жеке тұлға ретінде дамуындағы ең бастысы- оның бойында болып жатқан сапалық өзгерістер (танымдық, сезім, моралдық- жігерлік т.б.). Мінез- құлықтың реактивті формалары белсенді түрде қалыптасып келе жатқан іс- әрекеттілікке айналады. Дербестік пен өз мінез- құлқын билей алу қабілеттілігі артады. Осы және басқа да өзгерістер адамның жеке тұлға ретінде даму процесін сипаттайды. Сондықтан, даму дегенімізді адамның анатомиялық- физиологиялық жетілуінегі, оның жүйке жүйесі мен психикасының дамуындағы, сондай- ақ танымдық және шығармашылық іс- әрекетіндегі, оның дүние танымы, өнегелілігі, қоғамдық саяси көзқарастары мен сенімдерінің кеңеюіндегі орын алатын сандық және сапалық өзгерістердің өзара тығыз байланысты процесі деп түсіну дұрыс. Адамның дамуына ішкі және сыртқы, меңгерілетін және меңгерілмейтін факторлар әсер етеді, олардың арасында мақсатты тәрбие мен білім берудің алар орны ерекше. Педагогика мен психологияда жеке тұлғаның "қалыптасуы" термині жиі қолданылады. Бұл жеке тұлғаның дамуының нәтижесі дегенді және оның пйда болып, тұтастыққа, бірқалыпты қасиеттерге және сапалраға ие болғанын білдіреді. Қалыптастыру (қалыптасу) дегеніміз- бір нәрсеге пішін (форма) мен тұрақтылық беру; толықтық пен нақты бір түр беру. Бұл арада тұқым қуалаушылықтың мәні өте зор- баланың ата- анасынан немесе ата- бабаларынан биологиялық ерекшеліктердің жиынтығы. Тұқым қуалаушылық жер бетіндегі тіршіліктің тарихы және белгілі бір түрдің (біздің жағдайымызда- адамның) өмірінің тарихын анықтайды. Адамның тұқым қуалаушылығын екі түрге бөлуге болады: жалпы адамзаттық (тік жүру бейімділігі, сана, сезім мүшелері дамуының бейімділігі, ақыл, шартсыз рефлекстер, нәсілік және ұлттық белгілер) және даралық (жүйке жүйесінің түрі, анатомиялық- физиологиялық бейімділіктер). Ағзаның тектілік негізі немесе генотипі төмендегі нәрселерден тұрады: морфологиялық белгілері (сыртқы бейнесінің ерекшеліктері); функционалды ерекшеліктер (мысалы, қан тобы); адамға тән бейімділіктер (тік жүріп- қозғалу, сөйлеу қабілетінің дамуы, ойлау, еңбек ету қабілеті т.б.) жүйке қызметінің түрі (жүйке процестерінің күші, олардың қозуы мен тежелуі, шапшаңдық- ширақтылық) әрекеттіліктің қандай да бір түрінің анатомиялық- физиологиялық бейімділіктер есту мүшелері, ойлау құрылымы, сезім мүшелері құрылысындағы ерекшеліктер т.б. Жеке тұлғаның қалыптасуына, сонымен қатар қоршаған орта да әсер етеді. Адам және қоғам өміріндегі әлеуметтік- экономикалық, тарихи қалыптасқан жағдайлар. Қоршаған орта макро және микро болып бөлінеді. Макро орта- дегеніміз- адамға әлеуметтік- экономикалық ықпалдардың мол жиынтығы (өндіргіш күштер мен өндірістік қатынастар деңгейі, өмірдің қаржы жағдайлары, мәдениеттің даму деңгейі, бұқаралық ақпараттар құалдары). Микро- орталық дегеніміз баланың ең жақын қарым- қатынас ортасы, ол адамды әрдайым қоршайтын және оның дамуына әсер ететін өзара байланысты заттар, құбылыстар мен адамдар әлемі. Жеке тұлғаның дамуы мен қалыптасуына, белгілі бір мөлшерде табиғи немесе географиялық орта (климат), табиғат жағдайлары әсер етеді. Жеке тұлғаның қалыпасуына әсер ететін фактрлардың арасында **тәрбие** ең маңызды орын алады. Кең мағынада тәрбиенің белгілі бір әлеуметтік қызметтер атқаратын қоғамдық құбылыс ретінде қарастыру қажет (ұрпақтан- ұрпаққа берілетін әлеуметтік тәжірибе, жалпы адамзаттық мәдениет, т.б. ), ал тар педагогикалық мағынада тәрбие. Педагогика баланың дамуы жайында. Педагогикадағы жеке адамның дамуы мен тәрбие ісінің проблемалары. Жеке адам, оның дамуы мен қалыптасуы жөніндегі түсініктер. Тәрбиенің негізгі масаты жеке адамды қалыптастыру және оның жан- жақты толыққанды дамуын қамтамасыз ету. Ал бұл міндеттердің табысты шешімін беру жеке адамның дамуы қалай өтетінін және оның қалыптасуына қандай жағдайлар ықпал ететінін білумен байланысты. Жеке адамдық сапалар өмір барысында қалыптасқандықтан, олар біреулерде айқын көрініп, басқаларда күңгірттеу болады. Олай болса, жеке адамдық дәреже деңгейін қалай білеміз және өлшемдері қандай деген сұрақтар туындайтыны сөзсіз. **С.Л.Рубинштейннің** зертеуі бойынша жеке адам өз қылығы мен іс --- әрекетін саналы басқаруға мүмкіндік беретін психикалық даму деңгейімен сипатталады, яғни өз әрекетін ойластыра біліп, жауапкершілікті сезіну қабілетінің болуы; өз бетінше дербес іс --- әрекетін жасай білуі -- жеке адамның мәнді белгілері. Белгілі фолософ, ғалым В.П.Тугаринов жеке адамның сапалық көрсеткіштері ретінде төмендегілерді атайды. 1)саналылық; 2) жауапкершілік; 3) еркіндік; 4) жеке басының қадірі; 5)даралық; осыларға және қоғамдық белсенділік пен бекіген саяси -- идеялық бағытты қосады. Жеке адамдың критерийлерін (өлшемін) белгілеумен В.П.Тугаринов бұл түсінікті адамның жастық әрі психикалық кемелденуімен байланыстырады. Адамның қоғамдық тіршілік иесі сипатының толықтығы үшін "индивид" түсінігін білген де жөн. Бұл латын сөзі қазақша "жекелік" дегенді білдіреді. Түсінік ретінде одан адамзат тегінің әрбір бөлек өкілін, оның сапа -- қасиеттеріне қатыстысын танимыз. Бұл тұрғыдан әрбір ақыл -- ес дұрыс адам "индивид" бола алады. "Жеке адам" түсінігінің және онымен байланысты ғылыми категориялардың мәні міне осындай. Ал жеке адамдық сапалар адамның өмір барысында дамуы және қалыптасуынан педагогика үшін "даму" және "қалыптасу" категорияларының мәнін ашып беру өз алдына маңызды. Сонымен бұл түсініктер нені білдіреді? **Даму** -- бұл жеке адам сапалары мен қасиеттеріндегі сандық өзгерістер жүйесі. Адамның туған күннен бастап дене құрылымы мен әртүрлі мүшелері ұлғаяды. Ол сөйлей бастайды, сөздік қоры молая түседі, көптеген әлеуметтік -- тұрмыстық және рухани ептіліктер мен еңбектік дағды және әдеттерді игереді. Бірақ адамның жеке адам болып дамуындағы басты белгі, ондағы сапалы өзгерістер. Оны мына мысалдардан түсінуге болады: тілдік қызметтің жіктелуі адамның танымдық қабілетін арттырады, сезімдік аймағын кеңейтеді. Танымдық қызмет барысында абстракт ойлау, логикалық ес дамиды, өмірге деген қөзқарас пен наным -- сенімдер орнығады. Еліктеушілік мінез -- құлық бірте -- бірте белсенді -- жасампаз, шығармашылық іске ауысады, өз қылық --- әрекетін басқара алу мен өзіндік билік қабілеті көркейеді. Бұл өзгерістердің бәрінен адамның анатомиялық -- физиологиялық кемелденуіндегі, жүйке жүйесі мен психикасының және танымдық мен шығармашылық іс --- әрекетінің жетілуіндегі, дүниетанымдық,имандылық, қоғамдық -- саяси қөзқарастары мен нанымдарындағы бір -- біріне кіріс байланысқан сандық және сапалық өзгерістер үрдісін білеміз. **Қалыптасу** түсінігіне келетінболсақ, ол жеке адам дамуының нәтижесі ретінде оның кемелденуі мен тұрақты сапалар мен қасиеттерді иемденуін білдіреді.