Физио СЕССИЯ одки PDF

Summary

Документта физиология тāşлāу темасына арналған сұрақтар мен жауаптар бар

Full Transcript

1. Қозғыш жасуша мембранасының ионды каналдарының жұмысы мембраналық потенциалдың көлемін реттейтіні белгілі. Экспериментте тетродоксин уы қозғыш клеткалардың мембранасында натрий каналдарын оқшаулайтынын анықталды.Осы кезде қозғыш клетканың мембраналық потенциалы қалай өзгереді? Аздап ж...

1. Қозғыш жасуша мембранасының ионды каналдарының жұмысы мембраналық потенциалдың көлемін реттейтіні белгілі. Экспериментте тетродоксин уы қозғыш клеткалардың мембранасында натрий каналдарын оқшаулайтынын анықталды.Осы кезде қозғыш клетканың мембраналық потенциалы қалай өзгереді? Аздап жоғарылайды 2. Тыныштық жағдайда мембрананың екі жағынан иондардың асимметриялық концентрациясын қандай механизм қамтамасыз етеді? Na-K насос 3. Эксперимент кезінде жасуша ішінде хлор ионының концентрациясын көбейтеді Мембраналық потенциалдың көлемінде қандай өзгеріс байқалады? Концентрацияға тең көлемге дейін жоғарылайды 4. Жүйке жəне бұлшық ет клеткаларындағы МП-ның болуы немен қамтамасыз етіледі жəне аталған клеткалардағы МП мөлшері қандай? клеткадан мембрана арқылы К+ иондарының шығуы, -60,-90 мВ 5. Жүйке жəне бұлшықеттегі ƏП-дың деполяризация кезеңі қандай иондық қозғалыстармен түсіндіріледі жəне аталған жасушаларда қаншаға тең? Na+ иондарына мембрана өткізгіштігінің артуымен; 90-120 мВ 6. Қозғыш тін қозудың қай фазасында табалдырықтан төмен тітіркендіргішке жауап береді? Экзальтация-супернормальды кезең 7. Клетка мембранасының деполяризациясы кезінде байқалады абсолюттік рефрактерлік 8. Жасуша мембранасының екі жағында калий иондарының концентрациясы бірдей болса, тыныштық потенциалы (ТП) қандай болады? өзгермейді 9. Жоғары кететін спайк кезеңінде қозғыштық қалай өзгереді? Абсолюттік рефрактерлік кезең пайда болуы 10. Клеткада натрийдың концентрациясын жоғарлатса, мембрана потенциалы қалай өзгереді? төмендейді, толық жойылуға дейін 11. Іздік гиперполяризация кезеңінде ұлпаның қозғыштығы қалай өзгереді? төмендейді, субнормальды қозу 12. Локалды жауап кезеңінде ұлпаның қозғыштығы қандай себептен жоғарылайды? деполяризацияның соңғы кезеңіне өту оңайлыққа түседі 13. Тірі клеткаларда биопотенциалдардың болуы неге байланысты? Клетканың сыртында жəне ішінде келесі иондар тепе-теңдігінің болмауы: Na+, K+, Ca2+, Cl- 14. Жиырылмаған бұлшық еттің мембранасының беткей қабатына микроэлектрод қойылады, екінші микроэлектродты мембрананы тесіп, ішіне ендіреді де осциллограф көрсеткішінің ауытқуын бақылайды. Осциллограф стрелкасының ауытқу себепшісі талшық мембранасының ішкі жəне беткей қабат араасындағы потенциалдар айырымы 15. Қозғыш ұлпаның жасуша мембранасы деполяризация күйінде. Егер қосымша тітіркендіргішпен əсер ететін болсақ, жауап реакциясын алу мүмкін бе? Мүмкін емес 16. Əр түрлі – электрлік, химиялық, механикалық т.б. тітіркендіргіштерді пайдаланып жүйкемен бұлшық еттің қозуын алуға болатындығы белгілі. Бұл неге байланысты? Бұл тітіркендіргіштердің кез-келгені, табиғатына тəуелсіз, жасуша мембранасын деполяризациялауға қабілеттілігімен 17. Қалыпты физиология ғылымы зерттейді тіндердің, жасушалардың, ағзалардың, жүйелердің жəне тұтас организм қызметін 18. Қозғыштық ұлпаларға... жатады. Бұлшықет тіні, жүйке, сөл бөлетін бездер 19. Хронаксия бұл – ең минимальдi уақыт аралығындағы əсер ететiн қозуды тудыратын 2 еселенген реобазалы минимальді күші 20. Реполяризация кезеңiн қамтамасыз етеді натрийдің өткізгіштігін инактивациялау 21. Қозу табалдырығы қозуды тудыратын тітіркендіргіштің минимальді күші 22. Қозуда қандай құбылыстар ерекше маңызды рөл атқарады электрлік өзгеріс 23. Пайдалы уақыт – ток күші келесіге тең болатын ең қысқа уақыт 1 реобазаға тең күшпен əсер еткенде 24. Жүйке тінінің лабильдігі ( импульс /сек) 500-1000 25. Реобаза – ол қозу тудыратын құбылыстар токтың ең минималды күші 26. Аккомодация – қозғыш тіннің ……… тітіркендіргіштің əсеріне бейімделуі баяу өсетін 27. Тітіркендіргіштер күші бойынша бөлінеді табалдырықты, табалдырықтан төмен, табалдырықтан жоғары 28. Түгел немесе түк емес заңы бойынша табалдырық асты тітіркендіргіштер қозуды тудырмайды, ал табалдырық үсті тітіркендіргіштер максималды жауап тудырады 29. Ұлпаның уақыт бірлігінде əрекет потенциалының ең жоғары жиілігін өткізу қасиеті деп аталады лабильдігі 30. Бездердің лабильдігі (импульс/сек) 75-150 31. Пайдалы əсер уақыты – бұл белгілі бір тінді қоздыратын 1 реобазаға тең күш əсерінің ең қысқа уақыты 32. Лабилділік көрсеткіші болып табылады 1 секунд ішінде қозғыш құрылымның өндіре алатын импульстерінің максималды саны 33. Тыныштық күйде жасуша мембранасының сыртқы жəне ішкі беттері қалай зарядталған ? іші-теріс, сырты-оң 34. Тыныштық күйде мембрана қандай ионды өткізеді? К+ 35. Na иондарының жасуша мембранасына көшкін тəрізді енуі сəйкес келеді мембрана деполяризация фазасы 36. Əрекет потенциалының мөлшері (в мв) 100-120 37. Мембраналық потенциалдың мөлшері (в мв) -60 ; -90 38. Физиологиядағы ағзаның жұмыс істеу механизмдері мен заңдылықтарын түсінудің негізгі əдісі... болып табылады. Тəжірибе/эксперимент 39. Қандай иондар мембраналық потенциалдың туындауында маңызды рөл атқарады? Калий 40.Əрекет потенциалы деген не? Белгілі бір тінде тітіркендіргіш əсерінен қозу үдерісі пайда болған сəтте туатын потенциал 41. Нерв жəне бұлшық ет əрекет потенциалының (ƏП) реполяризациялық кезеңі қандай иондық қозғалыстарға байланысты +К+, СІ- иондарына мембрана өткізгіштігінің артуымен; 42. Күші 2 реобазаға тең тітіркендіргіштің əсерінен байқалатын қозудың минимальды уақыты қалай аталады +хронаксия 43. Жүйке жəне бұлшықеттегі ƏП-дың деполяризация кезеңі қандай иондық қозғалыстармен түсіндіріледі? +Na+ иондарына мембрана өткізгіштігінің артуымен; 44. Нервтер мен бұлшықеттердің əрекет потенциалының реполяризация фазасын қандай иондық ығысулар анықтайды? Сl- 45. Клетка мембранасының деполяризациясы кезінде байқалады +абсолютті рефрактерлік; 46. Мембрананың баяу деполяризациясы нəтижесінде қозғыштық шегінің жоғарылауы қалай аталады аккомодация 47. Тіндерде қозу кезіндегі ƏП-нің пайда болуы байланысты натрий кіруі 48. Жүйке жəне бұлшықеттегі ƏП-дың деполяризация кезеңі қандай иондық қозғалыстармен түсіндіріледі жəне аталған жасушаларда қаншаға тең? +Na+ иондарына мембрана өткізгіштігінің артуымен; 90-120мВ 49. Лабильдік қасиет дегеніміз 1 секунд ішінде қозғыш құрылымның өндіре алатын импульстерінің максималды саны 50. Қозғыштық бағаланады +тітіркендіру табалдырығы, реобаза, хронаксия жəне т.б. 51. Өткізгіштік бағаланады +қозуды өткізу жылдамдығы; 52. Лабильділік немесе функциональды қозғалғыштық бағаланады +уақыт бірлігіндегі қозудың максимальды саны, имп/с; 53. Мембраналық потенциал (МП)-дың иондық механизмі оның орташа мəні +клеткадан мембрана арқылы К+ иондарының шығуымен, -60, -90 мВ; 54. Қозғыш ұлпаның жасуша мембранасы деполяризация күйінде. Егер қосымша тітіркендіргішпен əсер ететін болсақ, жауап реакциясын алу мүмкін бе? Мүмкін емес 1. Жәй диффузияны болдырмайтын және концентрация градиенттерін құруға қатысатын биологиялық мембраналар қандай қызмет атқарады: Барьерлік 2. Жасуша ішілік құрамының өзгеруіне және жасушадан тыс биологиялық белсенді заттарды қабылдауға байланысты жасуша ішілік реакцияларға қатысатын биологиялық мембраналар қандай қызмет атқарады: Регуляторлы 3. Электрлік емес сипаттағы сыртқы тітіркендіргіштерді электрлік сигналдарға айналдыруға қатысатын биологиялық мембраналар қандай қызмет атқарады: Рецепторлы 4. АТФ энергиясын жұмсай отырып, иондардың мембрана арқылы селективті алмасуын қамтамасыз ететін жасуша мембранасына салынған белок молекуласы: Иондық сорғы 5. Препотенциалдың дамуындағы қозғыштығының жоғарылау кезеңі қалай аталады? Латенті қосымша(Бастапқы/бірінші экзальтация) 6. Қозу кезінде цитоплазма сыртқы ерітіндіге қатысты оң зарядтталған кездегі мембраналық потенциалдың өзгеруі қалай аталады? Реверсия 7. Жүйке және бұлшықет жасушаларының цитоплазмасында сыртқы ерітіндімен салыстырғанда иондардың концентрациясы жоғары болады: Калий 8. Цитоплазмадан натрий иондарының шығуын және калий иондарының цитоплазмаға енуін қамтамасыз ететін белоктық молекулалық механизмі: Натрий- калий сорғысы 9. Цитоплазма мен қоршаған орта арасындағы натрий мен калий иондарының концентрациясының айырмашылығын қамтамасыз ету қызметі тән: Натрий-калий насосы/Мембраналық потенциал 10. Іздік деполяризация фазасындағы қозғыштығының жоғарылау кезеңі қалай аталады? Экзальтация-супернормальды кезең/вторичная экзальтация 11. Жүйке жасушасының тыныштық мембраналық потенциалына ең үлкен үлес калийдің цитоплазмадан сыртқа шығуы болып табылады: Калийдің шығару каналдары/Через калиевые каналы утечки 12. Әрекет потенциалы пайда болатын мембрана деполяризациясының деңгейі қалай аталады? Шың/овершут/Деполяризацияның критикалық деңгейі 13. Натрийлік каналдарда бар қақпалар: активациялық (М-қақпа) және инактивациялық (Н-қақпа)/Жылдам активациялық және баяу инактивациялық 14. Әрекет потенциалының жоғарылау фазасы қандай иондардың өткізгіштігінің жоғарылауымен байланысты: Әрекет потенциалының жоғарылау фазасы натрий иондарының (Na+)өткізгіштігінің жоғарылауымен байланысты 15. Әрекет потенциалының төмендеу фазасы қандай иондар үшін өткізгіштігінің жоғарылауымен байланысты: Калий иондарының өткізгіштігінің жоғарылауы. 16. Энергияны қажет етпейтін концентрация градиенті бойынша иондардың мембрана арқылы қозғалу жүйесі қалай аталады? Пассивті тасымалдау: осмос және диффузия (қарапайым және жеңілдетілген) 17. Энергияны қажет ететін концентрация градиентіне қарсы мембрана арқылы иондардың қозғалу жүйесі деп аталады: Активті транспорт 18. Жасушаның толық қозғыштығы болмайтын фазасы қалай аталады? Абсолютті рефрактерлік 19. Әрекет потенциалының реполяризация фазасындағы қозғыштығының төмендеу кезеңі қалай аталады? Салыстырмалы рефрактерлік 20. Жүйке жасушасы мембранасының тыныштықта калий және натрий иондарына өткізгіштігінің қатынасы: 1:0,04 21. Әрекет потенциалының деполяризация фазасындағы жүйке жасушасы мембранасының калий және натрий иондарына өткізгіштігінің қатынасы: 1:20 22. Ашылуы қозғыш құрылымның мембранасының деполяризациясын қамтамасыз ететін натрий каналдарына жатады: Потенциал тәуелді Na арналары 23. Ашылуы мембрананың тез реполяризациясын қамтамасыз ететін калий каналдарына жатады: Потенциал тәуелді К+ каналдары 24. Тыныштық потенциалының мәні қандай ион үшін тепе-теңдік потенциалының мәніне жақын? Калий 25. Электродтар арасындағы потенциалдар айырмасы байқалады, егер олар қозғыш клеткаға қатысты орналасса: бір электрод-мембрананың сыртқы жағында, екіншісі-цитоплазмада 26. Нейронды табалдырықтан төмен күшпен тітіркендіргенде байқалады: Локальді/жергілікті жауап 27. Әрекет потенциалының пайда болуы кезінде калийдің клеткадан шығуының жоғарылауы қандай кезеңге сәйкес келеді: Реполяризация 28. Нейронның калий каналдарының блокадасы кезінде мыналар байқалады: әрекет потенциалының реполяризация фазасының баяулауы 29. Нейронның натрий каналдарының толық блокадасы кезінде мыналар байқалады: Жасушаның қозғыштығының жойылуы 30. Іздік деполяризация фазасында жасушаның қозғыштығының жоғарылауы немен анықталады? натрий арналарының реактивациясы және мембраналық потенциалдың ДКД (Деполяризацияның критикалық деңгейі) жақындығы 31. Мембраналық потенциалдың реверсиясы сол мәнге жеткенде жүреді: 0 мВ 32. Табалдырықтан төмен тітіркендіру кезінде пайда болатын және күш заңына бағынатын потенциал деп аталады: Жергілікті потенциал-бұл шекті тітіркену кезінде пайда болатын және күш заңына бағынатын потенциал 33. Табалдырық күшпен тітіркендіру кезінде пайда болатын және «түгел немесе түк емес» заңына бағынатын потенциал қалай аталады? Әрекет потенциалы 34. Жасуша мембранасы абсолютті қозбайтын күйге ауысатын әрекет потенциалының фазасы қалай аталады? Абсолютті рефрактерлік/ деполяризация 35. Жасуша мембранасының қозғыштығы (салыстырмалы рефрактерлік) төмендеген әрекет потенциалының фазасы қалай аталады? Реполяризация 36. Жасуша мембранасының субнормалды қозғыштығы болатын әрекет потенциалының фазасы аталады:Іздік гиперполяризация 37. Тірі ұлпаның кез келген түрдегі әсерге зат алмасуын өзгерту арқылы жауап беру қабілеті қалай аталады? Тітіркенгіштік 38. Мембрананың уақытша деполяризациясымен және зат алмасуының өзгеруімен сипатталатын тітіркендіргіштерге жасушалардың белгілі бір реакциямен жауап беру қабілеті қалай аталады? Қозғыштық 39. Барлық тірі жасушалардың белгілі бір сыртқы немесе ішкі орта факторларының әсерінен физиологиялық тыныштық күйінен белсенділік күйіне өту қабілеті қалай аталады? Тітіркену/қозу??? 40. Тітіркендіргішке жауап ретінде қозу күйіне өтуге қабілетті ұлпалар қалай аталады? Қозғыш тіндер 41. Тірі жасушаға тітіркендіргіш әсер ету процесі қалай аталады: тітіркену 42. Берілген жасуша эволюция процесінде маманданған және тітіркенудің ең аз деңгейінде қозуды тудыратын тітіркендіргіш деп аталады: Адекватты/арнайы 43. Жауаптың пайда болуы үшін қажетті және жеткілікті тітіркендіргіштің минималды күші деп аталады: Қозу табалдырығы 44. Шексіз ұзақ әрекет еткенде қозу тудыратын тұрақты токтың минималды күші деп аталады: Реобаза 45. Екі Реобазаға тең токтың күшімен әсер еткенде қозу тудыратын уақыты қалай аталады?: Хронаксия 46. Күш заңына бағынатын қаңқа бұлшықеті / Қозу табалдырығы, Реобаза?? 47. Түгел немесе түк емес» заңына бағынатын құрылым: жүрек бұлшықеті 48. Қозғыш ұлпаның баяу өсетін тітіркендіргіш күшіне бейімделуі қалай аталады: Аккомадация 49. Тұрақты токтың теріс полюсінің әсерінен жасушалардың немесе ұлпалардың қозғыштығының өзгеруі қалай аталады? катэлектротон 50. Тұрақты токтың оң полюсінің әсерінен жасушалардың немесе ұлпалардың қозғыштығының өзгеруі қалай аталады? анэлектротон 51. Тітіркендіргіштің күші артқан сайын қозғыш құрылымның реакциясы максимумға жеткенше өсетін заңдылық заң деп аталады? Күш заңы 52. Тітіркендіргіштің табалдырық және табалдырықтан жоғары күшіне қозғыш құрылым реакциясы максималды жауап беруі қандай заң деп аталады? Түгел немес түк емес 53. Тітіркендіргіш токтың табалдырық мәні оның ұлпаға әсер ету уақытымен анықталатын заң деп аталады: Күш ұзақтығы 54. Қозуды тудыратын бір реобаза күшпен тітіркендіргендегі ең қысқа уақыт деп аталады: Пайдалы уақыт/пайдалы әсер уақыты 55. Катод астындағы мембрананың бөлігінде тұрақты тоқ тізбегі тұйықталғанда, мембраналық потенциалдағы болатын өзгеріс: деполяризация 56. Анод астындағы мембрананың бөлігінде тұрақты тоқ тізбегі тұйықталғанда, мембраналық потенциалдағы болатын өзгеріс: гиперполяризация

Use Quizgecko on...
Browser
Browser