Физио ОДКИ Экзамен 213-214 PDF

Summary

This document is a past paper, possibly an exam, containing questions and answers related to biological membranes, their functions, and processes such as membrane potential. It may be related to physiology and biology, and it is targeted towards undergraduate-level students.

Full Transcript

# Биологиялық мембраналардың қызметі 1. Жәй диффузияны болдырмайтын және концентрация градиенттерін құруға қатысатын биологиялық мембраналар қандай қызмет атқарады: **Барьерлік** 2. Жасуша ішілік құрамының өзгеруіне және жасушадан тыс биологиялық белсенді заттарды қабылдауға байланысты жасуша ішілі...

# Биологиялық мембраналардың қызметі 1. Жәй диффузияны болдырмайтын және концентрация градиенттерін құруға қатысатын биологиялық мембраналар қандай қызмет атқарады: **Барьерлік** 2. Жасуша ішілік құрамының өзгеруіне және жасушадан тыс биологиялық белсенді заттарды қабылдауға байланысты жасуша ішілік реакцияларға қатысатын биологиялық мембраналар қандай қызмет атқарады: **Регуляторлы** 3. Электрлік емес сипаттағы сыртқы тітіркендіргіштерді электрлік сигналдарға айналдыруға қатысатын биологиялық мембраналар қандай қызмет атқарады: **Рецепторлы** 4. АТФ энергиясын жұмсай отырып, иондардың мембрана арқылы селективті алмасуын қамтамасыз ететін жасуша мембранасына салынған белок молекуласы: **Иондық сорғы** 5. Препотенциалдың дамуындағы қозғыштығының жоғарылау кезеңі қалай аталады? **Латенті қосымша (Бастапқы/бірінші экзальтация)** 6. Қозу кезінде цитоплазма сыртқы ерітіндіге қатысты оң зарядтталған кездегі мембраналық потенциалдың өзгеруі қалай аталады? **Реверсия** 7. Жүйке және бұлшықет жасушаларының цитоплазмасында сыртқы ерітіндімен салыстырғанда иондардың концентрациясы жоғары болады: **Калий** 8. Цитоплазмадан натрий иондарының шығуын және калий иондарының цитоплазмаға енуін қамтамасыз ететін белоктық молекулалық механизмі: **Натрий-калий сорғысы** 9. Цитоплазма мен қоршаған орта арасындағы натрий мен калий иондарының концентрациясының айырмашылығын қамтамасыз ету қызметі тән: **Натрий-калий насосы/Мембраналық потенциал** 10. Іздік деполяризация фазасындағы қозғыштығының жоғарылау кезеңі қалай аталады? **Экзальтация-супернормальды кезең/вторичная экзальтация** 11. Жүйке жасушасының тыныштық мембраналық потенциалына ең үлкен үлес калийдің цитоплазмадан сыртқа шығуы болып табылады: **Калийдің шығару каналдары/Через калиевые каналы утечки** 12. Әрекет потенциалы пайда болатын мембрана деполяризациясының деңгейі қалай аталады? **Шың/овершут/Деполяризацияның критикалық деңгейі** 13. Натрийлік каналдарда бар қақпалар: **активациялық (М-қақпа) және инактивациялық (Н-қақпа)/Жылдам активациялық және баяу инактивациялық** 14. Әрекет потенциалының жоғарылау фазасы қандай иондардың өткізгіштігінің жоғарылауымен байланысты: **Әрекет потенциалының жоғарылау фазасы натрий иондарының (Na+)өткізгіштігінің жоғарылауымен байланысты** 15. Әрекет потенциалының төмендеу фазасы қандай иондар үшін өткізгіштігінің жоғарылауымен байланысты: **Калий иондарының өткізгіштігінің жоғарылауы.** 16. Энергияны қажет етпейтін концентрация градиенті бойынша иондардың мембрана арқылы қозғалу жүйесі қалай аталады? **Пассивті тасымалдау: осмос және диффузия (қарапайым және жеңілдетілген)** 17. Энергияны қажет ететін концентрация градиентіне қарсы мембрана арқылы иондардың қозғалу жүйесі деп аталады: **Активті транспорт** 18. Жасушаның толық қозғыштығы болмайтын фазасы қалай аталады? **Абсолютті рефрактерлік** 19. Әрекет потенциалының реполяризация фазасындағы қозғыштығының төмендеу кезеңі қалай аталады? **Салыстырмалы рефрактерлік** 20. Жүйке жасушасы мембранасының тыныштықта калий және натрий иондарына өткізгіштігінің қатынасы: **1:0,04** 21. Әрекет потенциалының деполяризация фазасындағы жүйке жасушасы мембранасының калий және натрий иондарына өткізгіштігінің қатынасы: **1:20** 22. Ашылуы қозғыш құрылымның мембранасының деполяризациясын қамтамасыз ететін натрий каналдарына жатады: **Потенциал тәуелді Na арналары** 23. Ашылуы мембрананың тез реполяризациясын қамтамасыз ететін калий каналдарына жатады: **Потенциал тәуелді К+ каналдары** 24. Тыныштық потенциалының мәні қандай ион үшін тепе-теңдік потенциалының мәніне жақын? **Калий** 25. Электродтар арасындағы потенциалдар айырмасы байқалады, егер олар қозғыш клеткаға қатысты орналасса: **бір электрод-мембрананың сыртқы жағында, екіншісі-цитоплазмада** 26. Нейронды табалдырықтан төмен күшпен тітіркендіргенде байқалады: **Локальді/жергілікті жауап** 27. Әрекет потенциалының пайда болуы кезінде калийдің клеткадан шығуының жоғарылауы қандай кезеңге сәйкес келеді: **Реполяризация** 28. Нейронның калий каналдарының блокадасы кезінде мыналар байқалады: **әрекет потенциалының реполяризация фазасының баяулауы** 29. Нейронның натрий каналдарының толық блокадасы кезінде мыналар байқалады: **Жасушаның қозғыштығының жойылуы** 30. Іздік деполяризация фазасында жасушаның қозғыштығының жоғарылауы немен анықталады? **натрий арналарының реактивациясы және мембраналық потенциалдың ДКД (Деполяризацияның критикалық деңгейі) жақындығы** 31. Мембраналық потенциалдың реверсиясы сол мәнге жеткенде жүреді: **0 мВ** 32. Табалдырықтан төмен тітіркендіру кезінде пайда болатын және күш заңына бағынатын потенциал деп аталады: **Жергілікті потенциал-бұл шекті тітіркену кезінде пайда болатын және күш заңына бағынатын потенциал** 33. Табалдырық күшпен тітіркендіру кезінде пайда болатын және «түгел немесе түк емес» заңына бағынатын потенциал қалай аталады? **Әрекет потенциалы** 34. Жасуша мембранасы абсолютті қозбайтын күйге ауысатын әрекет потенциалының фазасы қалай аталады? **Абсолютті рефрактерлік/деполяризация** 35. Жасуша мембранасының қозғыштығы (салыстырмалы рефрактерлік) төмендеген әрекет потенциалының фазасы қалай аталады? **Реполяризация** 36. Жасуша мембранасының субнормалды қозғыштығы болатын әрекет потенциалының фазасы аталады: **Іздік гиперполяризация** 37. Тірі ұлпаның кез келген түрдегі әсерге зат алмасуын өзгерту арқылы жауап беру қабілеті қалай аталады? **Тітіркенгіштік** 38. Мембрананың уақытша деполяризациясымен және зат алмасуының өзгеруімен сипатталатын тітіркендіргіштерге жасушалардың белгілі бір реакциямен жауап беру қабілеті қалай аталады? **ҚозғыШТЫҚ** 39. Барлық тірі жасушалардың белгілі бір сыртқы немесе ішкі орта факторларының әсерінен физиологиялық тыныштық күйінен белсенділік күйіне өту қабілеті қалай аталады? **Тітіркену/қозу???** 40. Тітіркендіргішке жауап ретінде қозу күйіне өтуге қабілетті ұлпалар қалай аталады? **Қозғыш тіндер** 41. Тірі жасушаға тітіркендіргіш әсер ету процесі қалай аталады: **тітіркену** 42. Берілген жасуша эволюция процесінде маманданған және тітіркенудің ең аз деңгейінде қозуды тудыратын тітіркендіргіш деп аталады: **Адекватты/арнайы** 43. Жауаптың пайда болуы үшін қажетті және жеткілікті тітіркендіргіштің минималды күші деп аталады: **Қозу табалдырығы** 44. Шексіз ұзақ әрекет еткенде қозу тудыратын тұрақты токтың минималды күші деп аталады: **Реобаза** 45. Екі Реобазаға тең токтың күшімен әсер еткенде қозу тудыратын уақыты қалай аталады?: **Хронаксия** 46. Күш заңына бағынатын қаңқа бұлшықеті / **Қозу табалдырығы, Реобаза??** 47. Түгел немесе түк емес» заңына бағынатын құрылым: **жүрек бұлшықеті** 48. Қозғыш ұлпаның баяу өсетін тітіркендіргіш күшіне бейімделуі қалай аталады: **Аккомадация** 49. Тұрақты токтың теріс полюсінің әсерінен жасушалардың немесе ұлпалардың қозғыштығының өзгеруі қалай аталады? **катэлектротон** 50. Тұрақты токтың оң полюсінің әсерінен жасушалардың немесе ұлпалардың қозғыштығының өзгеруі қалай аталады? **анэлектротон** 51. Тітіркендіргіштің күші артқан сайын қозғыш құрылымның реакциясы максимумға жеткенше өсетін заңдылық заң деп аталады? **Күш заңы** 52. Тітіркендіргіштің табалдырық және табалдырықтан жоғары күшіне қозғыш құрылым реакциясы максималды жауап беруі қандай заң деп аталады? **Түгел немес түк емес** 53. Тітіркендіргіш токтың табалдырық мәні оның ұлпаға әсер ету уақытымен анықталатын заң деп аталады: **Күш ұзақтығы** 54. Қозуды тудыратын бір реобаза күшпен тітіркендіргендегі ең қысқа уақыт деп аталады: **Пайдалы уақыт/пайдалы әсер уақыты** 55. Катод астындағы мембрананың бөлігінде тұрақты тоқ тізбегі тұйықталғанда, мембраналық потенциалдағы болатын өзгеріс: **деполяризация** 56. Анод астындағы мембрананың бөлігінде тұрақты тоқ тізбегі тұйықталғанда, мембраналық потенциалдағы болатын өзгеріс: **гиперполяризация**

Use Quizgecko on...
Browser
Browser