Document Details

Uploaded by Deleted User

Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті

Төлебай Назерке

Tags

psychology personality development developmental psychology educational psychology

Summary

This document is a psychology research paper focused on personality development and the various factors that affect it. It details the historical context, key figures, and considerations. The paper also includes an outline of the discussion points.

Full Transcript

Абай атындағы Қазақ Ұлттық Педагогикалық Университеті Педагогика және психология институты Педагогика және психология мамандығы РЕФЕРАТ Психологиядағы тұлғаның қалыптасуы мен даму мәселелері Ор...

Абай атындағы Қазақ Ұлттық Педагогикалық Университеті Педагогика және психология институты Педагогика және психология мамандығы РЕФЕРАТ Психологиядағы тұлғаның қалыптасуы мен даму мәселелері Орындаған: Төлебай Назерке Тексерген: Исаева Ж.А Алматы, 2024 жыл Жоспар: - Кіріспе - Негізгі бөлім Адам,индивид,тұлға ұғымдарына анықтама Темперамент типтері Тұлғаның қалыптасуына әсер ететін факторлар Тұлғаның қалыптасуындағы психологияның рөлі Тұлға дамуы З.Фрейд бойынша Тұлға дамуының сегіз кезеңі - Қорытынды - Пайдаланылған әдебиеттер КІРІСПЕ Жеке тұлғаның дамуы мен қалыптасуы мәселесінің көп ғасырлық тарихы бар. Ол көп аспектілі және әр түрлі ғылымдардың тоғысында қарастырылады. Ертедегі грек ғалымдары жеке тұлғаның дамуына табиғи тума қабілет, қоршаған орта да әсер етеді деп есептеген. Тұлға деп жеке әлеуметтік даму барысында бойына әлеуметтік және өмір үшін маңызды қасиеттерді жинаған адамды атаймыз. Адамның танымдық психикалық процестерінің немесе әрекеттерінің жеке дара стилі даму ерекшеліктерін сипаттайтын қасиеттер тұлға қасиеттеріқатарына жатқызылмайды, тұлғаның қасиеттері болып адамдар мен қоғамға қатысты көрініс беретін қасиеттер саналады. Адам тұлға болып тек әлеуметтік ортада қалыптасады. Адамды жүйелі зерттеу мәселелерін қарастырған Б.Г.Ананьев және оның шәкірті В.А. Ганзеннің айтуы бойынша, адам төрт макроқұрылымнан тұрады. Олардың қатарына индивид, тұлға, іс-әрекет субьектісі, жеке даралық жатқызылған. Адам биологиялық құбылыс ретінде индивид болып табылады. Биологиялық түр болғандықтан әр адамның туа біткен ерекшеліктері бар, мысалы, дене құрылысы тік жүруге мүмкіндік береді, ми құрылымы интеллектің дамуын қамтамасыз етеді, қол құрылысы еңбек құралдарын пайдалануға мүмкіндік береді, осы белгілер адам баласын хайуаннан ажыратады. Негізгі бөлім “Индивид” ұғымы адамды белгілі биологиялық қасиеттерді иеленуші ретінде сипаттайды. Индивид ретінде туылған адам қоғамдық өзара қатынастар мен процестер жүйесіне қосылады, нәтижесінде ерекше әлеуметтік сапа иеленеді, тұлға болып қалыптасады. Бұл оның негізгі сипаты, себебі қоғамдық өмір және қоғамдық қатынастар, ұжымдық еңбек адамының биологиялық дене құрлымын өзгертіп, өзіне бағындырды. Сонымен қатар, адам түрлі кәсіби мамандық иегері ретінде іс- әрекет субъектісі болып қалыптасады. Өз кезегінде, осы үш деңгейдің даму ерекшеліктері нақты адамның қайталанбастығын сипттап, оның жеке даралығын анықтайды. Даралық дегеніміз жеке тұлғаның психологиялық ерекшеліктерінің қайталанбас қиысуы түрінде байқалатын нақты өзгешілігі деп түсініледі. Сонымен, “тұлға” ұғымы адамды әлеуметтік тіршілік иесі ретінде сипаттау үшін керек. Тұлға құрылымы(В.А. Ганзен, 1984) 1. Бағыттылық (мақсат, мотивация, құндылықтар, қызығушылықтар) 2. Қабілет (дарындылық, шеберлік, гений) 3. Темперамент 4. Мінез В.А. Ганзеннің жүйелік талдау әдістемесіне сәйкес, тұлға құрылымына темперамент, мінез, бағыттылық (мақсат, мотивация, құндылықтар, қызығушылықтар) және қабілет кіреді. Бұл психологиялық сипаттамалар адамның әлеуметтік даму барысында қалыптасып, қарым-қатынас жетістігінің негізі болып табылады. Әрбір әлеуметтік ортаның өз мәдениеті мен дәстүрлері бар. Тіл, мәдениет пен дәстүрлер ұлтаралық ерекшеліктерді анықтайтын өлшемдер. Осы тұрғыда әрбір адам нақты бір ұлт өкілі және сол ұлттың мәдениетін танытатын субъект. Ұлттық сана адамға өзін нақты бір ұлт өкілі және сол ұлттың құндылықтарын ұстанушы субъект ретінде тануға мүмкіндік беретін ұғым. Ол халықтың әлеуметтік даму барысында қалыптасады. Жаңа туған нәресте «адам» деп аталғанымен, «тұлға» деген атқа көпке дейін ие бола алмайды. өйткені кісі болып ер жету үшін бала оңы мен солын, өзінің «менің» басқа «мендерден», яғни басқа адамдардан ажырата білуі тиіс. Тұлғаның түрткілері мен қасиеттері. Қызығу, дүинетану, сенім, мұрат. Адам қоғамнан тыс өмір сүре алмайды. Өйткені оның психикасы тек айналасындағылармен қарым-қатынас жасау процесінде ғана қалыптасады, қоғамдық тәрбие арқылы адам белгілі мазмұнға ие болады. Адам санасының дамуы қоғамның дамуымен байланысты. Қоғамнан тыс адам өмірінің болуы мүмкін емес. Адамға қатысты басқа категория (индивид, даралық, субьект, жеке даралық). Тұлғаның ғылыми – психологиялық бағытының тұлғаны танудағы философия, дін, өнерден айырмашылық ерекшеліктері. Тұлға – өзін-өзі ұдайы дамытып, жетілдіріп, қамшылап отыратын адамды айтса керек. Адамның кәсіби тұрғыда қалыптасуы оның балалық шағынан бастап тұлғалық кезеңге дейінгі алған білімі, тәрбиесінің негізінде жатыр. Яғни, қоғам мойындаған қағидалар мен заңдылықтарға сай қалыптасуын айтамыз. Мысалы, бір анадан туған егіз балалардың түрі бір-біріне ұқсас болғанымен, мінез-құлқы, іс-әрекеті, өмірге деген икемділігі, қабілеті бірдей болмайды. Сондықтан әр адамды өзінше жеке тұлға деп қараймыз. Демек, тұлға қалыптасу жолы – соқпағы көп ауыр жол. Ендеше, тұлғаның қалыптасуы әр адамда әртүрлі жолдармен және ықпалдардың әсерінен жүзеге асады деген сөз. Оның кәсіби қалыптасуының нақты формуласы жоқ. Тұлғалық қасиеттердің қалыптасуына адамның жақын жандарының да қосар үлесі мол. Мәселен, өмірлік тәжиребесімен бөлісіп, бағыт-бағдар беретін әрі өсиетін айтатын жандардың көмегі орасан зор.Тұлға психологияда өзінің өмір жолын белгілей алатын, қайталанбас даралық ерекшелігін сезінетін субъект. Тұлға адам ұғымынан гөрі нақты мағынаға ие. Өйткені адам тұлғалық сипатты иелену үшін өз “менің” өзге “меннен” ажыратып, есейіп, өз бетінше дербес әрекет ету мүмкіндігін ашуы керек. Яғни, белгілі бір мәнді іспен айналысатын, азды-көпті білімі, өмірлік тәжірибесі, дүниетанымы мен сенімі бар адамды тұлға деп атайды. Тұлғаның екі негізгі ерекшелігі бар, ол ортақтық және даралық. Ортақтық тұлғаны басқа адамдармен бірдей негіз бен мүмкіндікке ие етсе, ал даралық оның ешкімге ұқсамайтын өзіне тән айырықша бөгенайын көрсетеді. Сонымен қатар, жеке тұлғаның 3 ерекшеліктерін атап өткен жөн: Біріншіден, жеке тұлғаның қасиеттерінің тұрақтылығы. Жеке тұлғаның психикалық көріністерінің өзгермелілігіне қарамастан, оның психикалық келбетінің салыстырмалы тұрақтылығы анық байқалады. Екіншіден, бұл – жеке тұлғаның бірлігі, жеке тұлғаның психикалық үрдістерінің, психикалық қалыптың және психикалық қасиеттердің тығыз байланысы мен өзара тәуелділігі.Жеке тұлға біртұтас бірлікті білдіреді, әрбір қасиет басқалармен тығыз байланысты. Мәселен, табандылық мақсатқа жету ептілігі ретінде қиындықтар мен кедергілерді жеңе отырып, жоғары моральдық және дамыған ұжымдық сезімдермен бірлікте ғана жағымды мәнге ие болады. Сондықтан да жеке тұлға “жеке бөліктерге” бөлініп қалыптаспайды, тәрбиеленбейді, әруақытта да жеке тұлға тұтас, бірлікте қалыптасады, тәрбиеленеді. Үшіншіден, бұл – жеке тұлғаның белсенділігі, қоршаған дүниені өзгертуге,түрлендіруге бағытталған көптеген және жан-жақты іс-әрекетте бейнеленеді. Темперамент ұғымы. Темперамент туралы ілімнің негізін құрған ғалыме ежелгі грек дәрігері Гиппократ (б.д.д. V ғ.). болып есептеледі. Оның тұжырымдамасы бойынша адамдардың бір-бірінен айырмашылығы оның ағзасындағы 4 негізгі сұйықтықтардың ара қатынасына - қан, шырыш (флегмы), сары өт және қара өт – байланысты деп есептеген. Осы сұйықтықтар әр адамның ағзасында әр түрлі пропорцияларда болып, олар адамның темпераментін анықтайды деп есептелген (лат. temperamentum — қоспа, ара қатынас). Әр темперамен өзінің аталуын сол адамның ағзасында басым келеді деп болжамданған сұйықтықтың атынан алынған. Соған байланысты темпераменттің келесі типтері анықталған: сангвинк (латынша sanguis — кровь), холерик (грекше chole — желчь), флегматик (грекше phlegma — шырыш) и меланхолик (грекше melaina chole — қара өт). Гиппократ темпераментті таза физиологиялық қасиет деп бағалап, кейбір мүшелердің темпераменті туралы да ой тастаған. Мысалы, жүрек темпераменті, бауыр темпераменті. Сонымен қатар темпераменттің психикамен байланысын көрсетпестен, оларды бір-бірімен ешқандай байланыстырмаған. Гиппократтың іліміне сүйене отырып антика кезеңінің ең танымал дәрігері Клавдий Гален (б.д.д. II ғ.) темпераменттің бірінші типологиясын жасады. Оны“De temperamentum” деп аталған трактатында баяндады. Оның пікірі бойынша темперамент типтеріне сипаттама берді. Холерик темпераменті. Бұл темперамен иесінде өт ағзы сұйықтықтарының ішінде басым келеді. Өт — ағзадағы ең құпия қоспалардың бірі. Химиялық жағынан бұл жанатын, белктан тұратын, көпіршік зат. Физиология жағынан – дрожжылар тәрізді өте тез және күшті қоздыратын, ағымды сұйықтық. Сондықтан холерик ойлары да әрекеттері де жанып тұрған оттай болады. Ол барлық уақытта іс-әрекет үстінде, жылдам, ерекше жағдайларда тез шешім қабылдайтын, отқа да суға да тартынбай түсіп кете беретін, алдын-артын ойламайтын адам. Сондықтан ерекше ерлік көрсету холериктер арасында жиі кездеседі. Ол күйгелек, мазасызданғыш, ұрысқақ, ызақор, бірақ кек сақтамайтын, кешірімді.Стендальдің пікірі бойынша ұлы адамдардығ ішінде холериктер жиі кездеседі, олар Юлий II, Карл V, Кромвель. Сангвиник темпераменті. Сангвиник — жарқын жүзді, көңілді, толық денелі, кең көкіректі, сондықтан оның өкпесі мен жүрегі көлемді, дене қызуы жоғары. Бұл физиологиялық көрсеткіштері адамның көңіл-күйінің тепе-тең жағдайда болуына ыңғайлы, өзгелерге сенімділікпен, ынтымақатастықпен қарайды. Баршамен тіл табысқыш, тауекелге бармайды. Сондықтан оны қамалды жаулап алуға немесе қорғауға жіберуге болмайды, оны уәзір ретінде пайдаланған дұрысырақ болады. Француздардың басым көпшілігі сангвиниктер. Флегматик темпераменті.Солтүстік халықтарына тән темперамент. Өскелең, толық, кең көкіректі адам. Тек ол көкірегін май басқандықтан өкпе-жүрек қысылып, қан айналымы баяу жүреді, сондықтан флегматиктің қимылдары үйлесімді, баяу. Ол еш уақытта шапшаңдық көрсетпейді. Сондықтан алып голландтықты шағын денелі гасконец жеңіп кетеді. Флегматик сабырлы, оны ұлылыққа жету жолын іздеп мазасыздану мен ер жүректік көрсету (холериктей) қызықтырмайды. Флегматик таныштақ сақтап, іс-әрекетін сабырлылықпен сапалы орындап, барлық қажеттілігін қамтамасыз етіп отыру. Оның мінезі жұмсақ, асықпайтын, сезімін сыртқа шығармайтын, өмірі бір келкілікпен сипатталатын тұлға. Стендаль 1812 ж. Наполеонның Мәскеуге жорығына қатысып, француз армиясымен бірге Ресейде болған. Ол қысы қатты суықтармен сипатталатын елдің халықтары флегматикалық темперамент көрсетпегеніне таң қалған. Меланхолик темпераменті. Меланхолик қысылып-қымтырылып, қимылдары үйлесімсіз, шешім қабылдауда абайлап, келісімге келуі қиын адам. Сезімдері бүркемелі, адамдарға толы кең бөлмеге кіргенде онша көзге түспейтіндей жерлермен жүруге тырысатын, күнделікті көріп жүрген ең қарапайым нәрселерді дене түршігітіндей етіп айтып беретін адам. Махаббат сезіміне бөленгенде, оны айтуға батылы бармастан өзіне қол жұмсауға дейін бартындар да болған. Стендалдің темпераментке берген осындай мінездемелері күнделікті тұрмыс тәжірибеде қалыптасқан пікірлерді жинақтап көрсеткен түрі. Темпераменттің жүйке жұйесінің анатомиялық және физиологиялық ерекшеліктерімен байланыстылығы туралы ой-пікірлер әр түрлі формада XVIII және XIX ғғ. Философтар мен дәрігерлер еңбектерінде орын алады. И.П. Павлов жүргізген эксперименталдық зерттеулер нәтижесінде жүйке қызметінің көрсеткіштері темпераменттің физиологиялық негізін құратындығын көрсетті. Жеке тұлға құрылымын зерттеу экспеременсталдық психологияда өзекті мәселелердің бірі болып есептеледі. Сондықтан XIX ғасырдың аяғынан бастап бұл мәселе жан-жақты зерттелуде.АҚШ ғалымы Олпорт 1949 ж.жеке адамға берілген анықтамаларды жүйеге келтіріп 50 анықтамасы бар екенін көрсеткен. Ол өз анықтамасын берген: Жеке адам- индивидтің ішіндегі мотивациаларының жүйеге келтірілген, динамиалы,сыртқы ортамен қарым- қатынасы ерекше ұйымдастырылған жүйе деп анықтаған. Ж.Пиаже эксперим. Ол қолданылатын анықтамасын ұсынған.Оның ілімі бойынша жеке адам дегеніміз тек сол адамды сипаттайтын психологиялық көрсеткіштердің сапалық белгілер жиынтығы. К.Плотонов жеке адам-сана иесі деп қысқа тұжырымдама жасаған. Ришар Мейли бұл анықтамаларда жеке адам құрылысы көрсетілмеген,анықтамада жекелік қасиеттердің түбірі көрсетілуі қажет деп тапқан. Бұл анықтамалардың ішінде тек Платонов нағыз адами қасиеттердің ортақ көрсеткішін тауып,оны сана деп отыр.Басқа зерттеушілер әр адам өте терең жекелік көрсеткіштермен мінезделетінін анықтайды. Жеке адамның анықтамасында ең үлкен пікір талас тудыратын мәселе келесі: табиғи және әлеуметтік факторлардың қайсысы адамдық белгі береді? Сонда жеке адам формуласы: Жеке адам=әлеуметтік + жекелік немесе жеке адам=жекелік+әлеуметтік. Баланың дамуына әсер ететін факторлар және оның мәні. Даму - жеке адамды жетілдірудің өте күрделі және диалектикалық процесі. Балада анадан туа біткен белгілі идеялар мен түсініктер және өжет, жұмсақ немесе байсалды мінез болмайды. Плланың адамгершілік, әуестік, белсенділік және батылдық сияқты қасиеттері даму процесінде қалыптасады. Өйткені, оның өсіп жетілуіне белгілі әлеуметтік тәрбие мен орта әсер етеді. Адамның дамуы және оның дүниені тануы түрлі әлеуметтік жағдайларға байланысты. Сондықтан оның мінезінде әр түрлі ерекшеліктер мен процестер пайда болады. Баланың дамуына ықпал ететін факторларға тұқым қуалаушылың, әлеуметтік орта, тәрбие, т.б. жатады. Тұқым қуалаушылық - ұрпақтың ата-ананың биологиялық ұқсастығын елестетуі. Кейбіреулері баланың сыртқы пішініне қарап, бірден қалай әкесіне не шешесіне ұқсап қалған деп таңданады. Әрине бұл кездейсоқ нерсе емес. Өйткені, баланың шашы мен көзінің бояуы, терісінің пигменті, бет келбеті мен басының формасы, жүрісі мен өзін ұстау қалпы тұқым қуалаушылық арқылы берілетін биологиялық ұңсастықты еске түсіреді. Бала қозғалыс мүшелерін, нерв жүйесінің функциялық қасиеттерін, ал кейде дауыс тембрі, музыкаға, биге, математикаға қабілеттілігі сияқты өте нәзік ерекшеліктерді тұқым қуалау арқылы алады. Бірақ, өте нәзік ерекшеліктердің тұқым қуалау жолымен берілуі өте сирек кездесетін жағдай.Тұқым қуалаушылық арқылы ата-анадан балаға тік жүруге бейімділігі, ақыл, сана, сезім мүшелерінің дамуы, сыртқы белгілерінің ұқсастығы, нәсілдік, ұлттық белгілері, сонымен қатар жүйке жүйесінің түрі, қабылеттердің нышаны беріледі. Мысалы: әйгілі ұлы компо- зитор Иоганн Себастьян Бахтың ұрпақтарында 300 жыл ішінде тек қана 20 адамдай музыканттар болған. Мұны бір жағынан отбасы мүшелерінің табиғи мүмкіншіліктердің (нышанның) болуына, екінші жағынан отбасындағы музыкалық дәстүрге, музыкалық тәрбиеге байланысты деп қарастырған жөн. Орта - адам дамуына табиғи және әлеуметтік орта ықпал жасайды.Әлеуметтік орта бірнеше түрге бөлінеді: микро орта - ең жақын адамдар, отбасы, мезо орта - мектебі, ауылы, қаласы, макро орта - мемлекет, қоғам, мега орта - бүкіл әлем, космос. Табиғат, климат та адамның қалыптасуына белгілі бір дәрежеде әсер етеді. Табиғи орта - бұл түрлі табиғат жағдайының адам тұрмысына қызметіне ықпал жасауы. Жылы және суық климат жағдайы халықтардың тұрмысына әрекетіне елеулі ықпал етеді. Климаты ыстық жерлерде егін шаруашылығымен шұғылданады. Ал солтүстіктегі жерде балық, бұғы шаруашылығымен айналысады. Табиғат жағдайына байланысты олардың мінез-құлықтары да ерекшеліктер байқалады. Әлеуметтік орта - жеке адамның мінез-құлқының дамуына ықпал жасайтын әлеуметтік қатынас, олардың көп қырлы іс-әрекеттері. Әлеуметтік ортаға мектептің ықпал жасауы нәтижесінде баланың дүниеге көзқарасы, құлықтық, эстетикалық және осы сияқты болымды қасиеттері дамып қалыптасады. Егер адамдардық қалыптасуына ортаның қатысы шамалы болса, онда орта адамдардық талабын қанағаттандырмайды. Сондықтан адам өзінің дамуы үшін қажетті материалдарды осы әлеуметтік ортадан жинайды. Егер бала әлеуметтік ортадан тыс қалса, онда оның даму дәрежесі жануарлардан жоғары болмайды. Адам жеке тұлға болып қалыпты өсуі және дамуы үшін тек қана адамдар арасында өмір сүруі қажет. Соңғы кезде орталық Австралияда және Филиппиннің Менданао аралы ормандарынан табылған жабайы адамдардық сана-сезімінің өте төменгі сатыда екендігі байқалады. Олардың тіршілік әрекетінің де алғашқы қауымдағы жабайы адамдардық өмір сүріп, күнін көру әрекетінің ұқсастығы анықталады. Педагогика адам дамуындағы әлеуметтік ортаның ықпалын мойындайды, оған зор мән береді. Бірақ ортаны шешуші және мидын ала анықтаушы фактор деп қарастырмайды. Тәрбиенің бала дамуындағы рөлі. Жеке адамды дамытудағы басты факторлардың бірі - тәрбие. Тәрбие балалардың жеке және дербес ерекшеліктеріне, дайындығы мен дәрежесіне лайық іске асырылып, тәрбие адамдардық іс-әрекеттерін ұйымдастырады. Ол үшін тәрбиеші алдын ала жасалған арнаулы жоспар бойынша тәрбие жұмысын мақсатқа бағыттап ұйымдастырып, тәрбиенің құралдары мен әдістерін және формаларын іздестіреді, оларды тиімді етіп пайдаланады. Тәрбиенің рөлін педагогика тарихында, аса артық бағалаушылар да болды. Д.Локк (1632-1704) "тәрбие адамның көзқарастары мен адамгершілік қасиеттерін жасайтын негізгі құрал, адам тәрбие арқылы жақсы болады" - деп сыңаржақ пікір айтты. Бала өмірге келгенде, оның жаны сүттей ақ, судан таза, соңдықтан тәрбиеші өзіне керек адамды жасап алады деп, тәрбиенің рөлін аса дәріптеп, тұқым қуалау мен әлеуметтік ортаның баланың қалыптасуындағы рөлін онша бағаламады. Революционер-демократ В. Г. Белинский (1811-1848) баланың жаны таза тақтай емес, тақта да сапалы, жазу да әдемі болу керек деді. Белинский тәрбиенің рөлін жоғары бағалап, адам дамуындағы тұқым қуалаушылық пен ортаның әсерін де ескерген жөн деді.Д.Локк, т.б. көзқарастар бойынша тәрбие арқылы адамды түрлі дәрменсіздіктен, кемістіктен құтқаруға болады. Демек, олар тәрбие арқылы адам баласының тұрмысын жақсартуға және санасын өзгертуге болады деген жорамал ойға келді. Тәрбие арқылы халықтың тұрмысын жақсарту үшін материалистік педагогика таптық қоғамды жойып, демократиялық қоғам құруды ұсынды. Тәрбиеші тәрбие арқылы баланың түрлі іс-әрекеттерін тиімді етіп, оның жақсы дамуына қажетті материалдарды іріктеп алады, айналадағы табиғи және әлеуметтік ортаға көзқарасын дамытады. Тәрбие жұмыстарының сара жолдарын табу нәтижесінде баланың ой-өрісі кеңейеді, эстетикалық сезімі мен талғамы артып, адамгершілік сапасы қалыптасады. Мектеп мемлекет қолындағы ақпарат құралдардық (баспа-сөз, радио, теледидар) көмегімен оқушыларға тәрбие береді, сондай-ақ, мемлекеттің саясатын жүргізеді. Баланың жеке басының дамуы мен қалыптасуына ықпал ететін үш фактордық ішінен тәрбие адамның дамуына орасан күшті ықпал етіп, тұқым қуалаушылық пен ортаның ықпалына белсенді әсер етіп, баланың дамуын қоғам талаптарына сәйкес бағыттап, белгілі бағытта баланың өмірі мен іс-әрекеттерін ұйымдастырады, ортадағы жағдайлардан тұлға дамуына қажетті материалдарды іріктейді, жеке бастың дамуына теріс, зиянды әсер қалдыратын жағымсыз ықпалдардан аластайды. Осы тұрғыдан келгенде тәрбие аға ұрпақтың жаңа ұрпаққа қоғамдық тарихи тәжірибені беру процесі, жаңа ұрпақты өмірге, еңбекке дайындау арқылы қоғамның алға қарай дамуын қамтамасыз ететін процесс.Сонымен, тәрбие бала дамуын бағыттайды, басқарады, сондықтан да ол — баланы қалыптастырудағы негізгі күш. Тәрбие негізгі күш болғандықтан, оның жетімсіздігі, әлсіздігі баланың қалыптасуына кері әсер етеді. Тұлғаның қалыптасуындағы психологияның рөлі. Адам факторының қалыптасуында ықпал етуші байланыс,биологиялық өсу мен саналық өсу ықпалында.Кез-келген тұлға қалыптауында –мақсат-мүделері тұлғаның әлеуметтік сипаттамасы.Тұлға болып қалыптасу үшін,психикалық дамудың белгілі бір дәрежесіне өтіп,басқа адамдарға қарағанда ерекшеліктерінің бар екендігін,тұтастығын түсінуіне болады.Әр дамушы тұлғаның даму ұғымыағзаның өсуі мен стихиалы әсері байқалады.Әр өсіп келе жатқан адамнан психикалық дамуы да сырт көзге көрініп тұрады.Әсіресе балалық және жасөспірімдік кезеңдерде-қоршаған ортасы,ата-анасы,достары мен ұстаздары даму деңгейін тез ұғады.Арнайы заңдылыққа бағынатын ағза,дәл сол мезгілдегі өсу деңгейін дәлелдеп көрсетіп,айқындайды.Қоғамдағы педогогика,психология,философия ғылымдары тұлға дамуын жан-жақты зерттеп дәлелдеп қойғандығы сияқты,адам сол жас ерекшелігіне тиісті ішкі жағдайда өмірін жалғастыра береді.Адам материалдық және рухани қамтамассыздық ортасында өмір сүруші болғандықтан,сол адамның жеке басына ғана тән денсаулықы,ақыл- ойы мен ақыл-парасаттылығы,ой-пікірімен дараланады.Әр психикасы дамыған тұлғаның ұадылдау физологиясы да өзіне тән білінеді.Мысалы апаттық жағдайдағы қобалжу,түрлі нәрселерден фобия,немесе өнер білімге икемділігі.Сондықтан әр адамға жеке тұлға деп қараймыз.Жеке тұлғаға арналған қасиеттер сана-сезімімен өлшенеді.Адамдық қарым-қатынасты бір- бірін қадағалау мен бағалау үнемі орын алынуы тиіс.Бұл құбылыс өзара байланысты нығайтады.Ішкі эмоциясын басқара алатын тұлғаны психологтар өте жоғары бағалайды.Ол дамыған тұлға ретінде саналады.Бұл үдерістің бәрі дамыған психологиялық үдеріс болып табылады. Жеке тұлға туралы теориялардың ішінде бізді қызықтыратыны баланың нағыз адами қасиеттерді меңгеруін түсіндіретін теориялар. Оларды келесі топтарға бөліп көрсетуге болады: Л.С.Выготский ұсынған мәдени-тарихи даму концепциясы. Бұл концепция бойынша жеке тұлғаның қалыптасуы өзгелермен қарым-қатынас жасау барысында адамзат тәжірибесінде тарихи қалыптасқан шартты белгілерді пайдаланумен байланысты. Қарым-қатынас барысында меңгерілген шартты белгілер (сөздер) біртіндеп жеке тұлғаның психикалық қызметінің негізі болады. Іс-әрекет теориясы. Бұл теорияның авторы А.Н.Леонтьев. Леонтьев теориясының негізгі қағидасы – барлық іс-әрекет бірінші кезеңде саналы жасалған әрекет ретінде, сонан соң біртіндеп шапшаң орындайтын міндетті қызметке айналады (жазу, оқу, өзіне-өзі қызмет көрсету, еңбек ету). А.Н.Леонтьев мектебінің өкілдері тұжырымы бойынша заттармен іс-әрекет жасай отырып адам олардың жасырын мәнді қатынастарын ашады. Адам заттармен ғана емес, өзінің түсініктері және ұғымдарының мазмұнымен де белгілі бір іс-әрекеттер жасай алады. Мұндай оңды іс-әрекеттер ақыл-ой немесе ойлау әрекеттері деп аталады. Заттық іс-әрекеттерден түсініктермен және ұғымдармен оңды іс-әрекет жоспарына көшу ойлар арқылы жүзеге асады. Ол әрқашан белгілі бір міндетті орындауға бағытталады. Сөйтіп, адамның ұғымдары және ақыл-ой әрекеттерін меңгеру процесі оның ойлауды үйренуін талап етеді. Адамның бүкіл ойлау (ақыл-ой немесе интеллектілік) іс- әрекетінің түпкі мақсаты оның алдына өндірістік немесе қоғамдық өмір қойып оты Тұлға дамуы: психосексуалдық стадиялар. Фрейд тұлға дамуының төрт стадиясын көрсетті: оральды, анальды, фалликалық, гениталды. Дамудың жалпы сексуалдық баланың 6-7 жасына және жыныстық жетілуге сәйкес келетін латентті кезеңді кіргізді. Алғашқы үш стадия тұлғаның ең жасқа дейінгі кезді қамтып, прегенитальды стадия деп аталады, өйткені жыныстық органдар адамның тұлғасының қалыптасуында маңызды орын алмайды. Терінің стадииясы дамудың тәнімен сәйкес келеді. Фрейд либидоны стимул атауын немесе ағзаның атауын негіздейтін оның стимуляциясы либидо энергиясының маңызды органы айтады. Психоаналитикалық теориядағы дамудың маңызды ұғым стрессия яғни, дамудың ерте кезеңіне сәйкес келетін балалық мінез-құлықпен сипатталатын психосексуалдық дамуына оралу болып табылады. Регрессия – ер жеткен жағдайда оның өзінің балаларлық жағдайына оралуын білдіреді. Оральды стадия туғанда пайда болып 18 айға дейінгі уақытта созылады. Оральды стадия Өз дамуын туғанда басталып, үш жасқа дейін созылады. Осы кезеңде баланың қанағаттандырылуы баланың қызығушылық либидо энергиясы және зоогенді аймақ болып табылады деп есептейді. Басекеңесінің балара үні тұтылады, ол жыныстық құбылыс пайда болады деп есептейді. Анальды стадия Жалпы екі жас пен үш жас аралығын қамтиды. Баланы оралмен әдеті және дефекацияға, қанағаттану анықталады. Балаға бұл жетістік баланың өз сезімдерін танып, жетістікке жетеді, сондықтан жалпы ұстамдылықпен жүреді. Психоаналитикалық көзқарастарында осы кезеңдерді нақты айқындалады. Фалликалық стадия Бұл кезең 4 жасқа дейін созылады, осы кезеңде баланың қызығушылығы жыныстық мүшелермен байланысады. Латентті стадия Адамның балағы кезең бастап, жас жетіге дейін созылады. Адамның дамуының тыныштығы кезеңіне сәйкес келеді. Гениталды стадия Жыныстық жетілуі туындауымен жыныстық және агрессивті қозуылар онымен бірге қарама-қарсы жыныс адамымен жыныстық қызығушылық туғызды. Гениталды стадияның бастапқы фазасы ағзадағы биохимиялық және физиологиялық өзгерістермен сипатталады. Эрик Эриксонның пікірінше, тұлғаның дамуында әрбір адам өзінің дамуында өтуі тиіс белгілі бір міндетті және кезекті кезеңдерден тұрады. Даму парадигмасы ретінде бұл баспалдақ. Адамның дамуында сегіз кезең бар: Бірінші кезең – туғаннан бір жасқа дейін, сенім мен сенімсіздік арасындағы қақтығыс; Екінші кезең – бір жылдан екі жылға дейін, автономия мен күмән арасындағы қақтығыс; Үшінші кезең — үш жылдан алты жылға дейін, кәсіпорын мен сәйкессіздік арасындағы қақтығыс; Төртінші кезең Фрейдтің «жасырын кезеңіне» сәйкес келеді, шығармашылық пен төмендік кешені арасындағы қақтығыс; Бесінші кезең – жастық шақ, тұлғаны анықтау және рөлдерді шатастыру; Алтыншы кезең – ерте есею, жақындық пен жалғыздық арасындағы қақтығыс; Жетінші кезең – кеш ересектік, өнімділік пен тоқыраудың қақтығысы; Сегізінші кезең – тұтастық пен үмітсіздіктің қақтығысы. Қорытынды Тұлға ретінде әрбір адам әлеуметтік жүйеде мақсат бағдарлы және ойластырылған тәрбие барысында қалыптасады. Әрбір тұлға, бір жағынан, қоғамдық тәжірибені игеру деңгейімен, екінші жағынан, материалдық және рухани құндылықтар қорына қосқан қоғамдық үлесімен танылады. Тұлға болып жетілу үшін адам өзіне табиғаттан берілген және өмір мен тәрбие желісінде қалыптасқан ішкі қасиеттерін нақты практикалық қызметте аша білуі шарт. Тұлға дамуы – бұл өте күрделі, ұзақ мерзімді және қарама-қайшылықты процесс. Біздің ағзамызда болып жатқан өзгерістер өмір бойына ұласады. Ал адамның тән-дене болмысы мен рухани дүниесі, әсіресе, балалық және жас өспірімдік шақта қарқынды ауысуларға кезігеді. Пайдаланылған әдебиеттер: 1. Бончарова В.Г. Социальное воспитание учащихся.- М. 1991 2. Педагогика. Курс лекций. Алматы, 2003 3.Денцов И.А. Самовоспитание личности. -М. 1984 4. Қоянбаев.Педагогика. А 1997

Use Quizgecko on...
Browser
Browser