Табиғат және Суретшілер (PDF)
Document Details
Uploaded by ScenicPoplar
Заречная школа
Tags
Summary
Мәтін суретші мен табиғаттың өзара байланысын, өнердің философиялық аспектілерін және идеялардың пайда болуын талдайды. Мәтінде суретшінің табиғатпен ұштастырылуы туралы талдау жүргізіледі. Табиғаты талғампаздықпен көзделген суретші сезімдері туралы автордың көзқарасы жазылған.
Full Transcript
Жаймашуақ көктем едi. Табиғат өзiнiң бар бояуын жарқырата көрсетiп, өзге бояуларды менсiнбей, мұрнын шүйiре қарап тұрған шақ-тын. Соның әсерi ме, суретшi досымның картиналары табиғат картинасының алдында солғын тартып, күлiмдеген күн көзiнен "ұялғандай" сиықсыз көрiнген. Менде анық бiр кесiмдi пiкiр...
Жаймашуақ көктем едi. Табиғат өзiнiң бар бояуын жарқырата көрсетiп, өзге бояуларды менсiнбей, мұрнын шүйiре қарап тұрған шақ-тын. Соның әсерi ме, суретшi досымның картиналары табиғат картинасының алдында солғын тартып, күлiмдеген күн көзiнен "ұялғандай" сиықсыз көрiнген. Менде анық бiр кесiмдi пiкiрiмдi айта алмай, бiрiнен соң бiрiне көзiмдi алып қашып, күмiлжи бергенмiн. Ол көкпенбек көк шалғынның үстiнде аяқ-қолын тарбайтып, тыр жалаңаш жатқан балпанақтай сәбидiң бейнесi кескiнделген картинасын қолымен нұсқап: --- Мiне, мына суреттен не көрiп тұрсыз? --- дедi мен бiлмейтiн бiр құпия сырды iшiне бүгiп тұрғандай екi көзi ұшқын атып. --- Бұл --- ғарыш перзентi! Әне, оның әкесi\... Әкесiнiң қос жанары сәбидiң әр қимылынан көз жазбай, бақылап тұр!.. Ол картинадағы көгiлдiр аспан төсiндегi таңғы көштен қалып қойған қос жұлдыздай сығырайған қос таңбаны көрсеттi. Мен өзiмнiң кәсiпқой сыншы емес екенiмдi, сондықтан да көркем өнер сырларына тереңдеп үңiле алмайтынымды айтып, ақталғандай болдым. --- Жоқ, --- дедi ол басын шайқап, үзiлдi-кесiлдi келiспейтiндiгін бiлдiрiп, --- түсiнуге тиiстiсiз! Өйткенi сiз де, мына мен де, жалпы, жер басып жүрген пенделердiң барлығы да ғарыш перзентi! --- Демек, мына картина да солай аталатын болғаны ғой\... --- Дәл таптыңыз! --- дедi ол екi көзi шоқтай жайнап. --- Солай аталады. Бұған одан басқа ат тауып қою мүмкiн емес!.. Осыдан соң ол өз картиналарындағы ойдың бәрi де ғарышпен байланысты екенiн, өйткенi суреткер санасына келiп қонып, қылқалам арқылы жарыққа шығуға ұмтылатын идеялардың барлығы да ғарыштан жететiнiн қызбалана айтып, мағ?н тереңiрек түсiндiруге тырысты. "Идея дегенiмiз --- ғарышта қалқып жүретiн материясыз сана. Онда олардың иесi де, таратушысы да жоқ. Бiрақ олар әлсiн-әлсiн жер бетiне қарай ұмтылып, қайсыбiр жандардың санасына қонып, бейнелеу, музыка немесе сөз өнерi арқылы таралады. Ал оларды таратушылар --- суретшi, композитор, жазушы немесе философ атанып жатады. Әрине, суреткер талантын, шығармашылық iзденiсiн ешкiм де жоққа шығара алмайды. Себебi, белгiлi бiр уақыт аралығында кезегiмен жер бетiне жақындап келетiн ғарыштық идеяларды дәл сол мезгiлде бiр емес, бiрнеше қабiлеттi адамдардың ми-локаторлары қабылдап үлгередi. Бiрақ дер кезiнде қабылдау бар да, оны қорытып, өңдеп, тарату тағы бар емес пе! Мiне, бiздiң --- талант, iзденiс, жаңалық деп жүргендерiмiз де сол! Кiм елгезек, iзденiмпаз, ең бастысы, еңбеккер болса, сол ғарыштық идеяны өзгелерге қарағанда тезiрек тарата алады. Содан соң барып: "Әттеген-ай, сол ой менiң де басымда болып едi-ау!" дейтiндей iшкi таңданыс, өкiнiш, әрi-берiден кейiн қызғаныш та туады\..." Рас-ау,?деген ой келiп едi маған сонда. Бiрақ бұл жаңалық бiз дағдыланғандай күнделiктi баспасөз беттерiнен, радио-теледидардан жиi насихатталып, биiк мiнберлерден жиi айтылып жатпағандықтан, қайтып еске алмағанмын.