Past Paper - Tatar Literature - [Year]

Summary

This document appears to be a sample of Tatar language literature, likely an excerpt from a story or a collection of tales. It contains various characters and descriptions, potential for use in literature lessons, or for Tatar language learning.

Full Transcript

Құса күндердің бірінде Имекең әлдеқайдан келе жатып иесіз далаға түнейді. Айдалада жалғыз жатқаны көңілін елегізітті ме, кім білсін, әлден уақытта ақбоз атты, ақ сәлделі, ақ шапанды әулие кейпіндегі жан иесі үстіне төне түсіп: «Ей, пенде, құла дүзде жападан-жалғыз жатқаның қалай?» -- деп шүйіледі бі...

Құса күндердің бірінде Имекең әлдеқайдан келе жатып иесіз далаға түнейді. Айдалада жалғыз жатқаны көңілін елегізітті ме, кім білсін, әлден уақытта ақбоз атты, ақ сәлделі, ақ шапанды әулие кейпіндегі жан иесі үстіне төне түсіп: «Ей, пенде, құла дүзде жападан-жалғыз жатқаның қалай?» -- деп шүйіледі білем. Жолаушы аң қуып жүріп, серіктерінен адасып қалғандығын айтады. «Е, байғұсым, жоққа жеткен жүйрік көрдің бе, сағым қуған адамда ырыздық болмайтынын білсең керек-ті. Бұдан былай жалғыз жүрмін деп бекерге налыма, жарқыным, қойныңа жаратылыстың үш шаранасын салдым, соларға емініп мауқыңды бас!» -- деп ғайып болады. Әлденеге күсталанған жолаушы олай-бұлай қарманса -- түлкінің, қасқырдың және барыстың (кейбір айтушылар арыстанның деседі) көзін енді ғана ашқан күшіктері екен, бейкүнә мақұлықтар қашудың орнына қолтығына кіре түседі-міс\... Таң саз бере біржола оянған би өрекпіген көңілін баса алмай, әлгі бір ғажап көрініске жан дүниесі елжіреп біраз жатады да, едәуір бұрыс болса да, Төртуыл1 жұртының батагөй қарты Құрмантай абыздың ауылына ат басын бұрады. «Жақсылықтан үмітіңді үзбе, қадірменді Сәтекем ұрпағы! -- дейді абыз Имантайдың түсін қуанышқа жорып. -- Ауылыңа барған соң әкешешеңнің алдынан өтіп, төсек жаңғырт. Алла хош көрсе -- үш перзент көресің, біреуі түлкідей сылаңдаған көрікті қыз бала болар, екеуін бөрідей айбарлы, арыстандай қайратты ұлдарға жорыдым\... Аққа оранып келіп аян берген, сірә, Қыдыр атаң, өзің ұзақ жасап, бақ-жұлдызың жарқырап, перзенттерің атыңды алты алашқа таратып, бақытқа шаш етектен кенеледі екенсің. Тәубе деп, хақ тағаланың шексіз құдіретіне құлшылық етуден жаңылма\...»

Use Quizgecko on...
Browser
Browser