Оқу мониторингісі (PDF)

Summary

Мақалада оқу мониторингісінің түрлері, әдістері мен мақсаттары қарастырылған. Педагогикалық мониторингтің рөлі, білім сапасын жақсартуға қалай ықпал ететіндігіне назар аударылған. Оқу мониторингінің бағыттары мен талаптары баяндалған.

Full Transcript

Жоспар: Кіріспе. Негізгі бөлім: a. Мониторингтік зерттеу әдісі. b. Оқу мониторингісінің мақсат - міндеттері мен талаптары. Қорытынды. **Кіріспе.** Мониторинг дегенiмiз латын тiлiнен аударғанда (еске түсiрушi, қадағалаушы) қоршаған ортаны адам қызметiмен байланысты бақылау, бағалау, болжамда...

Жоспар: Кіріспе. Негізгі бөлім: a. Мониторингтік зерттеу әдісі. b. Оқу мониторингісінің мақсат - міндеттері мен талаптары. Қорытынды. **Кіріспе.** Мониторинг дегенiмiз латын тiлiнен аударғанда (еске түсiрушi, қадағалаушы) қоршаған ортаны адам қызметiмен байланысты бақылау, бағалау, болжамдау деген мағынаны бiлдiредi. Жалпы мониторинг дегеніміз: \-         Белгілі бір саладағы маңызды мәселелер бойынша жүйелі және үздіксіз ақпарат жинақтау әрекеті. \-         Белгілі бір жүйе, оның элементтері жайлы сараптама жасауға мүмкіндік беретін мәліметтерді жинау, өңдеу, сақтау және тарату жүйесі. \-         Нақтылау және түзету енгізу үшін жүзеге асырылатын процесс жағдайы, дамуы туралы ғылыми негізде үздіксіз қадағалау жүйесі. Мониторингтiң түрлерi: \-         педагогикалық; \-         әлеуметтанымдық; \-         психологиялық; \-         медициналық; \-         экономикалық; \-         демографиялық. Мониторинг -- ұзақ уақыт белгiлi бiр мақсат негiзiнде жинақталған, сақталған ақпараттарды өңдеу, субъектiлердi ақпарат нәтижесiмен қамтамасыз ететiн керi байланыс. Мониторинг қызметi: Мониторингтiң негiзгi мiндетi -- мақсат пен нәтиже арасындағы айырманы азайту. Педагогикалық мониторинг дегенiмiз бiлiм беру жүйесiнiң қызметi туралы ақпаратты жинап, сақтап, саралап, таратуға және оның үздiксiз бақылап отыруға, даму болашағына болжам жасауға мүмкiндiк беретiн жұмыс жүйесi. Педагогикалық мониторинг жасауға қажеттi ақпаратты жинау мына бағыттарда жүзеге асырылады: 1)ақпараттың мазмұны; 2)ақпараттың сапасы; 3)ақпаратты басқаруда пайдалану. **Мониторингтік зерттеу әдісі.** Мониторингтік зерттеудің әдісі: әуелі зерттеуге бағытталған оқу пәндері таңдап алынып, мониторингті жүргізу мерзімі анықталады. Оқушыларға берілетін тесттер мен бақылау қималары мектептің әдістемелік бірлестік жетекшісімен бірлесіп таңдап алынады. Бұл жұмысты жүргізу кестесі алдын ала ілінеді. Сыныптың білімді игеру дәрежесі арнайы технологиялық карталарға толтырылады. Мониторинг қорытындысы бойынша мұғалімдерге осы элементтер негізінде оқушылардың білім, дағды, іскерлігіндегі кемшіліктерді түзеуге уақыт беріледі. Білім сапасында көп айтылып жүрген шақта оқу - тәрбие үрдісінің әр түрлі қырларын талдауда мониторингтік зерттеу жақсы құрал болып табылады. Мониторингтік зерттеу нәтижесінде өткен оқу жылындағы оқу - тәрбие үрдісі туралы дәл, әділ, тез ақпарат аламыз. Ол ақпарат оқушылардың оқу әрекеті мен мұғалімдердің іс - әрекетіне түзету жүргізу жайлы уақтылы басқарушылық шешім қабылдауға мүмкіндік береді. Мониторингтік зерттеу жүргізуге педагогтер мен мектеп әкімшілігінің қатысуы дидактикалық құралдарды жаңарту нәтижесі және сапасы жөнінде дұрыс ақпаратпен қамтамасыз етеді, теорияның мектеп өмірімен толық байланысын жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Зерттеу нысандары мен істі атқару тәртібін анықтауға жол ашады. Мониторингтің нәтижесі мұғалімдерді аттестаттауда, сабаққа қатысу кезінде, мұғалімнің іс-әрекетін және оқушылардың білім, білік, дағдыларын түзетуде қажет. **Оқу мониторингісінің мақсат-міндеттері мен талаптары.** Оқу мониторингісінің мақсат-міндеттері: \- Ұжымның жұмысын мониторингке шоғырландыру; \- Мәліметтер қорын жинау; \- Оқушылардың үлгерімі және білім сапасын көтеру; \- Педагогтардың шеберлігін арттыру, басқару жүйесінің сапасын арттыру; \- Мониторингтік зерттеулердің нәтижелерін педагогикалық кеңесте ортаға салу: \- Мониторинг бағдарламасын бекіту. Мониторинг жасаудың бағдарламасы: 1. Зерттеу бағыттарын анықтау. 2. Мониторинг көрсеткіштерін анықтау. 3. Алынған мәліметтердің дұрыстығын қамтамасыз ететін әдістерді анықтау. 4. Әр бағыт бойынша мәліметтер жинау және оларды өңдеу, сараптау және сақтау технологиясын анықтау. 5. Берілген бағыттар бойынша мониторингке қатысатын мұғалімдердің атқаратын қызметін белгілеу. Мониторинг жасауда белгілі бір талаптар қойылады, оларды мониторинг жасаудың принциптері деуге де болады. Оларға: 1. Мәліметтердің дұрыстығы. Керек мәліметтер нақты және мектеп әкімшілігіне пайдалы болу керек. 2. Мәліметтерді салыстыратын мүмкіндіктің болуы. Кез келген үдерістің тек қазіргі деңгейі ғана емес, ондағы өзгерістердің себептерін зерттеу керек болады. 3. Болжамдық. Нәтижелерге сүйене отырып, болуы мүмкін өзгерістерге болжам жасау. 1\. Оқушылардың денсаулық жағдайы. 2\. Мектептің материалдық базасы. 3\. Педагогтардың шеберлігі. 4\. Үйірмелер, спорт секцияларының жұмысы. 5\. Оқушылардың сабаққа қатысуы. 6\. Тәрбие жұмысы. 7\. Оқушылардың дұрыс тамақтануы. 8\. Баланың отбасындағы жағдайы және т.с.с. **Қорытынды:**  Мониторинг қандай да бір үдеріске ұйымдастырылған бақылау, нақты нәтижелерді салыстыру арқылы болашақта оларды жақсартуға бағыттылған шаралар ұйымдастыру үшін жасалады. Мониторинг жүргізу қазіргі таңда барлық мекемелерде, өндірістің барлық салаларында жүзеге асып жатыр.  Мониторинг дегеніміз белгілі бір нәрсенің жай - күйін бақылау, бағалау, талдау және болжау жүйесі, белгілі параметрлерді анықтаудағы бақылау құралы. Мониторинг ішінде басқарудың өзіндік қызметі, педагогикалық іс - әрекет барысындағы бағалау жүргізіледі. Педагогикалық мониторинг педагогикалық жүйенің дамуын болжау, сонымен қатар оның жағдайын үздіксіз бақылауын қамтамасыз етуді көрсетеді. Мониторингтің мәні әр тоқсанның не әр тараудың соңында шыққан графиктен осы тұстағы алған білімнің кем тұстары, жетістіктері айқын көрініп тұрады. Даму мониторингіне қарап білім деңгейін оқушы өзі бақылап отырады. Бағалаудағы әділетсіздік мәселесі шешіледі. **Пайдаланған әдебиеттер:** 1. Паньшина Т. В., Айтпаева Ж. Ж. Педагогикалық менеджмнет (оқулық) Алматы, 2012 -- 127-140б. 2. Интернет материалдары. (www.google.kz)

Use Quizgecko on...
Browser
Browser