Амин қышқылдары 1-лекция PDF
Document Details
Uploaded by Deleted User
Ескалиева Балакыз Кымызгалиевна
Tags
Summary
Бұл құжат амин қышқылдары туралы 1-лекция. Амин қышқылдарының жіктелуі, құрылымы, химиялық қасиеттері және изомериясы туралы мағұлматтар ұсынылған. Оқыту материалы студенттер үшін арналған.
Full Transcript
Д 1. Амин қышқылдары, олардың жіктелуі, құрылымы, номенклатурасы және химиялық қасиеттері. Пептидтік байланыс. Дәріскер: доцент, Ескалиева Балакыз Кымызгалиевна Аминқышқылдары, олардың сипаттамасы, α-, β- және γ-аминқышқылдарының айырмашылығы Амин қыш...
Д 1. Амин қышқылдары, олардың жіктелуі, құрылымы, номенклатурасы және химиялық қасиеттері. Пептидтік байланыс. Дәріскер: доцент, Ескалиева Балакыз Кымызгалиевна Аминқышқылдары, олардың сипаттамасы, α-, β- және γ-аминқышқылдарының айырмашылығы Амин қышқылдары – органикалық қышқылдар. Олардың молекуласында карбоксил және амин топтары бар. Амин қышқылдары молекуласында амин тобы α-, β-, γ- жағдайында да және басқа жағдайында да болады. Табиғи ақуыздардан тек α-амин қышқылы ғана табылған. Химиялық құрамына және бүйірдегі топтардың құрамына байланысты амин қышқылдары полярлы (гидрофильді) және полярсыз (гидрофобты) деп жіктеледі немесе оларды бейтарап, қышқылдық және негіздік амин қышқылдары деп бөледі. Қоректік бағалығына қарай ауыстырылатын және ауыстырылмайтын амин қышқылдары деп ажыратады. карбоксил тобы амин тобы Биполярлы (цвиттер) иондар амин цвиттер ион немесе қышқылы биполярлы ион Құрамында оң және теріс заряды бар Аминқышқылы цвиттер ионы түрінде болады Молекула ішілік тартылыс күші жоғары Балқу және қайнау температуралары жоғары Амин қышқылдардың аталуы Тривиальды атау кең тараған аминқышқылдарына қолданылады: аминсірке қышқылы глицин Халықаралық атаулар жүйесі бойынша амин тобының орны цифрмен көрсетіледі аминбутан қышқылы IUPAC (жүйелік номенклатура) бойынша көміртек атомдарын грек алфавиті әріптерімен белгілейді: амингидроксипропион қышқылы Амин қышқылдарының изомериясы Оптикалық изомерия аминқышқылдары (глициннен басқа) молекулалары өздерінің айналы кескініне беттестіріле алмайды. Стереоизмерлердің бұл түрі хиральдылық немес оптикалық белсенділік деп аталады. е Хиральды молекула өзінің айналы кескініне беттестіріле алмайтын молекула. Асимметриялы көміртек атомы Химиялық қасиеттері -СООН қышқылдық қасиет - NH2 негіздік қасиет Қорытынды: амин қышқылдары органикалық амфотерлі заттар. Егер молекулада: - СООН - NH2 бейтарап орта (глицин) - СООН - NH2 қышқылдық орта (глутамин қышқылы) - СООН - NH2 сілтілік орта (лизин) (индикатор: лакмус қағазы) . Сілтілермен әрекеттесуі Калий глицилаты . Қышқылдармен әрекеттесуі Глициннің гидрохлориді 3. Мыс () гидроксидімен көк түсті мыстың хелатты тұзы түзіледі 4. Эфир түзілу реакциясы (бұл жерде НСL және NH3 газ күйінде қолданылады) аминқышқылы- ның метил эфирі . Галоген ангидридтердің түзілуі N-ацетил-амин қышқылы N-ацетил-амин қышқылының хлорангидриді . Шифф негізінің түзілуі аминқышқылы альдегид Карбиноламин ауыстырылған имин (Шифф негізі) 7. Аминқышқылдардың өзара әрекеттесуі (қышқыл және негізгі қасиеттер атомдардың әртүрлі топтарымен ұсынылғандықтан, молекулалар бір-бірімен әрекеттеседі). Пептидтік (амидтік )байланыс 8. Эдман реакциясы (бұл реакция пептидтердің құрылысын анықтау үшін кең қолданылады) фенилизотиоцианат глицин фенилтиогидантоин Сапалық реакция аминқышқылы нингидрин