2024-2025 Оқу жылындағы Білім беру процесінің ерекшеліктері PDF
Document Details
Uploaded by AvailableFluorine7465
Ы. Алтынсарин атындағы ЖББМ
2024
Tags
Related
- ҚР білім беру саласындағы мемлекеттік саясатының негізгі бағыттары (PDF)
- Білім туралы Заң PDF
- 3 сынып Цифрлық сауаттылық Әдістемелік нұсқау PDF
- Білім сапасын арттырудағы кедергілер мен кемшіліктер (1) PDF
- Қазақстан мектептері туралы жалпы мәлімет
- Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту Министрлігінің 2023 №82 Бұйрығы
Summary
Бұл құжат 2024-2025 оқу жылында Қазақстан Республикасының жалпы білім беретін мектептеріндегі білім беру процесінің ерекшеліктерін баяндайды. Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартына (МЖМБС), үлгілік оқу жоспарларына (ҮОЖ) және үлгілік оқу бағдарламаларына (ҮОБ) сәйкес келетін оқу процесін ұйымдастыру жөніндегі нақты ұсыныстар мен нұсқаулар берілген. Бұл нұсқаулық орта білім беру ұйымдарының басшыларына, педагог-теріне, әдіскерлерге арналған, білім басқармалары мен бөлімдері үшін пайдалы ресурс.
Full Transcript
Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы «2024-2025 оқу жылында Қазақстан Республикасының жалпы білім беретін мектептерінде білім беру процесін ұйымдастырудың ерекшеліктері туралы» ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУ ХАТ Қазақстан Республикасының Оқу-аға...
Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы «2024-2025 оқу жылында Қазақстан Республикасының жалпы білім беретін мектептерінде білім беру процесін ұйымдастырудың ерекшеліктері туралы» ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУ ХАТ Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУ ХАТ «2024-2025 оқу жылында Қазақстан Республикасының жалпы білім беретін мектептерінде білім беру процесін ұйымдастырудың ерекшеліктері туралы» Астана 2024 Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының Ғылыми-әдістемелік кеңесі шешімімен ұсынылды (2024 жылғы 10 маусымдағы №2 хаттама). «2024-2025 Оқу жылында Қазақстан Республикасының жалпы білім беретін мектептерінде білім беру процесін ұйымдастырудың ерекшеліктері туралы» Әдістемелік нұсқау хат. – Астана: Ы.Алтынсарин атындағы ҰБА, 2024. – 113 б. Әдістемелік нұсқау хатта Қазақстан Республикасы білім беру ұйымдарының мектепалды және 1-11-сыныптарында 2024-2025 оқу жылындағы оқу-тәрбие про- цесін ұйымдастыру жөніндегі материалдар берілген. Әдістемелік нұсқау хат орта білім беру ұйымдарының басшыларына, педагог- теріне, әдіскерлерге, білім басқармалары мен бөлімдерінің, білім беру саласын- дағы сапаны қамтамасыз ету департаменттерінің басшылары мен мамандарына арналған. © Ы. Алтынсарин атындағы ҰБА, 2024 «2024-2025 оқу жылында Қазақстан Республикасының жалпы білім беретін мектептерінде білім беру процесін ұйымдастырудың ерекшеліктері туралы» әдістемелік нұсқау хат 3 МАЗМҰНЫ 6 І 2024-2025 ОҚУ ЖЫЛЫНДА БІЛІМ БЕРУ ПРОЦЕСІН ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ 7 1.1 Оқу-тәрбие процесін ұйымдастыру бойынша нормативтік құқықтық актілер 11 1.2 Үлгілік оқу жоспарларының ерекшеліктері 12 1.3 Мектепалды сыныптарда тәрбиелеу-білім беру процесін ұйымдастыру 13 ІІ БАСТАУЫШ, НЕГІЗГІ ОРТА ЖӘНЕ ЖАЛПЫ ОРТА БІЛІМ БЕРУДІҢ МЖМБС, ҮОЖ, ҮОБ ІСКЕ АСЫРУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ 13 2.1. Тіл және әдебиет 23 2.2. Математика және информатика 30 2.3. Жаратылыстану 39 2.4. Адам және қоғам 50 2.5. Технология және өнер 54 2.6. Дене шынықтыру 57 2.7. «Алғашқы әскери және технологиялық дайындық» 59 2.8. «Цифрлық ұстаз» жобасын іске асыру аясында тұрмысы төмен отбасылардан шыққан білім алушылармен жұмыс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі 4 Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы 61 ІІІ БІЛІМ БЕРУДЕГІ ЦИФРЛЫҚ ШЕШІМДЕР 61 3.1. Білім алушылардың цифрлық дағдылары мен құзыреттерін дамыту 62 3.2. Интерактивті және танымдық-қызықты білім беру ортасын құру үшін цифрлық технологиялар мен шешімдерді пайдалану 69 3.3. Қашықтан оқытуда цифрлық технологияларды қолдану 70 3.4. Біріктірілген сыныптарда оқу процесін ұйымдастыруда цифрлық ресурстарды пайдалану 72 IV ТӘРБИЕ ЖҰМЫСЫН ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ 80 V ИНКЛЮЗИВТІ БІЛІМ БЕРУ 89 VI ІШКІ ЖӘНЕ СЫРТҚЫ БАҒАЛАУДЫ ӨТКІЗУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ 98 VII БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМДАРЫНЫҢ ПЕДАГОГТЕРІ МЕН БАСШЫЛАРЫНЫҢ ҚЫЗМЕТІН ӘДІСТЕМЕЛІК СҮЙЕМЕЛДЕУ 107 Білім беру жобалары білім беруді дамытудың драйверлері ретінде 111 ҚОСЫМША. Атаулы күндер «2024-2025 оқу жылында Қазақстан Республикасының жалпы білім беретін мектептерінде білім беру процесін ұйымдастырудың ерекшеліктері туралы» әдістемелік нұсқау хат 5 Құрметті әріптестер! 2024-2025 оқу жылында Қазақстан Республикасының жалпы білім беретін мек- тептерінде білім беру процесін ұйымдастырудың ерекшеліктері туралы осы әдістемелік нұсқау хат қолданыстағы заңнаманы сақтау, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім берудің Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стан- дартын (бұдан әрі – МЖМБС), Үлгілік оқу жоспарларын (ҮОЖ) және Үлгілік оқу бағдарламаларын (ҮОБ) жүзеге асырудың бірыңғай тәсілдерін қалыптастыру мақсатында әзірленді. Әдістемелік нұсқау хатқа мыналар кіреді: Қазақстан Республикасының жалпы білім беретін мектептеріндегі білім беру процесін реттейтін негізгі нормативтік құжаттарға сілтемелер; бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім берудің үлгілік оқу жоспарла- рының ерекшеліктері бойынша түсініктемелер; бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім берудің МЖМБС, ҮОЖ, ҮОБ іске асыру жөніндегі ұсынымдар; білім беру процесінде цифрлық шешімдерді қолдану бойынша ұсынымдар; тәрбие жұмысын ұйымдастыру бойынша ұсынымдар; инклюзивті білім беруді ұйымдастыру бойынша ұсынымдар; ішкі және сыртқы бағалауды жүргізу бойынша ұсынымдар; білім беру ұйымдарының педагогтері мен басшыларының үздіксіз кәсіби дамуын әдістемелік сүйемелдеу, мектепішілік бақылауды ұйымдастыру мен мектептің дамуын жоспарлау бойынша ұсынымдар. Алдағы оқу жылындағы өзекті міндеттер білім алушылардың академиялық адалдығын дамыту, білім беруді жақсарту үшін жасанды интеллектіні қолдану, үлгерімі төмен білім алушылармен жұмыс жүргізу болады. Құрметті ұстаздар! Бұл әдістемелік нұсқау хат Сіздерге алдағы оқу жылында білім беру процесінің тиімділігін қамтамасыз етуде әдістемелік қолдау болады деп сенеміз. [1 Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі 6 Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы 2024-2025 Оқу жылында білім беру процесін ұйымдастырудың ерекшеліктері Оқу жылының ұзақтығы 1-сыныптарда - 33 оқу апта- сын, 2-11 (12) сыныптарда – 34 оқу аптасын құрайды 2024 жылғы 2-қыркүйек алғашқы оқу күні, оқудың аяқталуы - 2025 жылғы 23 мамыр. Тілдерді кезең-кезеңмен оқыту шеңберінде 3- сыныпта «Шетел тілі» пәнін оқыту енгізіледі «Көркем еңбек» пәнін кезең-кезеңмен «Бейнелеу өнері» және «Еңбекке ба- улу» пәндеріне бөліп оқыту 3-сыныпта жалғасады, 4-сыныпта «Көркем ең- бек» пәні оқытылады «ДосболLIKE» бағдарламасын және «Менің бауырым» волонтерлік жобасын іске асыру шеңберінде мектепте салауатты және қауіпсіз білім беру орта- сын қалыптастыру бойынша жұмыстар жалғасады Ауылдық тірек және шағын жинақты мектептерінде жекелеген пәндерді оқытудың инновациялық тәсілдері енгізіледі 2024 жылдан бастап «Цифрлық ұстаз» жобасын іске асыру шеңберінде тұрмысы төмен отбасылардан шыққан білім алушылармен жұмыс белсен- діріледі 2024 жылдан бастап педагогтерді аттестаттаудың жаңа форматы енгізілді «Білім берудегі өзгерістердің 1000 көшбасшысы» кадр резервінің республи- калық базасын қалыптастыру бойынша жұмыс жалғасады Цифрлы технологияларды пайдаланып шағын жинақты ауыл мектептерінің әлеуетін дамытуға бағытталған пилоттық жобалар масштабталады. Мектептердің ата-аналар қауымдастығымен өзара іс-қимылы бойынша жұ- мыстар күшейтіледі Оқыту мен бағалауда жасанды интеллектіні қолдану аясы кеңейтіледі. «Жер елшілері» креативті жастардың Бүкілқазақстандық экологиялық қозғалысы» жобасы шеңберінде білім алушыларға экологиялық білім беру жүзеге асырылады 2024-2025 ОҚУ ЖЫЛЫНДА БІЛІМ БЕРУ ПРОЦЕСІН ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ 7 1.1 ОҚУ-ТӘРБИЕ ПРОЦЕСІН ҰЙЫМДАСТЫРУ БОЙЫНША НОРМАТИВТІК ҚҰҚЫҚТЫҚ АКТІЛЕР 2024-2025 оқу жылында білім беру ұйымдары білім беру процесін іске асы- ру кезінде Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңын, Қазақстан Ре- спубликасында мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік білім беруді дамытудың 2023 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасын, «Педагог мәр- тебесі туралы», «Қазақстан Республикасындағы Баланың құқықтары туралы», «Қазақстан Республикасында мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау ту- ралы» және т.б., Заңдарды және басқа да заңнама актілерін басшылыққа алуы және оқыту процесін келесі нормативтік құжаттар негізінде жүзеге асыруы тиіс: 1 «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың, бастауыш, https://adilet.zan.kz/kaz/ негізгі орта және жалпы орта, техникалық және docs/V2200029031) кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің мемле- кеттік жалпыға міндетті стандарттарын бекіту туралы» ҚР Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 3 тамыздағы № 348 бұйрығы 2 «Қазақстан Республикасында бастауыш, негізгі орта, https://adilet.zan.kz/kaz/ жалпы орта білім берудің үлгілік оқу жоспарларын docs/V1200008170 бекіту туралы» ҚР БҒМ 8.11.2012 ж. № 500 бұйрығы 3 «Бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім дең- https://adilet.zan.kz/kaz/ гейлерінің жалпы білім беретін пәндері мен таңдау docs/V2200029767 курстары бойынша үлгілік оқу бағдарламаларын бекіту туралы» ҚР Оқу-ағарту министрінің 16.09.2022ж. №399 бұйрығы 4 Қазақстан Республикасында мектепке дейінгі, орта, https://adilet.zan.kz/kaz/ техникалық және кәсіптік білім беруді дамытудың docs/P2300000249 2023 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы ҚР Үкіметінің 2023 жылғы 28 наурыздағы № 249 Қаулысы 5 «Орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі https://adilet.zan.kz/kaz/ білім беру ұйымдары үшін білім алушылардың үл- docs/V2300032306 геріміне ағымдағы бақылауды, оларды аралық және қорытынды аттестаттауды өткізудің үлгілік қағидала- рын бекіту туралы» ҚР БҒМ 18.03.2008 ж. № 125 бұй- рығы Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі 8 Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы 6 «Орта білім беру ұйымдарына арналған оқулықтар- https://adilet.zan.kz/kaz/ дың, мектепке дейінгі ұйымдарға, орта білім беру docs/V2000020708 ұйымдарына арналған оқу-әдістемелік кешендердің, оның ішінде электрондық нысандағы тізбесін бекіту туралы» ҚР Білім және ғылым министрінің 22.05 2020 ж. № 216 бұйрығы 7 «Тиісті типтердегі және түрлердегі мектепке дейінгі, https://adilet.zan.kz/kaz/ орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейін- docs/V2200029329 гі, қосымша білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» ҚР Оқу-ағарту мини- стрінің 2022 жылғы 31 тамыздағы № 385 бұйрығы 8 «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуды, орта білім бе- https://adilet.zan.kz/kaz/ руді, сондай-ақ кредиттік оқыту технологиясын еске- docs/V1700016138 ре отырып, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беруді жан басына шаққандағы норма- тивтік қаржыландыру қағидаларын бекіту туралы» ҚР БҒМ 2017 жылғы 27 қарашадағы № 596 бұйрығы 9 «Мектепке дейінгі, орта білім беру ұйымдарын, сон- https://adilet.zan.kz/kaz/ дай-ақ арнайы білім беру ұйымдарын жабдықтармен docs/V1600013272 және жиһазбен жарақтандыру нормаларын бекіту туралы» ҚР БҒМ 22.01.2016 ж. №70 бұйрығы 10 «Педагогтерді аттестаттаудан өткізу қағидалары мен https://adilet.zan.kz/kaz/ шарттарын бекіту туралы» ҚР БҒМ 27.01.2016 ж. №83 docs/V1600013317 бұйрығы 11 «Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші бас- https://adilet.zan.kz/kaz/ шыларын ротациялауды жүргізу қағидаларын бекіту docs/V2100025128 туралы» ҚР БҒМ 11.11.2021 ж. №559 бұйрығы 12 «Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші бас- https://adilet.zan.kz/kaz/ шылары мен педагогтерін лауазымға тағайындау, docs/V1200007495 лауазымнан босату қағидаларын бекіту туралы» ҚР БҒМ 21.02.2012 ж. № 57 бұйрығы 13 «Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту, орта, арнаулы, https://adilet.zan.kz/kaz/ қосымша, техникалық және кәсіптік, орта білімнен docs/V2000020317 кейінгі білім беру ұйымдарының педагогтері жүргізу үшін міндетті құжаттардың тізбесін және олардың нысандарын бекіту туралы» ҚР БҒМ 6.04.2020 ж. № 130 бұйрығы 2024-2025 ОҚУ ЖЫЛЫНДА БІЛІМ БЕРУ ПРОЦЕСІН ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ 9 14 «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту, бастауыш, негіз- https://adilet.zan.kz/kaz/ гі орта, орта білім беру ұйымдарында педагогикалық docs/V2000020292 кеңес қызметін ұйымдастырудың және оны сайлау тәртібінің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» ҚР БҒМ 02.04.2020 ж. № 125 бұйрығы 15 «Білім беру объектілеріне қойылатын санитари- https://adilet.zan.kz/kaz/ ялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық docs/V2100023890 қағидаларын бекіту туралы ҚР Денсаулық сақтау ми- нистрінің 05.08.2021 ж. № ҚР ДСМ-76 бұйрығы 16 «Педагогтердің біліктілігін арттыру курстарының https://adilet.zan.kz/kaz/ білім беру бағдарламаларын әзірлеу, келісу және docs/V2000020567#z1 бекіту қағидаларын бекіту туралы» ҚР БҒМ 4.05.2020 ж. №175 бұйрығы 17 «Үздік педагог» атағын беру қағидаларын бекіту тура- https://adilet.zan.kz/kaz/ лы» ҚР БҒМ 16.01.2015 ж. №12 бұйрығы docs/V15H0010279 18 «Педагогтердің біліктілігін арттыру курстарын ұй- https://adilet.zan.kz/kaz/ ымдастыру және жүргізу, сондай-ақ педагогтің қы- docs/V1600013420 зметін курстан кейінгі қолдау қағидалары» ҚР БҒМ 28.01.2016 ж. №95 бұйрығы 19 «Орта білім беру ұйымдары үшін міндетті мектеп https://adilet.zan.kz/kaz/ формасына қойылатын талаптарды бекіту туралы» ҚР docs/V1600013085 БҒМ 14.01.2016 ж. №26 бұйрығы 20 «Бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білімнің https://adilet.zan.kz/kaz/ жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асы- docs/V1800017553 ратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы» ҚР БҒМ 12.10.2018 ж. №564 бұйрығы 21 «Орта білім беру ұйымдарында сынып жетекшілігі ту- https://adilet.zan.kz/kaz/ ралы ережені бекіту туралы» ҚР БҒМ 12.01.2016 ж. №18 docs/V1600013067 бұйрығы 22 «Жеңімпаздары, жүлдегерлері және оларды дай- https://adilet.zan.kz/kaz/ ындаған педагогтер бюджет қаражаты есебінен docs/V2200028915 біржолғы сыйақымен көтермеленетін жалпы білім беретін пәндер бойынша халықаралық олимпиада- лардың тізбесін бекіту туралы» ҚР Оқу-ағарту мини- стрінің 20.07.2022 жылғы №333 бұйрығы Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі 10 Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы 23 «Жалпы білім беретін пәндер бойынша республика- https://adilet.zan.kz/rus/ лық және халықаралық олимпиадалар мен ғылыми docs/V1100007355 жобалар конкурстарының (ғылыми жарыстардың), орындаушылар конкурстарының, кәсіби шеберлік конкурстарының және спорттық жарыстардың тіз- бесін және оларды іріктеу өлшемшарттарын бекіту туралы» ҚР БҒМ 7.12.2011 жылғы № 514 бұйрығы 24 «Білім беру деңгейлері бойынша сапаны қамтамасыз https://online.zakon. ету жөніндегі басшылықты бекіту туралы» ҚР БҒМ kz/Document/?doc_id 23.06.2022 ж. №292 бұйрығы =37431780 25 «Қазақстан Республикасы білім беру саласындағы https://adilet.zan.kz/kaz/ қызметті жүзеге асыратын террористік тұрғыдан осал docs/V2200027414 объектілерінің терроризмге қарсы қорғалуын ұй- ымдастыру жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» ҚР БҒМ 30.03.2022 ж. № 117 бұйрығы 26 «Ерекше білім беру қажеттіліктерін бағалау қағидала- https://adilet.zan.kz/ рын бекіту туралы» ҚР БҒМ 12.01.2022 ж. №4 бұйрығы rus/docs/V2200026618/ compare 27 «Мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік, https://adilet.zan.kz/ орта білімнен кейінгі білім беру, қосымша білім беру rus/docs/V2200026513/ ұйымдарында психологиялық-педагогикалық қолдап compare отыру қағидаларын бекіту туралы» ҚР БҒМ 12.01.2022 ж. №6 бұйрығы 28 «Педагогтің жұмыс уақыты мен демалыс уақыты https://adilet.zan.kz/kaz/ режимінің ерекшеліктерін айқындау қағидаларын docs/V2000020449 бекіту туралы» ҚР БҒМ 2020 жылғы 21 сәуірдегі № 153 бұйрығы 29 «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» (Қа- https://adilet.zan.kz/kaz/ зақстан Республикасының 2011 жылғы 26 желтоқсан- docs/K1100000518 дағы № 518-ІV Кодексі 30 «Кәмелетке толмағандардың істері және олардың https://adilet.zan.kz/kaz/ құқықтарын қорғау жөніндегі комиссия туралы үлгі docs/P010000789_ ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 11 маусымдағы № 789 қаулысы 31 «Балаларды зорлық-зомбылықтан қорғау, суицидтің https://adilet.zan.kz/kaz/ алдын алу және олардың құқықтары мен саламат- docs/P2300000748 тығын қамтамасыз ету жөніндегі 2023 – 2025 жыл- дарға арналған кешенді жоспарды бекіту туралы» ҚР Үкіметінің 31.08. 2023 ж. № 748 қаулысы 32 «Білім беру ұйымдарына және олардың аумақтары- https://adilet.zan.kz/kaz/ на әкелуге тыйым салынған, оларда пайдаланылуы docs/V2100022857 шектелген нәрселер мен заттардың тізбесін бекіту туралы» ҚР БҒМ 25.05.2021 ж. № 235 бұйрығы 2024-2025 ОҚУ ЖЫЛЫНДА БІЛІМ БЕРУ ПРОЦЕСІН ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ 11 Назар аударыңыз! Қолданыстағы НҚА-дағы өзгерістер мен толықтырулар Әділет ақпараттық жүй- есінде көрініс табады https://adilet.zan.kz/kaz. Педагогтер МЖМБС, Үлгілік оқу жоспарлары, Үлгілік оқу бағдарламаларының электронды нұсқасымен жұмыс жүргізе алады. 1.2 ҮЛГІЛІК ОҚУ ЖОСПАРЛАРЫНЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ Республиканың жалпы білім беретін мектептеріндегі оқу процесі ҚР Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 8 қарашадағы № 500 бұйрығымен (ҚР Оқу-ағар- ту министрінің 26.10.2023 ж. № 323 және 08.02.2024 ж. № 27 бұйрығымен енгізіл- ген өзгерістерімен) бекітілген Үлгілік оқу жоспарларына сәйкес жүзеге асыры- лады. ҚР Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 31 тамыздағы №385 бұйрығымен бекітіл- ген «Орта білім беру (бастауыш, негізгі орта және жалпы орта) ұйымдары қыз- метінің үлгілік қағидаларына» сәйкес білім беру ұйымдары: үлгілік оқу жоспарын, оның ішінде оқу процесі жүзеге асырылатын қысқар- тылған оқу жүктемесі бар үлгілік оқу жоспарларын дербес таңдап алады; үлгілік оқу жоспарының вариативтік бөлiгiнiң құрамына кiретiн және нақты ұйымның ерекшелігін көрсететiн оқу пәндерi бойынша оқу жұмыс жоспарын және бағдарламаларын әзiрлеудi білім беру ұйымы дербес жүзеге асырады. білім беру ұйымдары жұмыс оқу жоспарларының Үлгілік оқу жоспарына және Қазақстан Республикасының Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стан- дарттарына сәйкестігін қамтамасыз етеді. 2024-2025 оқу жылына арналған жұмыс оқу жоспарын әзірлеу кезінде Баста- уыш, негізгі орта және жалпы орта білім берудің үлгілік оқу жоспарларын (оның ішінде төмендетілген оқу жүктемесімен) тиісті білім беру деңгейіндегі оқу жүк- темесінің ерекшеліктерін ескеру талап етіледі. Бастауыш білім беру деңгейі бойынша: тілдерді кезең-кезеңмен оқыту шеңберінде 3-сыныптан бастап аптасына 2 сағат көлемінде «Шетел тілі» пәнін оқыту енгізілетінін; 3-сыныпта «Еңбекке баулу» және «Бейнелеу өнері» пәндері аптасына 1 сағаттан оқытылатынын; «Жаратылыстану» пәні 3-сыныпта аптасына 1 сағаттан, 4-сыныпта аптасына 2 сағаттан оқытылатынын ескеру қажет. Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі 12 Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы 1.3 МЕКТЕПАЛДЫ СЫНЫПТАРДА ТӘРБИЕЛЕУ-БІЛІМ БЕРУ ПРОЦЕСІН ҰЙЫМДАСТЫРУ Мектепалды даярлықты ұйымдастыру Балаларды мектепалды даярлау бес жастан бастап жалпы білім беретін мек- тептердің, лицейлердің және гимназиялардың мектепалды сыныптарында не- месе отбасында жүзеге асырылады. Тәрбиелеу-білім беру процесі: перспективалық жоспарға; циклограммаға Үлгілік оқу бағдарламасының мазмұнын меңгерту бойынша жүргізілетін мо- ниторингке сәйкес жүзеге асады. Мектептегі (лицейдегі, гимназиядағы) мектепалды сыныпта тәрбиелеу-білім беру процесін ұйымдастыру үшін педагог ұйымдастырылған іс-әрекеттің пер- спективалық жоспарын әзірлейді, апта сайын циклограмма құрады, жылына 3 рет (бастапқы – қыркүйекте; аралық – қаңтарда; қорытынды – мамырда) Үлгілік оқу бағдарламасының мазмұнын меңгерту бойынша мониторинг жүргізіледі. Мониторинг нәтижелері бойынша тәрбиеші оқу жылына баланың жеке даму картасын толтырады. Мектепке дейінгі ұйымдар қызметінің үлгілік қағидаларына сәйкес жалпы білім беретін мектептердің (лицейлердің, гимназиялардың) мектепалды даярлық сы- ныптарындағы тәрбиелеу-білім беру процесі 1 қыркүйектен 31 мамырға дейін (Үлгілік бағдарламаның мазмұнын игеру кезеңі) жүзеге асырылады. Оқу жылы ішінде мектептің (лицейдің, гимназияның) ішкі тәртіп ережелеріне сәйкес каникулдар белгіленеді. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту жүйесінің педагогтеріне кешенді әдістемелік қолдауды Балаларды ерте дамыту институтының www.irrd.kz порталы қамтама- сыз етеді. Білім берудегі сабақтастық оқушының бір білім деңгейінен екіншісіне ауысқан кезінде психологиялық және педагогикалық дайындығын қалыптастыруға бағытталып, толыққанды дамуын қамтамасыз етеді. Мектепке дейінгі және бастауыш білім беру деңгейлері арасындағы сабақта- стық білім беру процесінің әдіснамасы мен мазмұнының үздіксіздігі мен бірлігі, баланың мектепте оқуға физикалық, психологиялық, эмоционалдық, әлеумет- тік дайындығына мүмкіндік беретін білім алушылардың білімі мен дағдыларын кезең-кезеңімен арттыру болып табылады. Бастауыш мектеп баланың одан әрі жан-жақты дамуы үшін мектепке дейінгі білім беру нәтижелеріне сүйенеді. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу жоспары бастауыш білім беру мазмұнымен сабақтастықты қамтамасыз ететін ұйымдастырылған іс-әрекеттің мынадай түрлерін қамтиды: коммуникативтік («Сөйлеуді дамыту», «Көркем әде- биет», «Қазақ тілі»), коммуникативтік және танымдық («Сауат ашу негіздері»), та- нымдық және зерттеу («Математика негіздері», «Қоршаған ортамен таныстыру» («Сурет салу», «Музыка», «Жапсыру»). БАСТАУЫШ, НЕГІЗГІ ОРТА ЖӘНЕ ЖАЛПЫ ОРТА БІЛІМ БЕРУДІҢ МЖМБС, [2 ҮОЖ, ҮОБ ІСКЕ АСЫРУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ 13 Бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім берудің МЖМБС, ҮОЖ, ҮОБ іске асыру ерекшеліктері 2.1 «ТІЛ ЖӘНЕ ӘДЕБИЕТ» білім беру саласы ҮОЖ, ҮОБ іске асыру ерекшеліктері. «Тіл және әдебиет» білім беру саласы бойынша «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарт- тарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 3 тамыздағы № 348 бұйрығына сәйкес: бастауыш білім беру деңгейінде «Әліппе», «Ана тілі», «Қазақ тілі», «Әдеби- еттік оқу», «Орыс тілі», «Шетел тілі», «Букварь», «Обучение грамоте», «Қазақ тілі», «Литературное чтение», «Ұйғыр/ Өзбек/ Тәжік тілі», «Русский язык», ««Шетел тілі»; негізгі орта білім беру деңгейінде «Қазақ тілі», «Қазақ әдебиеті», «Орыс тілі мен әдебиеті», «Орыс тілі», «Орыс әдебиеті», «Қазақ тілі мен әдебиеті», «Ұй- ғыр/ Өзбек/ Тәжік тілі», «Ұйғыр/ Өзбек/ Тәжік әдебиеті», «Шетел тілі»; жалпы орта білім беру деңгейінде «Қазақ тілі», «Қазақ әдебиеті», «Орыс тілі мен әдебиеті», «Орыс тілі», «Орыс әдебиеті», «Қазақ тілі мен әдебиеті», «Ұй- ғыр/ Өзбек/ Тәжік тілі», «Ұйғыр/ Өзбек/ Тәжік әдебиеті», «Шетел тілі», қоғам- дық-гуманитарлық және жаратылыстану-математика бағыттары бойынша, «Қазақ тілі мен әдебиеті», «Орыс тілі мен әдебиеті». Жоғарыда аталған оқу пәндері бойынша оқу жүктемесінің көлемі «Қазақстан Республикасындағы бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің Үлгілік оқу жоспарларын бекіту туралы» ҚР БҒМ 2012 жылғы 8 қарашадағы № 500 бұйрығының 1-3, 11-15,103-қосымшаларында (1-4-сыныптар), 6-8, 16-20,104-қосым- шаларында (5-9 сыныптар), 21-30, 85-90,105,106- қосымшаларында (10-11 сынып- тар) көрсетілген. Бастауыш білім беру деңгейіндегі тілдік оқу пәндерінің мазмұны тыңдалым, айтылым, оқылым және жазылым дағдыларын, сондай-ақ фонетика, лексика және грамматика негіздерін дамыту арқылы бастапқы коммуникативтік дағды- ларды дамытуды қоса алғанда, білім алушылардың бастапқы сөйлеу дағдыла- рын қалыптастыруға бағытталған, оларды зерделеу имплициттік оқыту прин- Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі 14 Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы ципін пайдалану арқылы жүзеге асырылады, бұл пәндік мазмұнды ережелерді жаттамай меңгеруді білдіреді. Негізгі орта білім беру деңгейіндегі тілдік оқу пәндерінің мазмұны білім алушы- лардың жас ерекшеліктеріне, қажеттіліктері мен мүдделеріне сәйкес тіл жүй- есімен танысуды қоса алғанда, тілдік дағдылары мен рухани-адамгершілік құндылықтарды дамытуды, сөздік қорын байытуды, қазіргі әлемде тілдерді үй- ренудің маңыздылығын, көптілді және көпмәдениетті әлемнің тұтас бейнесін түсінуді, құрметпен қарауға тәрбиелеуді қамтамасыз етеді және әртүрлі көзқа- растар мен мәдениеттерге, оқытылатын тілдегі әртүрлі ақпарат көздерімен өз бетінше жұмыс істей білуге, оның ішінде жасанды интеллект негізіндегі Интер- нет-ресурстар мен платформалармен шығармашылық және сыни ойлауды да- мытуға және пайдалануға бағытталған. Жалпы орта білім беру деңгейіндегі тілдік оқу пәндерінің мазмұны көптілді және көпмәдениетті орта жағдайында бәсекеге қабілетті тілдік тұлғаны қа- лыптастыруға, әртүрлі стильдегі түпнұсқалық мәтіндердің мазмұны бойынша сөздік қорын байыту арқылы коммуникативтік құзыретті жетілдіруге бағыт- талған, бұл коммуникативтік құзыретті дамыту білім алушының дүниетанымы мен оған көзқарасын, академиялық дағдыларды, зерттеу жұмысының дағды- ларын және әртүрлі оқу міндеттерін шешуге, шығармашылық тәсілді дамытуға мүмкіндік береді. Білім алушылардың әртүрлі өмірлік жағдайларда (оқу сауаттылығы) білім, білік және дағдыларын қолдану қабілетін қалыптастыру. Тілдік оқу бағдар- ламаларында берілген білім алушылардың алған білімдері мен дағдыларын күнделікті өмірде әртүрлі мәселелерді шешуде қолдана білуде негізгі мақсатқа жету үшін оқу сауаттылығын қалыптастыру және дамыту маңызды. Осыған байланысты ҮОБ-дағы оқу мақсаттарында пәндік (академиялық) және функ- ционалдық (әртүрлі өмірлік жағдайларда қолдану, шығармашылық пайымдау, мәселені шешудегі сыни көзқарас және т.б.) құрамдас бөліктерін ажырату маңызды, мысалы: БАСТАУЫШ, НЕГІЗГІ ОРТА ЖӘНЕ ЖАЛПЫ ОРТА БІЛІМ БЕРУДІҢ МЖМБС, ҮОЖ, ҮОБ ІСКЕ АСЫРУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ 15 ҮОБ Пәндік (академиялық) компоненті басым Функционалдық компо- бөлім- оқу мақсаттары ненті басым (әртүрлі өмірлік дері жағдайларда қолдану) оқу мақсаттары Менің 2.2.1.1* сұрақ қою арқылы (не істеді? қандай? 2.1.2.1 мәтіннің тақырыбы мен мек- неліктен?) мәтін түрлерін (әңгімелеу/си- тірек сөздердің негізінде тебім паттау/пайымдау) және құрылымдық бөлік- мәтіннің мазмұнын болжау терін (басы, негізгі бөлім, соңы) анықтау 2.1.3.1 күнделікті өмірде кезде- 2.2.3.1 мәтін мазмұнын анықтауға бағыт- сетін жағдаяттарға байланы- талған сұрақтар құрастыру және жауап сты сөйлеу мәдениетін сақтап, беру диалогке қатысу 2.4.1.4* дауыссыз л, р, ң дыбыстарының ем- 2.3.4.1 мұғалімнің көмегімен лесін сақтап жазу тірек сөздерді, сөйлем, сурет- терді пайдаланып, қарапайым 2.4.2.5* дара және күрделі зат есім/сын есім/ постер, құттықтау, нұсқаулық сан есім/етістікті анықтау (бұйым жасау нұсқаулығы, қа- 2.3.6.1 бас әріп пен кіші әріптің биіктігі мен уіпсіздік ережесі) құрастыру мөлшерін сақтап, оларды байланыстырып 2.1.5.1 аудио-бейнежазба көлбеу және таза жазу мазмұны туралы өз ойын 2.2.2.1* синоним, антоним, омоним (сөздік (ұнайды, ұнамайды, себебі..., қолдану) сөздерді ажырату және мағына- пайдалы болды, пайдасыз бол- сын түсіну, сөйлеу барысында қолдану ды, себебі...) білдіру 2.4.2.1 мұғалімнің көмегімен түбір мен қо- 2.2.5.1* дереккөздерден (сөздік, сымшаны ажырату анықтамалық, энциклопедия) 2.4.2.5* дара және күрделі зат есім/сын есім/ мәліметті табу жолын анықтап, сан есім/етістікті анықтау берілген тақырып, сұрақ бой- ынша мәліметті іріктеп алу Моя 2.1.2.1 определять в прослушанном тексте, 2.1.3.1 прогнозировать содер- семья что хотел сказать автор/в чем он хотел нас жание информации на основе и дру- убедить (используя опорные слова); заголовка и опорных слов; зья 2.1.6.1 произносить правильно слова: с труд- 2.1.4.1 участвовать в диалоге, ным ударением, с сочетаниями «чт», «чн», высказывая свое мнение и вы- «щн» «гк», «гч», иноязычного происхожде- слушивая мнения других; ния 2.2.4.2 определять художе- 2.2.3.1 отвечать на вопросы по содержанию ственные и нехудожественные прочитанного, формулировать вопросы с тексты (стихотворение, рас- опорой на ключевые слова; сказ, научно-познавательный текст) 2.3.7.2* определять и проверять безударные гласные в корне, изменяя форму слова/ 2.3.1.2 создавать небольшие определять значимые части слова; тексты (рассказ) на основе особенностей художественно- 2.3.7.4* обозначать парные глухие/звон- го стиля (с помощью учителя); кие, твердые/мягкие согласные на конце и середине слова, применять способы их проверки; 2.3.7.8* переносить слова по слогам, с бук- вами й, ь, с двойными согласными Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі 16 Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы Әрбір сабақта оқу мақсатына жету білім алушылардың қажеттіліктеріне және оқу материалының күрделілігіне немесе көлеміне байланысты реттеледі. Бұл жағдайда оқу мақсаттарын негізгі және сабақтас мақсаттарға дұрыс топтасты- ру маңызды, мұнда негізгі мақсат пәндік бөлікті оқуға бағытталады, ал сабақтас мақсат функционалдық бөлікке бағытталады. Оқытуда барлық оқу мақсаттары- на жету маңызды. Мәтінді оқу және түсіну дағдылары оқу сауаттылығының маңызды құрамдас бөліктерінің бірі ретінде бастауыш сыныптардан бастап дамытылып және мәтіннің түрлері: тұтас және тұтас емес мәтіндер (инфографика, кесте және ди- аграмма түрінде) ұсынылуы керек. Мысалы, 2.1.3.1 прогнозировать содержание информации на основе заголовка и опорных слов мақсатын жүзеге асыру үшін білім алушыларға келесі тапсырманы ұсынуға болады: «Сыныптастарымның отбасындағы дәстүрлер» тақырыбына суреттер мен фотографиялардан тұратын өз парақшаңды дайында. Мұндай тапсырмалар цифрлық дағдыларды дамытуға, сонымен қатар сыни және шығармашылық ойлауды қалыптастыруға ықпал етеді: Оқу мақсаты Сұрақтар мен тапсыр- Тапсырмалардың күтілетін нәтиже- малар лерге бағытталуы 5.2.5.1 мәтін мазмұнын Саяхатқа шығуға дай- Құзыреттіліктер: түсінуге, нақты ақпа- ындық жасау туралы пәндік: Мәтіннің мазмұнын ұғады, раттарды анықтауға шағын мәтін құрасты- нақты ақпараттарды анықтау үшін бағытталған сұрақтар рып, жазайық сұрақтар құрастырады, метапәндік: құрастыру; мәтінді өңдеп, қайта редакциялай 5.3.6.1 мәтіндегі орфо- біледі. графиялық қателерді Жоғарыда құрасты- пәндік: мәтін мазмұнын түсініп, сөздіктерге сүйене рған мәтінімізге түзе- түзетулер енгізу жолдарын білу отырып, түзету және тулер енгізіп, әдеби метапәндік: Өз ойын сауатты және редакциялау. тілмен қайта редакци- жүйелі жеткізе білу ялап жазайық. Ақпараттық қоғамда, үлкен көлемдегі деректерді өңдеу маңызды болған кез- де, әртүрлі сауаттылықты дамыту қажет. Осылайша, оқу мақсаттарын жүзеге асыруда «6.2.1.1 мәтіннен негізгі және қосымша, детальді ақпаратты анықтау, түсіндіру»; «6.2.5.1 мәтіннен негізгі және қосымша ақпаратты, көтерілген мәсе- лені анықтауға бағытталған нақтылау сұрақтарын құрастыру» әртүрлi көздердi пайдалануға негізделген тапсырмалар ұсынылады: БАСТАУЫШ, НЕГІЗГІ ОРТА ЖӘНЕ ЖАЛПЫ ОРТА БІЛІМ БЕРУДІҢ МЖМБС, ҮОЖ, ҮОБ ІСКЕ АСЫРУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ 17 «Су – тіршілік көзі» Тапсырма түрлері (Судың адам ағзасына пайдасы туралы) Мәтіннің негізгі мақсатын анықта. Адам шөлдегеннен гөрі аштыққа шыдамды (Сол жақта берілген мәтіннің ақпаратын келеді екен. Зат алмасудың барлық про- пайдалан). цестері судың қатысуымен атқарылады. Организмде судың жеткіліксіз болуы шөл- Судың жүрек- қан тамыр жүйесі жұмы- деуге әкеліп соқтырады да, судың артық бо- сын қиындататынын айту. луы жүрек-қан тамыр жүйесінің жұмысын Судың пайдасы туралы нақты ақпарат қиындатады. Судың пайдалы қасиеттеріне беру. келесілері жатады: Судың дене температурасын реттейтінін Су ̶ қоректік заттектерді тасымалда- баяндау. ушы. Суды үнемдеуді насихаттау. Су ̶ еру мен суспензиялау үшін тамаша орта. Көптеген субстраттар суда ериді немесе суспензияға айналады, осылай- Қай тұжырымды дұрыс деп санай- ша жаңа заттектер түзетін реакцияларға сың? түсе алады. Сол жақта берілген мәтіннің ақпаратын Судың жылуды сақтау қасиеті жылуды пайдалан. Сұрақтың жауабы ретінде сіңіріп, оны жылу өнімі және тер була- дұрыс жауап нұсқасын белгіле. нуы ретінде шығара отырып, дене тем- Адам шөлге, аштыққа шыдамды келеді. пературасын реттеуге көмектеседі. Су қоректік заттектерді жеткілікті түрде Ағзаның қалыпты жағдайдағы су шығы- тасымалдамайды. нының түрлі жолдары бар болса, ағзаға су түсуінің екі жолы бар: судың зат алмасу Су жылуды сақтамағандықтан, дене тем- процесінде пайда болуы мен ауыз арқылы пературасын реттейді. тұтыну. Судың артық болуы жүрек- қан тамыр https://zhardem.kz/ жүйесінің жұмысын қиындатады. ҮОБ-дағы оқу мақсаттарын жүзеге асыру үшін мәтінді оқудың түрлерін білу және пайдалану маңызды. Осылайша, «8.4.2.1 understand specific information and detail in texts on a growing range of familiar general and curricular topics, including some extended texts» оқу мақсатында мәтіннің нақты мәліметтері мен детальдерін анықтау үшін тұтас емес мәтінді және сканерлеп оқу стратегияла- рын пайдалану тиімді: Applying Task 3. If you have signed up to the gym, in the first month you can … A) pay additional fees B) discount an idea C) pay 25% less E) be healthy D) call for free demo Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі 18 Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы 5-9 сынып білім алушыларының оқу сауаттылығын дамыту бойынша әдістемелік ұсы- ныстарды Ы.Алтынсарин атындағы ҰБА сайтынан табуға болады https://uba.edu.kz/qaz/ metodology/3 Білім алушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыру бойынша жұ- мысты жетілдіру үшін PISA, PIRLS және т.б. халықаралық салыстырмалы зертте- улердің материалдарымен, тест жинақтарымен және нәтижелерімен «Талдау» АҚ сайтынан танысуға болады https://taldau.edu.kz/storage/app/media/PISA/%20 %D0%B5%D1%81%D0%B5%D0%BF%20PISA-2022.pdf Оқу мақсаттарына жетуде оқу сауаттылығын дамыту үшін тапсырмалардың әртүрлі түрлерін пайдалану ұсынылады: Оқу мақсаты Тапсырма түрлері Дағдылар Оқу сауаттылығын дамыту 9.2.4.1 әртүрлі стильдегі мәтіндердің ақпаратпен жұмыс істей сыни тұрғы- тақырыбын, қызметін, құрылымын, тілдік білуге арналған тапсыр- дан ойлау, ерекшелігін салыстыра талдау; 8.4.2.1 малар, ақпаратты understand specific information and detail іздеу, талдау, әртүрлі типтегі мәтін- in texts on a growing range of familiar дермен (тұтас және тұтас мәтінді син- general and curricular topics, including емес) жұмысқа арналған тездеу және some extended texts; тапсырмалар, интерпрета- 8.4.6.1 recognise the attitude or opinion of ция мәтіннің нақты ақпараты the writer on a growing range of unfamiliar мен детальдерін анықтау; лау, сөздік general and curricular topics, including қорын мо- some extended text; оқу стратегияларын лайту қолдану, 4.3.3.1 trouver des informations spécifiques dans différents types de textes (réseaux мәтінді сыни бағалау sociaux, courriels, publicités, programmes (талдау), d’événements spéciaux, dépliants et екі немесе одан да көп brochures: jour, heure, lieu, etc.) дереккөздерді салысты- 3.3.3.1 sehr kurze, einfache Anweisungen in ру, vertrauten Alltagskontexten verstehen, (z.B. ақпараттың растығын Essen und Trinken verboten), insbesondere, тексеру, wenn sie bebildert sind ақпаратты желіде іздеу, 2.2.6.1 сравнивать тексты описательного и повествовательного характера по следу- сөздіктермен және ющим параметрам: тема, основная мысль, әртүрлі дереккөздермен, тип текста, ключевые слова (с помощью соның ішінде цифрлық учителя) (ТУПр по учебному предмету ақпарат көздерімен жұ- «Русский язык» для 2 класса (с русским мыс істеу языком обучения); Білім алушылардың практикалық іс-әрекетінде білімді игеру мен қолданудың маңызды әдістемелік шарты жаңа білімді бұрынғы жиналған біліммен сабақта- стыру болып табылады. Бұл білім алушының шығармашылық тұрғыдан ойлай- тын, әрі қарай жетілдіріліп, өзін-өзі дамытуға қабілетті жеке тұлға ретінде қа- БАСТАУЫШ, НЕГІЗГІ ОРТА ЖӘНЕ ЖАЛПЫ ОРТА БІЛІМ БЕРУДІҢ МЖМБС, ҮОЖ, ҮОБ ІСКЕ АСЫРУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ 19 лыптасуына қолайлы жағдай туғызады. Мысалы, «2.1.4.1 участвовать в диалоге, высказывая свое мнение и выслушивая мнения других» оқу мақсатына жету үшін диалогқа қатысты жабық және ашық сұрақтарды құрастырумен қоса, жүй- елі және дәйекті құрылымдауды басымдылыққа алу қажет. Сыни тұрғыдан ойлау мен шығармашылықты дамыту келесі оқу мақсаттарын- да көрсетілген: 4. Әде- 5.3.4.1 6.3.4.1 7.3.4.1 8.3.4.1 9.3.4.1 би сын оқырман- шығармада әдеби шығарма әдеби шығар- ның рухани көтерілген шығарма бойынша маны қазақ дүниесіне мәселенің ның эсте- жазылған әдебиеті мен шығарма әлеуметтік тикалық әдеби әлем әдебиеті әсерін тал- рөлі тура- құндылығы сын-пікір- үлгілері дай оты- лы сыни туралы лерге сүйе- мен салыстыра рып, сыни хабарлама шағын не отырып, талдап, шағын хабарлама жасау сыни шолу өзіндік сын мақала жазу жазу сыни пікір жазу жазу Осы мақсаттарға жету үшін білім алушылардың сыни тұрғыдан ойлау қабілет- терін, талдау және шешімдер қабылдау, өз бетінше ойлау, бейімделу, күр- делі және стандартты емес жағдайларда тапсырмаларды оңтайлы орындауға бағытталған оқытудың PBL, төңкерілген сынып, пікірсайыс, ойын технология- лары және т.б. сияқты интерактивті әдістері мен технологияларын пайдалану ұсынылады. Осы оқу мақсаттарын жүзеге асыруда әдеби сын жазу шеберлігі- не мән берген жөн. 5-сыныпта әдеби сынның көлемі 2-3 сөйлем болса, 9-сы- ныпта шағын мақала жазуға дейін ұлғаяды. Осындай тапсырмаларды орындау арқылы білім алушының көркем шығармаға қатысты өз ойын жеткізе білу, ой қорыту дағдысы қалыптасады. Білім алушылардың шығармашылық ойлауын пайымды, сыни, логикалық және өнімді ойлауды дамыту арқылы жетілдіру ұсынылады: 1. пайымды ойлау. Бұл білім алушылардың ортақ мəселе жөнінде пікіралма- суына мүмкіндік бере отырып, шындықты дұрыс түсіндіре алуға үйрету үшін қажет. Мысалы, 7-сыныпта берілген оқу мақсатында «7.4.2.1 эссе құрылымы мен дамуын сақтап, көтерілген мәселе бойынша келісу-келіспеу себеп- терін айқын көрсетіп жазу» жүзеге асыруда пікірін аргументтер мен мы- салдар арқылы дәлелдеуді үйрену маңызды. 2. сыни ойлау – білім алушы заттардың белгілері мен қасиеттерін, деректер мен ұғым-түсініктерді жақсы білуі жəне үнемі ізденуі шарт. Мысалы, 6-сы- ныпта төмендегі оқу мақсаттарын: «6.4.1.1 мәтіндердің стильдік ерекшелігін сақтай отырып, өмірбаян, күнделік, мінездеме, түсініктеме жазу»; «6.4.2.1 эссе тақырыбының желісінен шықпай, әрбір абзацты жүйелі құрастырып, қажетті мазмұнын ашып жазу» бір апталық өміріңе күнделік жазу арқылы жүзеге асыру ұсынылады. Ол әр күн сайын қысқа және жинақы түрде жүр- Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі 20 Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы гізілетін есеп. Күнделікті жүргізу білім алушының өзін-өзі, өз қалауын түсіну- ге және қателіктерін анықтап, талдауға мүмкіндік береді. 3. логикалық ойлау – білім алушылардың ойлау қабілетін дамытуға, қоры- тынды жасауға және құбылыстар мен заттар арасында байланыс орнатуға мүмкіндік береді. Логикалық ойлауды әсерлі жеткізуде төмендегі оқу мақ- сатын алып «7.4.3.1 жазба жұмыстарында теңеу мен метафораны қолда- нып жазу» публицистикалық мақала жаздыруға болады. Ол арқылы білім алушылар аналитикалық және сыни тұрғыдан ойлауы, сонымен қатар зерт- теушілік, коммуникативтік және тілдік дағдылары қалыптасады; 4. өнімді ойлау – зерттеушілер осы өнімді ойлауды креативті ойлаумен ба- рабар деп санайды. Төмендегі оқу мақсатын «8.4.1.1 мәтіндердің жанрлық және стильдік ерекшелігін сақтап, интервью, пікір, шағын мақала жазу» басшылыққа ала отырып, белгілі бір тақырыпқа коғамдық-әлеуметтік мәсе- лелерді көтеретін, шағын көлемдегі журналистік зерттеу жүргізу ұсыныла- ды. «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында мектептерде үзіліс кездерінде «5 минут кітап оқу» (10 минуттық оқу, 20 минуттық оқу) акцияларын ұйымдастыруға бола- ды. Мектептерде «Балалар кітапханасы» бағдарламасы жүзеге асырылуда. Бағдарла- маның мақсаты - көркем әдебиеттің әртүрлі кезеңдері мен жанрларын қамтитын ұсынылған кітаптар тізіміне сәйкес кітапхана қызметінің мазмұнын және кітапха- налардың негізгі қорын жаңарту. Бүгінгі таңда ҚР Оқу-ағарту министрлігінің Ре- спубликалық ғылыми-педагогикалық кітапханасы оқуға ұсынылған көркем әдеби- еттер тізімін жасады, оған отандық және әлемдік әдебиеттің 1770 туындысы кірді. Олардың қатарында Абай Құнанбаев, Ахмет Байтұрсынов, Тахауи Ахтанов, Шерхан Мұртаза, Бердібек Соқпақбаев, сондай-ақ Эрнест Хеменгуэй, Джек Лондон, Рабин- дранат Тагор, Александр Островский, Вальтер Скотт, Михаил Лермонтов сияқты жазушылардың шығармалары бар. Шетел тілі сабақтарында талдау, нақты ақпарат пен мәліметтерді іздеу, сон- дай-ақ ұқсас материалды құру үшін бірнеше тұтас емес мәтіндер мен тапсыр- маларды орындау ұсынылады: 8.4.2.1 understand specific information and detail in texts on a growing range of familiar general and curricular topics, including some extended texts; Evaluating Study the posters of the fitness centers and recommend one of them to your friends. Explain your choice Creating Make a poster of a fitness center you would like to own. БАСТАУЫШ, НЕГІЗГІ ОРТА ЖӘНЕ ЖАЛПЫ ОРТА БІЛІМ БЕРУДІҢ МЖМБС, ҮОЖ, ҮОБ ІСКЕ АСЫРУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ 21 Сыни тұрғыдан ойлау ақпаратты талдау, бағалау, қорытынды жасау және өз көзқарасына дәлел келтіру қабілетін дамытады. Ал шығармашылық ойлау де- геніміз – жаңа идеяларды тудыру және мәселелерді шешуде стандартты емес тәсілдерді қолдану қабілеті болып табылады. Білім алушылардың жобалау және зерттеу қызметін ұйымдастыру Білім беру ортасы зерттеу дағдыларын тиімді дамытудың маңызды факторы болып табылады. Сұрақ қоюдың әртүрлі әдістерін қолдану зерттеу дағдыларын дамытуға ықпал етеді. Мысалы, «4.2.5.1 находить информацию по трем и более источникам (словари, справочники, энциклопедии, детские познавательные журналы, газеты) на заданную тему и интерпретировать ее» оқыту мақсатын іске асыру кезінде білім алушылардың айқын және жасырын ақпаратты табу, дәлелдеу, өз пікірін дәлелдеу, түсіндіру, айтылғандарды қорытындылау, диало- гқа түсу және т. б. дағдылары дамиды. Ал «3.2.4.2 определять художественные, нехудожественные тексты по их особенностям (рассказ, научно-познаватель- ный текст, заметка, биография, автобиография, объявление, реклама)» оқы- ту мақсатын іске асыру кезінде шағын топтармен (командада) жұмыс жасап, нақты жағдайларды талдау үшін «Кейстер әдісін» қолдану ұсынылады. «11.4.1.1 ғылыми және публицистикалық стильдің жанрлық және стильдік ерекшеліктеріне сай тілдік құралдарды орынды қолданып, шағын мақала, аннотация, үндеу, баспасөз парағын жазу» оқу мақсатын іске асыру кезінде білім алушылар таңдалған тақырыпты зерделейді, мақала жоспарын жасай- ды (кіріспе, негізгі бөлім, қорытынды), тақырып аясында зерттеулер жүргізеді (мәселені анықтайды, талдайды, шешім ұсынады, қорытынды жасайды), мақа- ланы баяндау түрінде жазады. Мақаланы жазу кезінде тақырыптың өзектілігін (маңыздылығы, жаңалығы) ескере отырып, ғылыми деректер мен қажеттілігіне қарай статистикалық ақпараттар келтіру қажет. Жобамен жұмыс – бұл білім алушыларға тілдің ережелері мен лексиканы үйре- нуге ғана емес, сонымен қатар өзіндік жұмыс жасау дағдыларын, зерттеу, ком- муникативті және шығармашылық қабілеттерін дамытуға мүмкіндік беретін оқытудың тиімді әдісі. Тілдік пәндерді оқытуда жобамен жұмыс жасаудың бірқатар артықшылықтары бар: білім алушылардың тіл үйренуге деген ынтасын арттырады; жеке ізденуді, жауапкершілікті және бастамашылықты дамытады; зерттеу жұмысын жүргізу, ақпаратты талдау және проблемаларды шешу дағдыларын қалыптастырады; ауызша және жазбаша қарым-қатынас дағдыларын жақсартады; білім алушылардың шығармашылық қабілеттерін дамытады; пәнаралық байланыстардың қалыптасуына ықпал етеді; Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі 22 Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы білім алушыларға алған білімдері мен дағдыларын тәжірибеде қолдануға мүмкіндік береді. Тілдік пәндердегі жоба тақырыптары әртүрлі болуы мүмкін: 1. Тілі оқытылатын елдің тарихы мен мәдениетін зерттеу. 2. Белгілі жазушылар мен ақындардың, өнер қайраткерлерінің өмірі мен шығармашылығын зерттеу. 3. Тілі оқытылатын ел мен қалаларына туристік маршруттар құру. 4. Әр түрлі тілдердегі лингвистикалық құбылыстарды салыстырмалы талдау. 5. Өз тілдік жобаларын (сайттар, блогтар, бейнероликтер) және т. б. жасау «Ағылшын тілі» оқу пәні бойынша жобалық жұмыстарға ұсынылатын тақырып- тар: 1. Different cultures mean different traditions? 2. Factors that influence the popularity of artists 3. Formal and informal speech in English and Kazakh 4. Reverse culture shock Is Graffiti Art or Vandalism? 5. Learning languages and technologies 6. The power of colours Үлгерімі төмен білім алушылармен жұмыс Тілдік пәндер бойынша үлгерімі төмен білім алушылармен жұмыс істеу педа- гогтен оқытудың әртүрлі әдістері мен тәсілдерін қолдану арқылы кешенді түр- де жеке жұмыс жүргізуді талап етеді. Осы санаттағы білім алушылармен жаса- латын жұмыстар: жазбаша жұмыстардың, тесттердің, ауызша сауалнамалардың нәтижелерін талдау; білім алушылармен, ата-аналармен, сынып жетекшісімен және басқа пән- дерді жүргізетін педагогтермен тығыз қарым-қатынаста болу; білім алушылардың білімдегі олқылықтарын, оларға қиындық туғызатын мәселелерді анықтау. Бұл мәселелерді шешу үшін: білім алушының жеке ерекшеліктерін ескеру (жұмыс қарқыны, ойлау стилі, есте сақтауы); олардың тіл үйренуге деген ынтасын дамыту; білім алушының өз қабілеттеріне деген сенімін қалыптастыру; оқу процесін барынша тиімді және нәтижелі жүргізу (материалды жеңіл- детіп, бөліп беру т.б.). БАСТАУЫШ, НЕГІЗГІ ОРТА ЖӘНЕ ЖАЛПЫ ОРТА БІЛІМ БЕРУДІҢ МЖМБС, ҮОЖ, ҮОБ ІСКЕ АСЫРУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ 23 Мысалы «7.3.3.1 give an opinion at discourse level on a growing range of general and curricular topics» оқу мақсатын іске асыру кезінде бастапқы кезеңде білім алушы өз пікірін бір сөзбен, содан кейін сөз тіркесімен, сөйлеммен және мәтін- мен білдіруді үйренеді. Яғни, шет тілі сабақтарында оқыту олардың коммуника- тивті дағдыларын дамытуға бағытталуы керек. Сөздерді есте сақтаудың әртүр- лі әдістерін қолдану (карталар, жаттығулар, ойындар), зерттелген материалды үнемі қайталап отыру; фразалық қорды толықтыру (идиомалар, мақал-мәтел- дер, фразеологиялық айналымдар); сөздердің мағыналарын әр түрлі дерек- көздерден табу үшін әртүрлі мәнмәтіндерді қолдану, сөздердің мағынасын табу қабілеті оларды дұрыс пайдалану және т.б. Осылайша, тапсырмаларды біртіндеп қиындату принципі оқуға ықпал етеді. Scaffolding, рөлдік ойындар, жеңіл бірақ өзекті тақырыптар бойынша пікірта- ластар, цифрлық платформаларды пайдалану тілдің белсенді қолданылуына ықпал етеді және шет тілдік ортаға жақсы бейімделуге көмектеседі, қателіктер- ден қорықпауға және өз ойларын еркін білдіруге ынталандырады. Бұл дағдылар табысты қарым-қатынас пен түсінудің кілті болып табылады, олар тілдік кедергіні еңсеруге көмектеседі, білім алушыларға нақты өмірлік жағдай- ларда тілді қолдануға мүмкіндік беретін жағдайлар жасау маңызды. Бұл білім алушылардың тілдік құрылымдарды жақсы меңгеруіне ықпал етеді, сонымен қатар олардың сенімділігін арттырады. 2.2 «МАТЕМАТИКА ЖӘНЕ ИНФОРМАТИКА» білім беру саласы ҮОЖ, ҮОБ іске асыру ерекшеліктері. «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің мемлекет- тік жалпыға міндетті стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 3 тамыздағы № 348 бұйрығына сәйкес: бастауыш білім беру деңгейінде «Математика» және «Цифрлық сауаттылық» (1-4-сыныптар); негізгі орта білім беру деңгейінде «Математика» (5-6-сыныптар), «Алгебра», «Геометрия» (7-9-сыныптар) және «Информатика» (5-9-сыныптар); жалпы орта білім беру деңгейінде оқытудың екі бағыты бойынша «Алгебра және анализ бастамалары», «Геометрия», «Информатика» (10-11-сыныптар) пәндері оқытылады. Жоғарыда аталған пәндер бойынша оқу жүктемесінің көлемі «Қазақстан Ре- спубликасындағы бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің Үлгілік оқу жоспарларын бекіту туралы» ҚР Оқу-ағарту министрінің 2012 жылғы 8 қараша- дағы №500 бұйрығының 1–3, 11–15, 103-қосымшаларымен (1-4-сыныптар), 6–8, 16– 20, 104-қосымшаларымен (5-9-сыныптар), 21–30, 85–90, 105,106-қосымшаларын- Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі 24 Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы да (10-11-сыныптар) берілген. Оқу пәндерін игеру ҚР Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 16 қыркүйектегі №399 бұйрығымен бекітілген үлгілік оқу бағдарламаларына сәйкес жүргізіледі. Атап айтқанда, «Математика» (1-4-сыныптар) - 26-қосымша, «Цифрлық сауат- тылық» (1-4-сыныптар) - 27-қосымша, «Математика» (5-6-сыныптар) - 52-қосым- ша, «Алгебра» (7-9-сыныптар) - 53-қосымша, «Геометрия» (7-9-сыныптар) - 54-қо- сымша, «Информатика» (5-9-сыныптар) - 55-қосымша, «Алгебра және анализ бастамалары» (10-11-сыныптар, ЖМБ) - 104-қосымша, «Алгебра және анализ ба- стамалары» (10-11-сыныптар, ҚГБ) - 105-қосымша, «Геометрия» (10-11-сыныптар, ЖМБ) - 106-қосымша, «Геометрия» (10-11-сыныптар, ҚГБ) - 107-қосымша, «Инфор- матика» (10-11-сыныптар, ЖМБ) - 108-қосымша, «Информатика» (10-11-сыныптар, ҚГБ) - 109-қосымша. Білім алушылардың әртүрлі өмірлік жағдайларда (оқу, математикалық, жаратылыстану сауаттылығы) білім, білік және дағдыларын қолдану қа- білетін қалыптастыру Функционалдық сауаттылық бұл білім алушылардың пән мазмұнын меңгеру барысында қол жеткізе алатын білім деңгейі және адамның қолданбалы білімге негізделген өмір мен қызметтің әртүрлі салаларындағы стандартты өмірлік мәселелерді шешу қабілеті екені белгілі. Функционалдық сауаттылықтың бір бағыты математикалық сауаттылық болып табылады. Бұл білім алушының ма- тематикалық ойлау, тұжырымдау, қолдану және әртүрлі практикалық бағыт- тағы тапсырмаларды шешу үшін математикалық білімін қолдану қабілеті. Ма- тематикалық сауаттылық құбылыстарды сипаттау, түсіндіру және болжау үшін математикалық ұғымдарды, фактілер мен құралдарды қолдануды көздейді. Бұл математиканың әлемдегі рөлін түсінуге, негізі бар пікірлер айтуға, белсен- ді шешімдер қабылдауға көмектеседі. Функционалдық сауаттылықты қалыптастыруға арналған тапсырмалар білім алушылардың шығармашылық қабілеттері мен танымдық қызығушылықтарын дамытатын әртүрлі математикалық материалдармен жұмыс жасауға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, білім алушылардың пән бойынша білімін бекіту мен тереңдету, практикалық дағдыларын қалыптастырумен қатар олардың түрлі иллюстрациялармен жұмыс жасауын көздейді. Мектептегі оқу процесінде математиканы оқытуда бұл міндеттерді іске асыру кезінде жаттығулар жүйесі ерекше рөл атқарады, оның ішінде білім алушылар- дың математикалық сауаттылығын қалыптастыру және дамыту, математиканы басқа пәндермен интеграциялау бойынша жұмысты ұйымдастырудың бір әдісі ретінде практикаға бағытталған тапсырмалар, мәнмәтін негізіндегі тапсырма- лардың маңызы зор. Мәнмәтіндегі тапсырма мазмұны оқу бағдарламасына сәйкес болуы қажет. Мұндай тапсырмаларды құрастыру барысында онда қолданылатын термин- дердің білім алушыға таныс болуына немесе түсіндірме үшін сілтеменің көр- БАСТАУЫШ, НЕГІЗГІ ОРТА ЖӘНЕ ЖАЛПЫ ОРТА БІЛІМ БЕРУДІҢ МЖМБС, ҮОЖ, ҮОБ ІСКЕ АСЫРУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ 25 сетілуіне; мазмұнында білім алушыны қызықтыратындай жаңалықтардың болуына; сұрақтарының арасында жүйелі байланыстың болуына; тапсырма мәтіннен ғана емес иллюстрациядан тұруына назар аударылуы керек. Математиканың тапсырма мәтінінде басқа пәндердегі немесе күнделікті нақты өмірдегі жағдайлар баяндалуы, әртүрлі пәндік салалардың негізінде құрасты- рылуы мүмкін. Бұл орайда білім алушыларға әртүрлі мәнмәтін беру маңызды. Мәнмәтін негізіндегі тапсырма білім алушылардан есептеулер жүргізуді ғана емес, сонымен қатар өз жауаптарын негіздеуді қажет етеді. Осы орайда білім алушылар өз қадамдарын түсіндіру үшін дәлелдер келтіруі керек. Бұл өз алды- на білім алушылардың логикалық ойлау қабілетінің дамуына ықпал етеді. Мәнмәтін негізіндегі тапсырманы орындау барысында білім алушыларда берілген жағдайды талдау, түсіну және түсіндіру, шығару тәсілін таңдау дағды- лары қалыптасады; білім алушылардың танымдық қызығушылығы артады, ма- тематикалық, оқу, қаржылық, ақпараттық сауаттылығы дамиды. Білім алушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыру бойынша жұ- мысты жетілдіру үшін PISA, PIRLS және т. б. халықаралық салыстырмалы зертте- улердің материалдарымен, тест жинақтарымен және нәтижелерімен «Талдау» АҚ сайтынан танысуға болады https://taldau.edu.kz/storage/app/media/PISA/%20 %D0%B5%D1%81%D0%B5%D0%BF%20PISA-2022.pdf «Информатика» оқу пәні бойынша білім алушылардың алған білімдерін әртүрлі өмірлік жағдайларда қолдану қабілетін дамыту білім беру процесінің маңызды мақсатын білдіреді. Білім алушылардың ақпараттық сауаттылығын қалыптасты- ру білім беру әдістері мен стратегияларының кең спектрін қамтитын кешенді тәсілді талап етеді: оқу материалын информатика саласындағы нақты сценарийлер мен жағдайларға біріктіру білім алушыларға ақпараттық технологиялардың күн- делікті өмірде қолданылуын көруге мүмкіндік береді. Оған мобильді қосым- шаларға арналған программалық қосымшаларды әзірлеу, медициналық диагностикадағы деректерді талдау, қоршаған ортаны басқару жүйелерін құру және өнеркәсіптегі процестерді оңтайландыру; практикалық жұмыстарды жүргізу информатика саласында дағдыларды игеруге бағытталған. Мысалы, программалау, деректерді талдау, веб-сайт- тар құру және басқа к?