Қазақ халқының этникалық қалыптасуы 2 сабақ PDF
Document Details
Uploaded by MagicRelativity
Tags
Summary
Бұл Қазақ халқының этникалық қалыптасуы туралы 2 сабақ. Сабақта ежелгі және орта ғасырлардағы сақ, ғұн, сармат және үйсін сияқты тайпалардың қазақ ұлтының қалыптасуына әсері талданады. Сондай-ақ моңғол шапқыншылығы мен түркілену процестеріне де назар аударылады.
Full Transcript
## Қазақ халқының этникалық қалыптасуы ### Ежелгі кезең - Сақ, ғұн, сармат, үйсін сияқты тайпалық бірлестіктер қазақ ұлтының этникалық қалыптасуының негізін салды - Ғалымдардың пікіріне сүйенетін болсақ, үйсін тайпасы мен бүгінгі қазақ ұлтының арасында этногенетикалық байланыс пен шаруашылық, мәде...
## Қазақ халқының этникалық қалыптасуы ### Ежелгі кезең - Сақ, ғұн, сармат, үйсін сияқты тайпалық бірлестіктер қазақ ұлтының этникалық қалыптасуының негізін салды - Ғалымдардың пікіріне сүйенетін болсақ, үйсін тайпасы мен бүгінгі қазақ ұлтының арасында этногенетикалық байланыс пен шаруашылық, мәдени ұқсастықтарды атап өткен. ### Ерте орта ғасырлар - Қазақстан жерін мекендеген түркі тайпалары ерте орта ғасырларда ұлт болып қалыптасуға дайын болды. - Алтайдан Еділге дейін алып жатқан территорияны парсы ақыны, саяхатшы Насир Хосроу «Қыпшақ даласы» деп атағаны. ### Дамыған орта ғасырлар - XIII ғасырда қазақ жеріне моңғолдар шабуыл жасап, рулық-тайпалық бірігу процесіне үлкен соққы берді. - Қазақ жеріне қоныстанған маңғыт, барлас сияқты моңғол тайпалары ассимиляцияға ұшырап, түркіленді. ### Кейінгі орта ғасырлар - Қоғамда ақсүйек әлеуметтік тобының құрамына кірген моңғол ұрпақтары бірнеше мемлекеттерге бөлініп, жеке дара билікке ұмтылды. - Көшпелі өзбектер мен моңғол мемлекеттерінің арасындағы қақтығысты өз мүддесіне пайдаланған қазақ сұлтандары Керей мен Жәнібек XV ғасырда қазақ тайпаларының басын біріктіріп, Қазақ хандығын құрды. ### Қазақ даласындағы этникалық үдерістердің қалыптасуына әсер еткен жағымды жағдайлар: - Қазіргі қазақ даласындағы барлық ру-тайпалардың антропологиялық, мәдени этникалық ұқсастықтары күшейді. - Түркілерді жаулаған Моңғол империясының тайпалары түркіленіп, жергілікті халықпен сіңісіп кетті. ### Қазақ даласындағы этникалық үдерістердің қалыптасуына әсер еткен жағымсыз жағдайлар: - Моңғол империясының жаулау саясатының нәтижесінде қазақ халқының қалыптасу үдерісі 1,5 ғасырға кешеуілдеді. - Қазақ даласына келіп қоныстанған ру-тайпалардың антропологиялық тұрғыдан әртүрлі болды. ### Қазақстан аумағындағы этногенездік үдерістердің ерекшелігі - Сақ, ғұн үйсін тайпаларынан бастау алады. - Жергілікті тайпалардың бірін-бірі жаулап, өз мемлекеттерін құруы этникалық процестерді үзген жоқ. - Тек моңғол империясының жаулап алу жорықтары ұлт болып қалыптасу жолында үлкен кедергі болды. - Дегенмен қазақ жеріне қоныстанған моңғол тайпалары жергілікті халықпен ассимиляцияға ұшырап, түркілену процесі жүрді.