Автоматтандыру нысандары және талаптары (PDF)

Summary

Мақалада автоматтандыру нысандары және оларға қойылатын жалпы талаптар туралы мәліметтер берілген. Мақалада өндірістік мекемелердегі процестердің түрлері, еңбек процестері және технологиялық процестер сипатталған. Мұнда сондай-ақ, технологиялық процестердің негізгі белгілері және материалдық шикізатқа әсер ететін технологиялардың үш негізгі түріне тоқталған.

Full Transcript

Автоматтандыру нысандары және оларға қойылатын жалпы талаптар Дәріс жоспары (1 сағат) 1.Өндірістер 2\. Олардағы процестердің түрлері Автоматтандыру технологияларын зерттеуден бұрын мекемелер мен өндірістердің және олардың процестерін анықтап алуды мақсат етіп отырмын. Әдебиеттер тізіміндегі \[14...

Автоматтандыру нысандары және оларға қойылатын жалпы талаптар Дәріс жоспары (1 сағат) 1.Өндірістер 2\. Олардағы процестердің түрлері Автоматтандыру технологияларын зерттеуден бұрын мекемелер мен өндірістердің және олардың процестерін анықтап алуды мақсат етіп отырмын. Әдебиеттер тізіміндегі \[14\] еңбектегі анықтамаға сәйкес өндірісті ұйымдастыру екі негізгі бөліктен тұрады: мекеме және өндіріс. Осының аясында, **мекеме** деп отырғанымыз ортақ мақсаттарға жетуге ұмтылған адамдардың бірігуін айтады. **Өндіріс** деп отырғанымыз қоғамды дамыту мен тіршілік ету үшін материалдық игіліктерді жасау мақсатында адамның табиғатқа әсер ету процессі. Алдыңғы тарауда көрсетілгендей, осы материалдық игіліктер адам еңбегінің арқасында пайда болады. Сондықтан кез-келген өнімнің негізіне еңбек жатыр. Өндіріс пен мекеме секілді адамдардың бірігуінде еңбек процесс ретінде қарастырылады. Еңбек процессінің элементері: еңбек -- адам әрекеттерінің бірі; еңбек заттары; еңбек құралдары, әсіресе осыған жататын машиналар мен механизмдер және т.с.с. Осы аталған элементтердің негізінде еңбек процесс ретінде қалыптаса алады, өйткені еңбек ету негізінде еңбек құралдарын жұмсау арқылы процестің соңында еңбек заттары пайда болады. Беріліп отырған анықтама өндірістің тек материалыдық-заттық бөлігін көрсетіп отыр. Бірақ өндірістің басқа маңызды жағы бар, ол қоғамның өмір сүру мен оны дамытудың әлемдегі ең басты әдісі болып отыр. Сондықтан өндірістің осыған орай басқа негізгі бөліктері қарастырылуы тиіс: экономикалық, әдістемелік, әділеттік, қарым-қатынастық. Осы аталған еңбек бөліктерін дамыту барысында жоғарыда көрсетілген автоматтандырылған жүйе түрлері пайда болады. Әрине технологияға байланысты және өнім көлемі мен сапасын арттыруға арналған жүйелерді жасауға негізделген бөлік материалдық бөлік болып табылады. Осының барлығын ескеретін техника мен ғылым саласының тарауы **өндірісті ұйымдастыру** деп аталады. Осы негізгі бөліктерді толық қарастыру арқасында өндірістің шығысында өнім пайда болады. Төмендегі \[14\] еңбекте көрсетілген анықтамаларға сәйкес 2.1-суретте көрсетілген сызбада принциптік түрде еңбектің өнімге айналу процессі көрсетілген. Сурет 2.1. Өндіріс элементтерінің ұйымдасуы Сондықтан өндірісті ұйымдастырудың объектілері: материалдық және әлеуметтік элементтерінің арасындағы қарым-қатынас. Сондықтан, егер өндірістің негізгі мақсаты өнім шығару болатын болса, онда өндірісті ұйымдастырудың мақсаты осы өнімнің сапалы әрі шығынсыз болатын мекеме пайда болатын жағдайларды қалыптастыру болып табылады. Ал бірінші тарауда айтылғандай, сапалы өнімнің көп мөлшерде шығудың бірден бір жолы өндірісті автоматтандыру болып табылады. Өндірістік мекемелердің негізінде әр түрлі процестердің орындалуы қажетті өнімнің шығуын қамтамасыз ететін болғасын, осы ұғымдарды толығырақ қарастыру қажет. Процесс деп отырған ұғымның \[14\] әдебиетке сәйкес екі негізгі анықтамасы бар: 1\) ретті түрде бір құбылыстың өзгеруі немесе оның дауының өзгеруі; 2\) белгілі бір нәтижеге жету үшін негізделген әрекеттердің кешені. Осы екі анықтамаға жүктелетін болсақ, өндіріс деп отырғанымыз бірнеше элементтерден құралған жүйелі түрде жұмыс істейтін еңбек заттары мен құралдарының өнімге айналуы. Өндіріс өндірістік процестердің жиынтығынан құралады. Өндіріс процесс жұмыс және технологиялық процестердің жиынтығынан құралады. **Еңбек процесі** дегеніміз қойылған мақсаттарға жетуге арналған жұмысшылардың келісілген еңбек іс-әрекеттерінің жиынтығы. Іс-әрекеттер физикалық немесе ойға байланысты болып екіге бөлінеді. Жоғарыда айтылғандай, физикалық іс-әрекеттердің мөлшерін азайтуға арналған үрдіс механикаландыру деп аталады, ал ой іс-әрекеттерін азайтатын үрдіс автоматтандыру деп аталады. **Технологиялық процесс** дегеніміз машиналар мен аппараттардың және тірі еңбек астында заттардың өнімге айналуы. Басқаша технологиялық процесс дегеніміз бір-бірімен сыбайласқан бірыңғай мақсатқа жүктелген әдістер мен құралдардың кешені. Осыдан көретініміз екі процесс негізінде өнім шығару ұғымы жатыр. Екеуі де өндірітік процестің бөлінбейтін негізгі элементтері болып табылады. Кез-келген технологияның басты белгілері бар \[6\]: - көпсатылы әрекеттердің бірінен соң бірінің жүргізілуі; - осы әрекеттердің негізінде өзгеріске ұшырайтын материалдардың бар болуы; - аталған әрекеттерді іске асыратын технологиялық құралдардың бар болуы. Осыған қоса кез-келген технологиялық процесс көп операциялық процесс болып табылады. Оперция әр сатыда орындалатын кеңістік пен уақытта шектелген аяқталған әрекет болып табылады. Яғни автоматтандыру процесі осы технологиялық процеске кіретін операциялардың адам көмегінсіз орындау үрдісін қалыптастыру екен. Өнім шығару барысында өңделетін объект технологиялық процесс барысында көпсатылы операциялардың ықпалына ұшырайды \[6\]. Осыған орай, материалдық өндірістің негізгі технологиялық ерекшеліктері мен құралдарын қарастырып өтейік. Метериалдық шикізатқа ықпал ететін технологиялардың үш негізгі түрлері болады: 1\) шикізаттың құрылымдық қасиеттерін өзгерту мақсатында жасалатын технологиялар (пішінін, химиялық құрамын, физикалық қасиетін өзгерту және т.с.с.); 2\) өңдеу кезіндегі операцияларды қамтамасыз ету мақсатында жасалатын технологиялар (ұсыну, тарту, бағдарлау, орналастыру және т.б.); 3\) операциялар арасында орындалатын әрекеттерді жасауға арналған технологиялар (орын ауыстыру, қаттау, жинақтау, жою және т.б.). Аталған технологиялардан басқа энергия мен қуат көздерімен қамтамасыз ету технологиялары болады. Бұл технологияларға электр, жылу, бу немесе қысылған ауа, болмаса өндіріске қажетті басқа энергетикалық элементтерді шығарып, оларды тасымалдайтын немесе қосатын түрлері жатады. Жоғарыда аталған негізгі екі технологиялық ерекшеліктерден басқа заманауи тұрғыдан ескерілетін технологиялар ақпараттық болып табылады. Көп жылдар бойы кез-келген өндірісте өнім шығарудың негізі кілті еңбек пен технологиялық процестер жүзеге асыру болып қала берді, бірақ технологиялар мен ғылымның даму қарқынына байланысты еңбек процесінің үлесі өндірісте азая бастады. Егер басында барлық өнімдері толықтай еңбек процесіне тәуелді болса, одна кейін еңбек процесінің үлесі тек машиналар мен аппараттарға ықпал жасау жасаумен шектеліп келді. Ал бүгінгі таңда еңбек процесінің үлесі минимумге жеткендей болып келеді. Болашақта адам еңбегінің үлесі өнім шығару процесінен толықтай шеттетілуі мүмкін. Соңғы шарт толықтай технологиялар мен ғылымның дамуына байланысты болады. Келесі 2.2-суреттегі сызбалар өнім шығару барысында еңбек процессінің үлесін айқындап, оның дамуын көрсетіп отыр \[14\]. Осы суреттен автоматтандырудың маңызын көруге болады. ![](media/image2.png) Сурет 2.2. Өндірістік процесстердің дамуы Соңғы сурет бойынша, автоматтандырылған өнім шығару процесін ұйымдастыру үшін жүйедегі элементтер саны артып бара жатқанын байқауға болады. Енді өндірістік процестердің өздері бірнеше түрге бөлінеді. Олар атқаратын міндеттеріне қарай негізгі және қосалқы болып екіге бөлінеді \[14\]. **Негізгі** өндірістік процестер дегеніміз толықтай өнімнің шығуына байланысты жасалатын процестер, ал **қосалқы** процестер деп отырғанымыз өнім шығуына тікелей қатысты болмағанымен өндірістің керек-жарағына қатысты жасалатын процестер түрі. Әдетте қосалқы процестердің мақсаты негізгі процестердің үздіксіз өтуін қамтамасыз ету болып табылады. Мысалы, автоматтандырылған кондитерлік өнім шығаратын мекеме өндірістегі рецепт бойынша қажетті технологиялық процестер негізгі болып табылады да, ал осылардың орындалуына қажетті су мен электр энергиясымен қамтамасыз ету процестері қосалқы ретінде анықталады. Осыдан басқа шығатын өнімнің мөлшері мен оған арналған шикізаттың көлеміне байланысты өндірістік процестер аналитикалық, синтетикалық, күрделі және жай болып бөлінеді. **Аналитикалық** өндірістік процестердің басты ерекшелігі -- бір шикізат түрінен бірнеше өнім түрі шығарылады. **Синтетикалық** өндірістік процестерді жүргізу барысында бірнеше шикізат түрлерінен бір өнім түрі шығарылады. Көріп отырғандай бұл процесс аналитикалық процеске толықтай қарсы болып табылады. **Жай** өндірістік процесс деп отырғанымыз бір өндірістің бір шикізат түрінен бір ғана өнім түрін шығаратын процес немесе мекеме. Ал **күрделі** өндірістік процесс дегеніміз жай процеске керісінше шарттарда жүргізіледі, яғни мұнда бірнеше шикізат түрлерінен бірнеше өнім түрі шығарылады. Осының барлығы өндірісті автоматтандыру кезінде толықтай ескерілуі қажет. Жоғарыда көрсетілген ақпараттың негізінде, өндірістік процестің негізінде технологиялық операциялардың тізбектері жатады.

Use Quizgecko on...
Browser
Browser