М.Мәметова атындағы Қызылорда педагогикалық жоғары колледжі Сабақ жоспары: Компьютерлік желілер және олардың жіктелуі PDF
Document Details
Uploaded by PrivilegedChocolate
М.Мәметова атындағы Қызылорда педагогикалық жоғары колледжі
2024
Г.Аманбаева
Tags
Summary
Бұл Қызылорда педагогикалық жоғары колледжіндегі 4 курс студенттері үшін компьютерлік желілер және олардың жіктелуі тақырыбы бойынша жаңа сабақ жоспары. Сабақ жоспарында жасанды интеллект және білім беру ойындарының маңызы, компьютерлік желі құру тапсырмалары және жаттығулар қарастырылған.
Full Transcript
## М.Мәметова атындағы Қызылорда педагогикалық жоғары колледжі ### Сабақ жоспары Компьютерлік желілер және олардың жіктелуі (сабақ тақырыбы) ### Дайындаған оқытушы: Г.Аманбаева ### Күні: 15.11.2024 ж. ### 1. Жалпы мәліметтер - Курсы: 4 оқу жылы: 2024-2025 ж.ж. - Сабақ типі: жаңа білім беру -...
## М.Мәметова атындағы Қызылорда педагогикалық жоғары колледжі ### Сабақ жоспары Компьютерлік желілер және олардың жіктелуі (сабақ тақырыбы) ### Дайындаған оқытушы: Г.Аманбаева ### Күні: 15.11.2024 ж. ### 1. Жалпы мәліметтер - Курсы: 4 оқу жылы: 2024-2025 ж.ж. - Сабақ типі: жаңа білім беру - топ:ИИ-21 ### 2. Мақсаты, міндеттері #### Білім беру мақсаттары: - Жасанды интеллект (ЖИ) және білім беру ойындарының анықтамасын түсіндіру. - Жасанды интеллект технологиясының білім беру ойындарындағы ролін анықтау. - Білім беру ойындарының студенттердің оқу процесіне қалай ықпал ететінін түсіну. #### Дамытушылық мақсаттары: - Студенттердің шығармашылық ойлау қабілеттерін дамыту. - Топтық жұмыс дағдыларын жетілдіру. - ЖИ және білім беру ойындарын қолданудағы өз ойын білдіру. #### Тәрбиелік мақсаттары: - ЖИ технологиясын дұрыс пайдалану дағдыларын қалыптастыру. - Ойын арқылы студенттердің білімге деген қызығушылығын арттыру. ### 3. Сабақты жабдықтау - Оқу-әдістемелік құрал-жабдықтар, анықтамалық әдебиеттер - Пән бойынша қосымша материалмен танысу үшін төменде берілген сілтемелер біріне өтіңіз: - https://www.canva.com/design/DAGWerQOUig/OUUQWu3jO67bUTB4bo_r1w/edit?utm_content=DAGWerQOUig&utm_campaign=designshare&utm_medium=link2&utm_source=sharebutton - Техникалық құралдар, материалдар, смартфондар, планшеттер, дербес компьютерлер, нотбуктар ### 1. Сабақтың барысы #### А)Ұйымдастыру-мақсаттық кезеңі - а) Оқу жұмысын ұйымдастыру - б) Студенттердің білімін тексеруге кері байланыс ұйымдастыру #### Б)Жаңа білімді меңгеру ### 1. Ұйымдастыру кезеңі: - Студенттермен амандасу. - Сабақтың мақсатымен таныстыру. - Студенттердің сабаққа дайындығын тексеру. - «Оның есесіне мен...» жаттығуы - (Барлық қатысушыларға аяқталмаған сөйлемдері бар карточкалар таратылады. Сөйлемдерді әр қатысушы өз ойымен аяқтайды.) - Мен бәліш пісіре алмаймын, оның есесіне ... - Мен шаршадым, оның есесіне ... - Мен жақсы билей алмаймын, оның есесіне ... - Мен көп үндемейтін адаммын, оның есесіне ... - (Студенттерді пазл көмегімен 4 топқа 6 студенттен топтастыру.) ### 2. Өткен сабаққа шолу: - Өткен тақырыпқа байланысты қысқаша сұрақ-жауап. - https://www.baamboozle.com/game/2764370 1. Сіз компанияда ақпараттық қауіпсіздік бойынша мамансыз. Желіге сыртқы шабуыл жасалғанын байқадыңыз. Қандай қадамдарды жасауыңыз керек? 2. Компанияның жаңа офисінде бірнеше түрлі құрылғыларды (компьютерлер, принтерлер, серверлер) бір желіде қосу қажет. Желі құрылымын қалай ұйымдастыру керек? 3. Сіз веб-сервердің әкімшісісіз және серверге сыртқы қосылу кезінде кідірулер байқалады. Желідегі кешенді ақауларды тексеру үшін қандай әрекеттерді жасайсыз? ### 3. Жаңа сабақ : - https://gamma.app/docs/-vu3bbuu99n5vnzo - Жасанды интеллект (ЖИ) білім беру саласындағы маңызы: - Жасанды интеллект дегеніміз не? Оның негізгі түрлері мен қолдану салалары. - Білім беру ойындарының ерекшеліктері: ойынның анықтамасы, оның білім беру жүйесіндегі ролі. - ЖИ және білім беру ойындары: - Жасанды интеллект білім беру ойындарын қалай жетілдіреді? (мысалы: адаптивті оқу платформалары, оқу процесінің автоматтандырылуы, жеке оқу жоспарын құру) - ЖИ негізінде жұмыс істейтін танымал білім беру ойындары: Duolingo, Kahoot!, Minecraft Education Edition. - Ойындардың оқу процесінде пайдалану артықшылықтары: оқушылардың мотивациясын арттыру, белсенді қатысуын қамтамасыз ету, қиын тақырыптарды жеңіл меңгеру. ### 4. Топтық жұмыс: - Бөлінген әр топқа «Компьютерлік желілер және олардың жіктелуі» тақырыбында сабақ кезеңдері бойынша ЖИ қолданылатын білім беру ойынының түрін зерттеп, тақырып бойынша тапсырма жасay - Топ 1: Жасанды интеллект пен желі технологияларының білім беру саласында қалай қолданылатынын зерттеу (Gamma, HeyGen). - Топ 2: Студенттер желі ресурстарын қалай ұйымдастыруға болатынын анықтайды және оны модельдейді. - Топ 3: Оқу процесін автоматтандыру үшін желі мен ЖИ бірлесе жұмыс істейтін шешімдерді талдау (мысалы, ЖИ-мен басқарылатын оқу платформалары, Magic School). - Топ 4: Студенттердің тақырыпты түсіну деңгейін тексеру үшін тест, куиз жұмыстарын дайындау. Бұл топ желі мен ЖИ арқылы оқушылардың оқу деңгейін бақылау әдісін ойластырады. ### 5. Талқылау : - Топтар өз тапсырмаларын көрсетеді. - Студент топтың жұмысын бағалап, қорытынды жасайды. - Студенттер ЖИ және білім беру ойындарының тиімділігі туралы пікір алмасады. ### 6.Практикалық тапсырма: Жұптық жұмыс (Студенттер жұптастыру таратпа қағаздары арқылы бір-бірімен жұптасады.) Cisco Packet Tracer бағдарламасында колледж желісін құру: - Әр жұпқа қарапайым колледж желісін құру тапсырмасы беріледі. - Тапсырма: Студенттерге Cisco Packet Tracer арқылы желі құрылымын жасау тапсырмасы беріледі, оған оқыту серверін қосу керек. - Тапсырма мақсаты: - Cisco Packet Tracer бағдарламасында қарапайым желі құру. - Студенттердің оқу процесін ұйымдастыру үшін оқу серверін қосу. ### Бағалау критерийлері - Әр топ ойынның мақсатын, қалай жұмыс істейтінін және оның білім беру процесіне қосатын үлесін талдайды. ### 7. Үй тапсырмасы: - Студенттерге келесі сабаққа дейін ЖИ технологиясының көмегімен білім беру ойынын жасап, оны қысқаша талдап жазу тапсырмасы беріледі. ### 8. Сабақты қорытындылау: - Сабақтың негізгі идеялары мен ой-тұжырымдарын қорытындылау. - https://www.survio.com/survey/d/T1J1A7W4G9O8H5J2I - Бағалау: - Топтық жұмыс және тапсырмалар бойынша бағалау. - Студенттердің сабақты түсіну деңгейін сұрақ-жауап арқылы тексеру. ### Күтілетін нәтиже: - Студенттер ЖИ мен білім беру ойындарының маңыздылығын түсінеді. - Олар ЖИ негізінде жұмыс істейтін білім беру ойындарын талдай алады. - Студенттер ойын арқылы оқу процесін жақсартудың мүмкіндіктерін бағалай алады.