Физика тест МПФ 2 PDF

Document Details

AdventurousHorseChestnut

Uploaded by AdventurousHorseChestnut

Tags

физика тест физикалық құбылыстар физические эксперименты физика

Summary

Бұл құжат физика пәні бойынша тест сұрақтарын қамтиды. Тест сұрақтары физикалық құбылыстар, заңдар және эксперименттер туралы. Оқушыларға физиканың негізгі түсініктерін үйренуге көмектесуі мүмкін.

Full Transcript

**1.Физикадан білім беру негізінен мына міндеттерді орындайды** a. Білім беру, дамытушылық, тәрбиелік b. Дамытушылық c. Білім беру d. Тәрбиелік e. Білім беру және тәрбиелеу **Физика пәнінің көлемі мен мазмұнын анықтайтын іс-қағазы қандай** Білім беру стандарты Әдістемелік оқу құралы Ка...

**1.Физикадан білім беру негізінен мына міндеттерді орындайды** a. Білім беру, дамытушылық, тәрбиелік b. Дамытушылық c. Білім беру d. Тәрбиелік e. Білім беру және тәрбиелеу **Физика пәнінің көлемі мен мазмұнын анықтайтын іс-қағазы қандай** Білім беру стандарты Әдістемелік оқу құралы Календарлық жоспар Бағдарлама Оқулық **Физиканы оқыту әдістемесінің құрамды бөлімі болып** Жалпы және жеке мәселелер, мектеп эксперименттін жасау техникасының әдістемесі Жеке мәселелер (жеке тақырыптарды оқыту әдістемесі) Жалпы және жеке мәселелер Мектеп экспериментін жасау техникасының әдістемесі Жалпы мәселелер **Негізі ядросы, одан шығатын салдар ненің структуралық құрамды бөлігі болып табылады** Тек қана физикалық теорияның Тек қана салыстырымдық теориясының Тек қана классикалық теорияның Тек қана кванттық физиканың Тек қана электромагниттік толқындар теориясы **Мұғалімнің құрал-жабдықтарды көрсете отырып физикалық құбылысты негізінен әңгіме, әңгімелесу, баяндау арқылы түсіндіруі қандай әдіс деп аталады** Сөздік Көрнекілік Проблемалық Практикалық Программалық **Мұғалімнің физикалық құбылыс және әр түрлі нысаналарды көрсете отырып түсіндіруі қандай әдіс деп аталады** Көрнекілік Проблемалық Практикалық Сөздік Зерттеу әдісі **Қолдану қорытындысында жаңа білімді меңгерумен бірге іздену, тәжірибе жасау, өлшеу икемділіктері мен дағдыны қалыптастыратын әдісті не деп атайды** Практикалық Проблемалық Көрнекілік Сөздік Зерттеу әдісі **Сабақта мұғалімнің физикалық құбылысты арнаулы құрал-жабдықтар арқылы көрсете отырып түсіндіруі қандай әдіс деп аталады** Демонстрациялық эксперимент Фронталь лабораториялық жұмыстар Физикалық практикум Фронталь тәжірибелер Лабораториялық жұмыстар **Сыныптағы оқушылар топқа бөлініп әр түрлі тақырыпқа күрделі құрал-жабдықтармен жасайтын оқу тәжірибелерді қалай атайды** Физикалық практикум Фронталь лабораториялық жұмыстар Демонстрациялық эксперимент Лабораториялық жұмыстар Бақылау жұмысы **Сыныптағы әр оқушы жеке-жеке өлшеу құралдарымен жұмыс істеу дағдысын меңгеруі** Фронталь лабораториялық жұмыстар Лабораториялық жұмыстар Демонстрациялық эксперимент Физикалық практикум Өзіндік жұмыс **Қарапайым құрал-жабдықтармен белгілі бір тақырыпқа сәйкес оқушылардың жұптасып орындайтын тәжірибелері** Лабораториялық әдістер Фронталь лабораториялық жұмыстар Физикалық практикум Фронталь тәжірибелер Демонстрациялық эксперимент **Есептерді шығару мақсатына байланысты қандай топтарға бөледі** Жаттығу және мотивация, танымдық және оқулық, тексеру бағалау Жаттығу және мотивация Танымдық және оқулық Тексеру бағалау Қиын, күрделі **Есептерді берілу тәсіліне байланысты қандай топтарға бөледі** Сөздік, сурет, графиктік Сөздік Сурет Графиктік Эксперименттік **Есептерді шығару тәсіліне қарай қандай топтарға бөледі** Есептеу, сапалық-логикалық, эксперименттік Есептеу Сапалық -- логикалық Эксперименттік Қарапайым күрделі **Мектепте білім берудің негізгі формасы болып** Сабақ Конференция Семинар Экскурсия Лекция **Білімді, біліктілікпен дағдыны, икемділікті тексеру мақсаты не болып табылады** Оқу материалын және икемділіктерін меңгеру деңгейін анықтау Қайталау Тереңдету Бекіту Жаңа материалды оқып үйрену **Мұғалімнің сабаққа дайындығын жоспарлауы неден басталады** Оқу жылының жоспарын жасаудан Жеке сабаққа дайындалудан Тақырыпты жоспарлаудан Тарауды жоспарлаудан Оқулықпен танысудан **Сабақ жоспарын жасау** Әр сабаққа дайындықтан Әр тақырыпты дайындаудан Оқу материалын тоқсанға беруден Сабаққа конспекті жазудан Оқу жылына тақырыптық жоспар дайындаудан **Деформацияланған серіппенің энергиясы оның ұзару шамасының квадратына тура пропорционал: E=Kx\^2/2 болады. Осы тұжырым не болып табылады** Теориялық қорытынды Ғылыми факт Танымдық және оқулық Ғылыми үлгі (модель) Постулат **Ғылымда тұжырым ақиқат болып табылады, егерде** көптеген ғалымдар бірнеше қайтара экспериментте тексерген кең тараған газетте жарияланған ол беделді ғалымдар айтқан баспада жарық көрген **XVIII ғасырда зат құрлысы туралы көзқарас бойынша газ заңдарын түсіндіруге болмады. Осының негізінде** зат құрылысы теориясына қосымша талаптар мен түзетулер енгізу керек болды тәжірибелер шындыққа жанаспайтын нәтижелер берді теория идеал нысаналарға арналған, ал экспериментте реал бар газдар қолданылады. Сондықтан да,олар сәйкес келмейді XVIII ғ. зат құрлысын тәжірибе де, ғылыми көзқарас та дұрыс түсіндіре алмады реал газдарға арналған қосымшалар ескерілмеді **Ғылыми факт -- бұл \...тұжырым** әр түрлі ғалымдар экспериментте тексерген оқулықтың мазмұнында бар беделі жоғары адамдардың пікірі көптеген ғалымдардың пікірінше ақиқат бар нәрсе ғылыми конференцияларда айтылған тұжырымдар **Экспериментте алынған ғылыми заңдылықтар \... дұрыс** олар теориялық түрде негізделген кезде барлық жағдайда егерде олар теориялық түрде негіздеуді қажет етпесе олар белгілі жағдайда анықталғанда тек бір ғана жағдайда **Максвелл электрдинамикада негізгі қағидаларды тұжырымдады. Төменде келтірілген идеялардың қайсысы оған жатпайды, немесе дұрыс тұжырымдалмаған** Электрмагниттік толқынның құраушысының магнит өрісін өзгертпей, электр өрісін азайтуға болады Электрмагниттік толқындар бар және олар кеңістікте шекті жылдамдықпен тарайды Қозғалыстағы заряд айналасында электр өрісінен басқа магнит өрісі де болады Кеңістіктің қандай да бір нүктесінде магнит өрісінің өзгерісінен айналасында электр өрісі пайда болады Электрмагниттік толқын энергия тасымалдайды **П.Н. Лебедевтың қойған тәжірибесі, бізге \... мүмкіндік берді** жарық қысымын өлшеуге жарықтың интерференция құбылысын байқауға вакуумдағы жарық жылдамдығын анықтауға электронның заряд шамасын өлшеуге дисперсия құбылсын бақылау **1887 жылы Г.Герц тауып шығарып таратқан, ал 1888 жылы А.Г.Столетов ерекшелігін \... сипаттаған** фотоэлектрондық эмиссияны заттың жарықты жұтуы жарық әсерінен химиялық реакцияның өтуін электрмагниттік толқынның барлығын жылулық эмиссия **Де Бройль болжамы бойынша саңлау арқылы өткен бөлшектің «анықталмағаны» болып табылады** Ду координаты және Дp импульсы Ду координаты немесе Дm массасы Дv жылдамдығы немесе ДE энергиясы Дm массасы және Дt өмір сүру уақыты v жиілігі мен Дm массасы **Классикалық және кванттық механиканың арасында қандай принцип орындалады** Сәйкестілік Жақыннан әсерлесу Салыстырмалылық Суперпозиция Алыстан әсер ету **Ғылыми болжам -- бұл** алдын-ала бақылаудан кейінгі жорамал процесті түсіндірген кездегі кез-келген пікір ғылыми түрде дәлелденген тұжырым әңгімелесу кезіндегі көзқарасқа сай пікір әңгімелескеннен кейінгі пікір **Ньютон өз еңбегінде, егерде денені биік тау басынан 8км/с жылдамдықпен жіберсек, онда ол Жерді шеңбер тәріздес орбитамен айнала қозғалатынын тұжырымдайды. Мына тұжырым \...деп санауға болады** Болжау бақылаудың қорытындысы теорияға негізделген эксперименттік факт эксперименттік факт теория арқылы дәлелденген теориялық жорамал **XIX ғасырда дене өзінен жарық шығарған кезде оның зарядының өзгермейтіні белгілі болған. Бұл тұжырым \... табылады** ғылыми факт болжам Постулат теориялық қорытынды Эксперимент **Теориялық тағайындалған заңдылықтар дұрыс болып табылыды** тек қана эксперимент арқылы тексерілсе ғалымда қалыптасқан көзқарасқа қайшы келмеген жағдайда егерде олар теорияның салдары болып, ақиқат екені бірнеше қайтара тексерілсе барлық жағдайда қалыптасқан көзқарасқа қарсы келмесе **Төменде келтірілген тұжырымдардың қайсысы қазіргі кездегі электрдинамикаға қайшы келеді** Электрмагниттік толқынның жылдамдығы барлық заттан өткенде бірдей болады Электрмагнитік толқында электр және магнит өрістері өзара тығыз байланысқан Электр өрісі , магнит өрісі өзгерген кезде барлық жерде бар Электрмагниттік толқын электр заряды жоқ кеңістікте де бар Өзгеретін электр өрісі, өзгеретін магнит өрісін туғзады **Төменде келтірілген тұжырымдардың қайсысы салыстырмалылықтың арнаулы теориясына қайшы келеді** Табиғаттағы барлық құбылыстар салыстырмалы және әр түрлі инерциалық санақ жүйелерінде бірдей емес Вакуумде жарық жылдамдығы барлық инециялы санақ жүйелерінде бірдей Табиғаттағы барлық құбылыстар кез-келген инерциалық санақ жүйелерінде бірдей өтеді Дененің ДЕ энергиясының артуы, оның массаның артуымен байланысты Дененің ДЕ энергиясының кемуі, оның массаның кемуімен байланысты **Штерн тәжірибесінде \... анықталған** молекуланың орташа жылдамдығы молекуланың орташа массы молкулалар атомдардан тұрататындығы электрондардың қозғалысы классикалық механика заңдарына бағынбайтындығы молекуланың өлшемі **1820 жылы Эрстед жасаған тәжірибеде қандай құбылыс анықталды** Магнит стрелкасының электр тогы бар өткізгіштің айналысында қозғалуы Электрленген денелердің өзара әсері Параллель токтардың өзара әсері анықтау Өткізгіш ішіндгі элетрстатикалық өрістің шамасын Электрмагниттік индукция құбылысын **Де-Бройль болжамына сәйкес** барлық бөлшектер корпускулалық -толқындық дуализм қасиеттеріне ие микробөлшектердің қозғалысы бір мезгілде координата және импульстің нақты мәндерін сипаттай алмайды атомдар электрмагниттік энергияны жеке порциалармен шығарады дененің жұтқан немесе шығарған жарық бөлшегінің жиілігі сол заттың бөлшегіне тәуелді микробөлшектердің қозғалысы бір мезгілде координата және массасының нақты мәндерін сипаттай алмайды **Классикалық және кванттық физика заңдылықтарының арақатынасы қандай** Классикалық және кванттық физика заңдары әр түрлі құбылыстарды түсіндіруге арналған. Макроскопиялық құбылыстар классикалық физика, ал микроскпоиялық құбылыстар кванттық физика заңдарымен түсіндіріледі Кванттық физиканың заңдары барлық жағдайда дұрыс. Классикалық физика микрожүйелерді жуықтап сипаттауға арналған оның дебес жағдайы Классикалық физиканың заңдарын кванттық физика толығымен жоққа шығарады Классикалық физика заңдары барлық жағдайда дұрыс. Кванттық физика микрожүйелерге арналған, оның дербес жағдайы болып табылады Кванттық және классикалық физика заңдары барлық жағдайда дұрыс **ß-сәулелену кезінде, атом ядросында** нейтрон протон мен электронға ыдырайды электрон және протон бірігіп, нейтрон пайда болады электрондан бар, олар ұшып шығуы мүмкін протон нейтрон мен электронға ыдырайды нейтрон мен протон бірігіп электрон шығады **Молекула-кинетикалық теорияның негізін анықтайтын қағиданы көрсетіңіз** Зат бөлшектерден тұрады, олар бейберекет қозғалады және бір-бірімен өзара әсерлеседі Газдарда молекулалар арасындағы қашықтық олардың өлшемдерінен әлдеқайда артық болады Кез-келген агрегаттық күйде зат біртұтас болмайды Барлық денелердің арасында гравитация күштері болады Молекулалар тебіледі және тартылады **Тік жоғары лақтырылған дененің бастапқы жылдамдығы 16 м/с. Қандай биіктікте дененің кинетикалық энергиясы, сол дененің потенциалдық энергиясына тең болады ( g=10 м/с\^2)** 6,4 м 12 м 9,2 м 5 м 8,4 м **Үйкеліс күшінің өрнегін анықтаңыз** F=µN F=ma F=-Kx F=pgh F=mg **Серіппенің қатаңдылық коэффициенті деп нені атайды** Серпімділік күшінің деформация шамасына қатынасы Серпімділік күшінің серіппенің бастапқы ұзындығына қатынасы Серпімділік күштің серіппе салмағына қатынасы Серпімділік күшінің серіппе ұзындығына қатынасы Серпімділік күшінің серіппе диаметріне қатынасы **Дененің потенциалдық энергиясы дегеніміз** Дененің басқа денелермен әсерлесу энергиясы Дененің қозғалыс энергиясы Дененің ішкі энергиясы Дененің тыныштық энергиясы Денені қыздырған кездегі істеген жұмыс **Шеңбер бойымен бір қалыпты қозғалатын нүктеге түсірілген тең әсерлі күш векторы қалай бағытталған** Күш -- жылдамдық векторына перпендикуляр бағытталған Күш нольге тең Күш -- жылдамдық векторына қарсы бағытталған Күш -- үдеу векторына перпендикуляр бағытталған Күш -- жылдамдық векторының бойымен бағытталған **Дененің кинетикалық энергиясы дегеніміз** Дененің қозғалыс энергиясы Дененің тыныштық энергиясы Дененің ішкі энергиясы Дененің басқа денелермен әсерлесу энергиясы Анықтамасы жоқ **Механикалық жұмыс дегеніміз** Күш пен орын аыстыудың және арасындағы бұрыштың косинусының көбейтіндісі  A=mv\^2/2 Күш пен иіннің көбейтіндісі A=Fl Күш пен орын ауыстырудың және арасындағы бұрыштың синусының көбейтіндісі  Күш пен массаның көбейтіндісі  **Түзу сызықпен қозғалып келе жатқан дене жылдамдығын азайтты. Үдеу қалай бағытталған** Қозғалысқа қарсы қозғалыс бағытымен Нормаль бойымен Берілген нүкте траекториясының радиус-векторының бойымен Траекторияға жанама бойымен **Шеңбер бойымен қозғалатын дене жылдамдығын бір қалыпты азайтатын болса, үдеуі қалай бағытталады** Центрге тартқыш пен сызықтық үдеуінің қосындысының бағыты бойымен Ценрге қарай Жылдамдыққа қарсы Центрден сыртқа қарай Траекторияға жанама бойымен **Жоғары вертикаль, горизонт бойымен және горизонтқа бұрыш жасай лақтырылған денелердің қозғалысында қандай ортақ қасиет бар** Дене барлық жағдайда g үдеуімен қозғалыста болады Бастапқы жылдамдығы құлау жылдамдығына тең болады Барлық жағдайда қозғалыс бірқалыпты болады Бұл қозғалыстарда ортақ қасиет жоқ Барлық жағдайларда қозғалыс түзу сызықты болады **Есептеу кезінде не себепті Айды Жермен салыстырғанда материалдық нүкте деп санауға болады** Жерден айға дейінгі қашықтық Айдың радиусынан әлденеше рет артық Ай-шар Ай-Жердің серігі Айдың массасы жердің массасынан кем Айдың массасы Күннің массасынан кем **Жүйедегі еркін тербелістер дегеніміз** Ішкі күштердің әсерінен болатын тербелістер Сыртқы периеодты күштердің әсерінен болатын тербелістер Сыртқы тұрақты күштердің әсерінен болатын тербелістер sin және cos заңдылықтары бойынша өзгеретін тербелістер Үйкеліс күштердің әсерінен болатын тербелістер **Мына формулалардың қайсыс Гук заңын сипаттайды** F=-kX F=ma F=µN F=kX\^2/2 F=GMm/r\^2 **Горизонтқа бұрыш жасай лақтырылған дене қандай траекториямен қозғалады** Парабола бойымен Гипербола бойымен Басқаша күрделі қисықтың бойымен Шеңбер доғасы бойымен Эллипс бойымен **Газдың қандай күйі вакуум деп аталады** Молекуласы жоқ кеңістік Молекулалардың жүрген жолының орташа ұзындығы ыдыс өлшеміне жақын болатын газ күйін айтады Молекулалардың орташа жүрген жолының ұзындығы молекулалардың өлшеміне сай болатын газ күйін айтады Молекулалардың әсерлесуі болмайтын газ күйін айтады Молекулалар және электрмагниттік толқындар жоқ кеңістік **Су буы конденцияланғанда, энергия жұтылады ма, бөлінеді ме** Бөлінеді Жұтылады Жұтылмайды да, бөлінбейді де Жұтылуы да, бөлінуі де мүмкін Басында бөлінеді, кейін жұтылады **Идеал газды қыздырғанда молекулалардың орташа квадраттық жылдамдығы 4 есе артса, газдың абсолюттік температурасы қалай өзгереді** 16 есе артады 2 есе артады 4 есе артады 12 есе артады 8 есе артады **Екі дене жылулық тепе-теңдікте болмау үшін қандай физикалық параметрлері әртүрлі болуы керек** Температуралары Қысымдары Молекулалардың орташа квадраттық жылдамдығы Денелердің көлемдері Денелердің массалары **Температура дегеніміз не** Молекулалардың орташа кинетикалық энергиясының көрсеткіші Молекулалардың соқтығысу саны Заттың агрегат күйінің сипаттамасы Газдың істеген жұмысының көрсеткіші Жауаптар арасында дұрысы жоқ **Идеал газ болу үшін газдағы қандай эффектіні ескермеуге болады** Арақашықтыққа байланысты молекулалар әсерлесуі Молекулалардың соқтығысуы кезіндегі әсерлесуі Молекулалардың соқтығысуын Молекулалардың массалары Молекулалардың өлшемін ескермесек **Меншікті булану жылуы дегеніміз не** Сұйықтың бірлік массасын, қайнау температурасында буландыруға жұмсалатын жылу мөлшері Берілген сұйық массасын буландыруға кететін жылу мөлшері Сұйықтың бірлік массасын, қайнау температурасына дейін жеткізіп оны буландыруға жұмсалатын жылу мөлшері Тұрақты температурадағы сұйықтың бірлік массасын буландыруға кететін жылу мөлшері Кез-келген **Заттың меншікті жылу сыйымдылығы дегеніміз не** 1 кг затты 1 К температураға өзгерткенде алған немесе берген жылу мөлшері Берілген массадағы заттың температурасын 1К- ге өзгертуге кететін жылу мөлшері Берілген массадағы заттың температурасын Т1- ден Т2- ге дейін өзгертуге жылу мөлшері Бірлік массадағы заттың температурасын Т1- ден Т2- ге дейін өзгертуге жылу мөлшері Жауаптар арасында дұрысы жоқ **Меншікті жылуы сыйымдылығы дегеніміз не** 1кг массадағы заттың  температурасы 1 градусқа қыздыру үшін кеткен жылу мөлшері Балқу температурасында берілген массадағы затты сұйыққа айналдыру үшін кеткен жылу мөлшері Берілген температурадағы затты балқу температурасына дейін жеткізіп сұйыққа айналдыру үшін кеткен жылу мөлшері 1кг затты балқу температурасына дейін жеткізіп оны толық сұйыққа айналдыру үшін кеткен жылу мөлшері Жауаптар арасында дұрысы жоқ **Меншікті балқу жылуы дегеніміз не** a. Балқу температурасында 1кг кристаллдық затты сұйыққа айналдыру үшін кеткен жылу мөлшері b. Балқу температурасында берілген массадағы затты сұйыққа айналдыру үшін кеткен жылу мөлшері c. Берілген температурадағы затты балқу температурасына дейін жеткізіп сұйыққа айналдыру үшін кеткен жылу мөлшері d. 1кг затты балқу температурасына дейін жеткізіп оны толық сұйыққа айналдыру үшін кеткен жылу мөлшері e. Жауаптар арасында дұрысы жоқ

Use Quizgecko on...
Browser
Browser