Summary

Бұл құжат мәтіндерді түзету, стильдік және грамматикалық қателерді анықтау және түзету жолдарын сипаттайды.

Full Transcript

1.Абзац (нем. absatz -- шегініс) -- қара сөздегі мәтіннің әр бөлімінің алдыңғы жолын тұтас қатардан сәл шегіндіріп бастау. Бұл мәтіннің мағына жағынан бірыңғай тиянақты бөліктерін бір-бірінен ажырату үшін қажет. Логикалық мазмұн тұрғысынан мәтіннің бір тынысты кезеңін бөліп алып отыру, ой желісін дұ...

1.Абзац (нем. absatz -- шегініс) -- қара сөздегі мәтіннің әр бөлімінің алдыңғы жолын тұтас қатардан сәл шегіндіріп бастау. Бұл мәтіннің мағына жағынан бірыңғай тиянақты бөліктерін бір-бірінен ажырату үшін қажет. Логикалық мазмұн тұрғысынан мәтіннің бір тынысты кезеңін бөліп алып отыру, ой желісін дұрыс ширатып, өрбіте жүйелеуге өте ыңғайлы. Азат жол мәтіннің түсінікті, түйінді, тұжырымды болуына септігін тигізеді.\[1\] Сонымен қатар Абзац сөзі мынадай мағыналарды білдіреді: - Бір азат жолдан екінші азат жолға дейінгі күрделі синтаксистік тұтастықты білдіретін мәтін бөлігі; - Азат жол. Жаңа жолдан бастап жазуда оңға қарай жасалған шегініс. 2.Логикалық байланыс Мәтінде сөз желісі логикалық жүйеге бағынады, өзара бірімен бірі байланысты арнаулы ақпараттар баяндалады, сөз сипаттау түрінде болып, дәлдікке ерекше мән берілді. Редакциялау, мәтінді түзету дегеніміз --- өңдеу, енгізу, өшіру, орын ауыстыру, мәтіннің мазмұнын түзету және грамматикалық, пунктуациялық және орфографиялық қателерді түзету. Түзету түрлері: Қайта оқып түзету Қысқарту арқылы түзету Өңдеу арқылы түзету Қайта жазып барып түзету ---------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------- -------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------- ---------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------- ------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------ Мәтінді түпнұсқасымен салыстырып оқып барып, ондағы әріп қателерін түзету. Ресми материалдарды, қайта басылып шығатын кітаптарды редакциялау барысында түзетудің осы түрі қолданылады. Мәтіннің мазмұнын, логикалық жүйесін сақтай отырып, оны белгіленген көлемге түсіріп ықшамдау. Шығарманы шұбалаңқылықтан, нанымсыз дәлелдерден, қайталаулардан арылту үшін де түзетудің осы түрі қолданылады. Авторлық мәтінді сақтай отырып, оның композициялық құрылысындағы олқылықты жою, деректік және логикалық қателерін түзетіп, тілі мен стиліндегі кемшіліктерін жөндеу. Әдеби тілді нашар меңгерген авторлардың қолжазбаларын әзірлеу кезінде қолданылады. Мұнда әдеби өңдеуші автордың негізгі ойын, өзіндік стиль ерекшелігін сақтай отырып, шығарманы қайта жазып шығады. Мәтінді түзету және редакциялау: 1. Көк түспен белгіленген сөйлемдерде қажетті тыныс белгілері қойылмаған. 2. Сары түспен белгіленген сөйлемде стильдік қате кездеседі. 3. Жасыл түспен белгіленген сөздер орынды қолданылмаған. Лексикалық қате жіберілген. 4. Қызыл түспен белгіленген сөздер орфографиялық нормаға сай жазылмаған. Сөздердің дұрыс жазылуына мән берген жөн.

Use Quizgecko on...
Browser
Browser