Summary

This document appears to be a past exam paper, focusing on organic chemistry concepts including isomers, functional groups, and reactions. The questions assess understanding of organic chemistry principles. A summary of the paper would be: "A chemistry past paper focused on organic chemistry, including concepts like isomers and reactions, with 30 questions covering topics from general organic chemistry to more advanced topics."

Full Transcript

№2 АРАЛЫҚ БАҚЫЛАУ ТЕСТ 1. Қандай заттарды изомерлер дейді? Жауап:Изомерлер – молекулалық формулалары бірдей болғанмен, құрылыстары мен қасиеттері әртүрлі заттар. 2. 2-гидрокси- 4-метилбензой қышқылының құрамына кіретін функциялық топтардың саны: Жауап:2-топ 3. Мына қосылысты IUPAC орынбасарлық ном...

№2 АРАЛЫҚ БАҚЫЛАУ ТЕСТ 1. Қандай заттарды изомерлер дейді? Жауап:Изомерлер – молекулалық формулалары бірдей болғанмен, құрылыстары мен қасиеттері әртүрлі заттар. 2. 2-гидрокси- 4-метилбензой қышқылының құрамына кіретін функциялық топтардың саны: Жауап:2-топ 3. Мына қосылысты IUPAC орынбасарлық номенклатура бойынша атаңдар: Жауап:2-оксопропан қышқылы 4. Гомологтар болып табылады: Жауап:Гомологтар-құрылысы мен қасиеті ұқсас,бір н/е бірнеше СН2 тобына айырмасы бар жалпы формуласы бірдей заттар. 5. Органикалық заттардың көптүрлілігінің бір себебі мынада: Жауап:Органикалық заттардың көптүрлілігінің бір себебі мынада:Көміртек ассиметриясына және изомерлерінің қасиетіне. 6. Карбоксил тобы бар молекулалар: Жауап:СООН тобы бар молекулалар 7. Қантты диабетпен ауыратын науқастарға қанталмастырғыш ретінде ксилитті қолданады. Оны ИЮПАК орынбасарлық номенклатурасы бойынша пентанол-1,2,3,4,5 деп атайды. Дұрыс тұжырымдаманы таңдап алыңдар: Жауап: C5H12O5 ол көпатомды спиртполифункционалды қосылыс 8. Органикалық қосылыстардың химиялық құрылысы туралы мына пікірлер дұрыс па? 1)Химиялық құрылысы қосылыстың молекулаларындағы атомдардың кеңістіктік орналасуын көрсетеді. 2)Атомдардың өзара орналасуы молекуланың химиялық қасиеттерін береді. Жауап:екеуіде дұрыс 9. Заттардың берілген класының қасиеттерін анықтайтын атомдардың тобын былайша атайды: Жауап:Функционалдық топ 10. Көптеген бірдей молекулалардың қосалқы өнімдер түзбей, ірілену үдерісінің аталуы: Жауап:Полимерлену 11. σ –Байланыстардың тізбегі бойынша электрон тығыздығының ығысуы былайша аталады: Жауап:индуктивті эффект 12. 2-гидрокси-4-метилбензой қышқылының құрамына кіретін функциялық топтардың саны: Жауап:Карбоксил тобы, гидроксил тобы 13. Оң индуктивтік әсерді танытатындар: Жауап:алкил тобы және зарятталған бөлшектердегі аниондық орталықтар 14. Тіршілік үдерістеріне қатысатын моносахаридтер...... қатарға жатады: Жауап:D - қатарға 15. Төрт әртүрлі атомдармен немесе атомдық топтармен байланысқан көміртегі атомы былайша аталады: Жауап:АССИМЕТРИЯЛЫҚ 16. Конформацияларды кескіндеу үшін қолданылатын проекциялық формулалар: Жауап:Фишер мен Ньюмен 17. Орынбасардың π–байланыстардың тізбектізбегі бойынша берілетін әсері былайша аталады: Жауап:Мезомерлік эффект 18. Сыртқы электрондық деңгейде электрон жұбы бар бөлшектерді немесе бейтарап молекулаларды былайша атайды: Жауап:нуклеофильдер*және электрофильдер 19. Қосарланған қос байланыстары бар қосылыстың формуласын көрсетіңдер: Жауап:диендер CnH2n-2 20. Салыстырмалы D-, L-номенклатурада конфигурациялық стандарт ретінде қолданылады: Жауап:глицералдегид (глицирин альдегид) 21. Көп атомды спирттерге сапалық реакция ретінде олардың мына затпен әрекеттесуі болып табылады: Жауап:Хелат түзу, Cu(oh)2 +2Naoh 22. Этил спиртін этилбромидін гидролиздеп алуға болады. Бұл реакция қандай механизммен жүреді: Жауап:SN2 биомолекулалық нуклеофильді алмастыру 23. Пропанол-1 тотыққанда қандай өнім түзіледі: Жауап:пропаналь 24. Реакцияның механизмін тағайындаңдар: СН3СН=СН2 + Н2О →(Н+)→ СН3СН(ОН)СН3 Жауап: Электрофильді қосылу 25. Біріншілік спирттер тотыққанда түзіледі: Жауап:альдегидтер 26. Пеницилламин – уқайтарғы, ауыр металдардың қосылыстарымен уланғанда қолданылады. Оған IUPAC орынбасарлық номенклатурасы бойынша атау беріңдер: Жауап: 2 амин 3 меркапто 3 метил бутан қышқылы 27. Бос электрон жұбы бар бейтарап молекулалар мен иондар мынадай бөлшектер болады: Жауап: Льюс негіздері нуклеофильдер 28. Көп томды спирттерге жатады: Жауап: Глицерин Этиленгликоль ксилит сорбит 29. Галоген, гидроксил, тиол және амин топтары бар қосылыстарға тән реакциялар: Жауап: Нуклеофильдік орынбасу реакциялары,тотықтыру,тотықсыздандыру реакциялары 30. Мына тұжырымдама «Элиминдеу реакцияларында протонның босап шығуы ең аз гидрогенденген көміртегі атомынан орын алады» сәйкес келетін ереже: Жауап:бұл ереже Зайцев ережесіне сәйкес келеді. 31. Реагент молекуласындағы коваленттік байланыс гетеролиттік үзілген кезде қандай бөлшектер түзіледі? Жауап:электрофильдер нуклеофильдер 32. Төменде келтірілген формулалардың қайсыларында sp3 -гибридтену жағдайындағы көміртегі атомдары бар? Жауап:1-СBr4 және 3-СН3-СН2-СІ 33. Органикалық қосылыстардың қасиеттерін қарастыра отырып, орынбасарлардың көміртегі тізбегінің электрондық тығыздығына әсерінің екі түрін атауға болады: 1. Жай байланыстардың (σ) тізбегі бойынша берілетін. 2. Еселік байланыстар (π) жүйесі бойынша берілетін. Осы әсерлердің қайсысын индуктивтік әсер дейді? Ол тізбек бойына таралғанда тез не баяу өше ме? Жауап:Индуктивтік әсер-бұл сигма-байланыс арқылы электрондық тығыздықты беру. Индуктивтік әсер көміртек тізбегі бойынша тез өшеді. 34. Қандай қанықпаған көмірсутектен бензолды синтездеуге болады және бұл кезде реакцияға заттың қандай мөлшері қатысады? Жауап:Бензолды ацетиленнен синтездеуге болады,бұл кезде реакцияға 3моль ацетилен (78г) қатысады. 35. Бензолға реакциялардың қай түрлері тән және олар қай байланыстар бойынша жүзеге асады: Жауап: Бензолға:Орынбасу,қосылу,тотығу реакциялары тән және олар ароматты сақинадағы "п" байланыстардың қатысуымен жүреді. 36. Бутен-1 гидратациялау кезінде түзілетін негізгі өнім: Жауап:бутанол-2 37. CH3−X типті қосылыстардағы Х –хлор, бром, иод, фтор атомдары. Оларды байланыстың полюстілігі өсетін қатарға орналастырыңдар: Жауап:йод-бром-хлор-фтор 38. Метанның хлормен жарықта әрекеттесуі мына реакция бойынша жүреді: CH4 + CI2 → CH3CI + HCI Төменде келтірілген сатылардың қайсысы тізбектің үзілуі сатысына жатпайды Жауап: CH3+HCL=CH4+CL 39. Формуладағы атомдардың арасындағы стрелка CH3→ CH2→Br нені көрсетеді? Жауап:сигма байланыстардың тізбегі бойынша электрондық тығыздықтың ығысуы 40. Төменде келтірілген қосылыстардың қайсысында қосарлану эффекті байқалады? Жауап:CH2=CH-Br(басқадан варианттар бар) 41. Мына келтірілген карбон қышқылдарының дұрыс аталуы қалай? СН3-СН(ОН)-СООН , СН3-СО-СООН , СН3-СН(СН3)-СООН. Жауап:1) 2-гидроксипропан қышқылы/сүт қышқылы 2) 2-оксопропан қышқылы/пирожүзім қышқылы 3) 2-метилпропан қышқылы/изомай қышқылы 42. Биурет реакциясына тән күлгін түс пайда болу үшін биуретті төменде келтірілген заттармен әрекеттестіру қажет: Жауап:сілтілік ерітінділерде мыс (II) иондарымен 43. Екі негізді карбон қышқылдары бір негізді қышқылдарға қарағанда күштірек болып келеді, себебі: Жауап:индуктивтік әсер танытуы 44. Адам организміндегі зат алмасуының азоты бар ақтық өнімі – мочевина. Оны биурет реакциясы арқылы ашуға болады. Биурет төмендегі заттарды абайлап қыздырғанда түзіледі: Жауап:мочевина(150-160градус) 45. Бензой қышқылы азот қышқылымен жақсы нитрленеді. Бұл кезде нитротоп ароматты сақинаның қай жағдайына енгізіледі? Жауап:Мета жағдайда 46. Малон қышқылын янтар қышқылынан қандай реакцияның көмегімен ажыратуға болады? Жауап:декорбоксилдеу 47. Организмде пирожүзім қышқылы сүт қышқылына дейін тотықсызданады. Бұл реакцияға қандай тендеу сәйкес келеді? Жауап:Н2 қосылған теңдеу 48. in vivo 2-амин-3-гидроксипропан қышқылын декарбоксилдегенде түзіледі: Жауап:2-аминоэтанол 49. Адам организмінде этанолдың ақтық тотығу өнімі болып табылады: Жауап:сірке қышқылы 50. Антифебрин (ацетанилид) N-фенилацетамид болып табылады және ең алғашқы ыстықты түсіретін заттардың бірі ретінде белгілі. Оны синтездеу үшін қандай реагенттерді қолдануға болады? Жауап:Анилин, сірке ангидрид 51. D-глюкурон қышқылынан (β-1,3) және N-ацетил-2-D-глюкозаминнен (β-1,4) тұратын дисахаридтік фрагмент мына полисахаридтің құрамында кездеседі: Жауап:Гиалурон қышқылы 52. Гепариннің құрамындағы гликозидтік байланыстар: Жауап:егер фрагмент L-идурон қышқылымен аяқталса-а(1-4); D-глюкурон қышқылымен аяқталса-В(1-4) байланыс 53. Целлюлоза мына затпен әрекеттесіп, күрделі эфирлер түзеді: Жауап: Қышқылдардың ангидридтері немесе сірке ангидриді 54. Гетерополисахаридтерге жатады: 1. Гликоген 2. Гепарин 3. Амилоза 4. Хондроитинсульфат 5. гиалурон қышқылы Жауап:2;4;5 55. Қазіргі ұғым бойынша фотосинтез құбылысы: nCO2 + nH2O hv CnH2nOn [Cn(H2O)n] + nO2 арасында бір жаңсақ жіберілген төмендегідей тұжырымдардан тұрады. Осы қателікті көрсетіңдер: Жауап:өздерің жауаптан тауып аласыңдар 56. Крахмал үшін гликозидтік байланыстың мына түрлері тән: Жауап:амилоза құрамы a(1-4) байланыс, амилопектин тізбегінде a(1-4) байланыс, тармақ түйінінде a(1-6) байланыспен байланысқан 57. Целлюлоза гидролизінің соңғы өнімі болып табылады: Жауап:бетта глюкоза 58. Целлюлозадан ерекше крахмал: Жауап:амилоза, амилопектин,бетта 1-4 байланыс глюкоза 59. Өсімдіктердің жасушаларында крахмалдың атқаратын қызметі: Жауап:энергия сақтау үшін маңызды 60. Крахмалдың организмде гидролизін жүргізетін: Жауап:амилаза ферменті 61. Пептидтер мен нәруыздардың макромолекулалары мына заттардың қалдықтарынан түзілген: Жауап:аминқышқылдарының қалдығынан 62. Нәруыздың біріншілік құрылымы дегеніміз – бұл … Жауап:аминқышқ. бір бірімен пептидтік байланыс арқылы байланысуы 63. Нәруыздардың төртіншілік құрылымы қандай байланыстардың есебінен қалыптасады? Жауап:Коваленттік байланыстар (дисульфидтік көпірлер), гидрофобты, сутектік, иондық 64. Жануарлардың организмінде нәруыздардың ыдырауы мына жағдайда жүреді: Жауап:Асқазан,пепсин 65. Изоэлектрлік нүктеде пептидтер мен нәруыздардың ерітінділері: 1.ең тұрақсыз 2.теріс зарядталған молекулалардан тұрады 3.оңай тұнады 4.оң зарядталған молекулалардан тұрады 5.молекуланың қосынды заряды нөлге тең болады Жауап:1,3,5 66. Нәруыздардың пептидтерден айырмашылығы: Жауап:Аминкышқылы санына,нәруызда 100ден астам болады 67. Пептидтік байланысқа сапалық реакция: Жауап:Биурет реакциясы 68. Нәруыздардағы цистеин қалдықтарын спецификалық анықтаудың негізінде қандай химиялық реакция жатыр, егер нәруыздық молекуланың Pb2+ -мен реакциясын былайша қарастырсақ: Жауап: қара тұнба қорғасын меркаптиттері 69. Келтірілген дипептидті атаңдар: Жауап:Изолейцилвалин 70. Нәруыздардың пептидтерге дейін ыдырауы мына жағдайда жүреді: Жауап:Асқазан,пепсин 71. Қандай спиртті тотықтыру арқылы альдегид алуға болады? Жауап:Біріншілік спирт 72. Пропаналь мына реакцияның нәтижесінде түзіледі: Жауап:Пропаналь алғашқы спирттің (пропан-1-ол) жұмсақ тотығуы нәтижесінде түзіледі. Пропиннің гидратациясы (Кучеров реакциясы): Пропин (CH₃C≡CH) су қосып, кейіннен қайта ыдырау арқылы пропаналь түзеді. Этаналь мен метилмагнийбромидтің әрекеттесуі: Гриньяр реакциясында аралық өнім ретінде пропаналь түзілуі мүмкін. Пропаналь пропанолдың катализатор (мыс немесе күміс) қатысында дегидрлеуі кезінде түзіледі: 73. Құрылысы төмендегідей затқа беріңдер:ХН бойынша атау Жауап:қосылыстың атауы: 3-метил,3 пропил бутаналь;3диметил гексаналь 74. Қосып алу реакциясына жоғарырақ жылдамдықпен қай қосылыс түседі? Жауап:ацетальдегид 75. Кето-енолды таутометрия (соңғы өніміне байланысты) қандай реакция типіне жатады: Жауап: изомерлену 76. Қате пайымдауды көрсетіңдер:өздерің белгілейсіңдер 77. Қай альдегидтің карбонил тобының белсенділігі жоғарырақ? Жауап: Трихлорацетальдегидтің (CCl₃-CHO) карбонил тобының белсенділігі жоғарырақ 78. Мына альдегидтердің қайсылары альдольды конденсациялану реакциясына түсе алады? Н–СНО; СН3–СНО; СН3–СН2–СНО; СН3–СН2–СН2СНО; С6Н5–СНО Жауап:ch3-ch2-cho (пропаналь); ch3-cho(сірке альдегиді); ch3-ch2-ch2-cho(май альдегиді) 79. Канниццаро реакциясы мына қосылыстарға тән: Жауап:альфа сутегі жоқ альдегидтер 80. Альдегид тобын сапалық анықтайтын реакция: Жауап:Ag(NH3)2OH(толленс реактиві); Cu(OH)2(мыс гидоксиді) 81. Төмендегі көмірсулар-пентозалардың қайсысы нуклеин қышқылдары құрамына кіреді? Жауап:рибоза, дезоксирибоза 82. Нуклеин қышқылдары құрамына кіретін негізгі бес нуклеинді негіздермен қатар, сирек жағдайда тағы бір пуринді негіз - гипоксантин кіреді. Төмендегі формулалардың қайсысы осы қосылысты өрнектейді: Жауап:Д 83. Қос спиральды ДНК молекуласының екінші тізбегінің негіздер реттілігі АЦА болатын болса, осы бөлікке комплементарлы ДНК тізбегінің құрылымы қандай болады? Жауап:ТГТ 84. Мына сызба бойынша жүретін гидролиз үдерісі қандай нуклеотидке тән? Жауап:гуанозин 5’ фосфат 85. Нуклеозидтер – мына қалдықтардан тұратын N-гликозидтер: Жауап:гетероциклді негіз бен көмірсу. 86. Төмендегі реакция өнімі қандай нуклеозид болады? Жауап:рибонуклеозид уридин 87. Нуклеотидке тән байланыстардың түрі: Жауап:N - гликозидтік, күрделі эфирлы 88. Үш сутектік байланыс мына комплементарлы негіздердің арасында түзіледі: Жауап: Гуанин мен цитозин 89. Төменде келтірілген нуклеотид-коферменттердің ішінен нәруыз синтезінде энергия көзі болып табылытынын таңдап алыңдар: Жауап:атф 90. Мына анықтама қандай қосылысқа сай келеді: "Гетероциклді негізбен байланысқан көмірсу қалдығынан, ал ол өз кезегінде фосфор қышқылымен эфирленген үшкомпонентті жүйе " Жауап:нуклеотид 91. D-глюкозаның α- және β-аномерлік формаларының бір-бірінен айырмашылығы неде: Жауап:Кеңістікте гидроксил тобының орналасуымен ерекшеленеді,яғни альфа-аномерінде OH гликозидті топ оң жақта,ал бетта-аномерде көміртек тізбегінің сол жағында орналасқан. 92. Альдогексозалардың молекуласында қанша хиралды көміртегі атомы бар және оларға қанша оптикалық изомер сәйкес келеді? Жауап: 4 хиралды көміртек атомы бар,16 изомер 93. Төмендегі схема бойынша жүретін реакция өнімі А қалайша аталады? Жауап: ацетилхлориді(ch3cocl) CO2+H2O->C6H12O6+O2 C6H12O6->C2H5OH+CO2 C2H5OH——> CH3COOH+H2O CH3COOH—>CH3COCl+H2O 94. Төменде келтірілген гексозалар фосфаттарының ішінен 1,6-дифосфат-β-D- глюкопиранозаны көрсетіңдер: Жауап: Е варианты 95. Күміс оксидінің аммиактағы ерітіндісімен (Толленс реактиві) глюкозаны тотықтырғанда қандай өнім түзіледі? Жауап: д-глюкон қышқылы,күміс,аммиак,су 96. Жануарлар мен адамдардың тіршілік үдерістерінде глюкоза: Жауап: көмірсулар метаболиттік процестердегі негізгі энергия көзі.Глюкоза қанның міндетті түрдегі компоненті және жануарлар ұлпасының жасуша реакцияларында тікелей энергия көзі. 97. Қышқыл ортада (сұйылтылған азот қышқылы) күшті тотықтырғыштармен әсер еткенде моносахаридтердің түзетін қосылыстары: Жауап: гликар қышқылы 98. Биологиялық сұйықтықтардағы глюкозаны анықтау үшін мына реакция қолданылады: Глюкоза + Сu2+ (комплекс) → Сu2О↓ + тотығу өнімі. Реактивтер: 1. Толленс 2. Бенедикт немесе Фелинг реактивтері. Қай жағдайда глюкоза а) тотықтырғыштық немесе б) тотықсыздандырғыштық қасиет көрсетеді. Жауап:2.Фелинг реактиві б)тотықсыздандырғыштық қасиет көрсетеді 99. Глюкозаның циклды формасы түзілгенде: Жауап:Глюкозаның циклды формасы түзілгенде, ол пирранозды (құрылымы алты мүшелі сақина) немесе фуранозды (бес мүшелі сақина) түрге айналуы мүмкін. Глюкозаның циклді формасы түзілгенде, оның ашық тізбекті құрылымы тұйықталып, циклды құрылымға айналады 100. Глюкоза, манноза, галактоза тотықсызданғанда сәйкесінше түзілетін спирттер: Жауап:Сорбит,маннит,глюцит 101. Барлық табиғи α-аминқышқылдары: 1.хиралды молекулалар болып табылады 2.L- стереоизомерлерге жатады 3.алмастырылмайтын аминқышөылдары 4.ароматты карбон қышқылдарына жатады Жауап:1.хиралды молекулалар болып табылады 2.L- стереоизомерлерге жатады 102. Глицин α-аминқышқылын (аминсірке қышқылы) хлорсірке қышқылынан алуға болады. Бұл реакцияны қай реагентпен әсер етіп жүргізуге болады? Жауап:NH3 немесе Cl2 103. Қай α-аминқышқылынан биогенді амин – кадаверин (пентадиаминл-1,5) алуға болады: Н2N-(СH2)4-CH2-NH2 Жауап:Н2N-(СH2)4-CH2-NH2 Лизин 104. Қорғасын(II) ацетатының ерітіндісімен сапалық реакцияны беретін: Жауап:Цистин или метионин немесе күкірті бар қышқылдар 105.Мына α-аминқышқылдарының қайсысы алмастырылмайтындарының қатарына жатады: Жауап:валин,лейцин,изолейцин,лизин,метионин,треонин,триптофан,фенилалани н 106. Катехоламиндердің тобына жататын қосылыстарды таңдап алыңдар: 1.Дофамин 2.Норадреналин 3.Холин 4.Сеpин Жауап:Дофамин,Норадреналин 107. Коламин – гетерофункциялық қосылыс, қосылыстардың мына класына жатады: Жауап:Аминспирттер 108. Катехоламиндерді биосинтездеу жолы мына алмастырылмайтын α-аминқышқылынан басталады: Жауап:L-тирозин 109. In vivo нейромедиатор ацетилхолин холин мен мына заттың әрекеттесуі кезінде түзіледі: Жауап:Ацетилкоэнзим 110. Мына өзгерісті in vivo қандай реагент жүргізе алады: Жауап:S-аденозилметион 111. Лактам мына затты қыздырғанда түзіледі: Жауап:Амидокарбон 112. Диабет ауруымен ауыратын науқастарда жинақталатын ацетосірке қышқылының декарбоксилдену өнімдерінің бірін иодоформ реакциясы арқылы анықтауға болады. Бұл кезде түзілетін зат: Жауабы:Ацетон 113. Мына келтірілген реакцияда бром карбоксил тобына байланысты мына орынға бағытталады: Жауап:мета орындар 114. Лактид қыздырғанда мына заттан түзіледі: Жауап: 115. Мына қышқылдардың қалыптасқан атаулары: 1. СН3СН(ОН)СООН 2. НООС–СН(ОН)– СН(ОН)-СООН 3. СН2(ОН)СООН Жауап:Лактат қышқылы немесе сүт қышқылы,Құмырсқа қышқылының диқышқылы немесе ,Гликол қышқылы. 116. Сахароза мына схема бойынша гидролизденеді гидролиздену реакциясының өнімдерін атаңдар: Жауап:глюкоза мен фруктоза 117. Лактозаның гидролиздену өнімдері болып табылады: Жауап:Глюкоза және галактоза 118. «Күміс айна» реакциясын Толленс реактивімен бермейтін қосылыс: Жауап:Толленс реактивімен «күміс айна» реакциясын бермейтін қосылыс — бұл кетондар (қарапайым кетондар, мысалы, ацетон) 119. Лактозаны былайша жіктеуге болады: Жауап:Глюкоза мен галактоза 120. Биохимиялық жүйелерде әмбебап энергияны тасымалдаушы болып табылады: Жауап:АТФ 121. Циклді органикалық қосылыстар, циклдің құрамына көміртегі атомдарынан басқа бір немесе бірнеше басқа элементтер кіретін қосылыстардың атауы: Жауап:Гетероциклді қосылыстар 122. Биологиялық маңызды гетероциклдерге жататындар (түзетін атомдарының санына қарай): Жауап:Бес және алты мүшелі гетероциклдер 123. Антипирин, амидопирин, анальгин дәрілік препараттардың негізінде жатқан құрылым: Жауап:Пирозолин 124. Электрофилді орынбасу реакциялары (SЕ) максимал жылдамдықпен мына қосылыстарда ең жұмсақ жағдайларда жүреді: Жауап:Пиррол мен фуран Аминдер сияқты қосылыстарда 125. Ең көп тараған бесмүшелі гетероциклдердегі көміртегі атомдарының гибридтік күйі: Жауап:Sp2 126. Реакция түрі. Бір дұрыс жауапты таңдап алыңдар. Жауап: альфа электрофильді орынбасу 127. Теофиллин және теобромин – орын изомерлері – шай жапырақтарының алкалоидтары, оны олардың қалыптасқан аттары көрсетіп тұр. Қосылыстарды ксантиннің туындысы ретінде қарастырып, оларды атаңдар: Жауап:Теофиллин - 1,3-диметилксантин Теобромин - 3,7-диметилксантин 128. Пуринді азотты қосылыстардың организмде ақтық тотығу өнімдері болып табылады: Жауап:Зәр қышқылы 129. Пиримидинді азотты негіздерге жататындар: Жауап:Цитозин,Тимин,Урация 130. Негіздермен тұздар түзген кезде зәр қышқылы (2,6,8-тригидроксипурин) мына қасиеттер көрсетеді: Жауап:Қышқылдық қасиет 131. Бейтарап липидтер немесе майлар төмендегі заттардың түзетін күрделі эфирлері болып табылады: Жауап:Глицерин,Жоғары май қыщқылдары 132. Липидтердің пероксидтік тотығуы кезінде мына реакция орын алады: Жауап:радикал орнына 133. Төменде келтірілген карбон қышқылдарының ішінен биологиялық маңызды майлы қышқылдарды көрсетіңдер: 1. С17Н35СООН 2. С15Н31СООН 3. СН3СООН 4. С17Н31СООН 5. СН3-СН2-СООН 6. С17Н29СООН Жауап:C17H35COOH C15H31COOH C17H31COOH C17h29cooh 134. Кулинарияда қолданылатын кейбір майлар, мысалы сары май, бөлме температурасында ауада сақтағанда тез бұзылады (майдың қаңсуы). Бұл құбылыс мынаған байланысты: Жауап:қанықпаған май қышқылдарының болуы мен оттенңмен әрккеттесуіне байланысты,бул переоксидты реакция 135. Простагландиндердің ізашары болып табылатын қышқыл: Жауап:арахидон,линолеум 136. Сабынданатын липидтерге жататын қосылыс: Жауап:жай және күрделі 137. Фосфолипидтер, сфинголипидтер және гликолипидтер органикалық қосылыстардың мына класын түзеді: Жауап:күрделі сабынданатын липидтерге жатады 138. Мына келтірілген заттардың ішінен триацилглицериндердің сілтілік гидролизі кезінде түзілетіндерін таңдап алыңдар: 1. Сфингозин 2. Глицерин 3. Фосфор қышқылы 4. К+ немесе Nа+ сабындарының қоспасы 5. Холин 6. Этаноламин Жауап:2;4 139. Күрделі липидтердің гидролизі мына заттардың әсерінен жүреді: Жауап:сілтінің 140. Сфингомиелиндер фосфолипидтердің өкілдері ретінде мына қалдықтардан тұрады: 1. Глицерин 2. Сфингозин 3. Майлы қышқылдар 4. Фосфор қышқылы 5. Азотты негіз (холин, этаноламин) Жауап:2,3,4,5 141. Белгілі терпендер мен терпеноидтардың көпшілігі: Жауап:изопреноидтар(өсімдік тектес) 142. Холестеринді жатқызатын липидтердің класын таңдап алыңдар: Жауап:Сабанданбайтын липидтер 143. Бүйрекбезі қыртысы гормондар тобы стероидтарының текбастаушы көмірсутегісі болып табылады: Жауап:Прегнан 144. Ерлердің жыныстық гормондар тобы стероидтарының текбастаушы көмірсутегісі болып табылады: Жауап:Андростан 145. Сабынданбайтын липидтер молеулаларының химиялық құрамы бойынша: Жауап:Изопрендер немесе Изопреноидтар 146. Сабынданбайтын липидтерге жатады: 1. терпендер мен терпеноидтар 2. қатты және сұйық майлар 3. майлар және балауыздар 4. стероидтар 5. фосфо- және гликолипидтер Жауап:1. терпендер мен терпеноидтар 4. стероидтар 147. Андрогендер тобының стероидтарына сәйкес келетін ақпарат: 1. организммде көмірсу және су-тұз алмасуына жауапты 2. организмде олар ерлердің жыныстық гормондары 3. химиялық құрылысы жағынан – прегнанның туындылары 4. олардың натрий түздары өттің басым бөлігін құрайды 5. тестостерон мен андростерон – осы топтың ең маңызды қосылыстарына мысалдар Жауап:2. организмде олар ерлердің жыныстық гормондары* *5. тестостерон мен андростерон осы топтың ең маңызды қосылыстарына мысалдар 148. Холанның ядросы мына қосылыста кездеседі: Жауап:өт қышқылдары және холь қышқылы 149. β-Каротинлі мына класқа жатқызу керек: Жауап:каротиноид пен тетратерпендер 150. Стероидтар молекулаларының құрылымдық негізі болып саналатын көміртегі қаңқасы: Жауап:стерандар циклопентан дигидрофенантрен

Use Quizgecko on...
Browser
Browser