Көркем мінез PDF
Document Details
Uploaded by ViewableSitar4682
Al-Farabi Kazakh National University
Tags
Summary
Мақала көркем мінездің маңыздылығын Ислам діні тұрғысынан талдап, пайғамбардың мінезі мен Құран аяттарына сүйене отырып жазған. Көркем мінездің Ислам дініндегі маңызы, адамгершілік қасиеттері мен жақсы мінезге ие болудың маңыздылығы қарастырылған.
Full Transcript
Бірінші бөлім Көркем мінез туралы «Ешқандай ата-ана баласына көркем мінезден асқан мұра қалдырмайды». (Тирмизи, Бирр, 33) Неліктен көркем мінез? Көркем мінезді болуға дініміз Исламнан артық мән беретін ешқандай дін мен жүйе жоқ. Осы тұрғыда пайғамбарымыз «Ислам - көркем мінез» д...
Бірінші бөлім Көркем мінез туралы «Ешқандай ата-ана баласына көркем мінезден асқан мұра қалдырмайды». (Тирмизи, Бирр, 33) Неліктен көркем мінез? Көркем мінезді болуға дініміз Исламнан артық мән беретін ешқандай дін мен жүйе жоқ. Осы тұрғыда пайғамбарымыз «Ислам - көркем мінез» деп атап көрсеткен. Көркем мінезді болу − мұсылмандықтың ең жақсы бір көрінісі. Аллаһ расулының көркем мінезді насихаттайтын көптеген сөздері бар. Мысалы, «Мүміндердің иман тұрғысынан ең кемелі − мінезі ең жақсысы» деген сөзі арқылы көркем мінездің сенім мәселесіндегі маңызын білдірген пайғамбарымыз осы хадисі арқылы өзіне жақын болудың жолы көркем мінез арқылы өтетінін білдіреді: «Араларыңдағы ең жақсы 1 көретіндерім және қиямет күні маған ең жақын болатындарың − мінезі ең жақсыларың». Ұлы кітабымыз Құранда әділдік, берген сөзде тұру, кешірімді болу, кішіпейілділік, ата-анаға бағынушылық, сенімділік, сүйіспеншілік, туралық, жомарттық, мейірімділік, жылы сөзді болу, жылышырайлылық, таза жүректі болу секілді жақсы мінезге шақыратын көптеген аяттар кездеседі. Сонымен қатар, зұлымдық, риякерлік, көре алмаушылық, ғайбаттау, балағат айту, қатаң қабақтылық, сараңдық, менменшілдік, қызғаншақтық, тәкаппарлық, кекшілдік, теріс ниеттілік, ысыпаршылдық, бүлікшілдік сияқты жаман әрекеттерден тиятын көптеген аяттар да бар, бұлар дініміздің көркем мінезге қаншалықты мән беретінін көрсетеді. Біз неліктен көркем мінезге ие болуымыз керек? Мұны былай бөліп қарастыруға болады: 2 1. Дініміз құлшылықтармен қатар әсіресе адамдар арасындағы байланыстарға үлкен мән береді және көркем мінезді болмағандар дінді толық орындаулары мүмкін емес. 2. Көркем мінездің көрінісін пайғамбарымыздың өзі көрсеткен. Жұмақтың мүшесі бола білу үшін Соның мінезіндей мінезге ие болу керек. Аллаһ Тағала Құран Кәрімде пайғамбарымыздың барша мүміндер үшін ең әдемі үлгі екенін айтады. Бір аятта «Ақиқатында сен көркем мінез үшін жіберілдің» делінген. Тек пайғамбарымыздың мінезін үлгі алу арқылы ғана сол секілді өмір сүруге болады. 3. Мүмін адам көркем мінезі арқылы құлшылыққа терең берілген адамдардың дәрежесіне көтеріле алады. Мұны пайғамбарымыз (саллаллаһу алейһи уәссәлләм) бір хадисінде былай түсіндіреді: «Адам көркем мінезі арқылы түнде тұрып құлшылық жасаған және аптап ыстықта шөлдеп 3 ораза тұтқан адамның дәрежесіне жетеді». Мұны қате түсінбеу керек. Құлшылық адамның Аллаһқа деген ғибадатын көрсетуі тұрғысынан өте маңызды. Сонымен қатар, адамдардың арасында өмір сүретін мүмін адамдық байланыстарда қажетті іс−әрекеттерге мойынсұнуы керек. Мұны жасаған кезде, яғни басқаша айтқанда көркем мінезге ие болған кезінде ғибадаттары ең кемел және толық орындалған болады. 4. Көркем мінез мүміннің жұмаққа кіруіне себепші болады. Аллаһ расулынан адамдарды ең көп жұмаққа кіргізетін амал (әрекет) туралы сұрағанда Ол «Аллаһқа құлшылық (тақуалық) және көркем мінез»1 деген, бұл ғибадатпен бірге көркем мінездің қаншалықты маңызды екенін және адамдарды жұмаққа апаратын сипатқа ие екенін көрсетеді. 1 Тирмизи, Бирр 62 4 5. Көркем мінез иман мен сенімнің кемелдігін көрсетеді. Пайғамбарымыз бір мүміннің бойында кездеспейпін екі жамандық туралы айтады, олар сараңдық пен нашар мінез. Сондай−ақ, пайғамбарымыз мүміндердің иман тұрғысынан ең жақсыларының мінезі жақсылар екенін де айтады. 6. Көркем мінез сонымен қатар, Аллаһқа жасалатын бір құлышылық болып саналады. Яғни, көркем мінезді болу деген сөз ғибадат жасаумен тең деген сөз. Өйткені, пайғамбарымыз шаршамай жасалатын ең жеңіл ғибадаттың бос сөз сөйлемеу және көркем мінезді болу екенін айтқан. 7. Көркем мінез Аллаһты және Оның расулын сүюдің бір белгісі болып табылады. Қияметте пайғамбарымызға ең жақын адамдардың мінезі жақсы адамдар екенін айтатын хадис осының айқын дәлелі болып табылады. Аллаһ бір құлды сүйген кезде оған көркем мінез нәсіп етеді. 5 8. Күннің сәулесі қырауды қалай ерітсе көркем мінез де күнәларды солай ерітеді. Су қалай мұзды ерітсе көркем мінез де күнәларды солай ерітеді. Пайғамбарымыз жаман мінездің (сірке суының балды бұзатыны секілді) жақсы істерді бұзатынын айтады. Олай болса пайғамбарымыздың жасаған мына дұғасын біз де жасайық: «Иа, Раббы! Сенен тыныштық пен денсаулық, аманатқа қиянат жасамауды және көркем мінезді болып, тағдырға разы болуды сұраймын. Ей, мейірімділердің ең мейірімдісі! Осыларды маған нәсіп ете гөр!» Пайғамбарымыздың көркем мінезі Жоғарыда көркем мінездің ең керемет үлгісінің пайғамбарымыз (саллаллаһу алейһи уәссәлләм) екенін айттық. Енді осыларға қысқаша тоқталып өтсек. 6 Екі дүниенің нұры болған пайғамбарымыз өте сыпайы болатын Пайғамбарымыз (саллаллаһу алейһи уәссәлләм) қасындағы адамдардың жаман, дөрекі, мазақ сөз және әрекеттеріне қарсы сыпайылық танытып, оларға жаман сөз немесе әрекеттермен жауап қайтармаған, оларға жылы қабақпен қараған. Ешкім Аллаһ елшісінің (саллаллаһу алейһи уәссәлләм) дөрекі немесе кемсітуші әрекетін байқамаған. Оның аузынан адамды ренжітетіндей сөз ешқашан шықпайтын. Астарлап болса да ешкімді кемсітпеген. «Іштеріңдегі ең жақсыларың адамгершілігі мен мінезі жағынан ең жақсыларың» деген пайғамбарымыз адамның жолдастарына кішіпейіл, сыпайы болуының қайырлы іс, ал әрбір қайырлы істің бір садақа екенін білдірген. Бір жолы сахабаларына жұмақта іші сыртынан, ал 7 сырты ішінен көрініп тұратын зәулім үйлер бар екенін айтқан. Мұны естіген бір бәдәуи бұл үйлердің кімге арналғанын сұрағанында пайғамбарымыз олардың сыпайы адамдар және жылы сөзділерге арналғанын айтады. Хаз.Айша айтады: «Бір күні Аллаһ расулы бөлмеме кірді, құбылаға қарап, қолын жайып, былай дұға етті: «Аллаһым! Мен бір адаммын, егер құлдарыңның бірін ренжіткен болсам, мені жазаға тарта көрме!». Пайғамбарымызға жақындығымен танылған Енес бин Малик былай дейді: «Аллаһ расулына он жыл қызмет еттім, сол уақыт ішінде ол маған ешқашан ашуланған емес. Істеген ісіме «Мұны неге жасадың?» деп немесе істемеген ісіме «Неге жасамадың?» деген емес. Өйткені, Ол Енес Бин Маликтің айтуынша адамдардың ішіндегі ең көркем мінездісі болатын». 8 Пайғамбарымыз бос сөзден аулақ тұратын Пайғамбарымыз әрдайым жылы қабақты, жұмсақ мінезді адам болған. Дөрекі, қатал емес еді. Айқайламайтын, жаман сөз айтпайтын, біреуді айыптамайтын. Ұнамсыз нәрселер көрсе байқамағандай кейіп танытатын. Өзін үш нәрседен тиятын: дауласу, асыра сілтеу және бос сөз. Ешкімді айыптамайтын, біреудің кемшілігін іздемейтін, сауапты көздейтін тақырыптан тыс нәрселер сөйлемейтін. Сөйлеген кезде алдындағы адамдар бастарын иіп, Оны ұйып тыңдайтын. Ол сөйлеген кезде жиылғандар тынышталып, Ол үндемеген кезде халық сөйлейтін. Пайғамбарымыздың алдында ешкім тартысып, дауласпайтын. Сахабаларының күлген нәрсесіне күлетін, таңданған нәрсесіне таңданатын. Бөтен біреу дөрекі әрекет көрсетсе сабырлылық танытатын. Жолдастары осындай 9 біреумен дауласып қалса оларға «Мұқтаж адамды көрсеңдер оған көмектесіңдер» дейтін. Адамның кемшілігін бетіне баспайтын Аллаһ расулы алдындағы адамды ешқашан айыптап, ұялтпайтын. Кейбір қателіктерге көз жұма қарап, ұнамсыз әрекет жасаса да оны зәбірлеп, қателігін бетіне баспайтын. Ешкімді де жіберген қателігіне (әсіресе біреудің қасында) байланысты кемсітпейтін. Адамдармен өте жұмсақ және сыпайы сөйлесетін. Аллаһ расулы жанында отырған адам толық түсіне алатын тілде, нақты тілмен сөйлейтін. Жаман сөз айтпайтын, жаман қылық жасамайтын. Көшеде айқайламайтын, жамандыққа жамандық қайтармайтын, адамдардың мазасын алатындай әрекет жасамайтын. Сыйлық жасауға мән беретін 10 Пайғамбарымыз сыйлық беру мәселесіне үлкен мән беретін. Сыйлық берудің сүйіспеншілікті арттыратынына назар аударатын пайғамбарымыз (саллаллаһу алейһи уәссәлләм) сыйлықты қабылдайтын және оған да сыйлық беретін. Сыйлық берудің адамдарды бір-біріне қалай жақындастыратынын түсіну үшін: «Сыйлық беріңдер, өйткені сыйлық жүректегі кек пен жек көрушілікті жояды» деген. Берілген сыйлықты азсынбауды және оны қабылдауды талап еткен. Пайғамбарымыз сыйлыққа міндетті түрде қайтарым жасауды ұсынған: «Кімде-кім бір сыйлық алса оған да сыйлықпен жауап қатсын. Беретін ештеңесі болмаса мақтау айтсын. Мақтау айтқан адам алғысын білдірген болып саналады. Мақтау айтуды білмеген адам жақсылықты білмеген адам деген сөз». Пайғамбарымыз әсіресе өзіне сыйлық берген адамдарға сыйлық қайтаруға үлкен мән беретін. 11 Мұндай сыйлықтардың маңызы туралы қайтыс боларының алдында былай деген: «Сендерге келетін сыйлықтарға мен секілді сыйлықпен жауап беріңдер». Өйткені, өзі сыйлық арқылы көптеген адамның көңілін аулап, сыйлықты Исламды уағыздауда маңызды құрал ретінде қолданған. Мұқтаж адамдарға көмектесетін Хаз.Біләлді (радиаллаһу анһ) пайғамбарымыздың (саллаллаһу алейһи уәссәлләм) азаншысы ретінде жақсы танимыз. Алайда, Хаз.Біләлге (радиаллаһу анһ) пайғамбарымыз (саллаллаһу алейһи уәссәлләм) тарапынан берілген тағы бір міндет бар, ол - келген адамдарға көңіл бөлу. Хаз.пайғамбар (саллаллаһу алейһи уәссәлләм) қиын жағдайда қалған бір мұсылманды көрсе Хаз.Біләлді шақырып, ол адамға тамақ, киім беруді 12 бұйыратын. Хаз.Біләл (радиаллаһу анһ) оған беретін ештеңе таппаса, қарыз алып, сол міндетті орындайтын. Ол қарыз кейіннен төленетін. Бір жолы бір көшпенділер тобы жалаң аяқ, жалаң киіммен пайғамбарымызға (саллаллаһу алейһи уәссәлләм) келеді. Аллаһ расулы (саллаллаһу алейһи уәссәлләм) олардың бұл жағдайына көріп, қынжылып, Хаз.Біләлден (радиаллаһу анһ) азан оқып, жамағатты жинауды сұрап, жамағат жиналған кезде осы адамдарға көмектесулерін сұрайды. Сахабалар бұған құлақ асып, оларға киім алатын ақшаны тез жинап береді. Ол әрдайым қарапайым халықтың бірі болды Аллаһ расулы отырған кезінде де, тұрып тұрған кезінде де әрдайым Аллаһты есіне алатын. Отыратын арнайы бір орны болған емес. Халықты 13 да осылайша бір орын белгілеп алудан тиятын. Бір қауым арасына барған кезде бос тұрған жерге отыра салатын. Алдында отырған адамдардың барлығына көңіл бөлетін. Барлық адамға бірдей ілтипат көрсететін. Бір қажеттілігі үшін бірге отырған адамын ол өзі кетпейінше тастап кетіп қалмайтын. Мұқтаждықтарын айтып келген адамдардың тілектерін қабыл етіп, айтқандарын орындайтын немесе жылы сөзбен жол сілтейтін. Сыпайылығына және көркем мінезіне сенетін халық Соған жүгінетін. Барлық адам Оның алдында тең болатын. Оның жиыны сабырлылықтың, арлылықтың жиыны болатын. Ол бар жерде дауыс көтерілмейтін, ешкімнің намысы тапталмайтын, ешкімнің айыбы туралы айтылмайтын. Халықтың барлығы тең, үстемдік тек тақуалықта болатын. Сахабалары кішіпейіл, 14 үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсететін. Мұқтаж жандарды қолдап, бөтендерді қорғайтын2. Тәрбие және жастар «Тәрбие өз басына бір әсемдік және ол кімде болса да жарасар қасиет. Адам сауатсыз болса да ол тәрбиелі болса қадірлі болады. Ұлттық мәдениет және ұлттық тәрбиеден мақұрым қалған ұлттар дөрекі, надан және қаңғыбас адамдарға ұқсайды, олардың достықтарында да, дұшпандығында да тұрақтылық жоқ. Мұндай адамдарға сенгендердің көңілдері жығылып, оларға сүйенгендер қолдаусыз қалады. *** Бір ұстазға шәкірт болып, мықты негізден тәрбие алмаған шәкірттер басқа біреулердің жолына шам жаққан соқырлар секілді. Баланың бойында байқалатын арсыздық, еркеліктер сол 2 Заман газеті, Айлем журналы, 174-саны, 17-20-беттер 15 негіздің лайлылығынан туындайды. Отбасыдағы сезім, түсінік және әрекеттің жүйесіздігі жинақтала келіп баланың психологиясына әсер етеді. Әрине, одан әрі қоғамға...» *** Бір ұлттың жоғары деңгейге көтеріліп, төмен құлдырауы сол ұлттың ішіндегі жас буынның алатын рухы мен оның санасына, алатын тәлім- тәрбиесіне байланысты. Жастары жақсы тәрбиеленген ұлттар әрдайым жетілудің жолында болса, ал керісінше оған немқұрайлылық танытқан ұлттар құлдырауға ұшырайды. *** Бір ұлттың болашағы туралы болжам айтқысы келгендер сол ұлттың жастарына берілген тәрбиеге қарап−ақ тура үкім бере алады. *** 16 Бір ұлттың жақсаруына жамандықтарды жою арқылы емес, халықтарды ұлттық мәдениет пен ұлттық тәрбиемен адамдыққа көтеру арқылы қызмет етілуі керек. Дін, тарихи сана және дәстүрлер қоспасынан тұратын қасиетті тұқымды елдің төрт бұрышына екпегеннен кейін жойылған әр жамандықтың орнында бірнеше жаңасы қаптап өседі. *** Мектептерде ең аз дегенде басқа сабақтар секілді тәрбие және ұлттық мәдениетке де тоқталуы керек, сонда отанды жұмаққа айналдыратын мықты рух пен мықты тұлғалы ұрпақ жетіліп шығады. Тәлім (үйрету) басқа, тәрбие (білім) басқа. Адамдардың көбісі мұғалім болуы мүмкін, алайда тәрбиеші бола білгендер өте аз. *** 17 Ең қажетті нәрсе бола тұра ең аз қарастырылған дәрістер − ұлттық мәдениет және ұлттық тәрбие дәрістері. Бір күні осы істі қолға алатын болсақ, ұлттың дамуы үшін ең нақты шешімді қабылдаған боламыз. *** Әр адамның болашағы балалық және жастық шақтарында алған әсерлерімен тығыз байланысты. Балалар мен жастар жоғары әсерлерге беріліп тасып, толқитын атмосферада тәрбиеленсе, зейіндік және ақыл-ой жағынан зерек, мінез және ізгілік жағынан үлгі болуға үміткер болып жетіледі. *** Адам − сезімдері жаман нәрселерден аулақ болған кезде ғана адам. Жүрегі жаман сезімдердің қысымында, рухы нәпіс бұғауында қалған 18 адамдар сырттай адам болып көрінгенмен ол туралы ойлану керек. Тәрбиенің тәнге қатысты бөлігін барлық дерлік адам біледі, ал негізгі бөлігі болған саналық және сезімдік тәрбиені түсінетіндер өте аз3. Сұрақтар 1. Ата-ананың баласына қалдыратын ең жақсы мұрасы не? А. Үй ә. Көлік б. Көркем мінез в. Ақша 2. Пайғамбарымыз мүміндердің көркем мінезділерінің қай тұрғыдан кемел мүміндер болатынын айтқан? А. Ғибадат тұрғысынан ә. Иман тұрғысынан б. Отбасы өмірі тұрғысынан в. Әлеуметтік өмір тұрғысынан 3 http: \\tr.fgulen.com\content\view\12031\3\ 19 3. «Адам................................ арқылы түнде тұрып құлшылық жаған және аптап ыстықта шөлдеп ораза тұтқан адамның дәрежесіне жетеді» деген хадистегі көп нүктенің орнына қандай сөз қойылады? 4. Пайғамбарымыздан адамдарды ең көп жұмаққа апаратын іс туралы сұрағанда пайғамбарымыздың берген жауабында көрсеткен екі жағдай төмендегілердің қайсысы? А. Тақуалық пен көркем мінез ә. Үнсіздік пен көркем мінез б. Тәрбие мен дұға в. Намаз бен көркем мінез 5. Пайғамбарымызға он жыл қызмет еткендіктен «Хадим и небеуи» деп аталған және осы кезең ішінде пайғамбарымыз оған еш ашуланбаған сахаба кім? А. Абдуллах бин Месуд ә. Хаз.Али б. Зейд бин Харисе в. Енес бин Малик 20 6. «Пайғамбарымыз екі нәрсенің бірін таңдауға тура келгенде (күнә болмаса).............. таңдайтын» сөйлемінде көп нүктенің орнына қандай сөз қойылуы керек? 7. Сыйлық алған адам не істеу керек? А. Сыйлық берген адамға мақтау және алғыс айту ә. Сыйлықты алмау б. Мақтау айтпау в. Ешқайсысы дұрыс емес 8. Пайғамбарымыздың азаншысы болумен қатар келген адамдарға да көңіл бөлуге міндеттелген сахаба кім? А. Енес бин Малик ә. Зейд бин Харисе б. Біләл Хабаши в. Әбу Махзуре 9. «Ең қажетті бола тұра ең аз қарастырылған дәрістер....................... дәрістері» деген сөйлемдегі көп нүктенің орнына қандай сөз қойылады? 10. Балада байқалатын еркелік жалпы неден туындайды? 21 А. Отбасыдағы ақыл-ой жүйесіздігі ә. Шыққан негізінің лайлылығы б. Отбасыдағы сезім мен әрекеттің жүйесіздігі в. Барлығы Екінші бөлім Ата-ананың алдындағы борыш «Әке (басқа бір риуаятта ана) − жұмақтың орталық есігі. Қаласаң бұл есікті жоғалт, қаласаң сақта»4. Жарық дүниеге келуімізге себепші болған ата- аналарымыз біздің өміріміздің қайнар-көздері болып табылады. Әлсіз болмыста жаратылған әрбір адам Раббымыздың рақымдылығымен, ата- анасының сол кең шапағаты мен мейірімге толы кеудесінде өмірге қадам басады. Белгілі бір жасқа дейін олар біз үшін әр түрлі жомарт әрекеттерге барады. Өзі жемесе де баласына жегізеді, өзі 4 Тирмизи, Бирр 3; Ахмет Бин Ханбел, Әл Мүснед 5\197 22 кимесе де баласына кигізеді. Балалары үшін әр түрлі қиындықтарға қарсы кеудесін тосады. Олар − біздің алғашқы жол көрсетушілеріміз. Ата-ана − адамның ең алдымен құрметтеуі керек ең маңызды екі қасиетті болмысы. Исламның ата-анаға беретін орны өте маңызды. Алайда, қазіргі кезде құлдырауға ұшыраған көптеген құндылықтар секілді ата-анаға деген құрмет те құлдырап кетті. Ата-аналарымыздың алдындағы борышымызды не істесек те өтей алмаймыз, ал қазір олар бір жүк болып қабылдануда. Алайда, Раббымыз ата-анаға үлкен мән берген. Хақ Тағала қатты бағалаған осы екі маңызды болмысты баланың құрметтемеуі – бақытсыздықтың нағыз өзі. Тақырыбымызды бір аятпен ашуға тырысып көрейік: «Раббыларың тек өзіне құлшылық жасауларыңды, ата-аналарыңа жақсы 23 қарауларыңды нақты түрде бұйырды. Олардың бірі немесе екеуі сенің жаныңда қартайса, оларға «үф» те деме, екеуіне де жақсы сөз айт. Оларға мейірімділікпен кішіпейілділік танытып, «Раббым! Кішкентай кезімде олар мені қалай өсірсе, қазір Сен де оларға солай мейірімділік таныт!» деп дұға ет»5. Аятта Аллаһ (жәллә жәләлуһ) құлдарына ата- аналарымен жақсы қарым-қатынас жасауды бұйырады. Бұл жерде пайғамбарға сену туралы да айтылмаған, Аллаһқа құлшылық жасау мәселесінен кейін ата-анаға жақсы қарау мәселесі айтылған. Яғни, ғибадат Аллаһқа, ал жақсылық ата-анаға жасалады. Аятта «Олардың бірі немесе екеуі де сенің қасыңда қартайса» делінеді. Бұл жерде «Бұлай делінуінің себебі не?» деген сұрақ туындауы мүмкін. Бұл сұраққа былай жауап беруге болады: 5 Исра, 17\23-24 24 Әуелі аяттың ең басында ата-анаға жақсы қарым- қатынас жасаудың маңызды екендігі білдіріледі. Бұл жерде қартайған сайын ата-анаға жасалатын жақсылықтың бағасының арта түсетіндігі айтылады. Он, жиырма, отыз, қырық, тіпті елу жыл бірге өмір сүрген бұл жұптардың бірі жалғыз қалғанда өмірлік жолдасынан айрылуы оның ішкі дүниесінде үлкен толқыныс тудырады. Өмірлерін бақыт пен тыныштықта өткізген адамдардың көбінесе өмірлік жолдастарының қабірінің басында жылап отырғанын көреміз. Енді бұл қайғының орнын толтыру балаларының міндеті. Жолдастарының біртіндеп о дүниеге аттануы және әр кеткен адамның оның есіне өлімді түсіруімен бірге өмірлік сыңарынан да айрылуы оған қатты әсер етіп, рухында жалғызсырау сезімі пайда болады. 25 Мұндай қайғыны сейілтуге оның балалары көмектесе алады. Сол үшін де Құран осы аятта олардың екеуіне де немесе екеуінің бірі жалғыз қалған кезде жақсы қарым−қатынас жасауды бұйырады. Құранның бұл жерде қолданған «жақсылық» сөзі өте маңызды. Бұл ұғым сонымен қатар «Хақты көріп тұрғандай құлшылық жасау» деген мағынаға да келеді. Сондықтан балалары ата−аналарына жақсылық жасаған кезде Аллаһ көріп тұрғандай әрекет етулері керек. Олардың тек біреуі ғана емес, екеуі де балаларының қамқорлығына мұқтаж жағдайға тап болуы мүмкін. Олар бір кездері бір−біріне жұбаныш болуы мүмкін, бірақ жұмыс істей алмайды. Бала екеуіне де қарауға мәжбүр. Олай болса бір жағынан екеуінің болуы бала үшін қиындық және шығын, екінші жағынан бірінің өмірден озып, 26 екіншісінің жалғыз қалуы олар үшін қайғы, мұң болады. Құран қатқылдау дауыспен аяттың жалғасында «Оларға «уф» та деме!» деп бұйырады. Осы сөз арқылы оларға қарсы көрсетілетін ең кішкентай әрекеттің мөлшері белгіленіп, ең үлкен әрекеттің жасалуына шектеу қойылады. Мысалы, ата−ананың бірінің бір оң ұсынысына баласы ештеңе айтпаса, тек «Уф, бір» десе ол осы сөзінің өзімен−ақ талай нәрсені құртқан болып саналады. Ата−анаға қол көтеруге, оларды балағаттауға, қандай себеппен болса да қайғыға салуға болмайды. Керісінше, оларға жақсылап қарап, мейірімге мұқтаж болатын қартайған шақтарында сүйіспеншілік пен махаббатқа бөлеп, көңілдерін аулау керек. Аяттың жалғасында «Оларға ұрыспа, олармен және олардың қасында сөйлеген кезде қатты сөйлеме» деп бұйырылады. 27 Құран Кәрім осыдан кейін «Екеуіне де жақсы сөздер айт, яғни «жақсылық пен әсемдікке құштар жандар қалай әрекет жасайтын болса, солай әрекет жаса» деп баланың ата−анасына қалай әрекет жасау керектігін көрсетеді. Құран одан кейін «Оларға мейірім−шапағатпен, кішіпейілдікпен қара» дегеннен соң «Және: «Раббым! Кішкентай кезімде олар мені қалай өсірсе, енді Сен де оларға сондай рақымдылықпен қара» деп дұға ет» дейді. Хаз.Ибрахим (алейһисселам) «Ей, Раббымыз! Әрекеттер есепке тартылатын күні мені, ата−анамды және мүміндерді кешір!»6 деп дұға еткен. Аяттағы «Кішкентай кезімде олар мені қалай өсірсе» деген сөз арқылы адамның дүниеге алғаш келуі назарға ұсынылады және балаға кішкентай кезінде ата−анасының оны тәрбиелегені, оны 6 Ибрахим 14\41 28 арқалап, көтергені, ол үшін алаңдап, ол үшін үй, көлік, мамандық және бақытты болашақпен қамтамасыз ету деген сияқты істермен өмірлерін өткізгендіктері ескертіліп, ал оның жасауы керек нәрсе тек бір алғыс айту екені көрсетіледі. Ата−анаға «уф» деуге де болмайды «Егер олардың екеуі де немесе біреуі қартайып сенің қасыңда болатын болса оларға қызмет етуден тартынба, «уф» та деме, оларды айыптама...»7 Аллаһ Тағала осы аят арқылы баланың ата−анасына қалай қарауы, қалай сөйлеуі мәселесінде жол көрсетеді. Бала ата−анасына ұрсып, ұру, ренжіту, жалғыз тастау былай тұрсын, оларға «уф» деген сөзді де қолдана алмайды. Құран ата−анаға құрметсіздіктің шеңберін сызып көрсеткен. Оларға «уф» деген сөзді қолданудың 7 Исра, 17\23 29 өзіне тыйым салынса, қалайша оларға жекуге, ренжітерлік әрекеттер жасалуы мүмкін? Осы тұрғыдан «уф» деген сөзден ауыр деп саналатын барлық әрекеттер ата−анаға деген құрметсіздік және оларға қарсы бас көтеру деген мағынаға келеді. Ата−анаға құрмет мәселесі өте маңызды тақырып. Бұл мәселеге ешкім де атүсті қарамауы керек. Егер қарапайым бір мәселе болса Хақ Тағала да бұл мәселеге осыншама тоқталып, оларға құрмет мәселесінде осыншама шектеу көрсетіп бермес еді. Ата−анаға құрмет және оларға мойынсұну мәселелерінде тек діни және ұлттық тәрбиеден шет қалған адамдар емес, кейде дін үшін, ұлт үшін қызмет етіп жүргеніне сенетін адамдар да үлкен қателіктер жіберуі мүмкін. Адам бір жағынан Аллаһтың разылығына жетелейтін істермен шұғылданып жүріп бір жағынан Оған 30 ұнамайтын істерді істеп, өз жақсылықтарын осы дүниеде жүргенде−ақ тауысып алмауы керек. Ата−анаға жақсы қарау − баланың міндеті Бұл жерде бір мәселеге назарларыңызды аударғымыз келеді. Ата−ананың балалары үшін жасайтын іс−әрекеттері – табиғи нәрсе. Аллаһ (жәллә жәләлуһ) оларға балаларына қарап бағуды бұйырмаса да олар балаларын бағып−қағып өсіріп, сол жолға барларын салар еді. Өйткені, Аллаһ Тағала ұрып−ұрысса, тіпті қиянат көрсетсе де өз бауыр еті балаларын асыру үшін ата−ана деп аталатын Хақ есігінің қызметшілеріне мейірім−шапағат деген нәрсені берген. Мына бір ғибратты хикая да мына ақиқаттың әдемі мысалы болып табылады: Анасына қарсы шыққан жас жігіт әуелі анасын ұрып, ренжітеді. Сосын өшігіп оны пышақтайды. Сол кезде пышағы саусағына тиіп кетіп, байқамастан «апа!» 31 деп қалады. Оның бұл даусына анасы шыдай алмай, «балам!» деп баласының саусағына ұмтылады. Міне, ата−ана деген осындай. Балалары ұрып−соғып, ренжітіп жатса да, «Балам!» деп ыңырсиды. Олардың осындай мейірімі Хақ Тағаланың Рақымды, Мейірімді деген есімдерінің олардың бойынан көрініс тапқанын көрсетеді. Хақ Тағала ата−ананың бойына мейірім, шапағат сезімін дарытып, балаларын сүйдірген, қажет кезінде арқаларына мінгізіп, арқалатқан. Бұл бір ата−ана болудың ақиқаты және ата−ананың табиғаты. Ал баланың ісі – олардың алдындағы борышын өтеу. Ата−ана баласына жасаған мың түрлі жақсылығы мен қызметінің қайтарымын алуға құқылы, ал бала болса ата−анасына осыны қайтаруға міндетті8. 8 Али Демирел, Заман аилем журналы, 111−саны 14-15-б 32 Тіпті, ата−ананың иман мәселесіндегі орны да жағдайды өзгертпейді. Міне, бір мысал: Әбу Бәкірдің (радиаллаһу анһ) қызы Хаз.Есма былай жеткізеді: Әлі мүшрік болған анам қасыма келді. (Не істеуім керектігін) Хаз.Пайғамбардан сұрап: «Анам қасыма келді, менімен сөйлескісі келеді, анама жақсы қарайын ба?» деп сұрадым. Расулуллаһ (саллаллаһу алейһи уәссәлләм): «Иә, оны құрметте!» деді»9. Ата−ана алдындағы борыш өтелмейді Жоғарыда да айтқанымыздай бала ата−анасының алдында борышты. Ол борыш ешқашан өтелмейді. Аллаһ расулы (саллаллаһу алейһи уәссәлләм) «Ешқандай бала әкесінің алдындағы борышын әкесін құл кезінде тауып 9 Бұхари, Хибе 28, Едеб 8; Мүслим, Зекат 50 (1003); Әбу Дәуіт, Зекет 34, (1668) 33 сатып алуы және оны азат етуінен басқа жағдайда өтей алмайды»10 деп көрсетеді. Пайғамбарымыз ананың баласына деген жанқиярлық еңбегін көптеген хадистерінде айтып өтеді. Хаз.Әбу Хурайраның айтуы бойынша бір күні пайғамбарымызға бір адам келіп, «Ең көп кімнің қасында болып, уақыт өткізуім керек?» деп сұрағанда Ол «Анаңның» дейді. Сахаба сосын бұл сұрақты пайғамбарымызға үш рет қайталап қояды. Ол бәріне де сол жауапты береді. Тек төртінші рет сұрағанда «Әкеңнің»деп жауап береді11. Аллаһ расулы бұл сөзі арқылы ананың ақысының әкеден әрдайым алда тұратынын көрсеткен. М.Фетхуллах Гүлен Хожаефенди «Ана» деп аталатын мақаласында оның шексіз мейірімін былай суреттейді:... Ойлап қараңдар: біз үшін олар қаншалықты ұзын дайындық кезеңінен өтті. 10 Мүслим, Ытк 25; Әбу Дәуіт, Едеп, 129; Тирмизи, Бирр, 8; Ибн Маже, Едеп, 1 11 Бұхари, Едеп 2; Мүслим, Бирр 1 34 Қаншама асулардан өтті. Қаншама оқиғаларға душар болып, небір үмітсіздіктерге салынып, көңілдерін кірбің басты. Небір қиындышылықтар көріп, ұаншама азаптар шекті. Қаншама рет қынжыла жылап, қаншама адамды жұбатты. Қаншама рет мейірімін төгіп, қаншама рет мейірімге мұқтаж болды. Біз үшін қаншама құнды нәрселер жұмсап, қаншама тер төкті. Қаншама нәрсесін сарп етсе де, одан өзі ештеңе күтпеді. Иә, бізді өміріміздің барлық кезеңінде құшағына басып, мейірлене иіскеген, қайғы−мұңымызға ортақтасқан, өзі жемесе де бізге жегізіп, өзі кимесе де бізге кигізген, біздің бақытымыз үшін небір қиындықтарға шыдап баққан, бізге өсіп−жетілуіміз, тұлға ретінде қалыптасуымыз, ой−өрісіміздің жетілуінің жолдарын көрсеткен, бұл жолда өзі үшін ештеңе де күтпеген бір болмыс бар болса, ол −ана»12. 12 Гүлен М.Фетхуллах; Йешерен дүшүнжелер, 15-16-б. 35 Ата−ана − балаларының дүниеге келуіндегі бір себепші. Хақ Тағала ол балаларды «Адам неден жаратылғанына қарасын! (Ол су) арқа мен кеуде қуысы арасынан шығады»13 деген аятта айтылғанындай оларды бір құрал етіп жаратқан. Сондықтан да олардың дүниеге келуінің себебі болғандығына байланысты олардың балалары алдында міндеті бар. Яғни, ата−ана материалдық әлемде өлі кезінде пайда етеді, белгілі сатылардан кейін жандану жолына бағыттап, тұтқын сипатындағы балаларын азаттыққа қауыштырады. Иә, ата−ананың борышы ешқашан өтелмейді. Өйткені, «Адам өте кішкентай бір жанды нәрсе кезінен бастап әрдайым ата−ананың иығында, солардың жүгі болады. Бұл жерде ата−ананың балаларына деген мейірімін де, олардың шеккен қиындықтарын да санап білу мүмкін емес. 13 Тарык,86\ 5-7 36 Сондықтан да оларға құрмет көрсету −адамдық борыш және міндет»14. Жомарттық «Баламды көрсем бола ма?» деді жас босанған ана. Қолына баласын алған бақытты әйел сәбиінің бетін көру үшін құндақты ашты да, сілейіп тұрып қалды. Ол екеуіне қарап тұрған дәрігер теріс бұрылып, оларды терезеден бақылады. Сәбидің құлақтары жоқ еді. Тексеру барысында баланың есту қабілетінің қалыпты екендігі, тек құлағының жоқ екендігі анықталды. Арадан жылдар өтеді, бала өсіп мектепке барады. Бір күні мектептен жүгіріп келіп, анасын құшақтап жылайды. Бұл оның алғашқы қорлануы еді. «Үлкен бір бала маған ұсқынсыз деді». 14 Гүлен М.Фетхуллах; Өлчү вея йолдаки ышыклар, 142-б 37 Бала осылай өсіп ер жетті. Жолдастары оны жақсы көрді, ол өте озат оқушы болды. Балалармен араласса сынып белсендісі де бола алар еді. Анасы оған әрдайым «Жастармен араласуың керек» дейтін, алайда іштей оны қатты аяйтын. Баланың әкесі дәрігерден: − Ешнәрсе жасай алмаймыз ба? – деп сұрайды. Дәрігер: − Егер құлақ табылатын болса оған салуға болады,− дейді. Осылайша балаға құлағын беретін адам іздей бастайды. Екі жылдан кейін әкесі: − Балам, ауруханаға барасың, анаң екеуміз саған құлағын беретін адамды таптық, бірақ есіңде сақта, бұл бір сыр,− дейді. Операция өте сәтті өтіп, оған құлақ салынады. Осыдан кейін көңіл−күйі жақсарған жігіт өмірде 38 үлкен жетістіктерге жетеді. Кейіннен үйленіп, дипломат болады. Бірнеше жыл өткен соң әкесінен: − Менің білуім керек, маған осыншама жақсылықты жасаған кім? Мен ол үшін ештеңе де жасай алмадым, – деп сұрайды. − Сен бір нәрсе жасай аласың деп ойламаймын, − дейді әкесі. «Бірақ, келісім бар, қазір біле алмайсың». Бұл құпия жылдар бойы сақталды. Алайда, бір күні бұл құпияның да ашылатын уақыты келді. Өмірінің ең қаралы күндерінің бірінде, анасының мәйітінің басында әкесі екеуі тұрады. Әкесі анасының басына ақырын қолын созып, шашын қолымен артқа қарай қайырды, анасының құлақтары жоқ еді...15 Иә, ана деген осындай. Ол керек болса баласы үшін жанын да қияды. Олардың осындай 15 www.karakalem.net интернет сайтынан 39 жомарттығының қайтарымын әрине Хақ Тағала ақыретте бірнеше есе етіп қайтарады. Ата−ананың құқығы мәселесінде пайғамбарымыз не бұйырады? Мына хадистер пайғамбарымыздың (саллаллаһу алейһи уәссәлләм) ата−ана құқығы мәселесіне ерекше мән беретіндігінің мысалы болып табылады: Бір сахаба жиһадқа қатысу үшін Аллаһ расулының (саллаллаһу алейһи уәссәлләм) алдына барып, Одан рұқсат сұрайды. Пайғамбарымыз (саллаллаһу алейһи уәссәлләм) ол адамнан (тірі екендігін білсе де) «Ата−анаң тірі ме?» деп сұрайды. Сахаба «Иә» деп жауап берген кезде пайғамбарымыз «Соларға қызмет ету де жиһад болып саналады, сен соларға қызмет етіп, жиһад жаса» деп бұйырады16. 16 Қараңыз: Бұхари, Жихад 138, Едеб 3; Мүслим, Бирр5 ; Әбу Дәуіт, Жихад 33; Несеи, Жихад 5; Тирмизи, Жихад 2 40 Аллаһ расулы (саллаллаһу алейһи уәссәлләм) ол сахабаның ата−анасының тірі екенін және күтімге мұқтаж екендіктерін білетін. Ал сахаба болса жиһадқа қатысқысы келеді. Жиһад майданында әрі шәйіт, әрі ардагер болуға мүмкіндік бар. Жиһад − Аллаһтың ұлы атының ту етіліп көтерілетін және одан асқан міндет жоқ болып саналатын игі іс. Бір күні «Ей, Аллаһтың расулы! Аллаһ жолына жасалған жиһадқа не тең келеді?» деп сұрағандарға Ол (саллаллаһу алейһи уәссәлләм) «Басқа бір іспен теңестіре алмайсыңдар» дейді. Бұл сұрақ үш рет қайталап қойылады. Пайғамбарымыз барлығында да осы жауапты беріп, сосын былай деп қосады: «Аллаһ жолындағы мүжахид күндіз−түні үздіксіз ораза тұтып, намаз оқыған, Аллаһтың аяттарына бағынған және жиһадтан қайтқанша намаз бен оразасын тастамаған адам секілді» дейді17. 17 Қараңыз: Бұхари, Жихад 2; Мүслим, Имарет ;110 Тирмизи, Федаилул−Жихад 1; Несаи, Жихад 17; Муватта, Жихад 1. 41 Міне, осындай теңдессіз жиһадқа бара жатқанда Аллаһ расулы (саллаллаһу алейһи уәссәлләм) жиһадқа қосылу үшін өзінен рұқсат сұраған адамға артында қалдырып бара жатқан мұқтаж ата−анасының қиын жағдайын назарға алып, «Соларға қызмет те жиһад болып саналады, сен оларға қызмет етіп, жиһад жаса!» деген. Мүслимнің тағы бір риуаятында сахаба «Саған хижрет пен жиһад ету, қайтарымын Аллаһтын тілеу шартымен қол беремін» дейді. Аллаһ расулы (саллаллаһу алейһи уәссәлләм) «Ата−анаңнан тірі қалғаны бар ма?» деп сұрайды. Сахаба «Иә, екеуі де тірі» дегенде «Яғни, сен Аллаһтан сый күтесің ғой?» дейді. Сахабаның «Иә» деген жауабына «Олай болса ата−анаңның қасына қайт. Соларға жақсылап қара (Аллаһтың ризалығы сонда)» деген. Басқа бір риуаятта сахаба «Жылап қалған ата−анамды да тастап кеттім» дейді. Аллаһ 42 расулы (саллаллаһу алейһи уәссәлләм) «Олай болса солардың қасына қайт, оларды қалай жылатсаң, солай күлдір (Аллаһтың ризалығы сонда)» дейді. Иә, ата−аналарын бір жерге апарып тастап кеткен көргенсіздер тез арада оларға барып, оларды қуантулары қажеті. Қарттар үйі жабылып, өздеріне құшақтарын жайған ата−аналарын қайғыға толы бұл жерлерден алып шығып, бауырларына басулары керек. Өйткені, олар балаларымен бірге болу, немересін сүйіп, ыстық ұяда өмір сүргілері келеді. Пайғамбарымыз (саллаллаһу алейһи уәссәлләм) жиһад үшін рұқсат сұрап келген қаншама адамнан ата−аналарының күтім жағдайы, жалғыздығы және қайғысы, қартайғандығын, мұқтаждықтарын назарға ала отырып, олардың көбісін ата−аналарына қараулары үшін кері қайтарған, кейбіреулеріне 43 біраз ұсыныстар айтқан. Мысалы, «Ей, Аллаһтың расулы, мен жиһадқа қосылғым келеді, осы туралы сізбен кеңесуге келдім» деген Хаз.Жахимеге (радиаллаһу анх) «Анаң тірі ме?» дейді, ол «Иә» деген кезде оған «Олай болса, одан айрылма, жұмақ соның аяғының астында» дейді18. Ата−анасын риза еткен адамның дұғасы қабыл болады Хаз.Өмердің баласы Абдуллаһтың (радиаллаһу анх) жеткізуі бойынша пайғамбарымыз бұрынғы өткен үмбеттерден үш адамның басынан өткен оқиғаны оларға айтып беріп, сол арқылы өнегелі сабақ берген: «Бұрынғы заманда үш адам жолға шығады. Кеш батқан соң олар түнеу үшін бір үңгірді паналайды. Бір кезде таудан түскен бір тас домалап келіп, үңгірдің аузын жауып қалады. 18 Қараңыз: Несаи, Жихад 6 44 Олар өз араларында: «Бізді бұл тастан істеген ізгі істеріміздіді айтып, Аллаһқа жасайтын дұғамыз ғана құтқаруы мүмкін» дейді. Сөйтіп, біріншісі былай дейді: «Менің кәрі ата−анам бар болатын. Мен оларға жақсы қарап, олардан бұрын отбасыма да, малыма да тамақ жегізген жоқпын. Бір күні ағаш іздеу үшін алысқа баруым керек болды. Үйге келсем екеуі де жатып қалыпты. Малдарды саудым, олар тұрған жоқ. Олардан бұрын отбасым мен малдарыма беруді дұрыс көрмедім, бірақ оятуға олардың ұйқысын да қимадым. Мен кешіккендіктен балаларым аяғыма оратыла бастады. Мен болсам сүт толы ыдысымды ұстап олардың оянғанын күтіп тұрмын. Сол кезде таң да атты. «Аллаһым! Мұны Сенің ризалығың үшін жасағанымды білсең біздің жолымызды жапқан мына тастан бізді құтқар! деді. Тас кішкене ашылады, бірақ шығатындай мөлшерде емес еді. 45 Екінші адам былай дейді: «Аллаһым! Менің көкемнің бір қызы бар еді. Оны қатты жақсы көретінмін. Оған көңілім ауды. Бірақ, оның көңілі менде болмады. Бір күні ол жоқшылыққа ұшырап, маған жүгінуге мәжбүр болды. Оған менімен көңіл жарастыруы шартымен жүз жиырма динар бердім, ол қабылдады. Қалауымды орындар кезде «Аллаһтың мөрін заңсыз түрде бұзу саған харам» деді. Содан мен онымен байланыс жасаудан бас тартып, оны жақсы көре тұра, оны тастап кеттім, берген алтындарымды қайтарып алмадым. Аллаһым! Егер осыларды Сенің разылығың үшін жасаған болсам бізді осы қиындықтан құтқар» дейді. Тас тағы да біраз ашылады. Бірақ, олар өтетіндей емес еді. Үшінші адам «Аллаһым! Мен қызметшілерге жұмыс істеттім. Еңбекақыларын да уақытылы беріп тұрдым. Алайда, біреуі ақысын алмай кетіп қалды. Мен оның ақшасын іске қосып, пайда 46 таптым. Малы көбейді. Ол бірнеше жылдан кейін келіп, «Ей, Аллаһтың құлы! Маған қарызыңды төле» деді. Мен «Мына көріп тұрған сиыр, түйе, күңдердің барлығы сенікі. Осылардың бәрін ал!» дедім. Әлгі адам «Мені мазақ етпе!» деді. Мен тағы да «Мен сенімен ойнап отырған жоқпын. Барлығын ал» деп қайталадым. Ол бәрін алып, кетті. Аллаһым! Егер осыны Сенің разылығың үшін жасаған болсам, бізді мына жағдайдан құтқар» дейді. Сол кезде тас ашылып, олар өз жөндерімен кетеді. Иә, хадистен байқап отырғанымыздай шарасыз қалған үш адам өздерінің жасаған шынайы істерін айтып, Аллаһқа жалбарынған, Аллаһ та оларды құтқарған. Әрқайсысының да жасаған әрекеттері өте игі, ізгі әрекеттер. Әсіресе, тақырыбымызға қатысты мысалдан алатын өнегеміз мынада, ата−анаға қызмет ету, оларды риза ету адам қиын жағдайда қалған кезде бір 47 көмек ретінде қайтарылатындығын көреміз. Ата−анасына қызмет еткен, оларды өз балаларынан артық көрген адамның жасаған дұғасын Аллаһ қабыл етіп, оның үңгірден шығуына себеп болған. Ата−анама қарауға шамам келмейді Хаз.Әбу Хурайраның (радиаллаһу анх) жеткізген тағы бір хадисінде Аллаһ расулы (саллаллаһу алейһи уәссәлләм) былай бұйырған: «Рамазан айы кіріп шықса да күнәлары кешірілмеген адамның мұрны жырылсын. Ата−анасына немесе солардың біріне барып, солар арқылы жұмаққа кірмеген адамның да мұрны жырылсын. Мен туралы айтылған кезде маған салауат айтпаған адамның да мұрны жырылсын»19. 19 Тирмизи, Давет 110 48 Пайғамбарымыз (саллаллаһу алейһи уәссәлләм) бұл хадистің ата−анаға қатысты бөлігінде ата−анасы тірі кезде олардың қажеттіліктерін өтеп, көңілдерін аулауға мүмкіндігі бола тұра осы мүмкіндікті пайдаланбағандардың алдағы жағдайынан қорқулары керектігін, олардың ата−аналарының ризалығын ала алмағандығы үшін олардың масқараға ұшырап, үлкен мүмкіндіктен айрылғанын көрсетіп, «Олардың беттері жерде сырылсын» деп айыптайды. Пайғамбарымыз (саллаллаһу алейһи уәссәлләм) «Ей, Аллаһтың расулы! Адамның ата−анасының алдындағы борышы неде?» деп сұраған адамға: «Олар − сенің жұмағың, әрі тозағың»20 деп бұйырған. Бала үшін ата−анасы қадіріне жетіп қолдана білсе жұмаққа, қадірін білмей бағалай алмаса тозаққа баруына бір себепші. «Әке – жұмақтың 20 Қараңыз: Ибн Маже, Едеб 1 49 ортаңғы есігі. Қаласаң бұл есікті тастап кет, қаласаң сақта»21 деген хадис те осы ақиқаттың белгісі. Бәдиуззаман ұстаз да ата−анасы немесе басқа туыстарына қарап, бағуға қиналған адамдарға «Ей, күн көрісті уайым еткен адам! Бәлкім, сенің үйіңдегі берекенің тірегі, рақымдылықтың көзі және апаттардан қорғаушы, үйіңдегі сен жақтырмаған сол қарт немесе соқыр туысың болар. «Асырай алмаймын» деуші болма. Өйткені, олардың жүзінен келетін береке болмағанда, әрине сенің күн көрісің одан қиындайтын еді» деп, қарттардың сол үй үшін бір береке көзі және несібенің артуына себеп болатынын айтады және Рақымдылық пайғамбарының (саллаллаһу алейһи уәссәлләм) «Белі майысқан қарттарың болмағанда бәлелер 21 Тирмизи, Бирр 3 50 сендерге селдей құйылар еді»22 деген сөзімен мәселенің маңызын ашып көрсетеді23. Сондықтан да бала қандай жағдайда да ата−анасына қарауға күш салуы керек. Ата−ана өмірлерінің соңғы кездерінде алжыса және аурудың себебінен ұнамсыз әрекеттер жасаса да балалары тарапынан ешқашан да айыпталмауы керек, керісінше әрдайым сабырлылық, құрмет және сүйіспеншілік көрсетілуі қажет. Өйткені, сол ата−ананың қартайған шағында бағып−қағуға мәжбүр болған баласы да бір кездері соларға мұқтаж болды. Ата−анасы сол үшін ақылы толыспаған балалық шағында астын тазалап, қарнын тойдырып, түнде ең тәтті ұйқыда жатқан кезде ұйқыларын бөліп тұрып, оның жасаған барлық қылықтарына шыдаған. «Кім өмірінің ұзаруын және несібесінің артуын қаласа ата−анасына жақсылық жасасын. Туыстарына 22 Бейхаки, Сүненул кубра,3\345 ; Мүнави, Фейзул−кадир, 5\432 23 Қараңыз: Мектубат, 21.Мектуп 51 барып, олармен байланысын үзбесін»24 деген хадис ата−ананың бала үшін бір берекенің қайнары екенін көрсетеді. Ата−анаға жақсылық жасау − адамды күнәнің кірлерінен құтқаратын нәрсе. Күнәларының ауырлығына шағымданған адамдар ата−аналарына жақсылық жасау арқылы осы күнәларынан арылып, Аллаһтың құзырына таза жүрекпен бару мүмкіндігіне қол жеткізе алады. Абдуллаһ Ибн Аббас айтқандай «Аллаһқа жақындап оның сүйген құлдары арасына қосылу үшін анаға жақсылық жасау және соның ризалығын алудан асқан жақсылықты білмеймін»25. Болған оқиға Ханбели мезхебінің имамы Ахмет Ибн Ханбелдің баласы Абдуррахман әкесінен былай 24 Ахмет Бин Ханбел, 3\266 25 Бұхари, Ел Едебул Мүфред, 1\15; Ел Бейхаки, Шуабул Иман, 6\205 52 жеткізеді: Бір күні бір әйел Махлед Ибн Хусейннің жанына барып баласының гректерге тұтқынға түскенін айтады. Баласын тұтқыннан босату үшін төлемақы беру керек. Бірақ, әйел өте кедей болғандықтан оны төлейтін мүмкіндігі жоқ. Әйел Махлед Ибн Хусейннен осы ақшаны бере алатын бір адам табуды сұрайды. Әйел баласын уайымдап, ішіп−жеуден де қалады. Махлед Ибн Хусейннің анаға да, балаға да көмектесуі керек болады. Махлед Ибн Хусейн біраз үнсіз күтеді. Раббыға жалбарынып, дұға тілейді. Баласы үшүн анасы да үздіксіз дұға етумен болады. Бірнеше күннен кейін алдынан әлгі әйел баласы екеуі шыға келеді. Әйел Махлед Ибн Хусейнге барып, оған рахметін жаудырады. Өйткені, баласы тұтқыннан босаған екен. Баласының бастан кешіргендерін Махледке айтып беруін сұрайды. Баласы: «Бір топ тұтқынмен бірге 53 грек еліне тұтқынға түстік. Кешке күн батқаннан кейін тұтқындармен бірге жұмыс істейтін жерімізден зынданға қайтып бара жатқанбыз. Бірден аяғымдағы кісен шешіліп жерге түсті». Жігіт болған оқиғаны айтып отырып, сол болған күн мен сағатты да Махледке айтады. Оның бұл айтқан уақыты анасының Махледке келіп, екеуінің ол үшін жасаған дұғаларының уақытына дәл келетін еді. Жігіт ары қарай жалғастырады: «Басымыздағы қызметкер кісеннің шешілгенін көріп, маған «Кісенді сындырдың ба?» деді. Мен «Жоқ, өзі шешілді» дедім. Ол таң қалып, жолдасын шақырып, оған да айтты. Сосын темір ұсталарын шақырып, кісенді жөндетіп, аяғыма қайта салды. Бірнеше адым басқаннан кейін кісен тағы да шешіліп жерге түсті. Олар бұл жағдайға қатты таңданып, бұл жағдай туралы сұрау үшін дінбасыларды шақырды. Дінбасылар келіп маған 54 «Анаң тірі ме?» деп сұрады. Мен «Иә, анам тірі» дедім. Сонда олар «Анасының дұғалары қабыл болыпты, кісендер құлыптанбайды» деп, мені босатты. Жолыма азық салып беріп, жаңа киімдер берді. Сөйтіп, мені мұсылмандар тұратын жерге дейін жеткізіп тастады». (Міне, болған оқиға. Осы сияқты дұғасы қабыл болған мыңдаған ата−ана бар. Пайғамбарымыз ата−ананың дұғасының Аллаһқа еш кедергісіз жететінін айтса, бұл дұғаның жүзеге асатынын көп көреміз деген сөз. Сондықтан да аналарымыздың, әкелеріміздің батасын алуымыз керек. Барлық істі бастарда олардың дұғасын арқамызға жүк етіп арқалайық, Аллаһ істерімізді оңғарсын). Ата−анаға құрмет − кешірімнің бір құралы Пайғамбарымыздың (саллаллаһу алейһи уәссәлләм) мына хадисі де ата−анаға құрметтің 55 маңыздылығы туралы сөз қозғау тұрғысынан өте маңызды: «Бұрынғы заманда үш адам жолға шығады. Кеш батқан соң түнеу үшін бір үңгірді паналайды. Таудан түскен бір тас домалап келіп, үңгірдің аузын жауып қалады. Олар өз араларында: «Бізді бұл тастан істеген ізгі істеріміздіді айтып, Аллаһқа жасайтын дұғамыз құтқаруы мүмкін» дейді. Сөйтіп, біріншісі былай дейді: «Менің кәрі ата−анам бар болатын. Мен оларға қарап, олардан бұрын отбасыма да, малыма да тамақ жегізген жоқпын. Бір күні ағаш үздеу үшін алысқа баруым керек болды. Үйге келсем екеуі де жатып қалыпты. Малдарды саудым, олар тұрған жоқ. Олардан бұрын отбасым мен малдарыма жегізуді дұрыс көрмедім, бірақ олардың ұйқысын да қимадым. Мен кешіккендіктен балаларым аяғыма оратылды. Мен болсам сүт толы ыдысымды ұстап олардың оянғанын күтіп тұрмын. Сол кезде таң да атты. 56 «Аллаһым! Мұны Сенің ризалығың үшін жасағанымды білсең біздің жолымызды жапқан мына тастан бізді құтқар! Деді. Тас кішкене ашылады, бірақ шығатындай мөлшерде емес еді. Екінші адам былай дейді: «Аллаһым! Менің көкемнің бір қызы бар еді. Оны қатты жақсы көретінмін. Оған көңілім ауды. Бірақ, оның көңілі менде болмады. Бір күні жоқшылыққа ұшырап, маған жүгінуге мәжбүр болды. Оған менімен көңіл жарастыруы шартымен жүз жиырма динар бердім, ол қабылдады. Қалауымды орындар кезде «Аллаһтың мөрін заңсыз түрде бұзу саған харам» деді. Содан мен онымен байланыс жасаудан бас тартып, оны жақсы көре тұра, оны тастап кеттім, берген алтындарымды қайтарып алмадым. Аллаһым! Егер осыларды Сенің разылығың үшін жасаған болсам бізді осы қиындықтан құтқар» дейді. Тас тағы да біраз ашылады. Бірақ, олар сыятындай емес еді. 57 Үшінші адам «Аллаһым! Мен қызметшілерге жұмыс істеттім. Еңбекақыларын да уақытылы беріп тұрдым. Алайда, біреуі ақысын алмай кетіп қалды. Мен оның ақшасын іске қосып, пайда таптым. Малы көбейді. Ол бірнеше жылдан кейін келіп, «Ей, Аллаһтың құлы! Маған қарызыңды төле» деді. Мен «Мына көріп тұрған сиыр, түйе, күңдердің барлығы сенікі. Осылардың бәрін ал!» дедім. Әлгі адам «Мені мазақ етпе!» деді. Мен тағы да «Мен сенімен ойнап отырған жоқпын. Барлығын ал» деп қайталадым. Ол бәрін алып, кетті. Аллаһым! Егер осыны Сенің разылығың үшін жасаған болсам, бізді мына жағдайдан құтқар» дейді. Сол кезде тас ашылып, олар өз жөндерімен кетеді»26. Хадисте айтылған бірінші адамның ата−анасы үшін жасаған жомарттығы Хақ Тағаланың құзырында жақсы іс болады. Бұдан мынадай 26 Бұхари, Енбия 50, Бүйу 98, Ижаре 12, Харс13 , Едеб 5, Мүслим, Зикр 100; Ебу Дауыт, Бүйу 29 58 қорытынды шығаруға болады: Ата−анасының ризалығы мен батасын алған адам ешқашан қор болмайды. Бұ дүниеде де, ақыретте де бақытты болады. Сондай−ақ, халықтың арасында «Дүние кезек» деген сөз бар. Кім ата−анасына қалай қараса болашақта балалары да оған солай қарайды. Осыған меңзеген пайғамбарымыз (саллаллаһу алейһи уәссәлләм) былай деген: «Сендер әкелеріңе жақсылық жасаңдар, сонда балаларың да сендерге жақсылық жасайды. Сендер адал өмір сүріңдер, әйелдерің де адал болады»27. Қазіргі кезде баласының ісіне шағымданатындар негізінде өздерінің ата−аналарына жасаған істерінің қайтарымын көруде. Бұл − баланың ата−анасына жасаған ісінің дүниедегі қайтарымы. Ал, ақыреттегі қайтарымы 27 Әл Таберани, Ел Мужемул Евсат1\299, Ел Хаким, Ел Мүстедрек 4\171 59 болса азаппен беріледі, аятта айтылғанындай «Ақырет азабы әрине ауыр және ұзақ»28. Міне, осы азапқа ұшырағысы келмеген адам тәубенің есігі ашық кезде тәубе етіп, ата−анасына жақсылық жасауы керек, осы мәселеде басқаларға үлгі бола білуі керек. Баланың ата−анасы алдындағы міндеттері Ата−анаға жақсылық жасау тақырыбында Құран Кәрімде және хадистерде көрсетілген маңыздылықты көргеннен кейін олар үшін нақты түрде не жасай аламыз деген сұрақ туындайды. Мұны екі тақырыппен беруге болады. Олардың тірі кезінде баласының мойнындағы міндеттері және олар қайтыс болғаннан кейінгі баланың міндеттері 1) Ата−ана тірі кезде орындалуы тиіс міндеттер А) Олардың көңілдерін сұрап тұру 28 Таха, 20\127 60 Ә) Әр түрлі қажеттіліктерін қамтамасыз етіп, оларға қызмет ету Б) Күнәға жатпайтын тілектерін орындап, оларға бағыну В) мейірім, шапағатпен қарау, жылы қабақ таныту Г) Құрметтеу Ғ) Ұйқыларын бөліп, оятпау Д) Қасына баратын кезде рұқсат сұрау Е) Ата−ананың тура жолда болуын қалау 2) Ата−анасы қайтыс болғаннан кейін орындалуы керек басты міндеттер А) Өсиетін орындау Ә) Солар үшін дұға етіп, кешірім тілеу Б) Солар үшін садақа беру В) Қажылық, т.б. ғибадаттарын қаза етіп орындау Г) Туыстарына барып тұру Ғ) Қабірлерін зиярат ету 61 Ата−анаға қарсы шығу Аллаһтың қаламайтын үлкен күнәларының бірі болып табылады. Ата−ана және туыстарымен байланысын үзген адам мұсылманның емес, мұнафықтың сипатына ие деген сөз. Өйткені, Мұхаммед сүресінің 22-23- аяттарында мұнафықтардың әрекеттері туралы айтылғанда олардың туыстармен байланысты үзгендігі білдіріледі. Осындай үлкен күнә жасаған бала Аллаһтың рақымшылығынан құр қалу, дұғаларының қабыл болмауы және жұмаққа кіре алмау секілді қиындықтарға кезігуі мүмкін. Сол себептен де дүние мен ақыреттің бақытына қауышқысы келген әрбір адам әуелі ата−анасын риза етуі керек. Мына нәрсе ешқашан ұмытылмауы керек, олар бізді бағып−қағып өсірген кезде «балалар күні» деп жылдың тек күнінде ғана бізге көңіл бөлген жоқ. Ержетіп, өз аяғымыздан тұрғанша, тіпті соңғы демдеріне дейін күндіз−түні жұмыс 62 істеп, біз үшін бар өмірлерін сарп етті. Олай болса, біздің міндетіміз дініміздің ата−анамыз турасындағы талаптарын толығымен орындау және оларды әрқашан да риза ету болып табылады»29. Әуелі сендерді жаратқан Аллаһқа, сосын бізді жаратуда себепші болған ата−анаға рахмет айтыңдар Аллаһ Тағала Құран Кәрімде «Біз адамдарға ата−анасына жақсы қарауды бұйырдық. Өйткені, анасы оны қаншама қиындықпен қарнында алып жүрді. Екі жылдай ақ сүтін береді. Адамға дедік: «Маған да, ата−анаңа да шүкіршілік ет, ұмытпа соңында Маған қайтасыңдар»30 деп бұйырады. Раббымыз осы аят арқылы мынаны хабарлайды: Біз бір кезде баланы ата−анасына аманат етіп тапсырғанымыз секілді енді 29 Толығырақ мәлімет үшін қараңыз: Фуркан Адил, Кудси Варлык Анне баба, 117-159-б. 30 Локман, 31\14 63 ата−ананы балаға аманат еттік және оларға жақсы қарауды ұсындық. Өйткені, анасы оны көтеріп жүргенде қаншама қиындық көріп, босанар кезде өліммен бетпе−бет келіп, небір азапты бастан кешірді. Оны дүниеге әкелгеннен кейін екі жыл бауырына басып емізді. Міне, сол себептен де әуелі сендерді жаратқан Аллаһқа, сосын осы істе себепші болған ата−анаға рахмет айтыңдар. Назар аударып қарайтын болсақ, Хақ Тағала өзіне жасалуы керек шүкіршілікке ата−ананы да ортақ етіп қосады. Оларды өзімен бірге бірдей құқыққа ие екенін көрсетеді. Өйткені, ата−анасының толық мағынада алғысын білдірген адам Аллаһқа шүкіршілік етуге де дайын деген сөз. Керісінше оларға көңіл аудармай, тезірек өлгенін қалаған адамның Аллаһпен деген бір байланысы бар деуге келмейді. Аяттың соңында Хақ Тағала (илеййел масир) соңында бір күні Маған қайтып келесіңдер» деп бұйырады. Яғни, 64 бұл сөз мынадай мағынаны береді: Менің тарапымнан жаратылып, Менің ризығымды жей тұра басқалардың алдында иілгеніңіз және сендерді бағып−қағып өсірсе де ата−аналарыңды қор санап, оларды тастағандарың үшін мұның есебін сендерден ұлы кездесу күні сұраймын. Ал, одан кейінгі аятта ата−анаға бағыну тақырыбында айрықша бір мәселеге тоқталып, былай дейді: «Егер олар Маған серік қосуың үшін сені қинаса оларға бағынба! Бірақ, сонда да олармен жақсы қарым−қатынас жаса, оларды тастама! Маған бет бұрған кемел адамдардың жолын ұстан! Соңында бәрің Маған қайтасыңдар және істеген істеріңді сендерге біртіндеп айтып, қайтырымын беремін»31. Өздері білмегендіктен сендерді Аллаһқа серік қосуға қинаса бұл мәселеде оларды тыңдамайсыңдар. Өйткені, Аллаһ барлық 31 Локман, 31\15 65 нәрседен бұрын тұрады. Бірақ, олар мүшрік те болса оларға бұ дүниеде жақсылық жасауды, көңілдерін аулауды және Аллаһ жолында жасауыңыз қажетті күресті жалғастырасыңдар». Хаз.Әбу Бекірдің (радиаллаһу анх) риуаят еткен мына хадисі мәселеге айрықша өлшем береді: Расулуллаһ алейһис селам «Сендерге үлкен күнәлардың ең үлкенін айтайын ба?» деп, үш рет қайталайды. Біз «Иә» деген соң ол «Аллаһқа серік қосу, ата−анаға құрметсіздік, өлтіру» деді. Бұл кезде ол сүйеніп тұрған еді, сосын түзеліп тұрып: «Хабарларың болсын! Жалған сөз, жалған куәгерлік» деді және мұны көп қайталағаны соншалық біз тоқтаса екен дей бастадық32. Назар аударатын болсақ хадисте ата−анаға бас көтеру ең үлкен күнәлардың бірі болған Аллаһқа серік қосу, адам өлтіру, жалған сөз және жалған 32 Бұхари, Шехадат, 10, Едеб, 6, Истизан, 35, Иститабе, 1; Мүслим, Иман,143 ; Тирмизи, Шехадат, 3 66 куәгерлік жасаумен теңестіріледі. Сондықтан да бұл жерде ата−ананың ақысы Аллаһ ақысы, адам және қоғам ақысы бір тақырыпта қолға алынуда. Пайғамбарымыздың кезінде болған мына бір оқиға да ата−анаға бағынудың маңыздылығын көрсетеді. Пайғамбарымызға (саллаллаһу алейһи уәссәлләм) бір адам келіп, өлім аузында жатқан, бірақ кәлима−и тәухидті айтуға тілі келмей жатқан бір жігіттің бар екенін айтады. Пайғамбарымыз (саллаллаһу алейһи уәссәлләм) «Ол адам намаз оқитын ба еді?» деп сұрайды. «Иә» деген жауап алған соң дереу орнынан тұрып олармен бірге жігіттің қасына барады. Жігіттің қасына жақындап оған «Қане, Лә иләһә илләллаһ» де дейді. Жігіт «Бұған шамам келмейді, айта алмаймын» дегенде пайғамбарымыз (саллаллаһу алейһи уәссәлләм) парасаттылығымен ол жігіт пен анасының арасында бір реніштің болуы мүмкіндігін түйсініп, оның анасын шақыртып, 67 араларында ешқандай келеңсіздіктің болған−болмағаны т