КМ 1 №22 лек 01.10.2024 PDF
Document Details
Uploaded by Deleted User
Tags
Summary
This document is a lecture on safety measures for gas welding in an industrial setting. It covers topics such as equipment, procedures, and precautions to prevent accidents and ensure safe work environments.
Full Transcript
**КМ 1. Қауіпсіздік техникасын, өрт қауіпсіздігін, еңбекті және қоршаған ортаны қорғауды сақтау** **ОН 1.2. Құрылыс жұмыстарын жүргізу кезінде жеке қорғаныш құралы, өрт және электр қауіпсіздігі құралдарын қолдану**. № 22 Дәріс **Тақырыбы:** Газбен дәнекерлеу жұмысын өндірісте қауіпсіз ұйымдастыру...
**КМ 1. Қауіпсіздік техникасын, өрт қауіпсіздігін, еңбекті және қоршаған ортаны қорғауды сақтау** **ОН 1.2. Құрылыс жұмыстарын жүргізу кезінде жеке қорғаныш құралы, өрт және электр қауіпсіздігі құралдарын қолдану**. № 22 Дәріс **Тақырыбы:** Газбен дәнекерлеу жұмысын өндірісте қауіпсіз ұйымдастыру Газ дəнекерлеу жұмыстарын орындауға үшін 18 жасқа толған жəне медициналық тексеруден жəне газ дəнекерлеушілерінің теориялық жəне практикалық бағдарламасы бойынша дайындықтан өткен, біліктілік комиссиясының қабылдауында емтихан тапсырған жəне мамандықтың талаптарына сай үлгідегі біліктілік куəлігіне ие болған жұмысшылар жіберіледі.Газ дəнекерлеу жұмыстарын атқаруда қажетті құралдар: редукторлар, резеңке жеңдер (рукава), ацетилен генераторы немесе ацетилен толтырылған цилиндр, дəнекерлеу штангалары мен кескішті, оттегі бар цилиндрлер (10.4-сур) Редуктор - газдың жұмыс қысымын өзгертуге болатын құрал. Газдарға арналған барлық редукторлар мен манометрлер цилиндрлердің түсінде боялады. Оттегі редукторы 25 МПа (250 кгс / см2) дейінгі жоғары қысымды екі монометр өлшеуіштерімен жабдықталады. Сур. 10.4. Мобилді газды дəнекерлеу құрылғысы: 1 - редукторлар; 2 - құрамында оттегі бар жеңдер (рукава); 3 - реттеуші тұтқалар; 4-қыздырғыш; 5-оттегі баллоны; 6 - ацетилен баллоны; 7 - арба; 8 кілт; 9 - ацетиленді жең (рукава) 3 МПа-ға (30 кгс / см2) дейінгі Ацетиленді редукторының өлшем шектеулері жəне қысымдық өлшеуіштері 0,5 МПа-ға (5 кгс / см2) дейінгі қысымды көрсететін маномерлермен жабдықталады. Ацетилен редукторлары ақ түске боялады. Пропан-бутан қоспалары мен сұйылтылған газдар арнайы манометрлі редукторлармен редуцияланады. Жыл сайынғы тексеруден өтпеген, қысымның рұхсат етілген шамасын көрсететін қызыл белгісі болсмаса жəне қысымды өлшеуіш манометрдің ақауы болса, бұранда толығымен жабылса да газ жұмыс қысымы камерасына өтетін жағдайларда редуктор жарамсыз деп табылады. Ал газды шығару тоқтатылған кезде, камерадағы жұмыс қысымы 0,2 МПа-дан (2,25 кгс / см2) артатын болса, қауіпсіздік клапаны істен шыққан немесе накидной гайканың резбасы жойылған. Оттегі мен жанғыш газды қыздырғыштар (горелка) немесе резак арқылы іске қосу үшін резеңке-мата шлемдері қолданылады. Олар газ қысымына төтеп бере ала отырып, иілгіштігі тұрғысынан де дəнекерлеушінің қозғалысына кедергі келтірмеуі тиіс. Көбіне ішкі диаметрі 9,5 мм жəне сыртқы диаметрі 17,5 мм болатын шлангалар жиі қолданылады. Ал ең күшті қыздырғыштар мен шамдар үшін 16 жəне 19 мм ішкі диаметрі бар шлангалар (рукава) қолданылады. Газ дəнекерлеуге жəне кесуге арналған шлангалар ұзындығы 30 метрден аспауы тиіс. Монтаж жұмыстары кезінде ұзындығы 40 м дейінгі шлангалерді қолдануға рұқсат етіледі. Әдетте 5 м-ден қысқа шлангалар (рукава) дəнекерлеуші жұмысына кедергі келтіреді, сондықтан оларды пайдалану ұсынылмайды. Жұмыс барысында шлангалар (рукава) айына кемінде бір рет т-мендегідей қысыммен сынақтан өту керек: оттегі қысымы - 2 МПа жəне ацетилен қысыммен - 0,5 Мпа (тиісінше 20 жəне 5 кгс / см2). Шлангалар (рукавалар) қолданылуға тиіс мақсаттарына сəйкес пайдаланылуы керек. Сонымен қатар, барлық жалғастырғыш шлангалар (рукавалар) редукторларға, қыздырғыштарға, шырақтарға, генераторларға арнайы хамуттармен орнатылуы керек (10.5-сур). Ацетилен генераторы кальций карбидін сумен ыдырату арқылы техникалық ацетилен алу үшін пайдаланылады. Газ дəнекерлеу өндірісінде мынадай қауіпсіздік талаптары сақталуы керек: жұмыс кезіндегі ұзақ уақыттық үзілістерде қыздырғыштар мен резактардан басқа, оттегі, ацетилен жəне пропан баллондарының клапандары жабылуы тиіс, ал қысымды қалпына келтіру; бұрандалары пружиналар толық босатылғанға дейінгі қалыпқа келтірілуі керек; жалынның кері қайту əсері пайда болған жағдайда, горелканың бұрандасын тез арада жабу керек; горелка (қыздырғыш) қызып кетсе, жұмысты тез арада тоқтатып, оттық (кескіш) - толық суығанша сөндіріліп, салқындатылғаны жөн; дəнекерлеушінің горелканы салқындату салқындату мақсатында пайдаланатын, салқын суы бар ыдыс болуы керек; газ дəнекерлеу жəне басқа газ отты жұмыстары оттегіден, ацетиленнен немесе пропан цилиндрінен жəне жылжымалы газ генераторларынан кемі 10 м қашықтықта жүргізілуі тиіс. Бұл қашықтық, егер жалын мен от ұшқындары газбен жабдықтау көздеріне қарама-қарсы бағытталса; жалын бағыты мен газ беру көздерін от ұшқындарынан немесе жалынның əсерінен (қалқандар рорнату) қорғаушараларын қабылдау қажет; оттегі, ацетилен жəне пропан цилиндрлері тұрақты емес жерлердегі жұмыс жағдайында арнайы тірекке немесе арбаға бекітіліп, ал жаздың күндері күн сəулесінен қорғалуы қажет. Тіреулер мен қоларбалар аралығына баллондарды майлар мен басқа қауіпп тудыратын сұйықтықтардан сақтайтын жаппалар мен қалқандар орнатылуы тиіс; газдыжалынмен жауын-шашын, қарлы ауа-райында жəне желді күндері ашық ауада жұмыс жасаған күндері, жұмыс орны атмосфералық жауын-шашын мен желдің əсерінен қорғалуы тиіс; жанғыш сұйықтық, жанғыш материалдар немесе қышқылдар үшін пайдаланылған ыдыстарды, контейнерлері кесу, газды дəнекерлеу жұмыстарының жоспарын жасауды бөлім бастығы (аға мастер) еңбек қауіпсіздігін сақтау инженерінің келісімімен жоспар жасау керек. Жоспарда контейнердегі жанғыш сұйықтыққа, жанғыш материалға,қышқылдың өзіндік ерекшеліктеріне байланысты қауіпсіздік шаралары қамтамасыз етілу қажет. бұл жағдайда газды жалын жұмыстары жауапты адамның қадағалауымен жүзеге асырылуы тиіс; газ жалынмен ағаштан жасалған едендерде жұмыс істейтін жағдайларда еден бетіне метал материалдар төселіп, су құйылған ыдыстар қолданысқа дайын болуы керек; Құрылыс лесалары мен төменгі жақта ағаштан материалдар орналасқан жұмыс орындарында жалын мен от ұшқынынан болатын өрт қəуіпсіздіге аса назар аударылу керек. Сонымен қатар, газжалындарымен жұмыс жасалатын орындар жанғыш материалдардан босатылуы тиіс. Дəнекерлеуші мен кесушінің ұңғымаларда жəне жабық контейнерлерде жұмыс жасауға болады деген арнайы нарядтық рұхсат қағазы қажет. Бұдан басқа, жұмыскерлер жұмысқа түсер алдын оларға əрдайым сақтық шаралары туралы ескерту жасалу керек. -------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------- ------ Газ дəнекерлеушінің (кесушінің) жұмыс орны мен техникалық құрал арасындағы ең төменгі қашықтық төменде көрсетілгендей аралықта сақталуы тиіс, м: Ацетиленді генератор --- жұмыс орны 10,0 Оттегі жəне жанғыш газдар баллоны --- жұмыс орны 10,0 Жанбайтын газды баллондар --- жұмыс орны 5,0 Газқұбыры --- жұмыс орны 1,5 Оттегі баллоны --- жанғыш сұйықтықтармен толтырылған бачоктар 5,0 Жанғыш сұйықтықты бачоктар --- от алауы (открытый огонь) 5,0 Жанғыш сұйықтықты бачоктар --- газбен кесушінің жұмыс орны 3,0 Баллон --- жылу батареясы 1,0 Ацетиленді генератор --- ток көзі 3,0 Кабель (электропровод) --- оттегі құбыры 0,5 -------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------- ------ ---------------------------------------------------------------------------------- ----- Кабель (электропровод) --- жанғыш газ құбыры, га шлангасы (газовые рукава), трос 1,0 ---------------------------------------------------------------------------------- ----- **БАҚЫЛАУ СҰРАҚТАРЫ** 1\. Электр дəнекерлеу жұмыстары жүргізілетінжұмыс орындарынақандай талаптар қойылады? 2\. Электр дəнекерлеу апараттарына қандай талаптар қойылады? 3\. Электр дəнекерлеуші аппараттар мен дəнекерлеу доғасына қаншалықты деңгейдегі қуат көздеріне рұхсат етіледі? 4\. Газ дəнекерлеу жабдықтары (цилиндрлер, жеңдер, қыздырғыштар) қандай талаптарға сай болуы тиіс?