Document Details

BalancedBauhaus9485

Uploaded by BalancedBauhaus9485

Алматы облысы бойынша кәсіби даму институты

Tags

fairytales folklore kazakh stories children's literature

Summary

Бұл ғажайып бақ туралы қызықты әңгіме. Асан мен Қасен деген екі дос туралы қызықты оқиғалар баяндалады. Оқиғада достық, табандылық және өмірлік тәжірибелер туралы ойлар келтірілген.

Full Transcript

Баяғы заманда Асан мен Қасен деген екі дос болыпты. Екеуі де кедей адамдар екен. Асан ұлтарақтай жеріне егін егіп, Қасен өзінің аз ғана малын бағып, күндерін көріпті. Екеуінің де әйелдері қайтыс болған екен; Асанның бар жұбанышы-ай десе аузы, күн десе көзі бар сұлу қызы болады да, Қасеннің үміті --...

Баяғы заманда Асан мен Қасен деген екі дос болыпты. Екеуі де кедей адамдар екен. Асан ұлтарақтай жеріне егін егіп, Қасен өзінің аз ғана малын бағып, күндерін көріпті. Екеуінің де әйелдері қайтыс болған екен; Асанның бар жұбанышы-ай десе аузы, күн десе көзі бар сұлу қызы болады да, Қасеннің үміті --- ер жетіп қалған қайратты баласы болады. Бір жылы көктемде Асан егін салуға қамданып жатқанда, Қасен жұтқа ұшырайды: қыс аяғы қатты болып, аз ғана малы қырылып қалады. Көзінің жасы көл болып, Қасен досына жылап келеді: --- Асан, сенімен қоштасайын деп келіп едім. Аз ғана малым қырылып қалды. Енді аштан өлместің қамын қылып, қайыр сұрап тентіреп кетемін де,--- дейді. Бұл сөзді естігенде, Асанның да көңілі босап, көзіне жас келіп, Қасен досын құшақтап тұрып:  --- Екеуіміз жан деген жолдас едік қой, мал-жанымыз бір емес пе еді? Менің егіндік жерімнің жартысы сенікі болсын. Көңіліңді жұбат, қолыңа кетпен алып, тырбанып тіршілік қыл,--- дейді. Сол күннен бастап, Қасен де егін салып тіршілік етеді. Күн артынан күн, ай артынан ай өтеді. Арада біраз жылдар болады. Бір күні Қасен өзінің жерін қазып жүріп, кетпенінің зыңылдап, темірге тигенін байқап, таң қалады. «Бұл не ғажап екен?»--- деп, сол жерді тереңдетіп қазып жіберсе, ішіне толтырып алтын салған бір қара қазан көрінеді. Қасеннің қуанышы қойнына сыймай, қазанның құлағынан сүйрей, досының үйіне қарай жүгіреді.  --- Сүйінші, Асан!--- деп айғайлайды ол, жүгіріп келе жатып,--- сүйінші, бақытты болдың, үлкен олжалы болдың, мен сенің жеріңнен ішіне алтын толтырылған қазан тауып алдым, енді кедейліктен құтылдың. Асан оны қуана қарсы алып:  --- Сенің адалдығыңды білем ғой, Қасен. Бірақ ол алтын менікі емес, сенікі. Сен оны өз жеріңнен қазып алдың ғой,--- деп жауап береді. Оған Қасен болмай: --- Мен де сенің пейілі кең, мейірімді кісі екеніңді білемін ғой, Асан, бірақ сен маған жеріңді бергенмен жеріңнің астындағы қазынасын берген жоқсың ғой,--- дейді. Бірақ Асан да көне қоймайды. --- Ардақты досым, жердің асты-үстіндегі қазынаның барлығы, сол жерге маңдай терін тамызып еңбек еткен адамдікі,--- дейді. Алтынды алғысы келмей, бұл екеуі ұзақ таласады. Ақыры, Асан мынадай бір байлам айтады: --- Таласты қоялықшы, Қасен, сенің күйеу болатын ұлың бар, менің қалындық болатын қызым бар. Балалардың көңілі жарасып жүр ғой, сол екеуінің басын қосайық та, алтынды соларға берейік. Тым болмаса, біздің балаларымыз кіріптарлық көрмесін,--- дейді. Аталары осы байламын айтқанда, балаларының қуаныштан жүректері жарылып кете жаздайды. Сол күні той жасап, екі жасты қосады. Жас жігіт жаңа түскен келіншегімен жеке отау болып, Қасеннің үйіне шығады. Қасен құдасының үйіне көшеді. Келесі күні таң сәріден жаңа қосылған жас зайыптылар алтын салған қазанды алып, аталарының үйіне келеді. Қабақтарында кірбің барын көрген Асан мен Қасен:  --- Не боп қалды, балалар? Ертелетіп келген түрлерің жаман екен,--- деп сұрайды. --- Аталары безген нәрсеге балалары ие болған жарамас. Біз алтынсыз да баймыз. Сүйіп қосылған екі көңілден артық дүниеде қазына бар ма?--- дейді екі жас. Сөйтіп, олар қазанды үйдің ортасына әкеп қояды. Енді алтынды кім алуы керек деген талас қайта басталады. Таласып, ақыры, алыста оңаша тұратын бір дана қарияға барып, жүгінбек болады. Талай күн, талай түн жүріп отырып, бұлар әлгі қарияның үйіне келеді. Айдалада жалғыз тұрған қарияның жұпыны ғана қараша үйі бар екен. Қария төрге төселген жыртық киіздің үстінде отыр, оң мен солында екі-екіден төрт шәкірт орналасқан. 

Use Quizgecko on...
Browser
Browser