Досым Environmental Concerns (PDF)

Loading...
Loading...
Loading...
Loading...
Loading...
Loading...
Loading...

Summary

A letter expressing concern about environmental issues and the need for ecological awareness. The letter highlights the importance of environmental stewardship and suggests that more can be done to improve the situation. The letter also states that the future of the country depends on people's behavior and actions regarding this issue.

Full Transcript

Досым! Халің қалай? Бүгін теледидардан өте маңызды хабар көрдім. Ол хабар маған ерекше әсер етті. Сондықтан саған хат жазып отырмын. Сенімен ой бөліскім келді. Өйткені еліміздің болашағы біздің қолымызда. Біз экологиялық сауаттылық туралы не білеміз? Оны біз «қоқыстарды қалай болса - солай тастамау»...

Досым! Халің қалай? Бүгін теледидардан өте маңызды хабар көрдім. Ол хабар маған ерекше әсер етті. Сондықтан саған хат жазып отырмын. Сенімен ой бөліскім келді. Өйткені еліміздің болашағы біздің қолымызда. Біз экологиялық сауаттылық туралы не білеміз? Оны біз «қоқыстарды қалай болса - солай тастамау» деп түсінеді екенбіз. Бүгінгі хабарды көріп, мен өзімнің экологиялық сауаттылығымның төмен екенін түсіндім. Мен, шын мәнінде, осы мәселе туралы терең ойланбайды екенмін. Қазіргі кезде ғылым мен техника дамып келеді. Бұл даму биосфераға тікелей ықпалын тигізуде. Жер шарындағы экологиялық жағдай күн сайын төмендеуде. Байқайсың ба, еліміздің табиғаты да бұрын-соңды болмаған өзгерістерге ұшырауда. Көптеген аймақ шөлейттеніп, топырақ тозып, су қоры тартылып жатыр, атмосфераның ластанып, ормандар сиреді, табиғат бүлініп жатыр. Тіршілігімізге қатер төндіретін қауіпті табиғи құбылыстар мен өнеркәсіп апаттары да жиілей бастады. Улы қалдықтардың жинақталуы қоршаған ортаға зиянын тигізіп отыр. Қазіргі кезде адамзат алдында тұрған аса күрделі экологиялық мәселе - қоршаған ортаны қалыпты жағдайда ұстау. Осыған біз қаншалықты үлес қосып отырмыз? Иә, анда- санда сенбіліктерге шығамыз. Өзімізге берілген аймақты тазалап, жинаймыз. Кейде мектептің алдындағы гүлдерге, ағаштарға қараймыз. Менің ойымша, тек осымен шектелетісияқтымыз. Біз күнделікті өмірімізде «қоршаған ортаны қалайша сақтап қаламыз, не істеуіміз керек?» деген мәселеге салғырт қарап жүрміз. Экологиялық білім мен тәрбиені қалай беруге болады? Еліміздің табиғатын қалай сақтауымыз керек? Не істеуге болады? Жауабыңды күтемін. Ақылдасайық! Еліміздің ертеңі біздің қолымызда.

Use Quizgecko on...
Browser
Browser