Интернет пайдасы жайлы мақала PDF

Summary

Бұл мақалада интернеттің пайдасы мен зияны туралы жазылған. Интернеттің пайдасы, адамдар арасындағы қатынастарды жақсарту және білім алуына көмектесетіні атап өтілген. Алайда, мақалада интернеттің зияны да, мысалы, тәуелділікке, көз ауруына және денсаулыққа кері әсер етуіне де назар аударылды. Интернетті дұрыс пайдалану маңыздылығы айтылып өтті.

Full Transcript

Көп адамдар, әсіресе интернет қолданушылары оның адамзаттың ең үлкен жетістігі екендігімен келісері анық. Ол қалтқысыз ақпарат көзі болуымен қатар, адамдарға қажет біліммен сусындауға, қиюы келмес мәселелердің шешімін табуға көмектеседі. Әлемдік тордың жан-жақты, білімді, көзқарасымыз кең болып, көп...

Көп адамдар, әсіресе интернет қолданушылары оның адамзаттың ең үлкен жетістігі екендігімен келісері анық. Ол қалтқысыз ақпарат көзі болуымен қатар, адамдарға қажет біліммен сусындауға, қиюы келмес мәселелердің шешімін табуға көмектеседі. Әлемдік тордың жан-жақты, білімді, көзқарасымыз кең болып, көптеген қызықты дүниелерді үйренуімізге әсері мол. Көп адамдар, әсіресе интернет қолданушылары оның адамзаттың ең үлкен жетістігі екендігімен келісері анық. Ол қалтқысыз ақпарат көзі болуымен қатар, адамдарға қажет біліммен сусындауға, қиюы келмес мәселелердің шешімін табуға көмектеседі. Әлемдік тордың жан-жақты, білімді, көзқарасымыз кең болып, көптеген қызықты дүниелерді үйренуімізге әсері мол. Оған қоса, интернеттің тағы бір артықшылығы -- мемлекеттер мен құрлықтар арасындағы шекараны жойып, адамдарға араларындағы қашықтыққа қарамастан бір-бірімен араласуға, сөйлесуге мүмкіндік беруінде. Тіпті, әлемдік тор арқылы әлемнің екі бұрышындағы адамдар достасып, махаббаттарын да тауып жатады. Интернеттің пайдасы мол екендігі даусыз. Алайда, оның зияны да аз емес. Оның ең бірінші зияны -- тәуелділік. Бұл аңыздан алынған термин емес. Интернет қолданушыларының 10%-ы оған тәуелді екендігі ғылыммен дәлелденген. Тіпті, бірқатары үй, тағам, су іспетті өмірлік маңызды дүние деп есептейді. Оңтүстік Корея, Қытай және Тайваньда интернетке тәуелділікті ұлттық деңгейдегі мәселе ретінде қарастырады. Десе де, оның зияны тек мұнымен шектелмейді. Компьютер мониторының алдында ұзақ уақыт отырудың өзі көзіміздің көруіне теріс әсер етсе, дұрыс қалыпта отырмағанның салдарынан қимыл-тірек аппаратымызға зиян келеді. Адам психикасына кері әсер ететін ақпараттарды да интернеттің зиянды жағына қоса аламыз. Интернет арқылы алаяқтар жеке тұлға жайлы мәлімет алып, оны өз мақсатына қолдануы мүмкін. Сонымен қатар, әлемдік тор арқылы компьютер жүйесіне зақым келтіріп, зиянын тигізетін вирустар тарайды. Қазіргі таңда адамның күнделікті өмірі компютермен өтеді. Оны ешкім жоққа шығара алмайды. Қазір интернеттен өзіңе керектінің бәрін таба аласың. Тіпті, интернетте отырып-ақ өзіңе керектіні сатып алуыңа болады. Әрине, бұл өзіңе пайдалы. Бірақ әр заттың өз уақыты, өз орны болу керек емес пе? Қазіргі жастар күні-түні сол монитордың алдында отыруға бар. Ол бір жағынан денсаулыққа, бір жағынан санаға әсер етеді. Тіпті, кейбіреулері «интернетке отырсаң бәрін білесің, бәрінен хабардар болып отырасың» деп. Ия, ол да дұрыс. Бірақ ол адамның өзіне байланысты. Ол жақсы бірдеңелер біліп жатса құба-құп. Егер ол күні-түні ойын ойнаса, онда оған тыйым салу қажет. Қазіргі ата-аналар интернетті балаларына қосып беріп жатады. Өзі білмесе де баламның көзі ашық болсыншы, білсін, оқысын деп. Ал, бала болса құр ойнаумен уақытын өткізеді. Сабақ жайына қалады. Қазір интернетте дені дұрыс ойын да жоқ, кілең атыс-шабыс. Міне, осының бәрі бала санасына әсер етеді. Әрине, мұны барлығы да біледі. Алайда, компьютерге, интернетке тәуелділіктің адам өміріне тигізетін зиянын естен шығармаған абзал. Әлеуметтік желіге тәуелді болып қалмай, керегімізге ғана пайдаланайық. Материалдар көшіріліп басылған ретте «Ortalyq Qazaqstan» сайтына сілтеме жасау міндетті. Бұл әлемде интернетке кірмейтін адам мыңның бірінде ғана шығар. Бүкіл дүние жүзіндегі адамдардың 90%-ға жуығы интернетке кіреді. Яғни интернеттің маңызы зор. Интернетсіз адам өмірін елестету өте қиын. Күн өткен сайын адамдар интернетке тәуелді болып барады. Адамзат баласы кем дегенде күніне 1 сағатын Интернетте өткізетіні белгілі. Ал енді интернеттің пайдасына келсек: 1\. Интернеттен не керек бәрін табасың. Әсіресе студенттер және мектеп оқушылары реферат, мағлұматтар, шығарма және т.б алады. Қазірдің өзінде интернет арқылы тест тапсырып, интернет арқылы сабақ алып жатқандада бар. Сондай ақ интернет арқылы жұмыс істеп, сол арқылы ақша табуғада болады. Яғни интернеттің пайдасы өте көп. 2\. Интернет арқылы танысып, отау құрып жатқандарда бар. Яғни бұл екі адамды қосатын күш. Ал зиянына келетін болсақ. 1\. Ең бастысы өз денсаулығыңды құртасың. Көз ден бастап. 2\. Уақытың босқа кетеді. Яғни спортпен шұғылдануға уақытың болмай қалуы мүмкін.\ Қанша зиян дегенмен, Интернеттің пайдасы басымырақ. Бірақ денсаулықтыда ойлау керек! Күніне 2-3 отырса сол да жетеді! Интернет пен Денсаулықты қатар алып жүріңіздер! Қаншама ата-аналар: «Бұлар оқып туған, бәрін біліп алады, тіпті оны қалай ойнайтынын мен де білмеймін» деген кейіп танытады. Үш-төрт-ақ жастағы баланың бұл қылығын кім ұнатып отыр дейсің, өзімізден көрді, соған айналсын деп қолына бердік, ойнады, қызықты, енді тастау қиын. Ұрыс-керіс, дау-жанжал... Зияны қандай? Мойынды салбыратып көп отырғанның жасөспірім балаға өте зиянды екенін ақылға салып көрсеңіз де білесіз, көзге зиянды екенін дәрігерсіз де білеміз, ата-анамен әңгімелесу, жақыннан сырласу жайына қалып суықбауырланып, тұйық, қырсық болып өзгере бастағанын көп ата-ананың көздері көріп, көңілдері алаң күйде. Бұл жайларға кең тоқталмай-ақ қоялық. Ғалымдардың зерттеуінше балалардың телефонға үңіле беруінің зияны ересек адаммен салыстырғанда әлдеқайда жоғары болады екен. Неліктен? 1\. Балалардың жүйке талшықтары өсіп-жетілу кезеңінде болғандықтан радияциялық сәуледен жылдам зиян шегеді. 2\. Балалардың бас сүйегі жұқа болғандықтан радияциялық сәуледен қорғанысы төтенше әлсіз болады. 3\. Балалардың денесінде су құрамын мол болғандықтан радияциялық сәуледен зияндалуы ересек адамдардікінен жоғары болады. Сонымен қоса мамандар құрылғылардан бөлінетін сәуленің бас ауруы, есте сақтау және көру қабілетіне душар ететінін анықтап, ұйқысыздыққа шалдықтыратынын дәлелдеген. Сондай-ақ, ұялы телефондардың денсаулыққа зияны және оның ғылыми тұрғыдан дәлелдеп айтқан профессор Осман Муфтиұлы балаларға айрықша тоқталып, оларға мұның ересектердерден әлденеше есе зиянды екенін атап көрсеткен. Қысқасы, бала назарын басқа ойын түрлеріне, әсіресе спорт саласына қызықтыру оны осы бір зияны белшеден пайдасыз һәм мағынасыз әдеттен құтқаруы мүмкін. Қасында болып, қадағалуды қажет етеді. Бұрынғы бес баладан қазіргі бір баланы дұрыс тәрбиелеп ержеткізудің қиындығы осында. Қоршаған орта, айнала өзгерді. Қысым да, бәсеке де жоғары. Зиянды дүниелер төріңде тұр, қолыңда жүр... Ендігі бейқамдық -- жауапсыздық!

Use Quizgecko on...
Browser
Browser