Ашық сабақ: Натюрморт жанрының композициясы (3 сынып)

Document Details

YouthfulFuchsia4214

Uploaded by YouthfulFuchsia4214

Рысбай Ғабдиев атындағы балалар өнер мектебі

Tags

натюрморт композиция кескіндеме сабақ жоспары

Summary

Бұл құжат 3-ші сынып үшін Кескіндеме пәнінен ашық сабақтың тақырыбы Натюрморт жанрының шығармашылық композициясы. Сабақтың білімділік, дамытушылық және тәрбиелік мақсаттары, құрал-жабдықтар тізімі және сабақ барысы туралы мәлімет береді. Натюрморт жанры, стильдеу, композиция, геометриялық пішіндер және түстер туралы ақпарат бар.

Full Transcript

**Пәні: Кескіндеме. Сыныбы: 3 Сағат: 14:55** **Сабақтың тақырыбы:** Натюрморт жанрының шығармашылық композитциясы.\ **Сабақтың мақсаты:\ ***Білімділігі:* Оқушылардың шығармашылық қабілетін арттыруда стильдеу амалына композиция заңдылықтарын қолдану.\ *Дамытушылығы:* Оқушылардың қиялдауын, ойлау қаб...

**Пәні: Кескіндеме. Сыныбы: 3 Сағат: 14:55** **Сабақтың тақырыбы:** Натюрморт жанрының шығармашылық композитциясы.\ **Сабақтың мақсаты:\ ***Білімділігі:* Оқушылардың шығармашылық қабілетін арттыруда стильдеу амалына композиция заңдылықтарын қолдану.\ *Дамытушылығы:* Оқушылардың қиялдауын, ойлау қабілетін дамыту.\ *Тәрбиелілігі:* Оқушыларды ізденуге, ұқыптылыққа тәрбиелеу.\ **Көрнекілігі:** Плакаттар, суреттер, кітаптар.\ **Құрал - жабдықтар:** ҚағазА3, гуашь, акварель, маркер, қарындаш, өшіргіш, палитра, балауыз шам, майлы қарындаштар,\ **Сабақтың барысы:\ **1. Ұйымдастыру бөлімі\ 2. Өткен сабақтарды қайталау 3\. Жаңа сабақ.\ 4. Практикалық кезең\ 5. Сабақты бекіту\ 6. Бағалау, қорытынды\ **1. Ұйымдастыру бөлімі.\ **Сәлемдесу, оқушыларды түгендеу. Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру. Оқушыларды топқа бөлу. Суреттің қиындалары арқылы сурет құрастырып шыққан сурет арқылы топтың аты шығады. **2.Өткен сабақтарды қайталау** сұрақ-жауап арқылы. Тақтада 2-топқа бөлінгең ақ доптар сол доптарды дұрыс жауап берген оқушылар суретті бояйды. Өз топтарына ұпай есептеледі. 1\. Гуашь «Фр.gouache, итал. Guazzo-сулы бояу»-желім мен ақ сыр қосылып, суға ерітілген бояу. 2\. Этюд -аз уақытта орындалатын көркем шығарма. 3\. Фактура «лат.factura-өңдеу, құрылым» көркемсурет туындысының сыртқы өңі, түр сипаты. Бейнелеу өнерінде-ұғымы көркем туынды өңінің сипатын әрі оны өңдеуді білдңреді. 4.Рең- ақ түс пен қара түстің арасындағы қатынас. 5\. Нобай -- негізгі көрініс бейнелеген, сызықпен салынған сурет 6\. Көкжиек сызығы- көз деңгейіндегі түзу сызық. 7\. Нюанс-композициялық үйлесімдіктің сәтті шығуы. 8\. Ритм-ырғақты үйлесімділік. 9\. түстер хроматикалық және ахроматикалық болып бөлінеді. 10\. Станоктық кескіндеме-арнаулы мольбертте орындалған сурет.\ **3. Жаңа сабақ.** Натюрморт жанрының шығармашылық композициясы. **Натюрморт **(француз тілінен аударылғанда «өлі табиғат»)- заттар, ыдыс-аяқ, еңбек құралдары, жеміс-жидектер, гүлдер. Бұл жанр заттардың ерекшеліктерін ашады, олардың иелерін сипаттайды, кейде әлемді жақсы түсінуге, сол дәуірден қоғамдық  тәртіп  ерекшеліктеріне  әсерін  тигізеді. Натюрморт өнердің дербес жанры ретінде XVII ғасырда Голландияда және көрші Финляндияда туып, кеңінен дамыды. Натюрморт бізге онда бейнеленген заттарды пайдаланған адамдардың өмірін де, суретшіні оларға деген көзқарасында алып береді. Стильдеу -- шығармашылықта нәрсені әсіреңкілеп бейнелеу, оның пішінін, түрін, түсін өзгерту, бірақ сол нәрсенің түпкі болмысын сақтап қалу керек.\ Стиль сөзінің ғылымда көптеген түсінігі бар. Латын тілінен аударғанда «жазу желісі» деген мағына береді. Өнердің барлық саласынан кездестіруге болады. Мысалы, музыка, би, кино, театрда да, бейнелеу өнерінің барлық түрлерінде стильдеу әдісі бар.\ **4. Практикалық кезең.\ **Оқушылар топпен әртүрлі стильде, 3-5 заттардаң тұратың натюмортты этюд, әртүрлі техника орындайды. Мысалы, пуантилизм, кубизм, абстракцизм, декор және т. б. Топ оқушылары өздері бейнелеп жатқан әдіс жайында қысқаша түсінік береді.\ **5. Сабақты бекіту.\ **Сабақты бекіту үшін оқушылармен «Супер лото» ойынын ойнаймыз.\ Ойынның шарты: Әр оқушыға лотерея билеттері таратылады. Алдымен сыйлық қойылады да, қоржыннан лотерея нөмірі суырылып, сұрақ қойылады. Егер оқушы жауап берсе, сыйлықты ұтады, ал жауап бермесе сыйлық келесі тиражға қалады.\ **«Супер лото» сұрақтары:\ **1. Декор сөзінің мағынасы қандай?\ Декор -- латынша \"сәндеу\" деген мағына береді.\ 2. Стилизация дегеніміз не?\ Стилизация - нәрсені әсіреңкілеп бейнелеу, оның пішінін, түрін, түсін өзгерту, бірақ сол нәрсенің түпкі болмысын сақтап қалу.\ 3. Пуантилизм дегеніміз не?\ Пуантилизм -- пуант деген француз тілінен аударғанда \"нүктемен жазамын\" деген мағына береді. Алғаш фран. суретшісі Жорж Сера (1859 - 1891) осы әдіспен бейнелеген.\ 4. Кубизм дегеніміз не?\ Кубизм -- куб фр.\"төртбұрыш\" деген мағына береді, яғни геометриялық пішіндерге ұқсатып бейнелеу. Алғаш кубист суретші испандық Пабло Пикассо (1881 - 1973).\ 5. Абстракционизм дегеніміз не?\ Абстракционизм -- лат.\"кесемін, жоямын\" деген мағына береді, шынайы бейнелеуден бас тартып, тек геометриялық пішіндер, өрнек, түс, дақ, рең арқылы бейнелеу әдісі. Алғаш абстракционист Василий Кандинский (1866 - 1944).\ 6. Қазақ халқымызда стильдеу әдісі қашан дамыған?\ Халқымыз стильдеу әдісін өте ерте заманнан қолданады, оған дәлел біздің ою өрнегіміз. Өсімдік, жануар тектес, геометриялық, космогониялық ою өрнектер осы стильдеу әдісі арқылы бейнеленген.\ 7. Реализм дегеніміз не?\ Реализм дегеніміз -- латынша \"шынайы\" деген мағына береді. Өмірді, қоршаған ортаны бүкпесіз шынайы бейнелеу. Мысалға халқымыздың ұлы суретшісі Әбілхан Қастеевті (1904 - 1973) айтуға болады.\ Суперойын: Энкаустика дегеніміз не?\ Энкаустика - грекше \"күйдіру, еріту\" деген мағына береді. Алғаш энкауст - суретшілер Ежелгі Египеттіктер.\ **6. Бағалау, қорытынды.\ **Сонымен қатар жалпы сабаққа атсалысып отырған топ оқушылардың еңбектері ескере отырып әділ қазылар ұпай саның бағалап оқушыларды марапаттайды. Бүгінгі сабақты қорыта келіп, стильдеу әдісіне байланысты халқымыздың мына бір мақалы сәйкес келеме деп тұрмын,\ «Қазаншының еркі бар,\ Қайдан құлақ шығарса», дегенмен өмірдегі өз болмысымызды, әр нәрсенің болмысын, шынайылықты ұмытпайық дегім келеді. **Р. Ғабдиев атындағы балалар өнер мектебі** **Ашық сабақ** **Сабақтың тақырыбы:** Натюрморт жанрының шығармашылық композитциясы. Республикалық «Сиқырлы қылқалам» атты сурет байқауына қатысуға шақырамыз! Пән мұғалімі: Елубайқызы Райгүл Пәні: Кескіндеме. Сыныбы: 3 Атырау 2024-2025 оқу жылы

Use Quizgecko on...
Browser
Browser