Эволюция. Биология. 2-сынып. PDF

Summary

Бұл құжатта биология пәнінен "Эволюция" тақырыбына арналған сұрақ-жауап түрінде берілген материалдар қосылған. Құжатта берілген мағлұматтарды оқушылардың дайындығына қосымша көмек ретінде қолдануға болады. Бұндай материалдарды ешбір басқа курстар мен оқушыларға таратуға тыйым салынады.

Full Transcript

АЛҒЫ СӨЗ Қадірлі “GLUCOSE” биология-химия мектебінің лидері! Біз саған арнап өзіміздің мектебіміздің атынан “Эволюция” бөлімін жаңартылған бағдарлама кітаптары бойынша әр сабақта айтылған негізгі мағлұматтарды сұрақ-жауап түрінде осы бір документке жинақтадық. Бұл документті өзіңнің дайындығы...

АЛҒЫ СӨЗ Қадірлі “GLUCOSE” биология-химия мектебінің лидері! Біз саған арнап өзіміздің мектебіміздің атынан “Эволюция” бөлімін жаңартылған бағдарлама кітаптары бойынша әр сабақта айтылған негізгі мағлұматтарды сұрақ-жауап түрінде осы бір документке жинақтадық. Бұл документті өзіңнің дайындығыңа қосымша көмекші құрал ретінде пайдалан. Бұл авторлық базаны басқа курстар мен оқушыларға ТАРАТУҒА ТЫЙЫМ САЛЫНАДЫ! Біріншіден, бұл материал ПАТЕНТТЕЛГЕН, яғни, таратуға және сатуға ТЫЙЫМ САЛЫНАДЫ! Екіншіден, бұл базаны жасауда курс ұжымының қаншама уақыты мен еңбегі кетті. Оны елемей, аманатқа қиянат жасау – ең алдымен “ішіп жүрген құдығыңа түкіру” деп түсінуге болады. Ерте ме, кеш пе кісі ақысына кіру ертеңгі жолыңа тікелей әсер етеді. МАТЕРИАЛДЫ ТАРАТУ – ЗАҢ БОЙЫНША ЖАУАПҚА ТАРТЫЛАДЫ! Біздің мақсат – сені биология пәнінен “ГРАНТ ҰБТ-да” жоғары баллға қол жеткізу. Сол себепті біздің материалды ешкімге таратпай, тек өзің пайдалан. Алла Тағала зейініңді ашсын! Бұйырса жоғары нәтиже көрсет! Сәттілік серігің болсын, лидерім! ЭВОЛЮЦИЯ ІІ САБАҚ “Тіршілік үшін күрес: түраралық, түрішілік, абиотикалық күрес. Тірі ағзалардың бейімделу түрлері. Тірі ағзалардың қоршаған орта жағдайларына бейімделуі” §56. Жерде тіршіліктің қалыптасу кезеңдері (9-сынып). §84. Табиғи сұрыпталу. Тіршілік үшін күрес (10(2)-сынып). № Сұрақ Жауап 1 Ч. Дарвиннің тіршілік үшін күрес бір-  Тірі ағзалардың шексіз көбею қабілеті бірін жоққа шығаратын екі себеп  Табиғат ресурстарының шектеулігі салдары 2 Ч. Дарвиннің тіршілік үшін күрестің  Түрішілік күрес негізгі 3 түрі  Түраралық күрес  Абиотикалық фактормен (сыртқы ортаның қолайсыз жағдайларымен) күрес 3 Бір түр дараларының арасында жүретін Түрішілік күрес 4 Түрішілік күреске мысал Жануарлардың күйойнағы (бұғылардың күйойнағы) 5 Түрішілік күреске мысал  Қарағайлардың жарық үшін бәсекелестігі  Шыршалардың жарық үшін бәсекелестігі 6 Суретте көрсетілген тіршілік үшін күрес түрі Түрішілік күрес 7 Осы күрестің нәтижесінде көп даралар Түрішілік тіршілігін жояды 8 Түрішілік күрес ұрықты туғанға дейін Сүтқоректілерде жүреді 9 Ұядағы балапандардың қорек үшін Түрішілік күресі 10 Түрішілік күрестің жүру жағдайлары  Қорек үшін  Кеңістік (аумақ) үшін  Жұп құру үшін 11 Алуан түр дараларының арасында Түраралық жүретін күрес 12 Бір түр мен екінші түр арасындағы күрес Түраралық 13 Түраралық күреске мысал Жыртқыш – құрбан (қасқыр – қоян) 14 Түраралық күреске мысал Саваннадағы киіктің алуан түрлері арасында 15 Түраралық күреске мысал Даражарнақтылар мен қосжарнақтылардың жарық үшін күресі 16 Түраралық күрестің жіктелуі  Жыртқыштық жағдайдағы бәсекелестік  Паразиттік жағдайдағы бәсекелестік 17 Жыртқыштық жағдайдағы түраралық Түлкі мен қоян күреске мысал 18 Паразиттік жағдайдағы бәсекелестікке Ормандағы ағаштар мен лианалар мысал 19 Түрішілік және түраралық күрестің Тура және жанама түрлері 20 Даралар ашық соқтығысатын күрес Тура күрес 21 Тура күреске мысал Жыртқыштардың қорек, аумақ үшін күресі 22 Ашық соқтығусыз жүретін күрес Жанама күрес 23 Жанама күреске мысал Жыл құстарының ұялайтын орын іздеуі 24 Жанама күреске мысал Құстардың өз жұбын сайрау арқылы шақыруы 25 Ағзалардың қоршаған ортамен қарым- Абиотикалық фактормен күрес (жансыз қатынасы табиғатпен) 26 Абиотикалық фактормен күреске мысал  Ағзалардың табиғи катаклизмдерде туру қалу үшін күресі  Таулы ауданда температураның күрт ауысуына бейімделу  Маусымдық өзгерістерге бейімделі және т.б. 27 Өзінен соң ұрпақ қалдыра алатын, Табиғи сұрыпталу белгілі бір орта жағдайына жақсы бейімделген даралардың тірі қала алатын эволюцияның ең басты қозғаушы күші 28 Тіршілік үшін күрестің нәтижесі Орта жағдайларына жақсы бейімделген даралар тірі қалады 29 Үш күрестің ең күштісі Түрішілік 30 Табиғи сұрыптауға дейін жеткізеді Тіршілік үшін күрес 31 Адамның өз мақсаттарына қарай Қолдан сұрыптау ағзаларды сұрыптау §59. Табиғи сұрыпталу нәтижесінде бейімделу (9-сынып). № Сұрақ Жауап 32 Тірі ағзалардың қоршаған ортаның Бейімделу (адаптация) нақты жағдайында тірі қалуын арттыратын ағза ерекшілігі 33 Эволюция нәтижелерінің бірі Тірі ағзалардың қоршаған орта жағдайларына бейімделуі 34 Ағзалардың бейімделу бағыттары  Қоректік мамандану  Климатқа бейімделу  Қорғаныш рең  Гүлді өсімдіктердің айқас тозаңдануға бейімделуі  Салыстырмалы бейімделу 35 Қорек жетіспеуінен және түрішілік Қоректік мамандану күрестің күшеюінен даралардың жаңа қорек көзіне өтуі 36 Үлкен шымшықтың қоректік Ірі бунақденелілерді қорек етуі мамандануға мысалы 37 Шөжеторғайдың қоректік мамандануға Орташа бунақденелілерді қорек етуі мысалы 38 Көкшіл шымшықтың қоректік Ұсақ бунақденелілерді қорек етуі мамандануға мысалы 39 Айдарлы шымшықтың қоректік Қылқанжапырақтылардың тұқымдарын қорек мамандануға мысалы етуі 40 Ағзалардың климатқа бейімделуіне  Шөлдегі ағзалардың жоғары мысал температураға бейімделуі  Солтүстіктегі ағзалардың суыққа бейімделуі 41 Қорғаныш реңнің негізгі үш түрі  Қорғаныш рең (маскировка)  Еліктеуіш рең (мимикрия)  Демонстрация 42 Маскировка (қорғаныш рең) түрлері  Бүркеніш реңі  Бөлшектену реңі  Көлегейлену реңі 43 Қоршаған орта түсіндей болу Бүркеніш реңі 44 Бүркеніш реңнің екінші атауы Криптикалық рең 45 Бүркеніш реңге мысал Шегірткелердің шөптің түсіндей болуы 46 Дененің рең тұтастығы жойылады Бөлшектену реңі 47 Бөлшектену реңге мысал Зебра мен жолбарыс денесіндегі жолақтар 48 Бөлшектену реңге мысал Теңбіл барыс және бұғы 49 Жарық пен көлеңкенің құбыла көрінуі Көлегейлену реңі 50 Көптеген балықтардың бауыры ақ, ал Көлегейлену реңі жоны су түбінің реңіне ұқсас болуы 51 Еліктеуіш реңі Мимикрия 52 Қорғалмаған жануар немесе өсімдіктің Мимикрия жансыз немесе жеуге жарамсыз нысанға ұқсауы 53 Қорғалмаған жануар немесе өсімдіктің Мимикрия жақсы қорғалған нысанға ұқсауы 54 Мимикрияға мысал Жабайы ара шыбынының реңі жарғаққанаттыларға ұқсауы 55 Жарғаққанатты жәндіктер Жабайы ара, балара және түктіара 56 Мимикрияға мысал Атбасбалықтың балдырға ұқсауы 57 Қарала шалшықтың жұмыртқасының Мимикрия малтатасқа ұқсауы осы реңге мысал 58 Өсімдіктер үшін мимикрияға мысал Шықшылдықтың бунақденелілерді еліктіретін гүлдерге ұқсауы 59 Өсімдіктер үшін мимикрияға мысал Орхидеяның тозаңдандырғыш-аналық бунақденелілерге түсі мен иісі бойынша ұқсауы 60 Қарсылатын үркіту немесе абдырату Демонстрация әдісі 61 Демонстрацияға мысал Ханқызы, жасақшы қандала 62 Демонстрацияға мысал Кеңалқыл жыландар (кобраның) күлпарасын үлкейтіп үркітуі 63 Демонстрацияға мысал Батбат кесірткелердің күлпарасын үлкейтіп үркітуі 64 Мимикрия шеңберін құрайтын  Шағатын жарғаққанаттылар жануарлар  Ханқыз  Жасақшы қандала §58. Тірі ағзалардың қоршаған орта жағдайларына бейімделуі (8-сынып). № Сұрақ Жауап 65 Мұхитта Күн жарығының жетіспеуіне Қызыл балдырлар бейімделу мысалына жатады 66 Құрлықта Күн жарығының жетіспеуіне Көлеңкеге төзімді өсімдіктер бейімделу мысалына жатады 67 Шөлді аймақтарда күрес жарық үшін Ылғал үшін емес, не нәрсе үшін жүреді? 68 Булануды азайтып, суды барынша Тікенге үнемдеу үшін сексеуілдің жапырағы айналады 69 Суретте көрсетілген ағаш Сексеуіл 70 Ылғал жинайтын ағзалар Суккуленттер 71 Суды жапырақтарында жинайтын  Агава өсімдіктер  Алоэ  Бозкілем 72 Суды сабақтарында жинайтын  Кактус өсімдіктер  Сүттігендер 73 Суды сақтау үшін жапырақтары тікенге Кактус айналған өсімдік 74 Шөл жануарларының маңызды Ымыртта белсенділікке көшуі бейімделуіне мысал 75 Дала тасбақасы шөлге бейімделу үшін Жазғы ұйқыға кетеді жасайтын әрекеті 76 Кейбір кесірткелердің шөлге бейімделу Су алу үшін етжкңді жапырақтармен үшін жасайтын әрекеті қоректенеді 77 Жылықанды жануарлар Гомоитермді 78 Жылықанды жануарларға жатады Құстар мен сүтқоректілер 79 Салқынқанды жануарлар Пойкилотермді 80 Суыққа төзімді сүтқоректілер Морждар мен ақ аюлар 81 Жылусүйгіш жануарлар Піл, маймыл, керік, киік 82 Жылусүйгіш өсімдіктер Пальма, какао, ананас 83 Ылғалсүйгіш жануарлар Бақа, құтан, үйрек, бірқазан, ондатр, құндыз 84 Ылғалсүйгіш өсімдіктер Қамыс, қоға, күріш 85 Құрғақшылыққа төзімді жануарлар Сарышаян, жылан, кесіртке, дуадақ, түйе 86 Құрғақшылыққа төзімді өсімдіктер Сексеуіл, жантақ, жыңғыл Сәттілік, лидерім! Биологиядан 50 балл алу мүмкіндігіңіз бар, егер сіз күніне кемінде 4-5 сағатыңызды дайындыққа арнап, еңбектене білсеңіз! Ізгі тілекпен: Әсел Молдабай Ғабитқызы

Use Quizgecko on...
Browser
Browser