Qazaq til 11-synyp Past Paper
Document Details
Uploaded by VersatileMonkey7682
Tags
Summary
This document appears to be an educational assignment, specifically an assignment in the Kazakh language for 11th grade. It contains instructions, criteria for evaluation, and likely some sample text to assess knowledge. It appears to be for a school or educational institution in Kazakhstan.
Full Transcript
**Қазақ тілі 11-сынып Күні :\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_ Білім алушы:\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_** **«Қазақстан бүгінгі әлемде: Қазақстанның өткені мен келешегі»** **бөлімі бойынша жиынтық бағалау №2** **Оқу мақсаты** 11.3.6.1 - жазба жұмысын абзац пен бөліктерге бө...
**Қазақ тілі 11-сынып Күні :\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_ Білім алушы:\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_** **«Қазақстан бүгінгі әлемде: Қазақстанның өткені мен келешегі»** **бөлімі бойынша жиынтық бағалау №2** **Оқу мақсаты** 11.3.6.1 - жазба жұмысын абзац пен бөліктерге бөлу, ойын (ақпарат, идея) дұрыс жүйелеп, логикалық және стильдік түзетулер енгізу, редакциялау) **Бағалау критерийі** Білім алушы - Жазба жұмысын абзац пен бөліктерге бөледі; - Ойын (ақпарат, идея) дұрыс жүйелеп, логикалық және стильдік түзетулер енгізеді, редакциялайды **Ойлау дағдыларының** Қолдану **деңгейі** Тапсырма 1\. Мәтінді мұқият оқыңыз. Мәтінді абзац пен бөліктерге бөліңіз. Мәтін ақпаратын жүйелеп, қайта құрастырыңыз. Тұғырлы Тәуелсіздік **Әр Қазақстанның азаматы айырықша күнін есте сақтады және онымен мақтанады.** 1991 ж. **16-желтоқсанда** Қазақстан Республикасының мемлекеттік саяси тәуелсіздігі туралы конституциялық заң қабылданды. Осы жылы біздің тәуелсіздігімізге 27 жыл. Сөз жоқ, Қазақстан халқы үшін -- ұлы күн. Бұл барлық еңбекқорлықтың, халықтардың достықтың нәтижесі. Тәуелсіздік -- ең алдымен қазақ халқының бостандыққа ұмтылған асқақ армандары мен қайсар рухының жемісі. **Сондықтан да біз үшін қастерлі ұғым Тәуелсіздік -- ең қастерлі ұғым. Еліміз тәуелсіздігін жариялап, дербес мемлекет үшін әлемге танылды.** Елбасының «Қазақстанның тәуелсіздігі қазақтарға тартқан тағдырдың сыйы емес, өзінің ежелгі жерінде қилы кезеңді бастап кешу арқылы қол жеткен өз мемлекттілігін құруға деген заңды құқығы бұл даусыз және саяси фактіге ешкім күмән келтірмеуі тиіс», --- деп атап көрсетуінде үлкен мағына жатыр. **Тәуелсіздігімізді алғашқы күндері әлемнің салмақты елдері мойындап, кейіннен басқа да елдер мойындап жатты.** Осылайша әлемдік саясат аренасында ҚАЗАҚСТАН деген мемлекет **тәй тәй** басты. **Небары бір неше** аптаның ішінде әлемнің көптеген беделді елдері Қазақ елінің тәуелсіздігін мойындап, дипломатиялық қатынастар басталды. **Талай талай қас батырлар** жанын қиып, қорғап қалған, талай арулар махаббат құрбаны болған, талай өзегі өртенген өкінішті жандар мен қуаныштан жүрегі жарыла шаттанған пенделердің куәгері болған қасиетті Отанымыз --Қазақстан! **Қазақстан --- тәуелсіз халық.** Сол тәуелсіздік жолында қазақ бабам не көрмеді десеңізші?! Еліміздің басынан **азапта, аштықта, сұм соғыста** өтті. **Әсіресе XX - ғасыр** қазақ халқы үшін ауыр тиіп, қайғыға толы кезеңімен есте қалды. Жыл сайынғы Президенттің халыққа арналған Жолдаулары мен қабылданған мемлекеттік бағдарламалар, стратегиялық бағыттардың барлығы да қарапайым халықтың тұрмысын жақсартып, тәуелсіздігімізді нығайтуға бағытталды. Елбасы өз Жолдауында ішкі саяси мен ұлттық қауіпсіздіктің **2020-жылға** дейінгі негізгі мақсаттары қоғамда келісім мен тұрақтылықты сақтау, ел қауіпсіздігін нығайту екенін атап өтті. Саяси жүйені жетілдіруде құқықтық реформаның маңызды рөл атқарылатынын, құқық қорғау жүйесін реформалау бойынша құқық қорғау органдары функцияларындағы орын алған жағымсыз факторлардан, сондай-ақ құқық қорғау жүйесі қызметіндегі мөлдірлік пен бақылаудың жоқтығынан туындаған проблемалардан арылудың қажеттігін атап көрсетті. Қаншама рет туы тігіліп, қаншама рет туы қайта қисайған, қаншама мемлекеттің құрамында болып, қаншама рет мемлекетсіз қалған әрі көне, әрі жас қазақ халқы қайтадан әлемдік дүбірге қосылып, әлем елдерімен иық тіресуде. **2. Мәтінде қарамен белгіленген сөздер мен сөйлемдердің орфографиялық, стильдік қателерін** **түзетіңіз. Емле ережелерін ескеріңіз**. \_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_ \_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_ +-------------+-------------+-------------+-------------+-------------+ | **Бағалау | **№** | **Дескрипто | **Балл** | | | критерийі** | | р** | | | | | **тапсырма* | | | | | | * | | | | +=============+=============+=============+=============+=============+ | | | Білім алушы | | | +-------------+-------------+-------------+-------------+-------------+ | Жазба | 1 | -мәтінді | 1 | | | жұмысын | | абзац пен | | | | абзац пен | 2 | бөліктерге | 1 | | | бөліктерге | | бөледі. | | | | бөледі; | | | | | +-------------+-------------+-------------+-------------+-------------+ | Ойын | | -ақпараттар | 1 | | | (ақпарат, | | ды | | | | идея) дұрыс | | жүйелеп | | | | жүйелеп, | | құрастырады | | | | логикалық | |. | | | | және | | | | | | стильдік | | | | | | түзетулер | | | | | | енгізеді, | | | | | | редакциялай | | | | | | ды | | | | | +-------------+-------------+-------------+-------------+-------------+ | | | -логикалық | 1 | | | | | түзетулер | | | | | | енгізеді; | 1 | | | | | | | | | | | -стильдік | 1 | | | | | түзетулер | | | | | | енгізеді; | | | | | | | | | | | | -редакцияла | | | | | | йды. | | | +-------------+-------------+-------------+-------------+-------------+ | | | -емле | 1 | | | | | ережелеріне | | | | | | сүйеніп, | 1 | | | | | қателерді | | | | | | түзейді | | | +-------------+-------------+-------------+-------------+-------------+ | **Барлығы** | **8** | | | | +-------------+-------------+-------------+-------------+-------------+ **Мәтіннің дұрыс нұсқасы** Тәуелсіздік -- ең алдымен қазақ халқының бостандыққа ұмтылған асқақ армандары мен қайсар рухының жемісі. Сондықтан да біз үшін Тәуелсіздік -- ең қастерлі ұғым. Еліміз тәуелсіздігін жариялап, дербес мемлекет ретінде әлемге танылды. Елбасының «Қазақстанның тәуелсіздігі қазақтарға тартқан тағдырдың сыйы емес, өзінің ежелгі жерінде қилы кезеңді бастан кешу арқылы қол жеткізген өз мемлекетін құруға деген заңды құқығы екені даусыз және бұл саяси фактіге ешкім күмән келтірмеуі тиіс», --- деп атап көрсетуінде үлкен мағына жатыр. Талай-талай хас батырлар жанын қиып, қорғап қалған, өзегі өкініштен өртенген талай жандар мен қуаныштан жүрегі жарыла шаттанған пенделердің куәгері болған қасиетті Отанымыз -- Қазақстан! Қазақстан --- тәуелсіз мемлекет. Сол тәуелсіздік жолында қазақ бабам не көрмеді десеңізші?! Еліміздің басынан азап та, аштық та, сұм соғыс та өтті. Әсіресе, XX ғасыр қазақ халқы үшін ауыр тиіп, қайғыға толы кезеңімен есте қалды. Тәуелсіздігімізді алғашқы күндері әлемнің дамыған елдері мойындап, кейіннен басқа да елдер танып жатты. Осылайша әлемдік саясат аренасында ҚАЗАҚСТАН деген мемлекет тәй-тәй басты. Небәрі бірнеше аптаның ішінде әлемнің көптеген беделді елдері Қазақ елінің тәуелсіздігін мойындап, дипломатиялық қатынастар басталды. Қаншама рет туы тігіліп, қаншама рет туы қайта қисайған, қанша мемлекеттің құрамында болып, қанша рет мемлекетсіз қалған, әрі көне, әрі жас қазақ халқы қайтадан әлемдік дүбірге қосылып, әлем елдерімен иық тіресуде. Жыл сайынғы Президенттің халыққа арналған Жолдаулары мен қабылданған мемлекеттік бағдарламалар, стратегиялық бағыттардың барлығы да қарапайым халықтың тұрмысын жақсартып, тәуелсіздігімізді нығайтуға бағытталды. Елбасы өз Жолдауында ішкі саяси және ұлттық қауіпсіздіктің 2020 жылға дейінгі негізгі мақсаттары қоғамда келісім мен тұрақтылықты сақтау, ел қауіпсіздігін нығайту екенін атап өтті. Саяси жүйені жетілдіруде құқықтық реформаның маңызды рөл атқаратынын, құқық қорғау жүйесін реформалау бойынша құқық қорғау органдары функцияларындағы орын алған жағымсыз факторлардан, сондай-ақ құқық қорғау жүйесі қызметіндегі шынайылық пен бақылаудың жоқтығынан туындаған проблемалардан арылудың қажеттігін атап көрсетті. 1991 ж. 16 желтоқсанда Қазақстан Республикасының мемлекеттік саяси тәуелсіздігі туралы конституциялық заң қабылданды. Биыл біздің тәуелсіздігімізге 27 жыл. Сөз жоқ, Қазақстан халқы үшін -- ұлы күн. Бұл -- таза еңбек пен халықтар достығының нәтижесі.