Антропология және антропогенез PDF
Document Details
Uploaded by Deleted User
Tags
Summary
Бұл мақала антропология, археология, гендік география, этнос және этногенез сияқты тақырыптарды қамтиды. Мақалада адамзат қоғамының дамуының әртүрлі аспектілері қарастырылады және ежелгі адамдардың тарихы мен мәдениеттері зерттеледі.
Full Transcript
**Антропология және антропогенез**. Тарих ғылым- дары адам мен адамзат қоғамының дамуын әртүрлі аспектілерде қарастырады. Мысалы, әскери-саяси тарих соғыстар мен мемлекеттер тарихын; та- рихи әлеуметтану әлеуметтік құрылымдардың дамуын; техника тарихы техникалық прогресті зерттейді және т.б. Алайда...
**Антропология және антропогенез**. Тарих ғылым- дары адам мен адамзат қоғамының дамуын әртүрлі аспектілерде қарастырады. Мысалы, әскери-саяси тарих соғыстар мен мемлекеттер тарихын; та- рихи әлеуметтану әлеуметтік құрылымдардың дамуын; техника тарихы техникалық прогресті зерттейді және т.б. Алайда тарихтың дербес ғылымдары зерттейтін аспектілер де бар. Олардың бірі антропология (физикалық антропология) болса, оның бір бөлімі палеоантропология, ол антропогенезді қазбалардан табылған сүйектер негізінде адамның биологиялық түрінің (Ното) шығу тегі мен эволюциясын зерттейді. Назар аударыңдар! Антропогенез: 1) адамның пайда болуы мен оның түр ретінде эволюциясы; 2) палеоантропология пәні. **Антропология және археология**. Археологтер сүйектерді көбінесе қазба жұмыстары кезінде табады. Антропология мен археологияның арасындағы айырмашылық мынада: археология әлеуметтік ғылым, ал антропология биологиялық ғылым, ол адам денесін, оның құрылысын, қызметтері мен өзгергіштігін зерттейді. Археологті ежелгі адамдардың пайдаланған құралдары, ал антропологті оның бас сүйегі мен сүйектерінің құрылысы қызықтырады. Алайда антропологиялық және археологиялық зерттеулер қатар жүргізіледі. Археологтер қазба сүйектерін антропологтерге сараптамаға береді. Олар бұл сүйектерге адамдардың жынысын, жасы мен сыртқы бейнелерін анықтайтын зертханалық зерттеулер жүргізеді. **Антропология және гендік география. «Нәсіл» түсінігінің ғылыми еместігі.** Антропология сала- ларының бірі болған нәсілтану ұзақ уақыт бойы адам нәсілін зерттеген. Заманауи ғылым саяси себептерге байланысты нәсілшілдікке ұрынбау үшін «нәсіл» түсінігінен бас тартты. Нәсілдік теория ғылыми тұрғыдан алып қарағанда ескірді. Өйткені барлық адам бір түрге жатады және өзара еркін араласады. «Таза» нәсіл жоқ, толып жатқан аралас түрлері бар. Нәсілдерді генетикалық деңгейде бөліп көрсету мүмкін емес. Біздің әрқайсымызда Отанымыздан өте алыс жерге тән генетикалық белгілер бар. Дүние- жүзінің әртүрлі аймақтарындағы генетикалық белгілердің таралуын зерттеумен жаңа ғылым гендік география айналысады. Ғалымдар дүние- жүзі халықтарының генетикалық атласын жасау- мен және адамдардың ежелгі замандағы көші- қондарын зерттеумен айналысады. Бұл өмір туралы ғылымның алдыңғы шебі. өткен Қазір «нәсіл» түсінігінің орнына антропо- логиялық үлгі ұғымы жиі қолданылады. Антро- пологиялық зерттеулер бұрынғыша жекелеген халықтардың ежелгі тарихын зерттеу үшін маңызды. Антропологтер археологтермен, тіл мамандарымен, тарихшылармен және этнограф- тармен бірге жұмыс істейді. Археологиялық мәдениет тасымалдаушыларынан моңғолоидтік, еуропеоидтік және өзге антропологиялық бел- гілерді анықтау ежелгі тайпалардың көші- қондары туралы пайымдауға және олардың өзара қатынастары туралы болжамдар жасауға мүмкіндік береді. **Этнос және этнология**. Этнос дегеніміз не? Қарапайым тілмен айтсақ, халық немесе ұлт дегенді білдіреді. Ғылым тұрғысынан қарастырсақ, этнос адамдардың өзіндік сезімі бойынша тиісті бо- латын этникалық қауымдастық. Мұндай өзіндік сезіну этникалық сана-сезім (этникалық тұтастық) деп аталады. Адам өзінің қандай да бір этникалық қауымдастыққа тиістілігін анықтаған кезде, ол әдетте: «Бұл - біз, ал басқалар олар» екенін айқын біледі. Әдетте, адам өзі үшін бұл қауымдастықты тілімен, шығу тегімен, тарихымен, әдеттерімен, дәстүрлерімен, өнегелілік нормаларымен, сондай-ақ басқа да белгілерімен анықтайды. Этнос ортақ өзіндік атауымен, өзіндік сана-сезімімен, шығу тегінің нақты немесе мифтік ортақтығымен, тілімен, мәдениетімен, шаруашылық түрлерімен және менталитетімен бірігетін және өзін осындай басқа қауымдастықтардан ерекшелендіретін адамдардың әлеуметтік қауымдастығы. Этностың алғашқы рулық қауымдардан айырмашылығы қандас туыстық емес, мәдени-тілдік қауымдастық. Этникалық мәдениет этностың ұрпақтан-ұрпаққа берілетін мәдениеті. Бұл -- өмір салты, әдеттер, нормалар мен құндылықтар кешені. Этникалық мәдениет шеңберінде өз әлемін ерекше әлем ретінде қабылдау, дәстүрлер арқылы жинақталған білімді, шеберліктерді және дағдыларды сақтау ниеті қалыптасады. Назар аударыңдар! Этнос - қандас туыстық емес, мәдени-тілдік қауымдастық. Этнос- ты ортақ мәдениет: өмір салты, салттар мен дәстүрлер біріктіреді. Этностар мен басқа да этникалық қауымдастықтарды (мысалы, этнос болып қалыптаспаған тайпаларды), сондай-ақ сан алуан этникалық үдерістерді зерттейтін ғылым этнология деп аталады. Бұл «этно- графия» ұғымымен байланысты. Этнографияны сипаттаушы ғылым ретінде және этнологияны этностар туралы теориялық ғылым ретінде ажыратады. **Этногенез**. Этносты анықтайтын белгілердің бірі шығу тегінің ортақтығы болып табылады. Өйткені тілден айырылуға, аумақты жо- ғалтуға, шаруашылық қызметін алмастыруға болады. Бірақ этностың ортақ шығу тегі туралы түсінік өзгермейді. Этностың шығу тегі және оның өткен уақыттағы дамуы этногенез деп аталады. Этногенез этникалық тарихтың бастапқы үдерісі. Тарихи миф- тер, сондай-ақ нақты фактілер оның барысын айқындауға қабілетті. Этногенез өз бастауын палеолиттен алатындықтан, оны зерттеу қателіктермен, болжамдармен және дәлелденуі қиын гипотезалармен қатар жүретін күрделі іс. Палеолиттің өзінде-ақ адамдар әртүрлі тілде сөйледі, тайпалардың бір-бірінен айырмашылықтары болды. Кейбір тайпалардың тілдері бір-біріне жақын болды және олар бір-бірін жақсы түсінді. Ал басқа тайпалардың тілдері мүлдем түсініксіз болды және бұл қарым-қатынасты қиындатты. Жазба дереккөздері болмаған кезде, қандай да бір этностың қашан және қайдан шыққанын дұрыс анықтау өте қиын. **Жаңа этностар құрылуының тәсілдері.** Жаңа этностар әртүрлі тәсілдермен құрылады. Көбінесе бұл интеграция жолымен, яғни әртектібөліктердің біртіндеп жақындасуынан және қосылуынан болады. Бұл төмендегідей тәсілдермен жүзеге асады. 1\. Тайпалардың бірігуі. Ол көбінесе бірыңғай мемлекет шеңберінде ортақ діннің өсер етуімен немесе сыртқы әсерлерге табиғи апатқа, ортақ жаудың басқыншылығына қарсы бірігу қажеттігінен орын ала- ды. Тайпалардың бірігуімен қазақ, ежелгі орыс және араб этностары құрылды. 2\. Жаулап алушылар немесе отаршылардың жергілікті халықпен автохтондармен араласуы. Бұл ассимиляция деп аталады. Қоныс ау- дарушылар автохтондарды ассимиляциялаған кезде, олар жергілікті халыққа өз этнонимін (этнос атауын) және тілін немесе тек этнонимін (герман тайпасы франктардың ежелгі Францияның галл-роман халқына сияқты) күшпен таңуы мүмкін. 3\. Иммигрант топтарының қосылуы. Оның айқын мысалы америка- лық этностың құрылуы болып табылады. 4. Жіктелу арқылы. Бұл кезде ірі этнос ыдырайды немесе өз құрамынан қандай да бір бөлігін шығарады. Мысалы, австралиялықтар ағылшындардан бөлініп шықты. 5\. Өзгеру арқылы. Бұрынғы этнос тарихи жағдайлардың әсерімен жаңа этносқа айналады (мысалы, ежелгі мысырлықтар копттарға¹ **Этнос құрылуының факторлары**. Этностың туындауында аумақтың (этникалық аумақ, «біздің жер»), тілдің, шаруашылық пен мәдениеттің ортақтығы маңызды. Бұл факторлардың негізінде «біз олар емеспіз» түсінігі пайда болады және этникалық өзіндік сана («мен бұл біз») орын алады. Этнос мәдени бірлік, мәдени жүйе ретінде пайда болады. Этностың мәдени жүйе ретінде қалыптасуына этникалық қауым- дастықтың құрылуы жәрдемдеседі. Бұл эндогамия, яғни өз этно- сы шегінде ғана неке құру арқылы жүзеге асады. Эндогамия норма ретінде енгізілгенше, тайпалар мен халықтардың араласуы стихиялы жүреді. Қорытынды. Этностың шығуы және қалыптасуы немесе этноге- нез ұзақ үдеріс. Ол кейде бірнеше мыңжылдықты қамтиды және өте ежелгі заманнан басталады. Этногенез этникалық мәдени жүйе мен этникалық популяция қалыптасқан кезде болады. Бұл аумақтың, тіл мен мәдениеттің ортақтығы негізінде жүзеге асады. Этногенезді зерттеу этнологияның міндеті. Этногенезді зерттеу күрделі үдеріс. Онда көптеген ғылымның: археологияның, антропологияның, гендік географияның және тарих, лингвистика мен этнографияның мәліметтері салыстырылады.