Summary

Документте тыныс алу функциясы, кезеңдері және тыныс алу жүйесінің құрылымы туралы қысқаша мағлұматтар келтірілген. Материалда тыныс алу жүйесінің компоненттері, оның қызметі және адам ағзасындағы маңызы баяндалған.

Full Transcript

Тыныс алу – оттегіні ағзалар мен ұлпаларға жеткізу, оның жасушалардағы тотығу үрдістерінде пайдаланылуы, сондай-ақ организмнен көмір қышқыл газын шығару үрдістерінің жиынтығы. Тыныс алу кезеңдері Тыныс алу 5 кезеңнен тұрады: 1.Сыртқы тыныс алу – өкпенің желденуі, атмосфералық...

Тыныс алу – оттегіні ағзалар мен ұлпаларға жеткізу, оның жасушалардағы тотығу үрдістерінде пайдаланылуы, сондай-ақ организмнен көмір қышқыл газын шығару үрдістерінің жиынтығы. Тыныс алу кезеңдері Тыныс алу 5 кезеңнен тұрады: 1.Сыртқы тыныс алу – өкпенің желденуі, атмосфералық ауа газдарының өкпе альвеолаларына және өкпеден сыртқы ортаға тасымалдануы. 2. Өкпедегі газдар алмасуы – альвеола ауасы мен қан арасындағы газдар алмасуы. 3. Газдардың қан арқылы тасымалдануы – оттегінің өкпеден ұлпаларға және көмір қышқыл газының ұлпалардан өкпеге тасылуы. 4. Ұлпалардағы газдар алмасуы – оттегінің капиллярлар қанынан ұлпаларға және көмір қышқыл газының ұлпалардан қанға диффузиясы. 5. Ұлпалық тыныс алу –жасушалардағы тотығу-тотықсыздану үрдістері. Ауа жолдары Мұрын қуысы (cavum nasi) Жұтқыншақ (pharynx) Көмей (larynx) Кеңірдек (trachea) Бронхылар (bronchi) 1. Тыныс алу жүйесінің құрылысы қысқаша сипаттама Мұрын қуысы- тыныс алу және иіс сезу бөлімдерінен тұрады. Негізі шеміршек пен сүйектен түзілген. Сырты терімен жабылған. Ішкі беті шырышты қабықшамен тысталған. Мұрын қуысы 2 бөліктен тұрады. 1. Кіреберіс- ол көп қабатты жалпақ, мүйізделетін эпителиймен жабылған. 2. Өзіндік мұрын қуысы  Мұрын қуысынан жылытылған, ылғалданған және тазартылған ауа жұтқыншақ арқылы көмейге түседі. Жұтылған ас тыныс жолдарына түспеуі үшін көмейге кіреберіс жер шеміршекті көмей қақпашығымен (надгортанник) жабылады. Ауаны жұтқыншақтан кеңірдекке өткізеді. Ауыз қуысындағы мүшелермен бірге көмей дыбыс түзу және айқын сөйлеу қызметін де атқарады. Көмей- іші қуыс түтік, ол мойынның алдыңғы бөлігінде IV-VI мойын омыртқалары дейгейінде орналасқан.қалқанша мембранасының көмегімен тіл асты сүйекке ілініп тұрады. Кеңірдек (trachea)- өңештің алдында орналасқан түтік, ұзындығы 9-15 см, диаметрі 15 мм, ені-1,5-2 см V-VII мойын омыртқаларының тұсында басталады. Ал V кеуде омыртқасы деңгейінде кеңірдек негізгі екі бронхыға бөлінеді. Кеңірдектің бөлінген жерін, оның «бифуркациясы» деп атайды. Кеңірдек 16-20 аралары буындармен біріккен жарты сақинаша шеміршектен құралған. Кеңірдектің артқы жұмсақ қабырғасы өңешке жанасады да, астың өңешпен еркін жылжуына мүмкіндік береді. Бронхылар (bronchus) бас бронхтар кеңірдекке ұқсас жарты сақинаша шеміршектерден тұрады.Оң бронх сол бронхтан кең және қысқарақ. оң және сол жақ өкпеге кіреді, содан кейін өкпеде тармақталып, бронхы ағашын түзеді. Ең ұшындағы жіңішке бұтақшалары бронхиола деп аталады да, альвеолармен аяқталады. Кеңірдек пен бронхиола да сілемей бөлетін тербелмелі эпителиймен жабылған. Кірпікшелер сілемей мен микроорганизмдерді жұтқыншаққа бағыттайды да, сонда жұтылады.Альвеола іші сұйықтыққа толы, оны СУРФАКТАНТ деп атайды. Өкпе (pulmo)-кеуде қуысында, жүректің екі жағында орналасқан шымыр, кеуекті жұп мүшелер. Өкпенің пішіні кесілген конусқа ұқсайды. Конустың ұшы жоғарыға, табаны төменге қараған. Ұшы бұғана сүйегінен 2-3см жоғарыда тұрады. Өкпенің сыртқы дөңес бетін қабырғалар қоршайды, ал ішкі, ойыс, жүрек жақ бетінде өкпе қақпасы орналасқан. Өкпе ұшы жоғарыдан төменге қарай кеңейген. Өкпенің 3 беті: қабырғалық,көкет және бір- біріне қараған медиаль беттері. Ол-бас бронхтар, өкпе артериясы, 2 өкпе венасы және лимфа тамырлары өтетін «өкпе қақапасы». Әр өкпе сайлар арқылы бөліктерге бөлінген. Оң өкпеде 3 сол өкпеде 2 бөлік бар. Бөліктер сегменттерге бөлінген. Оң өкпеде 11, сол өкпеде 10 сегмент бар. Бронхиолалардан басталған респираторлық (тыныстық) жолдың жиынтығы – жүзім шоғырына ұқсайды. Оны “ацинус” деп атайды. Ацинус өкпенің капилляр мен ауа толған альвеоласының газ алмасатын құрылыс бірлігі. Ересек адамның әрбір өкпесінде 15000-дай ацинустар, 300-500 млн альвеолалар болады. Өкпе плеврамен қапталған, плевраның висцералдық және париеталдық жапырақшалары арасында саңылау болады, ондағы қысым теріс. Жай дем алғанда ол –6 мм с.б., терең дем алғанда –20 мм с.б. дейін төмендейді. Жай дем шығарғанда –3 мм с.б. Плевра қуысындағы теріс қысым өкпенің серпімділігіне байланысты. Өкпенің серпімділігі – өкпенің өз көлемін азайтуына тырысатын күші. Өкпенің қапшығы (pleura) – оң және сол өкпені бөлек oрап тұрады. Өкпеқаптың сыртқы жапырақшасы кеуде қуысының ішін астарлайды, ал ішкі жапырақшасы бүкіл өкпені қаптайды. Жапырақшалар арсында аз мөлшерде өкпеқап қуысы бар, оның ішінде тыныс алу кезінде екі жапырақтың үйкелісінен азайтатын азғана сұйықтық бар. Ішкі плевраның үш беті бар: көкетке, қабырғаға және аралыққа қараған беттері. Олар бір-біріне өткенде кеңістік- қапшықтар пайда болады. Қапшықтардың тыныс алуда зор маңызы бар. Олар өкпенің еркін қозғалуына мүмкіндік туғызып, оны орап тұрады. Өкпе мен ұлпалардағы газдар алмасуы Атмосфералық ауа – О2, СО2, N2 газдарының қоспасы Альвеолалық ауа - альвеолаларды толтырып тұрған ауа қоспасы, ол организмнің ішкі газ ортасы болып табылады. Шығарылатын ауа – атмосфералық және альвеолалық ауалардың қоспасы. Ауа құрамы О2 СО2 N2 Атмосфералық 20,93% 0.03% 79.04% Шығарылатын 16-16.5% 3.5-4% 79.5% Альвеолалық 14-14,5% 5,5-6% 80,5% Өкпедегі газдар алмасуы сол газдардың альвеола ауасындағы меншікті қысымы мен олардың қандағы кернеуінің айырмашылығы нәтижесінде диффузия жолымен жүзеге асады. Газдардың меншікті қысымы мен кернеуі (мм с.б.) Газдар Альвеол. Веналық Артериалық Ұлпааралық ауа қан қан сұйықтық О2 100-110 40 ~100 20-40 СО2 40 46 40 60 Өкпенің ауа көлемдері Қалыпты тыныс ауасы (ҚТА) – 0,4 – 0,5 л. Қосымша дем алу ауасы – 1,5 – 2,5 л. Қосымша дем шығару ауасы – 1,2–1,5–2 л. ӨТС – 3,5 –5 л (ӨТС жынысқа, жасқа, бойға байланысты) Қалдық ауа – 1 л. Дем алу сыйымдылығы – ҚТА + қосымша дем алу ауасы. Функциялық қалдық ауа (ФҚА) = қосымша дем шығару ауасы + қалдық ауа ӨЖС = ӨТС + ҚА = 4,5 – 6 л ТМК = 6 – 8 л. Өкпенің тіршілік сыйымдылығы (ӨТС). Өкпенің тіршілік сыйымдылығы дегеніміз дем алу, қосымшы және қордағы ауалардың қосындысы. Адам қалыпты жағдайда дем алғанда өкпеге 300-500 мл ауа кіреді. Мұны дем алу ауасы дейді. Қалыпты жағдайда жай ғана дем алған соң, демді шығармай күшеніп тұрып, тағы да 1,5-2 л ауаны сіміруге болады. Мұны қосымша ауа дейді. Қалыпты дем шығарудан кейін дем алмай тұрып тағы да күшеніп дем шығарып 1-1,5 л ауаны шығаруға болады. Мұны қордағы ауа дейді. Тыныс қозғалыстары. Өкпеде бұлшық ет ұлпалары жоқ, сондықтан олар өздігінен жиырыла алмайды. Тыныс алу қозғалыстары, негізінен, қабырғааралық бұлшық ет пен көкеттің жиырылуы арқылы қамтамасыз етіледі. Көкет дегеніміз-кеуде қуысын құрсақ қуысынан бөлетін күмбез тәрізді бұлшық ет. Тыныс алғанда қабырғааралық бұлшық еттер жиырылып, қабырғаларды көтереді, көкет жайпақ болып, құрсақ қуысындағы мүшелерге қысым түсіреді. Нәтижесінде кеуде қуысының көлемі артып, өкпеқап қуысындағы қысым төмендейді. Осы кезде өкпе кеңейіп, қысым азаяды да, атмосфералық ауа өкпеге барады. Тыныс алу іске асырылады. Тыныс алуға бронхылар, кеңірдектің шеміршекаралық бұлшық еттері, омыртқа жотасының бұлшық еттері, иық белдерінің бұлшық еттері, т.б. қатысады. Тыныс шығарғанда тыныс алу бұлшық еттері босаңсиды, қабырғалар басылады, көкет көтеріліп, дөңес болып, кеуде қуысының көлемі кішірейеді. Сонымен қатар өкпе көлемі де кішірейіп, ондағы қысым жоғарылап, атмосфералық қысымнан сәл артып, ауа өкпеден шығарылады. Осылай тыныс шығарылады. Тыныс алу жүйесінің жас ерекшеліктері Көмейдің жалғасы кеңірдектің ұзындығы балаларда - 4см, 10 жаста – 7 см, ересек адамдарда - 10-12 см Тыныс алу жиілігі 1 минутта: 1 ж – 44, 5 ж – 26, 15-20 ж – 20, 20-25 ж – 18, 25-30 ж – 16 рет. Жаңа туған нәрестенің кеуде қуысы конус тәрізді болады. Сондықтан бала терең дем ала алмайды. Қабырға сүйектері қиғашталғаннан кейін терең дем алатын мүмкіндік туады. Тыныс алудың патологиялық түрлері Патологиялық тыныс алудың бірнеше түрлері бар, олар өкпе вентиляциясының бұзылу себебіне байланысты топтарға бөлінеді. Бұзушылық мыналарға әкелуі мүмкін: брадипноэ - тыныс алу депрессиясы, науқас әр тыныс алу циклін 12-ден аз орындайды.минут; тахипноэ - тым жиі және беткей тыныс алу (минутына 24-тен астам тыныс алу); гиперноэ - әртүрлі ауруларда қарқынды рефлекс пен гуморальды стимуляциямен байланысты жиі және терең тыныс алу; апноэ – тыныс алудың уақытша тоқтауы, бас миының зақымдануымен немесе анестезияға байланысты тыныс алу орталығының қозғыштығының төмендеуімен байланысты, рефлекторлық тыныс алудың тоқтауы да мүмкін.

Use Quizgecko on...
Browser
Browser