Mangystau Oblast Grant Competition Rules 2024 PDF
Document Details
Uploaded by SincereProsperity
null
2024
Tags
Related
- Ayudas para la Realización de Proyectos de Investigación en Centros Públicos de Investigación PDF
- Science 10 Module 2 - Composition, Origin, and Evolution of the Physical World (PDF)
- The Granth Magazine - June 2024 (PDF)
- Mahatma Gandhi University of Medical Sciences & Technology, Jaipur Information for University Grants Commission PDF
- Week 1 Strategy Module Quiz - Grant PDF
- Week 1 Strategy Module Quiz - Grant PDF
Summary
These are the competition guidelines for the 'Independence Generation' grant competition for youth in Mangystau Oblast, Kazakhstan. The competition aims to support young people's creative projects in various fields, including science, media, culture, and business. The rules outline the application process, criteria, deadlines, and other important details.
Full Transcript
үміткер – конкурстық өтінімдерді қабылдау аяқталған кезде 14 жастан кем емес және 34 (қоса алғанда) жасқа дейінгі, конкурсқа қатысуға конкурстық өтінім берген Қазақстан Республикасының азаматы. 1.4 Бөлінген грант қаражаты жобаны іске асыру үшін пайдаланылады. 1.5 Грантты пайдалану ме...
үміткер – конкурстық өтінімдерді қабылдау аяқталған кезде 14 жастан кем емес және 34 (қоса алғанда) жасқа дейінгі, конкурсқа қатысуға конкурстық өтінім берген Қазақстан Республикасының азаматы. 1.4 Бөлінген грант қаражаты жобаны іске асыру үшін пайдаланылады. 1.5 Грантты пайдалану мерзімі бір айдан аспайды. 1.6 Гранттар Қазақстан Республикасының азаматына жаңа идеялар мен бастамаларды іске асыру үшін конкурстық негізде мынадай бағыттар бойынша: «Ғылым» – ғылымның басым секторларында жаңа ғылыми жобаларды және зерттеулерді іске асыруға беріледі; «Мәдениет» – Қазақстанның мәдени мұрасын танымал етуге, халықтық мәдени дәстүрлер мен өнерді ілгерілетуге бағытталған жобаларды іске асыруға беріледі; «Ақпараттық технологиялар» – жаңа IT шешімдер мен жобаларды, оның ішінде жаңадан басталған стартап жобаларды іске асыруға және әзірлеуге беріледі; «Бизнес» – экономиканың басым секторларында жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға беріледі; «Медиа» – жаңа медиа жобаларды, оның ішінде жастар үшін танымдық, пайдалы, қызықты контент құру жөніндегі жобаларды іске асыруға беріледі. 2. Байқаудың мақсаты мен міндеттері 2.1 Грант берудің мақсаты белсенді шығармашыл жастар қауымдастығын қалыптастыруға бағытталған жастардың жаңа және қолданыстағы бастамаларын мемлекеттік қолдау болып табылады. 2.2 Грант беру міндеттері: - талантты және талапты жастарды қолдау; - елдің әлеуметтік-экономикалық дамуы үшін практикалық қызығушылық тудыратын жастардың инновациялық жобалары мен ғылыми-техникалық әзірлемелерін анықтау және қолдау; - жастардың жаңа және жұмыс істеп тұрған стартап-жобаларын іске асыруға жәрдем көрсету; - жастар арасында шығармашылық қызметті танымал ету. 3. Байқау талаптары 3.1 Байқауға қатысу үшін өтініш берушілер көрсетілген барлық критерийлерге сай болуы тиіс. - өтініш беруші Қазақстан Республикасының азаматы болуға тиіс; - өтініш берушінің жасы өтініш берген кезде 14 жастан 34 (қоса алғанда) жасқа дейін болуы керек; - өтінім беруші өтінім берген кезде Маңғыстау облысында тұрақты тіркеуі болуы тиіс; 3.2 Байқауға 2023 жылғы Маңғыстау облысының жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасының Маңғыстау облысының жастарына арналған «Тәуелсіздік ұрпақтары» гранттар байқауының жеңімпаздары қатыса алмайды. 4. Байқауды өткізу тәртібі 4.1 Байқауды ұйымдастыруды және өткізуді ұйымдастырушы жүзеге асырады. 4.2 Байқау келесі кезеңдерден тұрады: 1) конкурстық өтінімдерді қабылдау; 2) техникалық іріктеу; 3) конкурстық комиссияның іріктеуі. 4.3 Байқау туралы хабарландыру мынадай негізгі мәліметтерді қамтиды: Байқауға қатысуға өтінім беру мерзімі: 2024 жылғы «6» қарашадан бастап «16» қараша сағат 23.59-ге дейін. Байқаудың техникалық іріктеу кезеңі: 2024 жылғы «16» қарашадан бастап «20» қарашаға дейін. Байқау комиссиясының отырысы: 2024 жылғы «20» қарашадан бастап «26» қарашаға дейін. Байқаудың жеңімпаздарын (грант иегерлері) хабарлау және марапаттау шарасы: 2024 жылғы «26» қарашадан бастап «29» қарашаға дейін. Байқауды өткізу тәртібі мен мерзіміне тапсырыс берушінің шешіміне сәйкес өзгеріс енуі мүмкін. Жобаны жүзеге асыру мерзімі: жеңімпаз жастар анықталған сәттен бастап 2024 жылғы «31» желтоқсанға дейін. Байқау, ережелер, іріктеу қорытындылары туралы ақпарат ұйымдастырушының @tauelsizdikurpaktary12 инстаграм парақшасында жарияланады. 5. Байқауға қатысушылардың өтінімдерін қабылдау 5.1 Өтінім беруші байқауға қатысу үшін ұйымдастырушының [email protected] электрондық пошта мекенжайына осы Ереженің №1, 2, 3 қосымшасына сәйкес нысан бойынша конкурстық өтінім береді. 5.2 Барлық құжаттар бір қалтада сақталуы керек және Winrar, zip көмегімен мұрағатталуы керек. 5.3 Байқауға өтінімдер мемлекеттік және (немесе) орыс тілдерінде қабылданады және мыналарды қамтуға тиіс: 1) осы Ережеге №1 және №2 қосымшаға сәйкес нысан бойынша жобаның сипаттамасы; 2) осы Ережеге №3 қосымшаға сәйкес шығыстар сметасының жобасы; 3) зияткерлік меншік туралы мәліметтер (бар болса). 5.4 Байқауды өткізу туралы ақпараттық хабарламада көрсетілген конкурстық өтінімдерді беру мерзімі өткеннен кейін ұсынылған байқау өтінімдері қабылданбайды. 5.5 Байқауға қатысуға өтінім өтініш берушінің осы Ережеде көзделген талаптармен және шарттармен келісімін білдіру нысаны болып табылады. 5.6 Байқауға қатысуға байқау өтінімін дайындауға және ұсынуға байланысты барлық шығыстарды үміткер көтереді. 6. Жобаларды конкурстық іріктеу 6.1 Жобаларды конкурстық іріктеу екі негізгі кезеңде өтеді: 1) техникалық іріктеу; 2) конкурстық комиссияның іріктеуі. 6.2 Өтінімдерді техникалық іріктеуді Ұйымдастырушының қызметкерлері ұсынылған құжаттардың толықтығын және олардың осы Ереженің шарттарына сәйкестігін белгілеу мақсатында жүргізеді. 6.3 Техникалық іріктеу жүргізу кезінде Ұйымдастырушының қызметкерлері мынадай өлшемшарттарды басшылыққа алатын болады: өтініш беруші 3-тармақта көрсетілген осы Ереженің талаптарына сәйкес келуі тиіс. Өтініш беруші көрсетілген критерийлердің біріне сәйкес келмеген жағдайда, оның өтінімі техникалық іріктеу кезеңінде қабылданбайды. барлық ұсынылған өтінімдер осы Ереженің талаптарына сәйкес ресімделуі және толтырылуы тиіс. Өтінімге барлық қажетті құжаттар қоса берілуі тиіс. Талаптарды бұза отырып рәсімделген немесе ішінара толтырылған өтінімдер техникалық іріктеу кезеңінде қабылданбайды. ұсынылған жобалар 1.6-тармақта көрсетілген тақырыптарға сәйкес болуы керек. осы Ереженің Көрсетілген тақырыптарға сәйкес келмейтін өтінімдер техникалық іріктеу кезеңінде қабылданбайды. 6.4 Техникалық іріктеу кезеңінде жобалық өтінім пысықтауға жіберілуі мүмкін. Өтініш беруші хабарламаны алған сәттен бастап бір күн ішінде өтінімді пысықтауы тиіс. Көрсетілген мерзімде барлық ескертулер жойылмаған жағдайда өтінім қабылданбауы мүмкін. 6.5 Техникалық іріктеу нәтижелері хаттамамен рәсімделеді, ол ұйымдастырушының сайтында немесе ұйымдастырушының әлеуметтік желілердегі беттерінде жарияланады. 6.6 Техникалық іріктеуден өткен барлық өтінімдер конкурстық комиссия мүшелерінің қарауына жіберіледі. 6.7 Конкурстық комиссияның құрамына жергілікті атқарушы органдар мен азаматтық қоғамның өкілдері, ғалымдар, мамандар және гранттың әрбір бағыты бойынша сарапшылар кіреді. Конкурстық комиссияны төраға басқарады. 6.8 Мүдделер қақтығысы болған жағдайда конкурстық комиссияның мүшесі бұл туралы конкурстық комиссияның төрағасын хабардар етеді және конкурстық комиссия төрағасының шешімімен конкурстық комиссияның жұмысына қатысуға жіберілмейді. 6.9 Жобаларды қарау мен бағалауды бағалау көрсеткіштеріне сәйкес конкурстық комиссияның әрбір мүшесі дербес жүргізетін болады. 6.10 Комиссия мүшелері жобаларды мынадай көрсеткіштер бойынша бағалайтын болады: Р/с Көрсеткіштің Балл № Бағалау көрсеткіштері бар-жоғы туралы белгі 1 Жалпы әлеует: 1-ден 10 балға көрсеткіш жобаның бағытқа сәйкестігі дейін тармақшаларының 1 дәрежесі; толығымен бірде-біріне проблеманы (ағымдағы сәйкес келмейді жағдайды) түсіну және көрсеткіш нақты сипаттау, статистика тармақшаларының біреуіне 2 және ресми дереккөздерге сәйкес келеді сілтемелер келтіріледі; көрсеткіштің екі жобаның бәсекеге тармақшасына сәйкес 3 қабілеттілігі; келеді ұсынылатын жобаның көрсеткіштің үш жаңашылдығы (бірегейлігі); тармақшасына сәйкес 4 бенефициарларды қамту келеді және жобаны іске асыру көрсеткіштің төрт ауқымы; тармақшасына сәйкес 5 жоспарланған нәтижелер келеді шынайы және ұсынылған көрсеткіштің бес жоба аясында қол жеткізуге тармақшасына сәйкес 6 болады; келеді қаржыландыру көрсеткіштің алты аяқталғаннан және (немесе) тармақшасына сәйкес 7 нәтижелерді келеді ілгерілеткеннен кейін көрсеткіштің жеті қызметті жалғастыру тармақшасына сәйкес 8 мүмкіндігі нақты келеді сипатталған; көрсеткіштің сегіз сметада ұсынылған тармақшасына сәйкес 9 шығыстар негізделген және келеді шынайы; жобаны іске асырудың көрсеткіштің барлық ұсынылған мерзімдері тармақшасына сәйкес 10 негізделген және шынайы келеді Қорытынды балл: 6.11 Бағалаудың әрбір көрсеткіші бойынша комиссия мүшелері жобаға өз балын қояды. 6.12 Бағалау қорытындысы бойынша жобаның жалпы балы есептеледі, ол конкурстық комиссияның барлық мүшелері қойған балдардың сомасы болып табылады. Жобалардың рейтингі жобаның жалпы балының негізінде қалыптастырылатын болады. 6.13 Жалпы балдың ең көп сомасын жинаған 25 үміткер конкурстың жеңімпаздары болып танылады. 6.14 Байқау жеңімпаздарын анықтау конкурстық комиссияның отырысында өткізілетін болады. 6.15 Конкурстық комиссияның отырысы ашықтық, айқындық қағидаттарында өткізіледі және ұйымдастырушының әлеуметтік желілердегі (Instagram) ресми аккаунттарының беттерінде онлайн-трансляция режимінде өтеді. 6.16 Конкурстық комиссияның отырысы, егер оған мүшелердің жалпы санының кемінде үштен екісі қатысса, заңды деп есептеледі. 6.17 Конкурстық комиссияның шешімі хаттамамен ресімделеді, ол ұйымдастырушының сайтында немесе әлеуметтік желілердегі парақшаларында жарияланады. 6.18 Конкурстың жеңімпаздары анықталғаннан кейін Ұйымдастырушы конкурста жеңіске жеткен өтініш берушілерді және конкурстың жеңімпазы деп танылмаған өтініш берушілерді хабардар ету жолымен хабардар етеді. 7. Грантты беру, пайдалану және қайтару тәртібі 7.1 Байқау жеңімпазы екінші деңгейдегі банктерде жеке шот ашады және конкурстық комиссияның конкурс қорытындылары туралы хаттамасына қол қойылған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде Ұйымдастырушыға грантты аудару үшін банктік шоттың бар-жоғы және нөмірі туралы анықтаманы ұсынады. Екінші деңгейдегі банктердегі жеке шотты грант алушы грантты аудару үшін арнайы ашады. 7.2 Ұйымдастырушы конкурстық комиссияның конкурс қорытындылары туралы хаттамасының негізінде грант алушы банктік шоттың бар-жоғы және нөмірі туралы анықтаманы ұсынғаннан кейін грант алушымен шарт жасасады. Кәмелетке толмаған грант алушылар Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінде белгіленген тәртіппен шарт жасасады. 7.3 Грант алушы Ұйымдастырушыға осы Ережелерге №5 және №6 қосымшаларға сәйкес нысан бойынша шартта белгіленген мерзімдерде аралық/қорытынды бағдарламалық есептерді, ақша қаражатының жұмсалуы туралы аралық/қорытынды есептерді ұсынады. 7.4 Ұйымдастырушы күнтізбелік бір жыл ішінде грант қаражатының нысаналы пайдаланылуына, оның ішінде грант алушының ұсынған есебі бойынша мониторингті жүзеге асырады. 7.5 Гранттың мақсатсыз пайдаланылуы анықталған жағдайда ұйымдастырушы грант алушыны шарт талаптарының бұзылғаны және гранттың толық сомасын қайтару қажеттігі туралы жазбаша нысанда хабардар етеді. Грант алушы грант қаражатын ұйымдастырушыдан хабарлама алған күннен бастап күнтізбелік он бес күн ішінде қайтарады. Грант алушы қаражатты белгіленген мерзімде қайтармаған жағдайда, олар Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен өндіріп алынады. 7.6 Грант алушы ұйымдастырушыға жобаның іске асырылу барысы, оның кезеңдері мен нәтижелері туралы ақпаратты БАҚ-та және әлеуметтік желілерде жариялауға келісім береді. 7.7 Қаражат қайтарылмайды егер: 1) грант алушы қайтыс болған жағдайда; 2) грант алушы хабар-ошарсыз кетті деп танылған немесе қайтыс болды деп жарияланған жағдайда; 3) грант алушы іс-әрекетке қабілетсіз деп танылған жағдайларда (растайтын құжаттар болған кезде). 8. Байланыс мәліметтері 8.1 Байқауға қатысуға қатысты барлық сұрақтар бойынша мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты жүзеге асырушы «КЕНЕС» Ақтөбе облысының жастар қоғамдық бірлестігіне, +7775 187 6845 (WhatsApp) телефон нөмірі бойынша колл-орталыққа хабарласуға немесе TauelsizdikUrpaktary12 телеграм бот- чатына жазуға болады. 8.2 Тапсырыс беруші – «Маңғыстау облысының жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасы» мемлекеттік мекемесі.