Тatar Folktale PDF

Summary

This Tatar folktale tells the story of Makta, a girl who encounters various animals and objects in a quest to resolve a conflict with a cat. The story emphasizes a circular chain of interactions and exchanges that lead to a resolution.

Full Transcript

Баяғыда Мақта қыз болыпты. Мақта қыз үйін жинап жүріп, бір мейіз тауып алады да, мысықты шақырады, Мысық келмейді. Қыз: -- Келмесең келме! -- деп, мейізді өзі жеп қояды. Жеп болған соң мысық келіп: -- Неге шақырдың? -- деп сұрайды. Мақта қыз айтпайды. Сонан соң мысық: -- Ендеше қатығыңды төгем!...

Баяғыда Мақта қыз болыпты. Мақта қыз үйін жинап жүріп, бір мейіз тауып алады да, мысықты шақырады, Мысық келмейді. Қыз: -- Келмесең келме! -- деп, мейізді өзі жеп қояды. Жеп болған соң мысық келіп: -- Неге шақырдың? -- деп сұрайды. Мақта қыз айтпайды. Сонан соң мысық: -- Ендеше қатығыңды төгем! -- дейді. Мақта қыз: -- Мен құйрығыңды кесіп аламын! -- дейді. Мысық қатықты төгеді. Мақта қыз мысықтың құйрығын кесіп алады. Мысық: -- Апа, апа, құйрығымды берші! -- дейді. Мақта қыз: -- Менің қатығымды төле! --дейді. Мысық сиырға барады. -- Сиыр, маған қатық берші! -- дейді. Сиыр: -- Менің қарным ашып тұр. Маған жапырақ әкеліп берші! -- дейді. Мысық ағашқа барып: -- Ағаш, ағаш, жапырағыңды берші! -- дейді. Ағаш: -- Мен шөлдеп тұрмын. Су әкелсең, жапырақ беремін, -- дейді. Мысық суға бара жатса, су әкеле жатқан қыздарды көреді. -- Қыздар, қыздар, маған су беріңіздерші! -- дейді. Қыздар оған: -- Бізге сағыз әкеліп берсең, біз саған су береміз, -- дейді. Мысық дүкенге барады. -- Әй, дүкенші, маған сағыз берші! -- дейді. Дүкенші: -- Маған жұмыртқа бер! -- дейді. Мысық тауыққа барады. -- Тауық, тауық, маған жұмыртқа берші! -- дейді. Тауықтар: -- Бізге дән әкеліп берсең, біз саған жұмыртқа береміз, -- дейді. Мысық: «Енді не қыламын?» -- деп бара жатса, бір ін қазып жатқан тышқанды көреді. Мысық тышқанды бас салады. -- Жаныңның барында айт! Үйіңде не бар? -- дейді. Тышқан қорыққанынан: -- Үйімде бір табақ тары бар, -- дейді. Мысық: -- Маған бір уыс тары бер, -- дейді. Тышқан үйіне барып, бір уыс тары әкеліп береді; мысық тарыны апарып тауыққа береді, тауық жұмыртқа береді; жұмыртқаны апарып дүкеншіге береді; дүкенші сағыз береді; сағызды апарып қыздарға береді, қыздар су береді; суды апарып ағашқа береді; ағаш жапырақ береді; жапырақты апарып сиырға береді, сиыр қатық береді; қатықты апарып Мақта қызға береді, Мақта қыз мысықтың құйрығын береді.

Use Quizgecko on...
Browser
Browser