Дүние жүзі тарихы 1- Дәріс PDF

Summary

Бұл құжат дүние жүзі тарихы пәні бойынша бірінші дәрістің мазмұнын қамтиды. Дәрісте "өркениет" түсінігі, оның зерттеу бағыттары, жіктелуі және қазіргі өркениеттердің дамуына ақпараттық технологиялардың әсері қарастырылған.

Full Transcript

[**[«Өркениет» ұғымы. «Өркениет» ұғымын зерттеудің негізгі бағыттары. Өркениеттердің жіктелуі. Қазіргі өркениеттердің дамуына ақпараттық технологиялардың әсері]**](https://daryn.online/lesson/2349-orkenyet-ughymy-orkenyet-ughymyn-zertteudinh-negizgi-baghyttary-orkenyetterdinh-) **Оқу мақсаттары**:...

[**[«Өркениет» ұғымы. «Өркениет» ұғымын зерттеудің негізгі бағыттары. Өркениеттердің жіктелуі. Қазіргі өркениеттердің дамуына ақпараттық технологиялардың әсері]**](https://daryn.online/lesson/2349-orkenyet-ughymy-orkenyet-ughymyn-zertteudinh-negizgi-baghyttary-orkenyetterdinh-) **Оқу мақсаттары**: Өркениет жайлы түсінік қалыптастыру. Өркениеттің бағыттары жайында білу және оның дамуына қазіргі ақпараттық технологиялардың әсерін анықтау **Теориялық материалдарға шолу:**\     \     Өркениет ұғымның 200-ден астам түсінігі бар. Сондықтан өркениеттің нақты түсінігі осы деп айту қиынға соғады. Дегенмен бірнеше түсініктемелер келтірсек болады:\     1. Өркениет «мәдениет» ұғымының синонимі;\     2. Локальды мәдениеттің белгілі бір даму деңгейі;\     3. Адамзат тарихының даму кезеңі, т.б.\     Өркениет ұғымын ғылымға француз ағартушылары Вольтер, Дидро, Монтеське, Үлкен Мирабо енгізді. Олар өркениеттілікті -- ақыл-парасат пен әділдік салтанат құрған қоғам деп түсіндірді. \     Өркениет ұғымын танудың түрлі бағыттары бар. Мысалы, 19 ғасырда бұл ұғымды танудың 3 бағыты болды: унитарлы, сатылы, локальды. \     1. Унитарлы бағыт бойынша өркениет -- адамзаттың біртұтас прогрессивті дамуының идеалы. Бұл бағыт бойынша (А. Фергюсон), өркениет адамзат дамуының толық біртұтас прогрессивтік идеалы ретінде, әсіресе техникалық тұрғыдан қарастырылды.\     2. Сатылы немесе сызықтық-сатылы бағыт бойынша өркениет -- адамзаттың біртұтас прогрессивті дамуының кезеңі. А. Фергюсон, Л.Г. Морган, К. Маркс, Ф. Энгельс сынды ғалымдар «өркениет» ұғымын анықтауда, адамзаттың прогресті, қарқынды дамуын негізге алды. Дамудың жоғары сатысы өркениет болып есептелді. \     3. Локальды-тарихи бағыт бойынша өркениет -- сапалы, әртүрлі ерекше этникалық немесе тарихи-қоғамдық құрылым. Мұның шығу себебі, 19 ғасырда шығыс қоғамын зерттеген Еуропалық тарих ғылымында қоғамдар арасында сапалық айырмашылық болуы мүмкін деген түсінік қалыптасты. Бұл түсінік бірнеше өркениет туралы айтуға жол ашты. А. Гумбольт, Ф. Гиза, Гобино, Рюккерт, т.б. ғалымдардың еңбектерінде өркениеттердің алуантүрлілік идеясы қалыптасты. Орыс ойшылы Данилевский мен неміс ойшылы О. Шпенглердің еңбектерінен локальды өркениет теориясының  қалыптасуы бастау алды. Олар адамзат  тарихына мәдени-тарихи бағытты қалыптастырып, бұл «локальды өркениет» деген атауға ие болды. \     Ал қазіргі ғылымда өркениет ұғымын анықтайтын 2 маңызды бағыт бар: \     **1. Эволюциялық бағыт** өкілдерінің танымына сай (А. Фергюсон, Л.Г. Морган, К. Марк пен Ф. Энгельстің анықтамаларына жақындайды) «өркениет» ұғымының мәні мынадай: өркениет -- бұл адамзаттың жетістігі, оның жануарлық жағдайдан қол үзіп, одан кейін жабайылық пен варварлық кезеңінен дамып, нағыз адамдық өмірдің формасына қадам басу процесі.\     **2. Өркениеттілік бағыт** өкілдерінің танымына сай: «өркениет» ұғымының мәні -- бұл тарихи тағдырлары ортақ, құндылықтар жүйесі мен әлеуметтік реттік механизмдері біртұтас халықтардың жергілікті этникааралық қауымдастығы. Мұндай қауымдастық біртұтас құндылықтар жүйесі мен әлеуметтік реттік механизмдері қалыптасқан, бір діннің негізінде (ислам өркениеті), сонымен қатар халықтардың біртұтас полиэтникалық мемлекеттің (Ресейлік өркениет) құрамына енуі барысында қалыптасады. Локальды өркениет -- бұл мемлекет, мемлекеттер немесе халықтар тобы: а) белгілі бір аймақпен шектелетін (аумақ көлемі); ә) ұзақ уақытқа созылған белгілі бір шеңбердегі немесе соған жақын саяси жүйемен байланысты, бірдей және біртектес саяси оқиғаларға қатысу (соғыстарға, көшіп-қонуға, тарихи тағдырларынын ортақтығы) және т.б.  \     **Эволюциялық бағытта** тарихтың басты субъектісі барша адамзат, ал өркениет оның дамуындағы ең жоғарғы деңгей. **Өркениеттілік бағытта** тарихтың басты субъектісі локальды өркениет. Белгілі бір аумақты мекендеген және әлеуметтік-экономикалық әрі мәдени дамудың өзіндік ерекшеліктеріне ие, тарихи қалыптасқан қауым. Бұл бойынша өркениет этникалықтан немесе ұлттықтан жоғары деңгейдегі қауымдастық. Олар әлеуметтік мәдени дамуы, идеалдары, дүниетанымы бағыттары бойынша басқа қоғамдастықтардан маңызды айырмашылыққа ие.\     Өркениеттер **дәстүрлі, индустриалды, постиндустриалды** болып жіктеледі. \     **Дәстүрлі **немесе **аграрлы өркениет:** негізін адам мен жануар күшін пайдаланатын түрлі ауылшаруашылық құралдар құрайды. Осыдан келіп қарапайым отбасылық және түрлі жеке кооперацияар пайда болды. Бұл өркениетте материалды құндылық -- ауылшаруашылық өнімдері, рухани құндылық -- адам қолынан жасалғанның бәрі. Кейбір ғалымдар бұл өркениеттегі көшпелі өркениетті ерекше атап өтеді. Көшпелілер табиғи-географиялық ортаға бейімделіп, тек малшаруашылығымен айналысуға мәжбүр болып, көшпелі өмір салты қалыптасты. \     Көшпелілердің ерекшеліктері мен өзіндік өмір салты туралы  КСРО ғалымдары В. Радлов. Л.Н. Гумилев, Б.Я. Владимирцев. Ә.Х. Марғұлан негізді пікір айтып кеткен. 20 ғасырдың ортасында көшпелілердің өміріне арналған қазақстандық тарихшылардың еңбектері жарыққа шыға бастады. Олардың арасында C.З.Зиманов, В.Ф.Шахматов, C.Е.Толыбеков, Д.Кішібеков, Н.Масанов еңбектері болды. Бұл ғалымдардың пікірінше көшпелілер таптық қоғамның алғашқы сатысына өз беттерімен жетіп, кейін олардың дамуына отырықшы халықтар ықпалы болды. \     XVIII ғасырдың 2 жартысында ірі машина өндірісі қалыптаса бастады. Оның тұрақты түрде дамуы **индустриалды өркениеттің** пайда болуына алып келді. Мұнда машина өндірісі қоғамда маңызды басымдылыққа ие болып, мемлекеттің экономикалық жағдайы мен әскер қуаты, халықаралық дәрежесін танытатын көрсеткішке айналды. XIX ғасырда өндірістік төңкеріс салтанат құрды. Еуропаның көп елдері мен АҚШ, Ресейде көптеген жетістіктер орын алды. XIX ғасыр аяғына қарай Жапония да көптеген жетістікке жетті. Осы кезеңдерде әртүрлі әлеуметтік топтарды буржуазия мен жұмысшылар алмастырды. Саяси өмірде **демократия, парламентаризм, біртіндеп азаматтық қоғам** қалыптаса бастады. Бірақ бұл қоғамда барлығы бірдей өздерінің мүмкіндігі мен қабілеттерін таныта алған жоқ. Әділетті қоғамды іздеу социалистік идеяға жалғасты, оны белсенді дамытушылар француз философтары А. Сен-Симон, Ш. Фурье және неміс философтары К. Маркс пен Ф. Энгельс болды. Ғылым мен техника саласында орын алған күрт бетбұрыстар индустриалды коғамдағы мәдениетке де өз ықпалын тигізді. Жаңа ақпараттық мүмкіндіктер жаңа мәдениеттің түрін қалыптастырды. Бұқаралық мәдениеттің таралуына: радио, кинематография, кейіннен телеарна жақсы әсер етті. \     **Постиндустриалды **өркениет XX ғасырдың 2 жартысында пайда болды. Мұның ерекшеліктері: бүкіләлемдік көпарналы ақпараттық жүйе қалыптасты, білім мен ақпарат өзін-өзі дамытты, өндіріс, қызмет көрсету, білім индивидуализацияланды, «жасыл технологияға» көше бастады, таптық айырмашылқ жойылып, орта таптың салмағы арта бастауы. \     Постиндустриалды өркениет өндірісінің жаңа технологиялық тәсілінің ядросы болып өзара байланысты **3 базалық: **микроэлектроника (наноэлектроника), информатика және биотехнология бағыттарын құрайды.\     **Микроэлектроника** компьютер мен микропроцессорлык техникаларды адамзат тіршілігінің барлық саласына қолдануға жол ашты. Осы арқылы өнімділікті бірнеше есе ұлғайтып, операциялардың нақтылығын арттырды, адамды дене еңбегінен ғана емес, сонымен қатар ақыл-ой еңбегінен де босатты, технологиялық процестерді оңтайландырды.\     **Ақпараттандыру **қоғамның барлық саласында және телекоммуникация базасындағы еңбек әрекеттерінде, ғарыштық байланыс және талшықты-оптикалық желілер құралдарын қолданатын компьютерлік желілерде, электрондық пошта мен ұялы байланыста жүзеге асады.\     **Биотехнология **молекулярлық биология саласында зерттеулер жүргізеді. Ол тұқымқуалау арқылы берілетін, заттардың кодын анықтайтын және оған өзгеріс енгізе алатын гендік инженериянын негізін қалаған. Бұл мақсатты түрде микроорганизмдер мен өсімдіктердің, жануарлардың өнімді түрлерін шығаруға, тұқым куалайтын ауруларды емдеуге, дәрілер мен ферменттерді, өзіндік ерекшелігі бар бағдарламаланған материалдардың тиімді түрлерін жасауға және анағұрлым өнімді жануарларды клондауға (көбейтуге) мүмкіндік береді.\     **Ақпараттық қоғам** постиндустриалды қоғамның жоғарғы сатысы болып саналады. Бұл ұғым постиндустриалды өркениет дамуының соңғы кезеңін, «ақпараттық өркениет» ретіндегі адамзат дамуының жаңа кезеңін түсіндіру үшін қолданылады. Ақпараттық қоғамның индустриалды қоғамнан айырмашылығына келер болсақ,** индустриалды қоғамдағы басты құндылық тауар тұтыну болса, ал ақпаратты қоғамда басты құндылық -- уақыт.** Реал Мадрид (ис. *Real Madrid Club de Fútbol*) --- Испанияның футбол клубы, ФИФА көрсеткіштері бойынша XX ғасырдың ең үздік клубы. «Deloitte» ұйымының көрсеткіштеріне сәйкес Реал әлемдегі ең көп қаражатты клуб болып табылады. «Реал Мадрид» --- Испанияның футбол Чемпионатының жоғарғы дивизионынан ешқашан шығып кетпеген 3 клубтың бірі. Қалған екеуі «Барселона» мен «Атлетик Бильбао». 1902 жылы негізі қаланған сәттен бастап, Мадрид футбол клубы ақ форманы қабылдады. 1920 жылы Альфонс XIII патшасы жарлығымен клуб *корольдік* деп, эмбеламада королдік тәжді қоюды бұйырды. Команда 85,454-адамға дейін сиятын --- Сантьяго Бернабеу стадионында өз алаңындағы ойындарын өткізеді.   XX ғасырдың соңғы онжылдықтары ақпараттық технологиялар саласынды үлкен өзгерістер болды. Ғалымдардың электроника саласындағы жетістіктері бұқаралық коммуникация құралдарының қарқынды дамуынан, электрондық есептеу техникасының (дербес компьютерлердің) кеңінен тарауынан, жаһандық ақпарат жүйелерінің құрылуынан, вертуалдық шынайы технологиялар жасаудан және басқа техникалық инновациялардан көрінді. Миллиондаған компьютерлерді біртұтас жаһандық ақпарат жүйесіне біріктіретін дүниежүзілік компьютерлік жүйе -- **ғаламтор **(ағылш. Inter+net -- жүйелерді біріктіру) екі идеяның -- ақпараттарды жаһандық сақтаушы болу және оны таратудың әмбебап құралы болу идеяларының іске асқандығы болды. Ол біртұтас мәдени -- ақпараттық кеңістік құруға көмектеседі.\     Ғаламтор алуан түрлі ақпараттардың көзі ғана емес, сонымен қатар байланыс жасаудың құралы да. Ғаламтордың медицинада қолданылу аясы да алуан түрлі. Мәселен, күрделі оперциялар дәрігерлердің вертуалдық консилиумының қатысуымен өткізіледі.\     Форумдар -- әртүрлі тақырыптар бойынша пікірталас ұйымдастырылатын арнаулы сайттар ғаламторды пайдаланушылардың егжей-тегжейлі мәлімет алысуына мүмкіндік береді. Форумдар бір-бірімен пікір алмасудың тамаша мүмкіндігіне ие болады. Онда адам тәжірибелі мамандардан көмек алып, өзінің жетістіктерімен бөлісе алады. Ғаламторда ортақ мүдделермен біріккен адамдардың көптеген виртуалдық қауымдастықтары бар.\     Қазіргі қоғам барған сайын компьютерлендіре түскен қоғамға айналып келеді. Ақпараттық қызметтердің жеделдігі мен сенімділігіне талаптар күшеюде; олардың жаңа түрлері пайда болуда. Ғалымдар жаһандық ақпараттық жүйелердің принципінде жаңа нұсқаларын талдап жасауда. Таяу болашақта жүйелік жобалаудың, әкімшілік қызмет атқарудың және қызмет көрсетудің көптеген процестері толығынан автоматтандырылады. Біртұтас мәдени -- ақпараттық кеңістікті қалыптастыру -- аса маңызды жасампаз, нәтижелі механизмдердің бірі.\     \     **Терминдер:**\     **Локальды **-- аймақтық, белгілі бір шектеулі аумақтағы. \     **Өркениет **сөзі (лат. «civis» -- азаматтық) қалалық, мемлекеттік деген сөзден шыққан. Антикалық уақытта да, орта ғасырлар кезеңінде де өркениет («silvaticus» -- ормандық) жабайы, дөрекі деген сөзге қарама-қарсы мағынада қолданылған.\     **Индустриалды өркениет **-- бұл экономикалық негізі жаппай машиналық өндіріс болып табылатын қоғам. Бұл сипаты бойынша, тарихи тұңғыш техногендік қоғамдық жүйе. Онда саяси жүйе, негізінен, демократиялық, ал заңдары либералды болады.

Use Quizgecko on...
Browser
Browser