Ақпараттық Сауаттылық PDF
Document Details
Uploaded by HandsDownQuasar3559
Tags
Summary
Мақала ақпараттық және медиа сауаттылығы, оның маңыздылығы және қолданылуы туралы жалпы мәлімет береді. Коммуникация құралдарының рөлі мен қазіргі заман талаптары туралы да ақпарат берілген.
Full Transcript
Қазіргі демократиялық қоғамда медианың (коммуникация құралдары) қоғамдық пікірді қалыптастырудағы рөлі өте үлкен. Медианың негізгі міндеті -- азаматтарға елде және әлемде болып жатқан оқиғалар жайында ақпарат беру. Қазіргі заманда сауатты адамның оқи алуы, санай алуы және жаза алуы аздық етеді. Әртү...
Қазіргі демократиялық қоғамда медианың (коммуникация құралдары) қоғамдық пікірді қалыптастырудағы рөлі өте үлкен. Медианың негізгі міндеті -- азаматтарға елде және әлемде болып жатқан оқиғалар жайында ақпарат беру. Қазіргі заманда сауатты адамның оқи алуы, санай алуы және жаза алуы аздық етеді. Әртүрлі медиа мен түрлі ақпараттық арналар арқылы ақпарат келіп түседі. Оқушылардың ақпаратты табу үшін, пайдалы қырынан пайдалану үшін, сыни тұрғыда ойлап-қорыту үшін қабілет-қарымы жетпей жатады. САУАТТЫЛЫҚ (оқи алу және жаза алу қабілеті) КОМПЬЮТЕРЛІК САУАТТЫЛЫҚ (компьютерде жұмыс жасай алу қабілеті) АҚПАРАТТЫҚ САУАТТЫЛЫҚ (компьютерлік сауаттылық + ақпарат жазу және өңдеу қабілеті МЕДИА САУАТТЫЛЫҚ (медианың әр түрінде ақпаратты талдау, бағалау және жасау қабілеті) Заманауи интернет-технологиялар медиа және ақпараттық сауаттылықты бірдей меңгеруді талап етеді. ЮНЕСКО медиа және ақпараттық сауаттылық (МАС) терминін қолданысқа енгізді. Термин барлық коммуникация құралдарын (медиа), бұқаралық ақпаратты (газет, радио, телевизия, кино, жарнама, интернет және т.б.) және басқа да ақпарат жеткізушілерді (кітапхана, мұрағат, мұражайларды қосқанда) қамтиды. Ақпараттық сауаттылық -- адамның ақпаратты іріктеу, таңдау, түсіну, бағалау, сақтау, жазу, қолдану және ұсыну қабілеті. Ақпараттық сауаттылықты меңгерген, сыни ойлай алуға қабілетті, ақпаратты сараптай алатын әрі қорыта алатын адамды ақпаратты сауатты деп айтуға болады. Бұл оқушыларға жеке мұраттарына, әлеуметтік және білім саласындағы мақсаттарына жетуге мүмкіндік береді. Ақпараттық сауаттылық ұғымы түрлі қабілет, дағды жиналған жиналған білім спектрін қамтиды. Ақпараттық сауаттылыққа мынандай қабілеттер жатады: Ақпаратқа деген қажеттілікті анықтау; Ақпарат көздерін анықтау; Ақпаратты табу және алу; Ақпаратты талдау, сараптау және сапасына баға беру; Ақпаратты реттеу, бірыңғайлау, сақтау, топтастыру; Ақпаратты әдепті, тиімді және кәсіби пайдалану; Жаңа идеяларды табу және тарату. Медиасауаттылық -- бейнелерді (образдарды), дыбыстарды және хабарламаларды алу, талдап-сараптау және бағалау қабілеті, сонымен қатар медиа әлемде жеке мақсаттарда дұрыс байланыс орнату қабілеті. Медиасауаттылыққа мына құзіреттер жатады: Эстетикалық және шығармашылық: медиаконтентті зерделеу, жасау және түсіндіру қабілеті. Бұл қабілеттерді оқушылар өз беттерінше медиаконтент жасау арқылы қалыптастыра алады. Байланыс және коммуникация: медианың жәрдемімен қарым-қатынас орнату және түрлі медиа рөлдерді жобалай білу қабілеті, яғни ақпарат тұтынушы және ақпарат жеткізуші болып көру. Оқушылар бұған серіктестік орнату және тәжірбиелік тапсырмаларды орындау барысында үйренеді. Байланыс орнату дағдылары өз көзқарастарын білдіруге дағдылануға көмектеседі. Сыни ойлау және талдау: медиаформаларды және олардың мазмұнын әртүрлі талдау құралдарының көмегімен түсіну, түсіндіру және бағалау қабілеті. Қауіпсіздік: мәселелерді шешу және жағымсыз жағдайлардан аулақ болу. Интернеттегі қауіпсіздік туралы айтар болсақ, адамның жеке өміріне зиян келтіретін контенттен және қауіпті байланыстардан сақ болу керек. Медиа және ақпараттық сауаттылық -- медианы, бұқаралық ақпарат құралдарын және басқа да ақпарат көздерін (кітапхана, мұрағат, мұражай) тиімді пайдалану қабілеті. Бұл сыни ойлау және өмір бойы оқу, іздену, білім алу дағдыларымен байланысты. Бұлар -- азаматтық қоғамда белсенді өмір сүріп, әлеуметтену үшін өте қажетті дағдылар. "МЕДИА" ДЕГЕН НЕ? Медианың не екенін анықтаудың бірнеше жолы бар. Бұл термин «коммуникацияның, ақпараттың немесе газет, радио, телевизия арнасының немесе тәсілінің бірі» дегенді білдіреді. Медиа адамдар бір-бірімен бетпе-бет емес, медиа арқылы хабарлама алмасқанда пайдаланылады. Ақпарат алмасқанда хабарлама кодталады, яғни хабарлама жіберуші(лер) кодтайты, одан кейін ақпарат алушы (аудитория) кері кодтап, ақпаратты алады. Мұндай хабарламалар медиахабарлама деп аталады. «Медиа» деген сөз ағылшын тілінен енгізілген. Ол «бұқаралық ақпарат құралдары» деген мағынаны береді. Телевизия, радио, газет және интернет секілді ұғымдардың жиынтығын білдіреді. media -- сөзі латынның medium сөзінің көпше түрі. Бұқаралық ақпарат көздерінен бөлек «субстанция» деген мағынасы бар. Сонымен қатар, магнит ленталар, дисктер секілді ақпарат тасымалдаушылар да осылай аталады. Интернет көптеген адамдар үшін негізгі бұқаралық ақпарат және коммуникация құралы. Интернет те медиаға жатады. Дәстүрлі және жаңа медиа Медианың жіктелуі: негізгі құралдардың типі бойынша (баспасөз, радио, телевизия, видео, компьютерлік желілер және т.б.) қабылдау арналары бойынша (аудио, видео, аудиовизуалды, мәтіндік, графикалық) пайдалану орны бойынша (жеке, топтық, бұқаралық, үйдегі, жұмыс бойынша, көлікте және т.б.) ақпарат мазмұны және әлеуметтену бағыты бойынша (идеологиялық, саяси, өнегелік-тәрбиелік, танымдық, эстетикалық, экологиялық, экономикалық және т.б.) «ХХІ ғасыр -- ақпараттандыру ғасыры» болғандықтан бүгінгі таңда ақпараттық-коммуникативтік технологияларды құзыреттілігін арттырып, пайдаланудың маңызы зор. Ақпараттық-коммуникативтік технологияға тоқталатын болсақ, коммуникация -- ақпаратты тасымалдап жеткізу әдістері мен механизмдерін және оларды жазып жинақтап жеткізу құрылғыларын қамтитын жалпы ұғым, ал оқытудың ақпараттық технологиясы -- қазіргі компьютерлік техника негізінде ақпаратты жинау, сақтау, өндеу және тасымалдау істерін қамтамасыз ету, білімді бүгінгі заман талабына сай жаңаша, ұтымды және тиімді түрде оқырманның санасына жеткізе білу, педагогикалық іс-әрекетке өзгеріс енгізу, білімді қабылдау, білім сапасын бағалау, оқу-тәрбие үрдісінде оқушының жеке тұлға ретінде жан-жақты қалыптасуы үшін жаңашылдық енгізу деп түсінуге болады. Ақпараттық-коммуникативтік технология арқылы жалпы оқыту үрдісінің функциялары: оқыту, тәрбиелеу, дамыту, ақпараттық болжамдау және шығармашылық қабілеттерін дамытумен анықталады. Ақпараттық --- ақпарат, жаңалық, коммуникативтік -- байланыс, қатынас деген ұғымды білдірсе, технология -- іскерлік, шеберлік ұғымдарын береді.\ Бір сөзбен «Ақпараттық -- коммуникативтік технологиялар (АКТ)-- жеке тұлғаға ғылыми ұғымдарды түсіндіруді және олардың қабылдауын, түсінуін жеңілдетуге мүмкіндік беретін маңызды жүйе» деп айтуға болады. Осыған орай бүгінгі ұстаздардың алдында оқушыға білім, білік, дағдыларын игертіп қана қоймай, қабылдауын, ойлауын, ерік --- жігерлерін, яғни өз бетімен жұмыс жасай білетін, бәсекеге қабілетті жеке тұлғаны дамыту міндеттері тұр. Ғалымдардың пікірінше АКТ --- ны екі бөлікте сипаттайды: 1\) Компьютерлік бағдарламалар; 2\) Желілік қызмет. Әр бөліктің атқаратын қызметтері төменде көрсетілген. *Жалпы білім берудің мақсаты* -- терең білімнің, кәсіби дағдылардың негізінде еркін бағдарлай білуге, өзін --- өзі дамытудағы адамгершілік тұрғысынан жауапты шешімдерді қабылдауға қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыру болса, ақпараттандыру жолының басты мақсаты -- оқыту үрдісін ақпараттандыру, --- электрондық оқулықтардың құрылымын жасақтау, --- педагогтардың ақпараттық құзіреттілік біліктілігін арттыру, --- техникалық және бағдарламалық қамсыздандыру, --- әлемдік білім беру кеңістігіне ену болып отыр. Бірақ бұл мақсатқа жетудің ең басты міндеті -- --- білім беруді ақпараттандыруды дамыту тенденцияларын зерттеу және оған сәйкес мазмұнын анықтау; --- педагог мамандарды ақпараттық --- коммуникациялық технологияны өз қызметтеріне енгізуге байланысты ұйымдастыру жүйесін жасау. --- ақпараттық --- коммуникациялық технологияны білім мекемелерінің оқыту үрдісіне енгізу бойынша педагог мамандардың іс --- тәжірибесін тарату.