Педагогикалық әдеп жөніндегі кеңес хаттамасы (PDF)

Summary

Бұл құжат 2023 жылдың тамызында өткен педагогикалық әдеп жөніндегі кеңестің хаттамасы. Хаттамада педагогикалық этика туралы, мұғалімдердің сыртқы келбеті және оқыту процесіндегі этикалық нормалар туралы ақпараттар берілген.

Full Transcript

**Педагогикалық** **әдеп жөніндегі кеңес отырысының** **№ 1  хаттамасы** **28 тамыз 2023 жыл** ** ** **Қатысқандар:\_17\_\_\_\_\_ ** ** ** **Күн тәртібінде** 1. Педагогикалық этика және Кеңесті құру туралы ережені қарау және бекіту/кеңес төрайымы:  Н.Ж.Сағымбекова 2. Мұғалімнің өзінің к...

**Педагогикалық** **әдеп жөніндегі кеңес отырысының** **№ 1  хаттамасы** **28 тамыз 2023 жыл** ** ** **Қатысқандар:\_17\_\_\_\_\_ ** ** ** **Күн тәртібінде** 1. Педагогикалық этика және Кеңесті құру туралы ережені қарау және бекіту/кеңес төрайымы:  Н.Ж.Сағымбекова 2. Мұғалімнің өзінің кәсіби міндеттерін орындау кезіндегі сыртқы келбеті/кеңес мүшесі: Балабекова Ғ.А./ 3. Педагогикалық этика нормалары мен ережелерін сақтау міндеті/кеңес мүшесі Көшербаева Қ../  4. **Күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша педагогикалық әдеп кеңес төрайымы Н.Ж.Сағымбекова сөз алды:** Қайырлы күн бүгінгі педагогикалық әдеп кеңесінің отырысына қатысушылар. Педагогикалық этика және Кеңесті құру туралы ережемен таныстырып өтейін.  Педагогикалық әдеп жөніндегі кеңес білім беру ұйымдарында педагогтердің педагогикалық әдепті сақтауы мәселелерін қарайтын алқалы орган болып табылады. Кеңес өз қызметін «Білім туралы», «Педагог мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының Заңдарына, осы Қағидаларға, өзге де нормативтік құқықтық актілерге сәйкес жүзеге асырады және объективтілік пен әділдік, әдептілік, қоғамдық пікір мен жариялылықты есепке алу қағидаттарын басшылыққа алады. Кеңестің негізгі міндеттері:  білім беру ұйымдарында педагогикалық әдепті сақтауды қамтамасыз ету; педагогикалық әдепті бұзуға ықпал еткен себептер мен жағдайларды талдау; педагогтердің тәртіптік жауапкершілігі туралы мәселені дұрыс қарау үшін қажетті және жеткілікті мән-жайларды жан-жақты, толық және объективті зерттеу болып табылады. Педагогикалық әдеп жөніндегі кеңестің ұсынымдарын орындау бойынша тиісті шаралар қабылдамаған лауазымды тұлғалардың жауапкершілігін қарау туралы ұсыныстармен құзыретті мемлекеттік органдарға немесе лауазымды тұлғаларға, білім беру ұйымының құрылтайшыларына жүгінуге құқылы. Кеңес отырысы:  егер оған Кеңес мүшелерінің жалпы санының кемінде үштен екісі қатысса, заңды деп саналады, қажеттілігіне қарай, бірақ тоқсанына кемінде бір рет өткізіледі. Кеңес мүшелері оның отырыстарына ауыстыру құқығынсыз қатысады. Сонымен қатар кеңестің міндетіне педагогтардың тәртіптік істерін қарау кіреді.   Тәртіптік істерді қарау қортындысы бойынша Кеңес келесі шешімдердің бірін шығара алады: білім беру ұйымының басшысына педагогке тиісті тәртіптік жаза қолдануды  немесе қолданбауды ұсыну; тәртіптік істі тоқтату. **Күн тәртібіндегі екінші мәселе бойынша кеңес мүшесі Ғ.А Балабекова /тарих пәні мұғалімі/:** Мұғалім өзінің кәсіби міндеттерін орындау кезіндегі сыртқы келбетіне баса назар аудару керек. Әр оқушыға жол сілтеп, оның бойына жақсы қасиеттер сіңіретін бірден-бір жан болса, ол -- ұстаз.  «Шәкірттің жақсы болмағы -- ұстазынан» деп дана халқымыз айтқандай, ұстаз оқушыларды білім нәрімен сусындатып, қолынан келгенін үйретіп, бағыт-бағдар беріп қана қоймай, сыртқы келбетімен, киім киісімен, өзін ұстау әдебімен үлгі бола білуі тиіс. Себебі, оқушылар мұғалімнің біліміне ғана емес, жоғарыда аталған қасиеттеріне де ерекше көңіл бөліп, тәлім алады. Түстерді дұрыс үйлестіре білген жөн. Ұстаз киіміндегі құптауға лайық түстер ақ және қара түс болып есептеледі. Сонымен қатар  ақ сары, қошқыл көк, қоңыр түстерді де қолдануға болады. Өте ашық түстер аталған салада ерсі көрінеді. Мұғалімнің шаш үлгісі өзіне жарасымды болғаны дұрыс. Психологтардың пайымдауынша, өз келбетінің артықшылығын толықтырып, кемшілігін жасыра білетін адамдарды айналасындағылар жоғары жетістікке жеткен, өзіне сенімді тұлға ретінде қабылдайды. Мұғалім мамандығына сай талғаммен киініп, ұқыпты келбетімен үлгі бола отырып, ішкі жан-дүниесінің көркемдігімен, шәкірт жанын ұғына алар кеңпейіл мінезімен көрінуі керек. Адамдар үйлесімділікке баса назар аударатынын есте сақтаңыз. Мәселен, қалай болса солай жасалған шаш үлгісі талғамға сай жейдеңіздің сәнін кетіреді. Осы нәрселерді шебер үйлестіре білген білікті ұстаз шәкірттерді білім нәрімен сусындатып қана қоймай, өскелең ұрпақтың өзіне қарап дұрыс бой түзеуіне, тұлға болып қалыптасуына септігін тигізеді. Жас мамандарға сыныпқа басқа адам кіріп келгенде мұғалімге орнынан тұрып сәлемдесуге  кеңес берді. Мектеп ішінде әрқашан сәлемдесіп жылы шырай танытуға міндетті деп сөзін аяқтады. **Күн тәртібіндегі үшінші  мәселе бойынша кеңес мүшесі : Қ.Көшербаева /ардагер ұстаз/:**     Ұстаз  ата-аналармен, оқушылармен және әріптестерімен әңгімелесу кезінде педагогикалық этика нормалары мен ережелерін сақтау міндеті. Орынгүл Нұрғожақызы чаттардағы қарым-қатынастың қарапайым нормаларына тоқталып, мессенджерлер жіберу туралы бірқатар мысалдар келтірді. Жеке сұрақтарыңызбен жалпы алқалық чатқа араластырмауды ескертті. Сөйлеу кезінде этикалық нормаларды ұстауға кеңес берді. Ұстаз этикасы -- мұғалім мен бала, ата-ана мен мұғалім арасындағы қарым-қатынас. Педагогикалық этика -- ұжым ішінде, мұғалімдер арасында басталып, өзінің заңды жалғасын сыныптарда табуы тиіс. Моральдық тәрбие -- жан-жақты және үйлесімді дамыған адамды қалыптастырудың пәрменді құралы. Адамгершілікке тәрбиелеу ісінің тек өзіне ғана тән ерекшеліктері мен заңдылықтары болғандықтан, оның ғылыми негізделген жүйесі жасалуға тиіс. Бұл маңызды да құрметті міндет педагогика және этика ғылыми өкілдерінің ынтымағы нәтижесінде ғана жүзеге асуы мүмкін. Кәсіптік этиканың ережелері мен принциптері бірнеше кәсіптерді қамтуы мүмкін. Мысалы, педагог этикасы мектептерді, орта арнаулы және жоғары оқу орындарында істейтін адамдардың қарым-қатынастары ұқсастығына байланысты оларды реттейтін жалпы нормаларды қарастырады. **Қортынды сөз. Кеңес төрйымы: Н.Ж.Сағымбекова:**  Құрметті кеңес мүшелері және кеңеске қатысушылар бүгінгі отырыста педагогикалық әдеп кеңесінің ережесі қаралды, ұстаздардың педагогикалық әдебі туралы да сөз қозғалды. Ардагер ұстаз, кеңес мүшесі Қамқаш Көшербаева  мұғалім тек мұғалім емес, ол жас ұрпаққа үлгі болу тұлғасы екенін айтты.Мұғалім өз ісіне адал қарауға міндетті. Қазір көбіне мұғалімдерге несие уақытымен  төлемеу  бойынша сот ісінен  жиі хаттар жіберіліп жатады. Бұндай әрекет мұғалім мен оның беделіне қауіп төнуі мүмкін. Сондықтан ұстаздарды өз әрекеттері үшін жауапкершілікті арттыруға шақырамын. **Кеңес шешімі:** 1/ Кенжебай-Самай мектебі жанындағы педагогикалық әдеп кеңесінің ережесі бекітілсін 2/  Мұғалімнің өзінің кәсіби міндеттерін орындау кезіндегі сыртқы келбеті назарға алынсын. 3. «Жас мамандар мектебі» клубы мүшелерімен педагогикалық этика нормалары мен ережелерін сақтау туралы дөңгелек үстелдер өткізілсін. Кеңес төрайымы:                             Н.Ж.Сағымбекова Хатшы:                                             Е.Ж.Қадір **Педагогикалық әдеп жөніндегі кеңес отырысының** **№ 2  хаттамасы** **Караша 2020** **жыл** ** ** **Қатысқандар: 17\_\_\_\_\_\_ ** **Күн тәртібінде** 1. Жеке фотосуреттер мен бейнелерді көпшілік алдында жариялау кезінде этикалық нормаларды сақтау/  кеңес мүшесі Н.Есмағамбетова ардагер ұстаз / 2. Педагогикалық әдеп және педагогикалық тактика/кеңес мүшесі Б.Қ.Базарова / 3. Педагогикалық әдеп және сөйлеу мәдениеті/ кеңес төрайымы Н.Ж.Сағымбекова  **Күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша педагогикалық әдеп кеңес мүшесі, ардагер ұстаз Н.Есмағанбетова:**  Ұстаз -- мектеп тұтқасы. Сондықтан  ұстаздар қандай кездеде, қандай ортада да педагогикалық әдепті ұстағаны жөн. Өзінің жеке суреттерін әлеуметтік желілерде жариялаған кезде ұстаз деген атына лайық суреттер жариялау тиіс деп ойлаймын. Көпшілік алдына шыққанда да ұстаз екенін ұмытпауы тиіс. Қазір әлеуметтік желіде көріп жүрсіздер, бейәдеп суреттермен жүрген жас мамандар кездесіп қалып жатады. Сондай әрекеттерден аулақ болғаны жөн.  Әр мәселені көтерген кезде де , өз пікріңді білдірген кезде де әдептен озбай сөйлеу керек. Педагог өзінің кәсіби назарындағы объектілер болып табылатын окушының, ата-ананың, адамдардың абыройы мен қадір-қасиетін құрметтейді, олармен қарым-қатынас жасауда өнегелі. Ол баланың дамуын шынымен қалап, оған әрқашан көмектесуге дайын екендігін білдіріп, білім алушының жетістігін (жетіспеушілігін) бағалауда әдептілік таныту кажет.\       Білім беру процесін қатысушыларына қатысты күш көрсету, моральдық және психикалық қысым жасау әдістерін қолдануға мүлдем жол бермеу керек. **Күн тәртібіндегі екінші мәселе бойынша педагогикалық  әдеп кеңес мүшесі Б.Қ.Базарова:** *Педагогикалық әдеп* -- мұғалім әрбір нақты жағдайда оқушыларға тәрбиелік әсер етудің бірден-бір тиімді құралын қолданатын арнайы педагогикалық іскерлік. Педагогикалық әдепке оқушылар жүрегіне педагогикалық жол табу деп те анықтама беруге болады. Педагогикалық әдеп *жағымды жақтан ғана қаралады.* "Педагогикалық әдебі нашар" қайрымдылығы нашар, сыпайылығы нашар, балаларға деген сүйіспеншілігі нашар, т.б. деумен бірдей. Ал педагогикалық тактиканың тым күрделі -- аса жақсыдан жаманға дейін, мейлінше жетілгендіктен қарадүрсінділікке тұқыртылған мәні болуы мүмкін. Әрбір мұғалім оқушылармен қарым-қатынаста белгілі бір тактиканы әрқашанда қолдана береді, бірақ онда педагогикалық әдептің болмауы да ықтимал. Былайша айтқанда мұғалімдердің бірсыпырасының оқушыларды бағындыруға, олардың қарсылығын тойтаруға бағытталған үркітулері, жазалаулары, ақылгөйлігі, дауыс көтеруі, т.б.жақсы болмаса да әрине өзіндік тактикасы, бірақ ол әсте де педагогикалық әдеп бола алмайды. Мұғалім оқушыларына ықыласты қарап, оларды қадірлеп, кеңпейілді, сақ, әдепті болғанымен олармен қоян-қолтық араласа алмайтын жағдай болады. Оның сабақтарында тәртіпсіздік үстемдік етеді, оқушылар үй тапсырмаларын орындамайды, айтқан ақылды тыңдамайды, шынтуайтқа келгенде оны сыйламайды. Мұндай мұғалімді әдептілігі жоқ деп кінәлауға болмайды. Онда әдеп бар. Бірақ оның тактикасы жетілмеген, тактикалық амал тәсілдері қоры аз, ұйымдастыру мен жүйелілік мүлде жоқ. Педагогикалық шеберлік тұрғысынан алғанда мұғалімнің мінез ерекшелігі ретіндегі әдептілігінің оның әрбір нақты жағдайда тиімді тактика таңдай білуінің үйлесімділігі мейлінше дұрыс болып табылады. **Күн тәртібіндегі үшінші мәселе бойынша кеңес төрайымы  Н.Ж.Сағымбекова: **  Педагогикалық әдеп және сөйлеу мәдениеті.  Тұлғаның қалыптасуына , берілген білімді жақсы меңгеруіне педагогтың әдістемеден хабарының болуы, білімділігі, біліктілігі ғана емес бар білімді тиісті деңгейде жеткізе алуы ең маңызды қатынас құралы тілге байланысты екендігі даусыз. «Мұғалімге керегі тек білім ғана емес, сондай-ақ сөйлеу шеберлігі, яғни кәсібилік, біліктілік, білімділікпен қатар, сол бар ілім-білімін жеткізе алатын сөйлеу шешендігі, кәсіби шешендік», --- деген А.Байтұрсыновтың сөзі де педагогтің жұмысы барысындағы сөйлеудің,  жай ғана сөйлеу емес,  шебер шешен сөйлеудің қаншалықты маңызды екендігін аша түседі. Сөйлеу мәдениетін игеру -- болашақ педагог мамандардың кәсіби құзыреттілігі. Бұл жерде тілдік қатынас өзара пікір алысу, түсінісу, сөйлесу деген ұғымдардан гөрі тереңірек тілдік қатынас үстіндегі әдеп нормаларының ауызша және жазбаша формаларын меңгеру, дұрыс қатынас жасауға қол жеткізетін тілдік құралдарды тиімді пайдалана білу мағынасын қамтиды. Осындай құзіреттілікті меңгерту -- болашақ педагог-мамандардың кәсіби шеберлігінің сипаттамасы. Қортынды сөз: Егер мұғалім өзі оқытатын және тәрбиелейтін адамдар алдындағы жауапкершілікті сезініп, өзін-өзі дамытуға және өзін-өзі тәрбиелеуге ұмтылатын болса, өз жұмысына шығармашылықпен қарайтын болса ғана, біз оқытып отырған адамдар сыныпқа қызығушылық танытады, сонда ғана олар ұстаздарын есте сақтап, бағалап құрметтейді   Кеңес шешімі: 1/ Жеке фотосуреттер мен  бейнелерді көпшілік алдында жариялау кезінде этикалық нормаларды сақтау назарға алынсын. 2/ Мұғалімнің педагогикалық әдебін сақтауда мұғалімнің құқықтық сауаттылығын артыру үшін, құқықтық сауаттылық күні өткізілсін. **3/  Жас ұстаздар арасында педагогикалық әдеп және сөйлеу мәдениетін артыру үшін іс-шаралар өткізілсін.**

Use Quizgecko on...
Browser
Browser